Қазағым қайда барасың???

Ассаламуалейкум достар!
Елболып еңсе көтергелі бері 20 жыл болды. Бір адамның өмірімен санағанда аз уақыт емес. Бұл 20 жастағы жігерлі, өскелең, жинақы жігіттің, тас шайнап, жүз бүркетін кезеңі. Бірақ ипрериалистік елдің боданынан құтылып, өз тәуелсіздігімізді алып еңсемізді биік көтергенімізге қарасақ, 20 жыл түкке тұрмас нарсе.
Мен Астана-Сарағаш поездымен ауылға бар жатқанымда мынандай ой туындаған болатын. Арқаның арғы бұрышымен мына бұрышын мекендеп жатқан қандас бабаларымыз, аталарымыз. Солардың кезінде интернет, теледидар, радио, техникалық көліктер болмаған. Бірақ қыпшақ жері бір тілде сөйлейді, бір әнді айтады, дәстүрі, салты бір, керемет мәдениетті сақтап келді.Ол кісілер ұрпақтарын тәрбиеледі, оларға АЛАШ сөзінің мағынасын миына құйды. Осы уақытқа жеткен қазақ деген атымыз бен мәдениетіміз Қазақ, Алаш азаматының тәрбиесі.
Кеңес үкіметі кезінде орыстандыру саясаты қазақ қауымына қатты әсер етті, ол қазақ мәдениеті мен тарихын улағысы келген болатын. Мәдениетіміз, тарихымыз бен өркениетімізді сақтап қалғанымен, қазақ ұрпағының АЛАШ, ҚАЗАҚ сөзін ұғыну қай деңгейге жетті?!
Кешегі 5 арысымыз, 3 бәйтерегіміз, Алашшылар, -қазағым, алаш жері, қазақ ұлты, қазақ мәдениеті, өркениеті,-деп найзаның ұшымен болмаса да қаламның ұшымын жазып, қанын төккен ағалар.
Бүгінде біз солардың үмітін ақтап жатырмыз ба?
Қыздарымызды күң қылмаймыз, ұлдарымызды құл қылмаймыз,-деген Қазыбек биіміздің сөзін құрметтеп жатырмыз ба?
Батыстанып барамыз… Ұлттық құндылықты жоғалттық… Қазақ мәдениетінен жұрдай болдық…
оны егжей тегжейлі айтудын қажеті жоқта шыгар… оган барлықтарыңыз куә шығарсыздар. Мүмкін жаһандану процесі кері әсерін тигізіп жатқан болса керек…
Батыстанумен қатар бізде көптеген лаңкестік ұйымдар мен секталар белең алуда. Қазіргі таңда ең қызығы бір қазағымыз сол сектаның мүшесі болып кетіпті ғой десе, оған ешкімде таңданбайды…
Қазағым қайда барасың?!
Іргемізді кеше ғана қалаған жас, жаңа еліміздің 16 млн халқы бар. сол халықтың 62 пайызы ғана ҚАЗАҚ. мен бұл жерде ұлтшылдық көзқарасты ұстанып тұрғаным жоқ. Менің айтайын дегенім, қазақ болып бір бірімізбен бөлісіп, қақтығысып жатсақ, мәдениетімізбен салт-дәстүрімізді ұмытсақ, ағаларымыздың, аталарымыздың бізге берген аманатымен, бізге артқан үмітін өз қолымызбен жойғандай боламыз.
Менің айтарым- ҚАЗАҚ! тарихыңа үңіл, бет бұр, және сол жолда өз үлесіңді қос!!!
Әрі қарай

Сүйіншілер топтамасы.

Жақсылыққа жаны құмар халықпыз ғой. Сүйіншілетуімнің мәні мынада.
Түскі үзілісте серуендеп қайтпақ ниетпен далаға шығып едім.көшеден әнші Сейіл Аяғанды көрдім. Әңгіме арасында Мұқағали Мақатаевқа арналған «Кеш жарықтың» бағдарламасына түсіп келіпті.Мұқаңның әндерін гитарамен нақышына келтіре орындайтын әншілеріңізді, одан бұрын ақиық ақынымызға арналған кешті келесі сенбіде тамашалайтын боламыз.
Екінші сүйіншім, кеше қазақтың бард ақындары жайлы сөз қозғадық қой. Сол сөздерден шыққан қорытынды мен Қуаныш Мақсұтов ағамызға қоңырау соқтым. кең отырып өзімен сұхбаттаспақшы ниетте екенімді айттым.Әңгімеміздің басты тақырыбы бард жанры екенін білген ағамыз өзінің" Кеңес Одағы кезінде екі мәрте лауреат атанғанын және тұңғыш бард (қазақтан шыққан)Табылды екенін, одан кейін тағы бір кісінің атын айтты (ұмытып қалғаныма кешірім сұраймын)және де қазіргі уақыттатрда жақын туысының қырқын өткізіп алмай бұндай сұхбаттарға уақыты жоқ екенін айтты.Ақпан айының соңына таман хабарласатын болып келістік.
Халқымызда "Қашпаған сиырдың уызынан дәметпе«деген жақсы мақал бар екенін білемін. Дегенмен Алла сәтін салсын деп тілейік!
Әрі қарай

