Мені жақсы көретін адамдарға жазбаша ескерткіштің іргетасы


"… Жақында мен өзім жақсы көретін адамдар туралы бір ақиқатты ұқтым. Ұқтым да, бекерге ұққанымды түсіндім. Қалжың əрине, түсінгенімді айтам. Бұл сондай қарапайым дүние. Тіпті мұны бұрыннан қалай түсінбей жүргенімді түсінбеймін. Өте қарапайым. Ап-анық. Бірақ бұл қарапайым жайды түсініп, өмірімді қиындаттым. Мұны əрине енді ұмытпаспын, мұнымен өмір сүрем, ғафу етіңіздер, қазір өзімнің түсінгенімді сіздерге де айтам.
Менің ұққаным мынау — мені шынымен жақсы көретіндер, өтірік, жасандылықпен емес, шынымен, мені бар болмысыммен сүйетіндер, мен керемет адам болңандықтан емес, өздері ғажайып жан болғандықтан жақсы көреді. Олардың өздерінің бір себептері бар. Мен оны түсінбесім анық. Дəл солай. Олар мен осындай болғандығым үшін емес, өздері сондай болғаны үшін жақсы көреді. Кейде ақымақ болатындығым соншалық, айнаға қарауға өз өзімнен ұялып, бетім шыдамайды… Ренжиді əрине олар, сөйлескісі де келмейді кейде, ұрсып та алады, шалған қоңырауыма жауап қатпай қояды. Бірақ жақсы көреді… Кешіреді де жақсы көре береді. Себебі жақсы көруінің себебі менде емес, өздерінде. Ал мені жақсы көрмейтіндер, ұнатпайтындар немесе жек көретіндер міне олардың сезімдеріне себеп беретін өзім. Ал жақсы көру себебі адамдардың өзінде. Адам біреуді жақсы көргенде ол бұл пендені оны басқа ешкім көре алмайтындай көреді, ғашық адамды ешкім түсіне алмас.
… осыны неге түсіндім десеңізші? Бəрі одан сайын қиындап кетті. Жақсы көру сондай қиын. Шынымен, бар жан-тəніңмен жақсы көру қиынның қиыны.
Ал жақсы көрмеу оңай. Оп-оңай. «Жақсы көрмеймін! Жек көремін!» — болды. Сондықтан да біз жеккөрінішті соншалық көп өндіреміз. Себебі оп-оңай. Дүзге барып келуден де оңай".
1 пікір