Жұдырықтай жүрегімде, мұхиттай сезім бар...

Блог - temir_88: Жұдырықтай жүрегімде, мұхиттай сезім бар...
Кеудемдегі жүрегім жұдырықтай болсада, мұхиттай үлкеееен сезімім бар. Сүйемін! Иә, сүйемін өмірімді… Қайсар мінезімен тәнті еткен, қиналғанда анамның, біздің мықты тіренішіміз бола білген асқар таудай әкемді сүйемін! Жүзінен жылу мен мейірім сезілетін, жүрегінен шексіз мөлдір махаббат сезілетін аяулы анашымды сүйемін! Бауырларымды жанымдай жақсы көремін. Маңдайын әжім басқан, ақжаулығын тастамай тағатын, мені көрсе балаша қуанып шөлп-шөлп етіп сүйетін әжемді жақсы көремін. Сырласа білетін достарымды сүйемін.
Таңмен таласа шығып, шұғыласын көкке жаятын күнді сүйемін. Қызара атып келе жатқан кун нұры… Күн көзінен нәр алатын, жайнап, жайраңдап тұратын, қыр- сыры көп тылсым табиғат. Сылдырап, мөлдірей аққан бұлақ… бірі самғап ұшып жүрген, бірі сыңғырлай ән салатын әдемі құстар..Әдеміліктің символы болып, жайқалған әсем алуан түрлі гүлдер. Сол гүлді жағалай ұшқан көбелек, бал жинаған аралар… Күн күркірей тамшылап жауған ақ жауын. Ақ жауынның тамшыларына шомылған әр түрлі жасыл желек. Жауыннан соң тап-таза, мөлдір, тұнық түссіз ауа. Ақша бұлттар көк аспанда қалықтайды… Жайқалған кең дала… Кеш бата жымыңдасып шығатын жұлдыздар, сол түнгі аспанның символындай көрінетін жарық ай… бәрі-бәрі тамаша табиғаттың тылсым кереметтерін сүйемін!
Ең биік шыңын бұлт аптаған, әппақ қар жамылған таудың шыңына шыққым келеді. Биік таудан құлаған қарды (снегопад) көргім келеді. Әттең, биікке көтеріле бастағаннан мұрыным қанап, қан қысымым көтеріледі, бірақ сондада жақсы көремін.
Біздің Түлкібаста жеміс-жидектердің түр-түрі көп(бүлдірген, итмұрын, долана, алма, алмұрт, шие, өрік, т.б) Осы жемістерді жақсы көремін. Қандай әдемі, сондааай дәмді әрі пайдалы. Майда жайқалып қызыл желегімен жерді әрлеп тұратын қызғалдақты жақсы көремін. Алыс кетсем сағынатын туған жерімді сүйемін!
Құлағыңнан кіріп, бойыңды алатын әдемі сазды әнді сүйемін. Сүйікті әнімді жаймендеп қойып, қажетті істеріңді тез-ақ аяқтап аласың, уақыттың қалай өткенін байқамайда қаласың. Кітап оқығанды жақсы көремін, жаздың жайдары күндері, парктеее көк шөпте отырып оқып отырсаң. Ал, суық күндері жарқырап түсіп тұрған электр көзі диван, жылы плед, шынайяқ кофе өте әдемі үйлесім.
Кешкі қаланы жақсы көремін. Жарқыраған, әдемі өрнектелген шамдар қалаға көрік береді. Беседка, балмұздақ, семки, кола… достарынмен қызықты әңгімелер… Үлкеен кинотеатр...әсерлі фильм… поп корн...
Былдырлай жүгіріп, сыңғырлай сөйлейтін сәбилерді жақсы көремін. Еш алаңсыз тәтті ұйқысы, нәзік күлкісі, әдемі жұпар иісі… сол сәбидің әкесі… бақытты отбасы...әзірге жоқ болсада, бәрібір жақсы көремін. Тіпті, солар үшінде өмір сүріп келемін…
Көөөп нәрсені жақсы көремін… айтып жеткізуге сөзім жетпей барады… Санамды сансыз армандар, жүрегімді шексіз сезімдер билейді. Кішкентай ғана, жұдырықтай жүрегіме осыншама сезім қайдан сияды екен? О, Құдырет! Осыншама ғаламды қалай ғана керемет етіп жаратты екен? Көзге көрінбейтін сансыз ойлар, терең сезімдер, әдемі ақыл… бәрі-бәрі бір-бірімен үйлесіп, үндесіп тұр. Бәріненде осының бәрін жаратқан құдіретті, ұлы күш иесі Аллаһты сүйемін!!!
Бөлісу:

2 пікір

AknietTanirbergenkyzy
Теңеулер өте жоғары деңгейде жазылған. Дегенмен, әңгімеге ұласып кеткен секілді ме, қалай?! Басы мен соңы көркем шығармаға (ішкі сезім, теңеу, салыстыру) келеді. Ортасы әңгімеге үйлесетін секілді!!! Егер әңгімеңізді алып тастап, өңдейтін болсаңыз, сөз жоқ әдемі туынды шығатыны ақиқат!!! Сәттілік!!!
temir_88
рахмет ниетіңе АҚниетжан