Жамбыл облысы әкімдігі Дін проблемаларын қолдау орталығының қолдауымен Республика бойынша танымал жоғары оқу орындарының дінтанушы, философ профессор ғалымдарын Тараз қаласына шақырып, жастармен кездесу ұйымдастырдық. Кездесу семинарлар ТарМПУда, #5 мектепте және ЖМК қабырғасында болып өтті. Қолдау көрсеткен барша жақындарға алғыс білдіремін. Жалпы дін саласы өте қиын. Сол себепті білімді адамдардан ғана ілім үйреніңіздер. #zhambul #дін #кездесу #семинар #Тараз #мәселе
«Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Діни білім мен біліктілікті жетілдіру аясында отандық діни оқу орындарында білім алудың маңыздылығын түсіндіру» жобасы аясында Тараз қаласы Жамбыл медициналық колледжі базасында «Дін мен дәстүр сабақтастығы» қазақ халқының дәстүрлі діни құндылықтарын насихаттау бойынша әңгімелесу жұмыстары өткізілді.
Шара барысында жастарға жалпы дін туралы және ислам діні туралы толық ақпараттар айтылды. Діннің адам өмірінде алатын орны туралы мәлімет беру және қазіргі діни ағымдар туралы жалпы түсінігін қалыптастыру, адамгершілікке, имандылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу тақырыбы төңірегінде Облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Жапек Ғалымбек Төлегенұлы әңгімелесу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, жасөспірімдерді белсенділікке тарту, бос уақытты қалай тиімді өткізу қажет және жастардың ата-ана, отбасы туралы жалпы түсінігін қалыптастыру мақсатында «Қазақстан студенттерінің Альянсы» РСҚ-ның Тараз қаласы бойынша көшбасшысы Қыпшақбаев Ермек Алмасұлы өз кезегінде жастарға кеңестерін беріп, жастармен еркін форматта кездесу өткізді. #семинар #дін #кездесу
2018 жылы 18 сәуірде сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті № 230 Т. Қожакеев ат. залда ҚР БҰҰ Ақпарат Бюросы қолдауымен Бүкіләлемдік авиация және космонавтика күніне арналған «Тұрақты даму мақсаттарына аясында ғарыш технологиялары» халықаралық ғылыми семинардың ашылуы болады.
Өтетін орны:
Ғылыми пікірсайыс тақырыптары:
— Ғарыштағы биотехнология және тұрақты даму;
— Күн энергиясы және ғарыш технологиялары;
— Ғарыш өркениеті контексіндегі заманауи үндеулер.
Ақпарат:
12 сәуір – Адамзат ғарышқа аяқ басқан Халықаралық күн. 1961 жыл сәуір айының он екінші жұлдызы адамзат тарихын өте маңызды да белгілі оқиға орын алды. Бұл күн адам баласы алғаш рет Жер шарын ғарыштан көрді. Ғарышты алғаш әлемге танытқан Юрий Гагарин аңызға айналған «Восток» ғарыш кемесімен Жер шары орбитасын жүз сегіз минутта айналып ұшты. Ғарышқа аттаған бұл қадам тарихты мүлдем «бұрын» және «кейін» деген атаулармен жаңа арнаға бұрды. Юрий Гагариннің қадамы адамзат санасын ғарышқа жақындатты. Адамзат жыл сайын 12 сәуірде ғарыш кеңістігін игеру мақсатында атап өтеді. Ғарышты алғаш ашқандардан бастап, адамзат үшін ғарыш кеңістігін кеңейтуге ұмтылған әрбір тұлға Авиация және космонавтика күніне үлес қосады.
Ғылыми семинар жұмысына әл-Фараби ат. ҚазҰУ механика-математика, физика-техникалық, биология және биотехнология және журналистика факультеттері PhD докторанттары, магистрантары және студентері қатысады.
