4 ең

Ең бірінші интернетте хат алысуым. 1997 жылы республикалық олимпиадада танысқан қыздармен мектептегі интернет-класстағы интернет байланысы бар жалғыз компьютер арқылы хат жазысатынмын. Ең қызығы, жазатын мәтінімізді алдын-ала қағазға жазып әкеліп, компьютерде қайта теретініміз және келген жауап хаттарды міндетті түрде принтерден басып шығарып, сақтап қоятынымыз еді… эпистолярлық жанрыңдыссс…

Ең бірінші орысша сөйлеуім. Шамамен 1985-86 жылдар… Ақтөбенің базарында (сол баяғы колхозный ғой) балмұздақ сатып алу. Әкем Ақтөбеге барғанда мені ала кететін, қалаға келген бойда сол базардан балмұздақ сатып алатынбыз. Сол кезде кезекте тұрғанымызда әкем қолыма бірсомдық ақшаны ұстатып, «кезек келгенде, четыре по сто пятьдесят» деп айтсаң, ана орыс апаң балмұздақ береді» дейтін. Содан сол сөзді айта алмасам, балмұздақ ала алмайтындай көріп, кезегім жеткенше дұға жаттағандай қайталап тұратынмын. Қызығы, «четыре по сто пятьдесят» деген сөзді аудармасын 2-классқа өтіп, шашымызға кекіл қойып, бәтеңкенің тазалығына өзім жауап беретін кезде ғана білген болатынмын…

Ең бірінші ұялы телефон. 2002 жылы ғайыптан тайып, Алматыда бір жастардың басқосуында сыйлық ретінде су жаңа «Siemens A35» телефоны бұйырған. «Келіннің бетін кім ашса, сол ыстық » дегендей, нөмірі де жатталып қалыпты-ей, 8-300-365-8671 деген…

Ең бірінші көлік жүргізуім. 14 қыркүйек 1991 жыл. Бұл күні апам тұрмысқа шығып, құда бала екеуміз кешкі тойға әкелерімді алып келуге Алғадан 40 шақырым жердегі Қарабұлақтан совхоздың бас экономистінің УАЗымен шыққанбыз, содан жол бойында «машина айдай алам, папамның машинасын айдаймын» деп бөсіп келе жатқанмын, бір уақытта құда балам машинаны токтатты да, «мә, айдашы» деді. Опшым, не керек, сөйтіп, 29 км машина айдау құқығына ие болып, ол кейін, 29 ай бойы мақтанып, балалардың алдында понт лақтыруға себеп болған-ды…
Әрі қарай

Бір жігіттің айтқаны

Бір байдың қыстағында жұмыс істейтін жігіт айтып еді. соны Сіздерге баяндап берейін.
Аудан көлеміне аты таныс бір малды, қалталы азамат қазақ-орысы аралас жұмысшылар ұстайды. Қаладан жинап әкеліп тегін жұмысқа салады екен. Әйтеуір тамақтарын береді, киімін кигізеді. Жергілікті тұрғындар маусым-маусымымен ақысына істейді жұмыстарын. Бірі шөп шабады, бірі егін орысады дегендей. Қақаған қыта жұмысшы орыстарының бірі өліп қалыпты.Ана бишті көмуге ерінген байдың ұлдары басқа биштеріне ананы тележканың үстіне лақтыра салуды бұйырыпты. Содан, мәйітті қарғалар шұқи берген соң орап тастаған болыпты. Көктемде әлгіні көмуге бұйрық беріліпті. Тоң аса жіби қоймаған ба әйтеуір көр қазған адам жарты метрдей ғана қазып ананы көме салса керек. Бір-екі күннен кейін мәйітті иттер жеп жатқанын көрген әлгі танысым итті атып тастапты адамға шабар деп қорқып. Айтып-айтпай не керек, аналардың іс-әрекеттерінен шошып келді ғой. Әкелері малдың санын толық біле қоймайды екен.Ұлдары өліп қалған малдарды жасырып қораның артында үйіліп жатқан қордаға көме салады дейді. Бір орыс қашқан екен мылтықпен атып отырып қуып әкеліпті.
Әрі қарай

Енді істемеймін...