Суретке түсе білу де “өнер”…

Блог - TOTY: Суретке түсе білу де “өнер”…
Кеше қалада қапалақтап қар ұзақ жауды. Кабинетімнің терезесінен ауық-ауық сыртқа көз тастаудан жалықпадым. Біздің жұмыстың ауласы кең, айналасы ағаш, жанында кісі отыратын орындықтары бар. Жылы күндері үзілісте серуендеуге шығып тұрамыз. Бақтағы әр мезгілдегі маусымдық өзгерістерді сандық фотоаппарат алудың сәті түспей жүргендіктен, қалта телефоныммен түсіріп отыруға тырысам. Ара-тұра суретші жігіт Дәуренді шақырып, «суретке түсірші» деп мазалаймын. Кеше тағы бұрқақтаған қарлы ауа-райы реңіне қызығып, Дәуренге өтініш білдірдім. «Кезекті фотосессия ма?» деп күлді…
Жалпы, фотоға түсу менің бала күнімнен қаныма сіңген әдет. Өйткені, әкем Қуанышбек жас кезінде фотоға түсірумен әуестенген. Хоббиі деуге де болатын шығар. Әлі күнге дейін үйде сақтаулы “Сеть-2″ фотоаппаратын тастамайтын. Мереке күндерді немесе кез келген сенбі-жексенбі әкемнің қолы бос уағын асыға күтіп журетінбіз. Онымен қоймай, «китайский» көйлектерден бастап, бірнеше ауыстыратын киім дайындайтынбыз.
Қазіргідей сандық үлгіде емес, кеңес үкіметінің аппараттары бір әуре еді. Фотоаппаратқа жарықпен белгі беретін қосалқы бөлшек “фотовспышка” жалғанады. Әкем «дайындал» деп шүріппені басқанда, бөлшек жарқ ете түссе, кадрде қалдым деп есепте. Бірде дәл мені түсірерде жарық қайта-қайта жанбай қалып, әкем «саған әдейі жанбай жатыр» дегеннен-ақ, өкпелеп жылап қашқаным есімде. Көбінде, суретке түсіру “рәсімі” осылайша менің «жылағаныммен» аяқталатын…
Фотоға түсуден бұрын, бізді шығаратын процесі қызықтыра түсуші еді. Сол мезеттерді ұйықтамай тосып, апайым Салтанат екеуіміз әкемді төңіректейтінбіз. Әйтеуір, түн уағында жарықты сөндіріп, қараңғы бөлмеде фотокассетадағы пленканы фотобачокта жуып сорғытатын, сосын «увеличитель» атты құрал аппараты болған, бертінге дейін үйде тұратын, қазір қайда екенін…, жә, ол маңызды емес, әйтеуір әкем әлгі аппараттың кішкентай ғана көзінен түсірілген сұлбаны тамашалауға рұқсат ететіне мәз болатынбыз. Одан кейін фотоқағаздарды пластмассадан жасалған, төртбұрышты арнаулы ыдыстарға салып, «фиксаж», «проявитель», «закрепитель» деуші ме еді, сондай бір қоспалармен жуатын, көз алмай қарап отырсаң, аздан кейін-ақ бейнең шыға келетін. Ең соңында кішкентай пинцетпен байыппен алып, су қағаздарды кептіру үшін кәдімгі, біз «тримо» деп атайтын айнаға жапсыратын. Таңертең сурет дайын. Мінекейіңіз, қаншама машақаты көп дүние.
Е-еее, «Балалық шағың – патша тағың»… деген осы. Айпақшы, сол жылдары басқа елдімекендерге қыдырып бара қалсақ, дүкендерден фото шығаруға қажетті материалдар іздейтінбіз, «дефициттердің» қатарында еді. Қазіргі заманның баласының керек-жарағы бәрі алдында, тек меңгеріп әкетсе болғаны…
Әрі қарай

Блог Құрылтайдың 9 ережесі

BlogCamp: Блог Құрылтайдың 9 ережесі

1. Блог Құрылтайға қатысушылар шақырылмайды. Тек құлақтандырылады.
2. Қатысуға ниет танытсаңыз, аты-жөніңіз бен презентация тақырыбын тіркеу формасында көрсетуіңіз шарт.
3. Блогыңызда, twitter-де т.б. жолдармен “ Блог құрылтай” тыныс-тіршілігін баяндап жүріңіз. Әрі #blogquryltai2011 деген ілмекті қолданыңыз.
Әрі қарай

