Жануарлар тіршілігіндегі қызықтар

Тышқандар мен егеуқұйрықтардың қытығы келеді екен. Огайо штатындағы Боулинг Грин Университетіндегі Яка Панксеппа жүргізген эксперимент егеуқұйрықта қытығы келетін нүктелер бар және қытықтаса күлетініні дәлелдеген. Жас егеуқұйрықтар тіпті қытықтағаннан күлгенде дыбыста шығаратын көрінеді.Блог - 007: Жануарлар тіршілігіндегі қызықтар

Блог - 007: Жануарлар тіршілігіндегі қызықтарКейбір тасбақалар клоака арқылы тыныс алады. Тасбақаның бұл түрі Фицрой өзенінде мекен етеді. Әлемде мұндай парода біреу ғана

Қарғалар нағыз әзілқой құстар. Тіпті бұл құстарда бір – бірін алдау қабілетіде бар екен. Оксфорд университетіндегі ғалым Алекс Каселнико «Ғылым» журналына берген мақаласында қарғалар өте ақылды деп жазыпты. Оған қоса табиғат бақылаушысы Кэндис Севейджде қарғалардың ақылды екенін және бір – біріне қалжыңдай алатынын жазған. Кэндис Севейдж өз бақылауларының негізінде «Қарғалар: ақылды жігіттермен кездесу» деген кітап жазған. Блог - 007: Жануарлар тіршілігіндегі қызықтар

Зерттеуші Криста МакЛеннаның пікірінше әр бір сиыр өзіне құрбы таңдап алады екен. Оның зерттеулерінің нәтижесі сиыр өз құрбысымен көбіне бірге жайылады, егер оларды екіге бөліп жіберсе екеуіде жалғыз болғандықтан көңілсіз жүреді екен. Екі құрбы сиырды бір күн бөлек ұстау олардың тіпті сүт берулеріндегі бұзылыстанда байқалыпты.
Блог - 007: Жануарлар тіршілігіндегі қызықтар

Пингвиндердің көп бөлігінде өмір бақи тек бір ған секс партнер болады екен.
Блог - 007: Жануарлар тіршілігіндегі қызықтар

Кәмшаттардың терісінде қалта болады. Олар ол қалтада өздерінің сүйікті тастарын сақтайды. Неге дейсізғой… Кәмшаттар табиғат берген сол бір сыйды тиімді пайдаланады. Қалтасында сақтаған тастармен ұлудың сыртын жарып ішін жейді. Бұл аңның кейбір түрлері ғұмыр бойына қалтасына сақтаған бір тасын ғана пайдаланып өтеді екен.Блог - 007: Жануарлар тіршілігіндегі қызықтар

Мысықтардың келіп аяғыңызды немесе басқа жеріңізді сүзген сияқты басымен түртетінін білетін боларсыз. Оның да өзіндік себебі бар. Мысықтар сол әрекеті арқылы өздерінің сізге деген махаббатын білдіреді және басқа мысықтарға оның қожайыны сіз екендігіңізден хабардар етеді. Жалпы мысықтың келіп сүйкенуі сізді жақсы көруінің белгісі.
Блог - 007: Жануарлар тіршілігіндегі қызықтар

Дельфиндер батып бара жатқан адамды құтқаруға немесе басқа адамдарға батып бара жатқан адам туралы хабар беруге тырысады дегенді бәріміз білеміз. Ал, кейбір деректер дельфиндер суға түскен адамды акуланың шабуылынан да қорғайды деп көрсетеді. Осы әрекетіне қарай Эмори Университетінің зоологы Лори Марино дельфиндер жер бетіндегі ең ақылды жануар деп баға береді.
Блог - 007: Жануарлар тіршілігіндегі қызықтар

дереккөз
Бөлісу:

3 пікір

bake
Дельфинді, кәмшатты, пингивинді, теріс жақтан демалатын тасбақаны көрмеппін. Сиырлар арасында туыстық дегендей сезім барын ғылыми тұрғыдан байқамасам да -жасы үлкен сиыр үйдегі екі сиыр мен тайыншаның басын қосып, бастап жүретін. Егеуқұйрықтарды сөз етсек. Адамның егеуқұйрықтармен күресте механикалық, химиялық және табиғи жолмен күрестің куәгерімін. Әзірше егеуқұйрықтар жеңімпаз қатарында (басында жалғыз мысық қарсы тұрған. Оны егеу құйрықтар жеп қойды). Жеңімпаз болуларының себептерінің бірі күле білу қасиетінде шығар. Жемге тойып алып күліп жүрген егеу құйрықтар елестеп кеткені…
Adiletshu
Суреттерді бір өлшеммен салсаң дұрыс болады
rakisheva
Қызыыық  Әсіресе, кәмшәт пен мысық  Ал акулалар делфиндерден қорқады, себебі олар өте сүйкімді болғанымен тұмсығы мықты қару екен.