«Керектегі» жұрттың бәрі "Ұнайды, ұнамайды" эстафетасынан кейін, «Ең, ең»-ге көшті. Мен керісінше өмірімде «Енді осылай жасамаспын» деген нәрсеге пост жазуды ұйғардым.
Студент кезімде рожки мен вермишельді күн сайын жегенім соншалық, оқу бітіргеннен кейін екі жыл вермишель мен рожки жемеспін деп жыларман боп өзіме уәде бергем. Соны орындадым сөзімде тұрып.
Екі жылдан кейін...
Бір күні түсте обедке үйге келдім. Газдың үстінде тұрған қазанды ашып қарасам мама рожки қуырып кетіпті. Екі жыл бойы жемегенім есіме түсіп, әлгі тамақты соғып алдым. Бір қызығы, рожкиді сағынып қалыппын. Мамам да ондай тамақты сирек жасайтын.
Сосын газет жинайтын әдетім бар. Оны да енді істемеймін деп, 2010 жылы жинаған газеттерімнің бәрін мусорға тастап кеттім.
Сосын бастыққа сөз қайтарып, ойымда не тұр, соны лақ еткізіп айтып салып ылғи таяқ жеп жүремін. Соны енді істемеспін деп жүремін… Бірақ кейде бастықтардың кейбір қылығына шыдамай кетіп айтып қоя жаздаймын да… Қазір типа бастыққа сөз қайтармай үндемей құтылуға үйреніп жүрмін.
«Мой мирде» жыныма тиетіндерді «енді сенімен сөйлеспеспін» деп игнорға жөнелтем.
Компьютерімде кейбір материалдарды «ескі, керек емес» деп корзинаға, корзинадан мәңгі бақиға өшіріп тастамауды үйреніп жүрмін. Қанша материалымды өзім өшіріп тастап, соның кейін керек болғанын көріп, «енді өшірмеспін» деп шештім. Сосын біреуге қарыз беріп алып, енді саған бермеспін деп жүретінім. Әлгіден ақшаңды сұрауға өзің ұяласың, бере қояйын деген ол да табылмайды. Кейбірі үзіп-жұлып қайтарады, кейбірі сол күйі лақтырып кететінін қайтерсің… Кейде әлгі қарыз алып күйдіретін адамға тағы да қарыз беретін кездерім болған. Қазір енді солай істемеуге тырысып жүрмін. Сосын «енді косметика сатып алмаспын» дегенді де үйреніп жүрмін. Ол да бір ақшаның жұты. Сосын кока-кола ішуді мүлде доғардым. Бұл мен үшін үлкен бір жетістік болды.
Әрі қарай

Гастарбайтердің ең көп күткен айлығы

20-21 жаста едім.

Өзімді престижді универститеттің түлегі сезініп, кез-келген жұмыс менің келуіме қос аяғын көтере қуанатын шығар дегем. Басында сондай көрінді. Соған масаттанып, ананы таңдаймын, мынаны таңдаймын деп жүргенде, ақшам таусылып қалды.
Таныс емес камоктан қарызға 800 теңге ақша алдым (тамаққа, жолға). ЕРтең бір шабашка ұрып тастап қайтарып берем деп, залогқа диплом, удостоверение (лох-ай десейш), аттестат (оның не қатысы бар еді), РНН, СИК бәрі салынған папкіні тастап кеттім.
Әрі қарай

Гастарбайтердің алғашқы жұмыс орындары

30 минут уақытым бар, ойлануға уақыт жоқ, сондықтан қарғап-сілемеңдер бір бірлеп жазам.

Ең алғашқы бір күндік табысым:
400 теңге. 16 жастамын шамамен. Ақшадан тарығып, бір жездемнің мебель өңдеу зауытына барып, парталарды жинауға помошник боп тұрдым. Бір шуруп екі теңге. 3 сағат ішінде 200 шуруп бұраған болып тұрмын ғой сонда. Неге жұмсағаным есімде жоқ. Досыма телефон соғып мақтанғаным есімде.
Әрі қарай

Омар быраттың "ең-еңңдері"

Алдыңғы эстафетаға қатыспап едім. Пернетақтаны «ең-ең-еңңң» дегізіп от алдырып, мына эстафетаға бірдеңе жазып жіберейін деп, сол… ))

Тоздырмай, ең ұзақ киген киімім. Братанның маған бере салған бір қысқа жеңді шақпақ жейдесі бар еді. Соны бес жаздай кидім.

Ең ұзақ киген аяқ киімім. Бірінші курста бір қыстық бәтіңке алып едім. Ішінде «Estilo» деген ба, бір жазуы бар. Бірінші курстан бастап, оқу бітіріп, жұмысқа кірген бірінші жылға дейін бес қыс кидім соны. Іші кәдімгі қойдың жүнімен қапталған болатын. Үшінші жылдан бастап уылтарақ тықырланып, ер-тоқым қаптайтын былғары сияқты жылтырап кетті
Әрі қарай

Ең,ең,ең...Әбіләкім

Ең ессіз әрекетім — жұмыстас біреудің өтінішімен Астанаға (2007ж.) 500 000 теңгені жұқа күртешемнің қалтасына салып апару. Бұл жеердегі ессіздік, сол ақшаны Астанадағы соттың ішіне кіріп (үш бидің ескерткіші тұрған сот қалай аталады?) бір судьяға беруім. «Не үшін бердім?», «басым пәлеге қалмай ма?» деген ойлар миыма кірмепті сол кезде, жұмыстан үш күнге босатқанға мәзбін.

Ең бірінші басқарған тойым- шамалы адам жиылған құдалық (туған күн, анау-мынауды есептемегенде).Қарағандыдағы бір мектептің асханасында болып еді.

Ең бірінші рет трактормен жалғыз сапарым- 3-ші класта оқитын кезім. Үлкендер оталдырып берді. 30 км шамасы жердегі екінші жайлаудағыларға бардым. Трактордың шөп шабатын косилкасы және бар.
Әрі қарай

Не деген тупаизм...(((

Жаңа ғана досым келді ол айтты 10 форма алдық Барселонаныкін((( артында Месси, Хави, Вилья деген жазуы жоғын айтты қуана… Сосын олар ертесіне бәрі ақша жинап, Барселона формасына арттарына Месси деп жазып алыпты…
Әрі қарай