Саннан сапаға өту үшін бұрынғы қателіктерді қайталамау керек

БлогКэмп осымен 4-ші рет өтейін деп жатыр. Демек артта біраз тәжірибе қалды деген сөз. Сол бұрынғы қателіктерді, кемшіліктерді қайталамай, биыл атына заты сай Құрылтай өтсе екен деп тілеймін.

BlogCamp: Саннан сапаға өту үшін бұрынғы қателіктерді қайталамау керек

Менің ойымдағы БлогКэмп — блогерлердің жәй жиыны. Бір бірімен оффлайнда танысу, қауышу, тәжірибе алмасу, араласу, бірге көңіл көтеру. Ал біздің көретініміз қандай БлогКэмп? Бұрын қандай қателер жасадық?

Ресмилік
Лауазымды тұлғалар, меморган басшылары, қоғам қайраткерлерін шақырып, оларға сөз беріп тым ресмилендіріп жібердік. Қарапайымдылық жоқ. Тым байсалды болып кетті.

Формат
БлогКэмпты көп адам ІТ-форумдармен шатастырып кетті. Ұсынатын, тыңдағысы келетін тақырыптар да блогосфера аясынан шығып кететін тақырыптар. Ондай ІТ тақырыптар үшін Шымкенттегі TechX, Астанадағы АИФ жеткілікті сияқты. Блогкэмпта блогерлер өз жазу техникаларымен, жарнамалау әдістерімен, пост жазу барысында қолданатын онлайн сервистер туралы, мультимедиа құралдары туралы әңгімелегенін қалар едім.

Контингент
Тақырыптан тым алыс жүргендердің келгенін қаламас едім. Блогосферамыз мықты болуы үшін алдымен элитар орта құрылуы тиіс. Жұрт сол шеңберге кіруге талпынуы керек. Сапа сол кезде артады.

Ынталандыру
Старт-аптардың не үшін өтетінін түсінбедім және солардың нәтижелерін де көрмедім. Егер демеушілерден түскен қаражат бар болса оны Алматыдағы алғашқы Құрылтайдағыдай түрлі номинациялар бойынша блогерлерге бөліп беру керек. Осындай ынталандырулар қажет.

Шығындар
Ұйымдастырушылар келушілердің жол және жатын орын шығындарына бас ауыртпаулары қажет деп ойлаймын. Әркім өзі үшін келетін болғасын әркім өз мәселесін өзі шешуі қажет. Шығындар мейлінше азайтылса біреуге тәуелділіктен де, жоғарыда айтылған ресмиліктен де құтылуға болады. Өткізетін орын, кофе-брейк, атрибутика шығындарын жергілікті органдарсыз-ақ 1-2 демеушінің көмегімен өткізуге болады деп ойлаймын.
Әрі қарай

Жануарлар тіршілігіндегі қызықтар

Тышқандар мен егеуқұйрықтардың қытығы келеді екен. Огайо штатындағы Боулинг Грин Университетіндегі Яка Панксеппа жүргізген эксперимент егеуқұйрықта қытығы келетін нүктелер бар және қытықтаса күлетініні дәлелдеген. Жас егеуқұйрықтар тіпті қытықтағаннан күлгенде дыбыста шығаратын көрінеді.Блог - 007: Жануарлар тіршілігіндегі қызықтар

Блог - 007: Жануарлар тіршілігіндегі қызықтарКейбір тасбақалар клоака арқылы тыныс алады. Тасбақаның бұл түрі Фицрой өзенінде мекен етеді. Әлемде мұндай парода біреу ғана

Қарғалар нағыз әзілқой құстар. Тіпті бұл құстарда бір – бірін алдау қабілетіде бар екен. Оксфорд университетіндегі ғалым Алекс Каселнико «Ғылым» журналына берген мақаласында қарғалар өте ақылды деп жазыпты. Оған қоса табиғат бақылаушысы Кэндис Севейджде қарғалардың ақылды екенін және бір – біріне қалжыңдай алатынын жазған. Кэндис Севейдж өз бақылауларының негізінде «Қарғалар: ақылды жігіттермен кездесу» деген кітап жазған. Блог - 007: Жануарлар тіршілігіндегі қызықтар