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., әль-Фараби даңғылы, 71
Әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университеті
Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, саяси ғылымдарыынң докторы, профессор
Гульмира Султанбаева
Телефон: +77272211492; +77011527488, +77073777049
Механика-математика факультеті
Механика кафедрасыынң меңгреушісі – ф.-м.ғ.к., доцент
Зауре Ракишева
Телефон: +77272213136; +77017134603
Әсет Исекешев Facebook әлеуметтік желісі арқылы қала тұрғындарын елорданы абаттандыру науқанына қатысуға шақырды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
«Қаламызда «Астана — таза және қауіпсіз қала» акциясы аясында тазалық айлығы басталды. Барлық қалалық қызметтер белсенді түрде көшелерді тазалап, өзіне қарасты төңіректі көгалдандыру жұмыстарын жүргізуде. Әр адам елордамыздың ажарын ашуға бағытталған акцияға қатыса отырып, қаламыздың әр тұрғыны өз үйінің ауласын, саяқбақтарды одан да көркейте алады. Жаппай сенбіліктер 21 сәуір және 12 мамыр аралығында өтетін болады.
Бұл игі шараға барлық қала тұрғындарын да қатысуға шақырамыз.
Тазалық жұмыстарына қатысты керек-жарақтар сол жерде беріледі.
Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, іске кірісейік!», — деп жазды өз парақшасында Әсет Исекешев.
Жұмыста отырмын. Жұмыс өнбейді. Жүйке əбден жұқарған. Телефонның шырылдаған дауысы мұндай сүйкімсіз болар ма еді. Бəріне бірдеңе қажет. Лезде қажет. Сөйтіп отырғанда папа қоңырау шалды соткама. Атүсті сөйлесе алмайсың, көңіл күйің нашар болып та сөйлесуге болмайды. Қоңырауын шегеріп, кейін хабарласайын десем, қайта-қайта звондап болмайды. Тіпті не үшін хабарласқанын сұрағам да жоқ «папа! Сосын хабарласамын өзім! Звондай бермеші енді!» деп бар ашу ызамды осы бір-екі сөзге төге салдым. Жалғыз эмоциясыз «мақұл» деген сөзінен қалай ренжіткенімді, көңілін қалдырып, жүрегін ауыртқанымды түсіндім. Трубканы қойған бетте өкіндім. Бірақ қайта хабарласқам жоқ. Ренжітіп алғанымды білем. Звондауға да бет жоқ. Папа да біраз хабарласпады. Кеше ғана қоңырау шалды. Түк болмағандай, əңгімелерін айтып жатыр)) Мен қуанып та тұрмын. Ұялып та. Осындай ақымақ адамды қалай жақсы көруге болады деген жауапты Евгений Гришковецтің "+1" спектаклінен таптым.
"… Жақында мен өзім жақсы көретін адамдар туралы бір ақиқатты ұқтым. Ұқтым да, бекерге ұққанымды түсіндім. Қалжың əрине, түсінгенімді айтам. Бұл сондай қарапайым дүние. Тіпті мұны бұрыннан қалай түсінбей жүргенімді түсінбеймін. Өте қарапайым. Ап-анық. Бірақ бұл қарапайым жайды түсініп, өмірімді қиындаттым. Мұны əрине енді ұмытпаспын, мұнымен өмір сүрем, ғафу етіңіздер, қазір өзімнің түсінгенімді сіздерге де айтам.
Менің ұққаным мынау — мені шынымен жақсы көретіндер, өтірік, жасандылықпен емес, шынымен, мені бар болмысыммен сүйетіндер, мен керемет адам болңандықтан емес, өздері ғажайып жан болғандықтан жақсы көреді. Олардың өздерінің бір себептері бар. Мен оны түсінбесім анық. Дəл солай. Олар мен осындай болғандығым үшін емес, өздері сондай болғаны үшін жақсы көреді. Кейде ақымақ болатындығым соншалық, айнаға қарауға өз өзімнен ұялып, бетім шыдамайды… Ренжиді əрине олар, сөйлескісі де келмейді кейде, ұрсып та алады, шалған қоңырауыма жауап қатпай қояды. Бірақ жақсы көреді… Кешіреді де жақсы көре береді. Себебі жақсы көруінің себебі менде емес, өздерінде. Ал мені жақсы көрмейтіндер, ұнатпайтындар немесе жек көретіндер міне олардың сезімдеріне себеп беретін өзім. Ал жақсы көру себебі адамдардың өзінде. Адам біреуді жақсы көргенде ол бұл пендені оны басқа ешкім көре алмайтындай көреді, ғашық адамды ешкім түсіне алмас.
… осыны неге түсіндім десеңізші? Бəрі одан сайын қиындап кетті. Жақсы көру сондай қиын. Шынымен, бар жан-тəніңмен жақсы көру қиынның қиыны.