Атырауша балық асу

Блог - asaubota: Атырауша балық асу

Атыраулық достарымызға қонаққа бардық. Балық асыпты, орташа үлкендіктегі екі сазан. Басы да бөлек беріледі екен. Дәмді болды, сорпасы да керемет. Еттен кейін таза шұбат. Сосын шәй.
Әрі қарай

Нәскиге ода

Жұма күнгі бояннндар: Нәскиге ода

Ескі шұлық дегенде ескі шұлық,
Түгіңді қалдырмаппын тесік қылып.
Менен емес, топлидан кінәні ізде,
Бәле ғой тұрсаң мені сезікті ғып.

Әйтпесе, судай жаңа болғаның рас,
Аяққа «хөуппәлә» деп қонғаның рас.
Табаның майланғанша киіппін-ау
Мұңым болар… мұным болмас…

Елең-елең етеміз нәски десе,
(Қарасын I love you әсіресе)…
Әрі қарай

Патриоттық ән

ІБзде патриоттық әндер жетіспейді деп жатамыз көбіне. Әскердегі сарбаздарымыздың "Қызыл гүлім-айды" сапта орындап жүргендері де жалған емес." Алтын күн аспаны"-латушы еді, оны да Әнұран қылып жібердік. Төмендегі әнге пікір жаза отырыңыздар!
Досымжан Таңатаров пен «Аламан» тобы

Әрі қарай

Хуторянка

Аудан әкімдеріне жергілікті халық лақап ат қояды екен. Көбінесе сүйікті арақтарының аттары. Поезд жүрмейтін болғандықтан 250 км қашықтыққа халық таксимен барады. Бір күні таксиге бір жасы үлкен апай мініпті. Біздің аудан Ойыл туралы сұрап келе жатыр дейді қасындағы жолаушылардан. Бір кезде әкімдерің қалай дегенде таксист “Ой әкімнің аты Хуторянка, арақты сілтейді, алқаш” десе керек. Содан Ойылға да жетіпті, таксист әдетте жолаушыларын үйлеріне апарып тастайды. Жаңағы апайдан сұраған ғой қайда баратынын, сөйтсе апай “мені Хуторянканың үйіне апар, мен Хуторянканың мамасымын” депті” :)
Таксист ойбайлап жатыр дейді “ой ол негізі жақсы кісі, тек ішетіні болмаса” деп. Бірақ, Хуторянканың мамасы Хуторянкаға бір “концерт” қойғаны анық :)
Әрі қарай

Байбекте бар, басқасында жоқ...


Олар мемлекет басқару жүйесіне мэйнстрим әкелуі тиіс болатын. Олар сүйіктіистиблишменттің ителгі ұшар биігіндегі иерархияның сүйегін жаңартып, сүйкімін келтіруі керек еді. Олар керек жерінде капитан, лайық деп тапса лоцман болуы тиіс болатын. Осымен, олар, олар… дегеніміз, “Құдай берген” «болашақтықтар» ғой баяғы. «Тиіс» деген етістікті естісе де, естімесе де, біразымыз «болашақтықтардан» осыны күтіп едік. Қысқасы, «айрықша ені бар» жастарымыздың жағдайы жанына батқан Сағынбек Тұрсынов осы аптада депутаттық сауалын жолдады.
Әрі қарай

Фотожұмбақ: Бұл қандай гүл?

Әрине, бұл жерде біз сайтман достарымыздың гүлтанудағы білім деңгейін тексермейміз. Бұл гүлдерді біреуі нарцисске, біреуі орхидеяға ұқсатар… Ой, өзі бұл әдемі өсімдіктің әр алуан түрі бар ғой, тәйірі. Танып боласың ба… Бірақ, бұл гүлдер тек Тайландтың бір ауылында ғана өседі екен. Енді зерттей қарасаңыз әм жоғарыда айтылған сөздердің кейбірін ауыспалы мағынада бергенімді ескерсеңіз, жұмбақтың жауабы шаш жұлатындай қиын емес болып шығады. Ждемсс!!!



Мақала сілтемесі: http://orkenegro.wordpress.com/2011/02/10/%d1%84%d0%be%d1%82%d0%be%d0%b6%d2%b1%d0%bc%d0%b1%d0%b0%d2%9b-%d0%b1%d2%b1%d0%bb-%d2%9b%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d0%b0%d0%b9-%d0%b3%d2%af%d0%bb/
Әрі қарай