Зерттеуші Криста МакЛеннаның пікірінше әр бір сиыр өзіне құрбы таңдап алады екен. Оның зерттеулерінің нәтижесі сиыр өз құрбысымен көбіне бірге жайылады, егер оларды екіге бөліп жіберсе екеуіде жалғыз болғандықтан көңілсіз жүреді екен. Екі құрбы сиырды бір күн бөлек ұстау олардың тіпті сүт берулеріндегі бұзылыстанда байқалыпты.
Блог - 007: Жануарлар тіршілігіндегі қызықтар

Пингвиндердің көп бөлігінде өмір бақи тек бір ған секс партнер болады екен.
Блог - 007: Жануарлар тіршілігіндегі қызықтар

Кәмшаттардың терісінде қалта болады. Олар ол қалтада өздерінің сүйікті тастарын сақтайды. Неге дейсізғой… Кәмшаттар табиғат берген сол бір сыйды тиімді пайдаланады. Қалтасында сақтаған тастармен ұлудың сыртын жарып ішін жейді. Бұл аңның кейбір түрлері ғұмыр бойына қалтасына сақтаған бір тасын ғана пайдаланып өтеді екен.Блог - 007: Жануарлар тіршілігіндегі қызықтар

Мысықтардың келіп аяғыңызды немесе басқа жеріңізді сүзген сияқты басымен түртетінін білетін боларсыз. Оның да өзіндік себебі бар. Мысықтар сол әрекеті арқылы өздерінің сізге деген махаббатын білдіреді және басқа мысықтарға оның қожайыны сіз екендігіңізден хабардар етеді. Жалпы мысықтың келіп сүйкенуі сізді жақсы көруінің белгісі.
Блог - 007: Жануарлар тіршілігіндегі қызықтар

Дельфиндер батып бара жатқан адамды құтқаруға немесе басқа адамдарға батып бара жатқан адам туралы хабар беруге тырысады дегенді бәріміз білеміз. Ал, кейбір деректер дельфиндер суға түскен адамды акуланың шабуылынан да қорғайды деп көрсетеді. Осы әрекетіне қарай Эмори Университетінің зоологы Лори Марино дельфиндер жер бетіндегі ең ақылды жануар деп баға береді.
Блог - 007: Жануарлар тіршілігіндегі қызықтар

дереккөз
Әрі қарай

КерекИнфо қойнауынан: 2006 жылғы үздіктер

Поштамдағы ескі хаттарды ақтарып отырып, Нұрғисаның мына есебін тауып алдым.
Админнің бөлмесі: КерекИнфо қойнауынан: 2006 жылғы үздіктер
Кірпік қағып, сүт пісірім ішінде 2006 жылдың лезде зулап өте шыққанын біреу байқады, біреу байқамады. Құрама Штаттар түрлі сылтаумен Иракты бомбылап жатты, Құдыста Хамасы бар, ФАТХы бар, Израильдің ұрдажықтары бар – қырықпышақтасып жатты… Ресей төрткүл дүниені табиғи газының қоры арқылы, өзгелердің сол қорға тәуелділігі арқылы дүр сілкіндіруге әуестеніп жүр… Иран Буш әкімшілігінің әпербақандылығы мен әлімжеттігіне мойынсұнбайтынын дәлелдеп бағып жүрсе, Дарфурдағылар Кондолизаның құйтырқы есебінің құрбаны болмайтындарын мәлімдеумен болды. Бұған Солтүстік Кореяның көрсеқызарлық синдромы мен әлем тарихында деспот аталып үлгерген бірнеше тиранның бақилыққа аттанғанын қосыңыз… Осындай құбыжық галлактикада өзінің рухани сұлбасы мен өр рухының кәусар болмысын сақтауға мейлінше мол қайрат сарп еткен Керекинфо планетасы түзулік атаулыға бойын түзей берді, түзей берді.

Ия, 2006 жыл керекинфо жылнамасына сүңгіп үлгергенімен, былтырғы жақсы жайлардың жай-жапсары ұмытылмақ емес. Әсілі, керекинфо сайты жахантордағы бір ұяшық қана болып қоймай, мақсат-мұраты әлдеқайда әріде жатқан біріктіруші дәнекер деп танымақ керек-ті. Қазақтың сартопырағына аунап-қунап өскен қарадомалақтар замананың тылсымымен үндесе тегеурінді, екпінді пікірлерімен алмасып жатса қай тұсы айып?