Ал жақсы көрмеу оңай. Оп-оңай. «Жақсы көрмеймін! Жек көремін!» — болды. Сондықтан да біз жеккөрінішті соншалық көп өндіреміз. Себебі оп-оңай. Дүзге барып келуден де оңай".
Мәжіліс барысында Елорданың болашақ дамуына байланысты және қаланың 20 жылдығын атап өтуге байланысты мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
«Біз осы жолы Астанамыздың 20 жылдығын атап өту алдында жиылып отырмыз. Елордамыз қысқа мерзімде еліміздің ірі қалаларының қатарына еніп отыр. Қаламыз қазіргі кездетиісті инфрақұрылымы бар, әлемде танымал қала, осында өтіп жатқан маңызды әлемдік оқиғалар бүкіл әлем назарын өзіне аударуда. Маған белгілі американдық журналист Ларри Кингтің Астанада болғанда айтқан сөзі ұнады «Тарихта барлық ел қалаларды жаулап алуда, ал Қазақстан өзі салуда». Осы сөзінде ол барлығын айтты. Біз жасалған жұмыс нәтижесінен көріп отырмыз, бұл бар қазақстандықтардың еңбегі. Бірақ, біз бұл жетістікпен тоқтамаймыз, әрі қарай жалғастырамыз». — деді Н.Назарбаев.
Талай қызық, сансыз түрлі кереметті көрсеткен,
Терең толғап, талай сұмдық құпиялы сыр шерткен.
Рахмет, өмір деген толассыз бір сын-сағат,
Ақ – қараның ара-жігін ажыратып, өлшеткен.
Қайғысымен қуанышын қатар қойған көңілге,
Салыстырған арамдықты адалдық пен сенімге.
Адам дейтін алыптарға берген үлкен мүмкіндік,
Рахмет ұлы керуен таңғажайып өмірге!
Кітап оқу үрдісін қалайша тиімді етуге болады? Белгілі бір кітаптың назарыңызға лайықты екенін қайтіп түсінуге болады? Оқыған нәрсені қалай ұзақ уақыт есте сақтауға болады?
1. Кітаптар тізімі
Адамдардың көбісінде кітапқа деген қызғаныш пен енжарлық араласқан біртүрлі сезім бар. Біз кітап сатып алуды, оларды сөрелерде жинағанды ұнатамыз, бірақ сирек оқимыз. Оқылмаған нәрсе жиналған сайын оқу құштарлығы да төмендей береді.
Алдын ала кітап сатып алмаңыз. Бір немесе екі кітап сізге жеткілікті. Қалғандары оқу тізімінде тұрып, өз уақытында оқылады. Сүреттермен безендерілген, қымбат басылымдарды аз сатып алуға тырысыңыз. Бұл жақсы сыйлық, бірақ өзіңізге емес.
2. 50 бет ережесі
Өмір тым қысқа, уақытты тек қызықты кітаптарға құртқан жөн.
Қызықсыз және пайдасызды тезірек ысырып тастауға тырысыңыз. Ол үшін кітаптың алғашқы 50 бетін оқыған жеткілікті. Алғашқы 50 бетте тартып әкетсе, соңына дейін солай болады, әкетпесе — ондай боп тұрады өмірде.
Жаман кітаптарға екінші шанс бермеуге тырысыңыз. Жыл сайын айналаңызда жүздеген, мыңдаған жаңа әрі қызықты кітаптар басылып шығады.
3. Кім жазды және не жайлы
Оқу алдында кітаппен танысыңыз: аутыр және кітап туралы оқыңыз, мазмұнын зерттеңіз. Осылай сіз оқуыңызға дұрыс бағыт бересіз.
Оған қоса, оқудан бұрын өзіңізден сұраңыз: Кітаптан не білгіңіз келеді, ол қандай пұрабілеміңізді шешуге көмектесе алады? Бұл оқу барысында сізге керекті мәліметтерді алуға көмектеседі.
4. Әлтернатив форматтар (қағаз кітаптың сан түрлі баламалары)
Кітап оқу тəсілдеріне келгенде əлем аянып қалмаған. Заман талабына сəйкес кітаптың алуан түрлі форматтары бар: мақалалар, аудиокітаптар, подкастар, инфографиктер, лонгридтер және дайджестер.
