Уле-Эйнар Бьорндаленнің өмір қағидалары.
Биылғы Сочи олимпиадасының қаһармандарының біріне айналған Уле-Эйнар Бьорндаленнің өмір қағидаларымен таныс бола отырайық. Бәлкім, бір керегімізге жарап та қалар…
Уле-Эйнар Бьорндален.
40 жаста, биатлоншы, Тоблах, Италия.
Бірінші болудан асқан тұрақсыз ештеңе жоқ.
Өзім туралы көп айта алмаймын. Мен 9 сиыры мен 5 баласы бар, кей кездері балаларына қарағанда сиырларға көбірек көңіл бөлінетін қарапайым шаруа отбасынан шыққан норвегиялықпын.
Мен кейде өзім туралы ешкім білмейтін нәрселердің бар екендігіне қынжыламын. Мысалы, мен керілген арқанның үстімен керемет жүре аламын, ал бала кезімде шаңғышы емес спорт фотографы болуды армандағанмын. Тіпті фотоаппаратты да сатып алғанмын.
Бала кезімнен мені дәлдікке тәрбиеледі. Сондықтан, мен сұхбатқа бес минут кешігіп жатсам да қобалжи бастаймын.
Мен мәреге төртінші болып келуді жақтырмаймын.
Көбі жеңістің кілті диетада деп есептейді. Бос әңгіме. Мен бәрін жей беремін. Бір жарыстың алдында екі пакет чипсы жеп, бір банка кола ішкенмін. Бірінші болып келдім.
Алкогольды жаман деп ойламаймын. Бастысы уақытында тоқтай білу. Мысалы, мен 12 жасымда ішпеймін деп шештім, содан бері алкоголь мен тартпайды. Шынын айту керек, мереке кезінде бәрі құлағанша ішкенде мен машина айдауға мәжбүр боламын.
Жарысты адамдар жеңеді. Бірақ, құрал-сайманды да бағалай білу керек.
Биатлонда жеңу үшін сіз өз қаруыңызды соңғы винтіне дейін білуіңіз керек. Сізді түн ішінде оятып алып, қолыңызға қайтармалы серіппенің өзегін ұстатқанда сіз сол мезетте, «жігіттер, бл қайтармалы серіппенің өзегі» деп айтуыңыз қажет.
Шаңсорғыштар менің өмірімде ерекше орын алады. Қайда барсам да өзіммен бірге шаңсорғыш алып жүремін. Себебі, мен жылына екі жүз күн үйден тыс жерде жүремін және осы екі жүз күн бойы мен бөгде тазалық стандарттарына сүйенуге мәжбүрмін. Бір қарағанда, қонақ үйлердегі кілемшелер таза секілді көрінеді, ал іс жүзінде олар бактерияларға толы. Олардан өзіңіз құтылмасаңыз, ешкім құтқармайды. Айтпақшы, шаңсорғыш алып жүру менің идеям емес. Маған оны командалас достарым үйретті.
Биатлонда түрлі ақымақтықтар айтатын адамдар баршылық.
Биатлоншылардың әйелдер мәселесінде басқалардан бәлендей айырмашылығы жоқ, бізге әйелдің көзі тұнық, көтені әдемі болғаны ұнайды.
Қарды кінәлауға болмайды.
Менің өмірімдегі ең тәуекелді сәттер – менің аттың еріндегі өткізген сәттерім. Біреу үшін күлкілі болып көрінер, бірақ, мен үшін ол нағыз тәуекел. Пілден сәл ғана кішірек жануарды қалай басқаруға болатынын әлі күнге түсіне алмаймын.
Маған ауыруға болмайды. Сондықтан ешкіммен қол алыспауға тырысамын. Норвегияда бұлай ету оңай, ал басқа елдерде адамдар саған алақанын ұсынуға тырысып тұрады. Мені сол адамдардың бейқамдығы таң қалдырады: олар сонда ауру жұқтыру мүмкіндігін түсінбейді ме?
Өзіңнен күштірек адамдармен жұмыс істеуге тырыс. Сондай адамдар ғана сенің өсуіңе көмектеседі.
Алкоголь, сән-салтанат және сүт тағамдары. Осы үш нәрсесіз жер бетінде өмір сүру маған қиынға соқпайды.
Мен Италияда тұрамын. Маған оның таулары, табиғаты, ас мәзірі ұнайды. Бірақ, мен норвегиялықпын, әрі маған норвегиялықтар ұнайды. Біз сияқты адамдар Европада қалған жоқ. Норвегиялықтарда европалық есепшілдік пен сән-салтанатқа елігу жоқ, норвегиялықтар байлар мен кедейлерді бөліп қарамайды және Норвегияда атақты адамдарда ешқашан проблема болмайды, себебі, норвегиялықтар өте сыпайы, сондықтан сізбен суретке түсу немесе автограф алу үшін өңмеңдеп жүрмейді. Европада олай емес. Ол жақта адамдары түгелімен шатыры кеткендер, жақында бір адам жаздың ортасында менен өзінің шаңғысына автограф жазуымды өтінді.
Оқты сыйлау керек.
Дереккөз

5 пікір