Тәсірлі мәселелер төңірегінде толғану жылы болды екі мың алтыншы жыл. Қатарымыз да күн санап артып, шаңырағымыз беріктене, түтініміз түзурек ұша бастағанына сіз бен біз куә. Қоян-қолтықтаса отырып әр нәрсенің анық-қанығына жетуде талас-тартыстар өрбіп жатыр, өрби де бермек. Керекинфоның түпкілікті миссиясы да сол. Естілмеген сөзді жетім қалдырмай, үшбу сәлемдерді құшағына сыйдырып, сүйіншілеп, күніге білгісаярдан арғы жағынан мен мұндалап күлімсірей беретіні…

2006 жылы тарланбоздарды жанай да түсті, ысылта да түсті. Кім жоқ десеңізші олардың қатарында… Өзіедік ашылмаған қыры көп Қайраты пен Тентекбаласынан бастап, қапелімде қойып салатын Аюдың баласы бар, келісті сөзді қиыннан қиыстырған Еркемі бар, ойының бітімі мұқалмаған Томирисі мен Бахасы, керекинфоның төл атқамінерлері Ньюйоркері мен Шырыны, тәсірлі де мәйекті идеаларға бой түзеген Мараты мен Сигмасы, Робинзонша елсіз жерде көл-көсір боп жүрген Айтары мен гүл шоғын өлердей ұнатушы Керек адамы, қала берді түнімен көз шырымын да алмайтын Қырмызысы, сайттың ардагер тәтесі атанып үлгерген қылыш сөзді Көңілашары, тыңнан қосылған жас пері Торланасы, мафиягер Мәриямы, эссе өнерінің маэстросы Бекжан профессор ағайы, періште Меркельдің дұғай-дұғай ассаламауғаләйкүмін бұлжытпай жеткізуші Симона мен Салтанат, сөзі алтын да қола, өзі Лола – түйіндегенде, жоғы жоқ.

Рас, түпнұсқасын Аршат пен Бекжан түзген сайт бүгін ел игілігіне айнылп үлгергенін тарих дәлелдеп отыр. Сайттың өміршеңдігі, виртуалдық барболмыс пен шынайы күйкі тірліктің қабыса жанасуы пайдалуншылардың құзыретіндегі міндет екенін ескерер болсақ, ол кісілерсіз аттап алға басу, ілгерілеу жоқ екенін тағы мойындауымыз шарт. Осының бәрін ескере келе, сайт әкімшілігі жылара сайтқа ерен еңбек сіңірушелерді ынталандырып отыруды дәстүрге айналдырған.

Екі мың алтыншы жылы сайттың тамыры тереңдей түсуіне зор ықпал қосушылардың арасында бұдан бұрын жасырын дауыс беру арқылы үздіктерді анықтауға кіріскеніміз әмбе керекинфошыға аян. Енді сол мүшәйрәнің да томағасын сыпырып, қорытындысын жалпақ жұртқа жайып салар кез келіп жетті.

Алдымен ұзын етектілерді түгендеп өтелік.

Өткен жылы өзінің қарқынымен, әсіре белсенділігімен, тартымды посттарымен дүйім керекинфолық форумдастардың бірі әрі бірегейіне айналып үлгерген Симона қыздар арасында үшінші орынды қанжығаға байлады.

Ізденімпаздығымен, ұтымды әрі айшықты позициясымен, салымының мықтылығымен керекинфоға жаңа леп әкелген Лола ханым екінші орынды місе тұтты.

Санақ қорытындысы бойынша айтулы бірінші орын және Екі мың алтыншы жылғы ең үздік қыз керекинфошы номинациясы қашанда ашық-жарқындығымен, үйлесімді ойымен, мысық атаулыға бір табан жақындығымен ерекшеленетін Көңілді ашар Жаннаға бұйырыпты.

Жеңімпаздардың бұл легін ең ыстық ықыласпен құттықтап қояйық!

Енді қыз-қырқынды тәмәмдап, жігіттерді түгендеуді бастасақ мына нәтижелерге тірелеміз:

Екі мың алтының жігіттер категориясы бойынша үшіншісі жатса-тұрса есіл-дерті керекинфо болған, кесек сөздің кәдуілгі ұстасы Сигманың үлесіне тиіп отыр.

Екінші орын – айтары бар, жайпары бар, мұқтаждарға көмек қолын созуға әмәнда даяр, лирик әрі романтик Айтарға лайық!

Ал енді жігіттер арасында екі мың алтының ең үздік керекинфошы лауазымы Атырау кентінің құлагері, екі ғана сөз емес-ау, талай сөздің басын біріктіріп, жұмыр басты пендеге көкейтесті ой салушы, маржан сөздің зергері Маратқа бұйырыпты.