5. Қарындашпен оқыңыз
Қолыңызға қарындаш ұстап қана кітап оқуға кірісіңіз. Кітап оқып жатып маңызды жолдарды не дәйексөздерді белгілеп отырмасаңыз — оқығаныңыздың бәрі босқа.
Кітаптан мағына іздеп, сабақ алып отырмасаңыз, ол жай қана сөздер жинағы боп қала береді. Ал құмда шашылған аз алтынды ажыратып ала алмасаңыз, онда оқудың керегі не?
Кітап бетін оқыған кезде керекті сөздерін белгілеп, астын сызып, өз ойларыңызды еркін жазып отырыңыз. Кітапты тігілген қағаздар жинағынан биігірек зат етіңіз. Осындай саналы оқылған кітап қана шынымен сіздің кітебіңіз бола алады.
6. Күніне кемінде 30 бет
Әр адамның оқу ырғағы өзінше. «Марафоншылар» айлап оқиды, басылымның әр түйірін үзіп. «Спринтерлер» кітапты бірнеше күнде жүгіріп шығады. Алайда оқудың оңай да әмбебап формуласы бар. Ол сізді оқуға ынталандырып, қызығушылығыңыз бен күшіңіз аяқталмай тұрып оқып бітіруге көмектеседі.
Күніне бір сағаттан аз емес және тәулігіне 30 беттен кем емес оқуға тырысыңыз. Осылайша аптасына бір кітаптан оқисыз. Бұл жылына 60 кітап — өте жақсы көрсеткіш!
7. Жанырларды араластырамыз
Әркімнің сүйікті жаныры бар. Алайда детектив романдар не бизнес-әдебиетке тым үңіліп кетсек, шамадан артық кетіп қаламыз. Тіпті күшті кітаптар шаттандырмай кетеді.
Ондайда жанырды ауыстыру пайдалы. Кітаптарды көктейіл құрамдастарындай араластырыңыз. Нон-фикшіннен кейін қазақ классикасының бір томын, одан соң фантастиканы, ал сосын келіссөздер жайлы оқыңыз.
Әдеби жанырларды кезектестіре білу — тоныста болудың және оқырмандық ой-өрісті дамытудың өте жақсы әдісі.
8. Оқығаныңыз туралы жазыңыз
Егер тиімді оқысаңыз, сізде оқығаныңызға қатысты сетаттар, үзінділер мен ойлар жинақталады. Бұл бағалы мәлімет, нағыз кітап өзегі.
Өз кітап блогыңызды ашыңыз. Оқығаныңызға пікір жазыңыз, сетаттармен бөлісіңіз. Оқу тізімін жариялаңыз, жаман басылымдарды балағаттаңыз, жақсыларды мақтаңыз. Бұл үшін Facebook та жарайды. Ешқандай арнайы жазушылық әбілеттер қажет емес.
Осылайша сізде сетаттар мен үзінділерді сақтайтын жер пайда болады, ал достарыңызда – сізді жақсы көруге қосымша себеп.
9. Белгілемелерді қайта оқу
Кітап белгілемелерін қайта оқып отыруды дағдыға айналдырыңыз. Кітаптың бірнеше бетін қайырып қойсаңыз, онда сізге кітап қорыңызды іріктеп шығу үшін жарты сағат та жеткілікті болады.
Қайталау — білім атасы. Осылайша негізгі едейлерді тәжірбиеде қолдану оңай болады.
10. Оқығаныңыз туралы пірезентешін жасау
Кітапта оқығанды ұмытып қалмау үшін ол туралы достарыңызға айтып беріңіз. Өз достарыңыз арасында не отбасында тіпті «семенарлар» өткізуге болады.
Сонымен, жоғарыдағы кеңестерге кішігірім қортынды жасаса, мынадай болмақ:
— Кітап жия бермеңіз, күніне кем дегенде 30 беттен оқып отырыңыз.
— Кітап туралы алғаш 50 беті бойынша ой түйіңіз.
— Түрлі жаныр және балама форматта оқып көруге ұялмаңыз.
— Міндетті түрде сетат көшіріп, жазба жасап отырыңыз.
— Олармен блогта бөлісіп, таныстарыңызға пірезентешін жасап отырыңыз.