Жеңімпаздардың бұл легін тағы бір мәрте ду қол шапалақтатып құттықтап қоялық.

Жеңімпаздарға ең жақын арада құрмет сертификаттары табыс етілмек.

Бұған қоса, бәйгені ұйымдастырушылар алқасы қосалқы номанциялар бойынша жеңімпаздарды анықтайныны қатеріңізге салады.

Екі мың алтыншы – жақсы жыл!!!
Әрі қарай

Робот (RUR пьесасына 93 жыл)

Жиырмасыншы ғасырдың басы. Осыдан бар-жоғы жиырма бес жыл бұрын Рентген сәулелері ашылды, біраз уақыттан соң дизель қозғалқышы құрылды, алғашқы радиотелеграмма қабылданды. Бірінші дүние жүзілік соғыста алғашқы танктер, ұшақтар сыннан өткізілді. Қыздыру жібі бар электрлампа жасалынып, электр энергияны үлкен көлемде өндіретін өндірістер пайда болды. Жиырмасыншы ғасырдың басы осындай еді. Ғылым, техника, соғыс жүргізу тәсілдерінде үлкен өзгерістер орын алды.
Жиырма жылдан соң, 1916-1917 жылы «Форд T» жеңіл автокөлігінің 785 432 данасы сатылады. Автокөлік құны 350 долларды құрады (мөлшермен, қазіргі бағамен 1050-1400 доллар). Осы жеңіл автокөліктің 15 175 868 данасы шығарылады.
Әр түрлі тауарға деген сұранысты қанағаттандыру үшін фабрикалар, зауыттар салынды. Қазіргі кезге дейін сақталған өндіріс салалары пайда болып, қарқынды дамыды.
Жұмысшы табы. Өндірісі бар қала тұрғындарының көбісі жұмысшылар. Оларды еңбекті атқару үшін жалдайтын. Еңбек ақыларына күндерін көрді. Бірақ, сонымен қатар жұмыссыздық та болды. Өйткені жұмыс орындарындағы еңбекті атқаруға қажет жұмысшылар саны тұрақсыз. Әлеуметтік мәселелер шешілмеді.
Жұмысшылар табын әкелген және жұмыссыздықты әкелген капиталистік қоғам. Жұмыссыздықты мәселе ретінде жоюдың шешімін капиталистік қоғам таппады.
Машиналармен күрес. Он тоғызыншы ғасырда жұмыссыздықтың туындауының себебі «жұмысшының еңбегін тартып алған машиналарда»,- деп тапқан Луддит қозғалысы тарихта «машина бұзушылар» атымен қалды. Он шақты жылдың ішінде Луддитер көтеріліске шықты. Үкімет олармен күрес жүргізді. Англияда 1789 жылы машина бұзғандар үшін өлім жазасы қолданысқа енгізген заң қабылданды. Осы заң бойынша жазаға тартылғандар болды.
Машина және адам. 1921 (93 жыл бұрын) жылдың 25 қаңтарында Карел Чапектің RUR пьесасын театр көрермендері жақсы қабылдап, қиялымен ұшқыр жазушының қаламынан шыққан «машиналар мен адамдар» қарым-қатынасы туралы пәлсафалық ойымен танысты. Пьесада өте ауыр қара жұмысты білдіретін «работа» чех сөзінен: «Робот» -деп арнаулы машиналар түрін атады.
Пьесада Робот жасау техенологиясы -сезімі, сұранысы жоқ, ақылында және дене құрылысында еш артық-кемтігі жоқ, тек білім-іс. Көптеген тәжірибе жасаудың нәтижесінде алынған Роботтар, -дейді. Кейіннен көптеген кинофильмдерде автор ойының жалғасын көреміз. Мысалы, «Терминатор» кинофильмінде.
Қызық факт. Пьесада роботтар механикалық емес химиялық болған. Елена Глории атты кейіпкер пьеса барысында «робот жасаудың формуласын» жояды.
Әрі қарай

"АҚТӨБЕ"- Суперкубок иегері

Бүгін «Астана Арена» стадионында Қазақстан Суперкубогы үшін өткен ойында «Ақтөбе» командасы Қарағандылық «Шахтерден» басым түсті. Есеп 1-0. Алғашқы минуттарда «Шахтер» ширақ бастаған тәрізді болды. Бірақ, 15-ші минутқа жетпей жатып командалардың тең ойнайтынын «Ақтөбе» ойыншылары дәлелдеп тастады. Бірінші таим тең нәтижемен аяқталды. Екінші таймда есеп ашылып, сол жалғыз гол «Ақтөбеге» жеңіс алып берді. Жалпы, екі команданың ойыны тең екен. Ақтөбеліктерді құттықтаймын! Қарағандылықтарға көңіл айтамын!

Блог - KuanyshKozhabayuly: АҚТӨБЕ- Суперкубок иегері
Әрі қарай

Жанукаға

Мен ол кезде ғашық едім. Жо-жоқ ғашық едім емес, мен әлі де ғашықпын. Мен үшін ғашықтық сезімі мәңгілік деген ұғыммен бірге. Мен оны сағынамын. Ия бірақ мен ол кезде бақытты едім, қазір аңсаймын сол бақытты. Сол кездегінің барлығын тізе алмаймын, бірақ мына үзіндіні ұсынамын.

Бұл шумақтарды Жанураны ренжітіп алған кезімде жазғанмын ))) Ол ренжісе ұзағынан кетуші еді…

Жанука, сен маған «сәлем» деші,
Шыдадым әрең деші.
Куліп тұрып, «қалайсың?» деші,
Бағдат, жарайсың деші.
Сені тағы сынадым деші,
Ал сен тағы құладың деші.
Сүйген адам шыдайды,
Сүйсең сен де шыдағын деші.
Барлығы менің ойым деші,
Кезекті ойын деші.
Еркеледім, ерігіп деші,
Ауылда зерігіп деші,
Негізі сен де маған ұнайсың деші,
Неге сен,
«Сезімім сәтсіз» деп жылайсың деші,
Жарайды, звонда деші,
Тек жөнсіз қызғанба деші,
Телефонды алғанда,
Ашуланып, жынданба деші,
Сен алдандың, мен сені алдадым деші,
Бірақ сенің, орындалды арманың деші.
Қинаймын, бірақ қимаймын деші,
Мен сендікпін енді,
Жүрегімді саған сыйлаймын деші.
Осылай деші,
Қандай керемет, осылай деген,
Өтінемін,
Тек «қош бол!» демен,
Тек «қош бол!» демен… Жанука…

Түлен түрткендей түнгі 1-ден таңғы 6-ға дейін Астана көшелерін жаяу аралағанбыз. Сол кезде пайда болған туынды )))

Әрі қарай

Футболдан Қазақстан Суперкубогын қай клуб алады?

Футбол, тек қана футбол!: Футболдан Қазақстан Суперкубогын қай клуб алады?ФК Шахтер: Еуропа Лигасының топтық кезеңіне алғашқы болып шыққан қазақстандық команда, соңғы жылдары ширақ ойын көрсетіп жүрген топ, қазақстан футболының сенсациясы, еліміздің 2 дүркін чемпионы. УЕФА рейтингі 246-шы орын.

ФК Ақтөбе: Еуропа ойындарына ұзақ қатысып келген, бірақ соңғы сәттерінде жолдары болмай қалып Футбол, тек қана футбол!: Футболдан Қазақстан Суперкубогын қай клуб алады?жүрген команда. Дегенмен жинаған жалпы ұпайы көп, соңғы 9 жыл бойы жергілікті премьер-лигада үздік үштіктен түспеген клуб, еліміздің 5 дүркін чемпионы. УЕФА рейтингі 196-шы орын.

9-шы наурызда Астана-Арена стадионында өтетін Суперкубок-2014 матчында қайсысы жеңеді деп ойлайсыз немесе жай ғана қайсысына болысасыз?

Футбол, тек қана футбол!: Футболдан Қазақстан Суперкубогын қай клуб алады?
Әрі қарай

"К чуду" фильмінен кейінгі ой

Фильмде өте шынайы өмірді көрдім. Қаз-қалпындағы. Бірақ материялық әлеммен бермеген. Бақылай алмайсың. Өне бойың сезініп қана қарай аласың. Жылт-жылт етіп көз алдыңнан картиналар өтіп жатады. Ой, көңіл, түйсікпен бірге. Фильмде диалогтар, қатаң сюжет емес, монолог, ой, хаттар сөйлейді.
Француз жерінде жиырма бестер шамасындағы париждік орыс қыз бен Американың алыс бір штатында тұратын жігіт арасында өте ыстық сезім туады.Нил өзіен бірге АҚШ-қа алып кетеді. Екі қиыр шеттен жолыққан жандар бір-бірінен өздерін табады, бір бүтінге айналып, нағыз махаббатты сезінеді. Бұрын аузы күйген, махаббаттың қадірін білетін Марина Нилмен бүкіл өмірін жалғастырғысы келеді. Ал Нил сүйіспеншілігі тасып тұрса да еркектік салқынқанды ақылымен бірге. Талай әдемі бөкселер тұрғанда үйленіп, бір әйелге байланғысы жоқ. Оның үстіне Марина өз-өзіне сенімсіз жан, Нилдан айрылудан қорқып өмір сүреді. Келе-келе ойнақылығын, әсем қылығын жоғалта бастағандай. Сондықтан да визасы біткенде Нил "қал" демеді. Парижде махаббатсыз тұншыққан Марина қайта Нилге оралады. Бұл жолы әйелдің өзіне сенімі, көзінде жалын пайда болады. Ашыла бастағандай. Көңіл күйі, мақсаты, жүріс тұрысы Нилге бағыныштылығын жоғалтады. Бірінші келгендегідей сезім жоқ. Күн өткен сайын жұрнағы да қалмай барады. Ал керісінше Нил махаббатты сақтағысы келеді. Бірақ әрекеті пайдасыз. Марина жүкті болса да қоштасып, Парижіне оралмастай аттанады.
Нил түрі келіскен, сенім артуға болатын, ізгі адам. Бірақ ағысқа қарсы емес, ағыспен жүретін жан. «Кетті. Ол болмаса басқасы. Бір жөні болар» — осылай өмір сүреді. Ал Марина махаббат, бақыт үшін қолынан келерін жасайтын жан. Баласын әкесіне жіберіп, Франциядан АҚШ-қа келу үшін түрмедегі адамға тұрмысқа шығып… Бірақ тек махаббат тірі тұрғанда күресті, өзінің махаббаты өшкесін аямай қош айтысты.
Мұндай адамдар тек Еуропа, АҚШ-та ғана өмір сүретін шығар. Махаббатты балалармен бірге өмір сүру керек дегеннен, отбасы институтынан мүлдем алыс қарайтын. Сезім үшін кейбір баз кешулерге баратын. Отыз жыл отасып, отыз бірінші жылы ғажайып махаббатын кездестіріп ажырасатын. Тек солар.
Әрі қарай

Бір қолымен әлемді тербеткендер

Блог - MERmukhanov: Бір қолымен әлемді тербеткендер
Аруларға аша алсам жыр қақпаны —
Толқиды сезімімнің бұрқақтары.
Мүмкін емес сіз жайлы сыр тоқтауы,
Хауа Ананың аяулы ұрпақтары!

Бала кезден ең үздік көркем ісім —
Мен түсінгем орныңды еркек үшін.
Мен ұға бастағанмын қадіріңді,
Тыңдап жүріп әжемнің ертегісін.

Әйел сыйлау сор емес саналы ұлға,
Анадан туылған бар адамың да…
Пайғамбар сүннетімен білемін мен,
Жұмақ кілті — анамның табанында…

Махаббат – ешбір тоқтау қылмаған із,
Ол жайлы ауылда әлі тұнған аңыз:
Мен туарда анамды әкем сүйген,
Әкемізді бақытты қылды анамыз.

Әкемізді бақытты қылды анамыз,
Сол сезімнен туыпты бұл балаңыз.
Бір аруды сүйгеннен туған ұл ем,
Өзімнің де сүйгенім — бір ғана қыз…

Маңызың санамнан еш кетер емес,
Бұл қалай тілектерге жетелемес?
Нұр көктемді сіздің төл мерекеңіз
Бастауы да, негізі, бекер емес!

Бұйырыпты бір мейрам түсіп (ол шын),
Сол мейрамда бір жылдың күші болсын!
Үш жүз алпыс бес күннің бір күнінде,
Үш жүз алпыс бес бақыт құсы қонсын!

Бұл қазақ – жаулық сыйлар ел еді дөп, —
Мен сөйлейін қазақтың өрені боп:
Сізге бақыт тілеймін шын баянды,
Бізге бақыт сіз барда керегі жоқ!

Сіздерсіздер – бақытты селдеткендер,
Біздің үмітімізді өрлеткендер!
Бір қолымен бесікті тербеткенде,
Бір қолымен әлемді тербеткендер!
Әрі қарай