Moldanazar - Esimde Bari

Молданазардың «Есімде бәрі» әнінің клипі шықты. "Ғарышкерлерге" шын ғарышкерлер туралы графикалық әдемі сәлем ;)

Бақыт,қайғы ұмытылмайды бүгін
Баяу бағым қайғы өзгерте алмайсың
Бақыт алдамайды есімде менің бәрі
Есімде менің әлі…

Үміт, сенім күнді күнгі жалғайды
Қуаныш, мұңды сәттерді ешкім ұрлай алмайды
Есімде менің бәрі
Есімде менің әлі....


Осы жылы кезекте тұрғандарға 677 жаңа пәтер беріледі

Астана жаңалықтары: Осы жылы кезекте тұрғандарға 677 жаңа пәтер беріледі
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін пәтерді ҰОС мүгедек қатысушылары, жетім балалар, мемлекеттік қызметкерлер мен халықтың әлеуметтік осал топтары алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана әкімдігі жүргізген құрылымдау шеңберінде коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін үйдің функциясы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына берілді.

Аталмыш ведомствоның міндетін атқарушы Артем Әбілдиновтың айтуынша, қаладағы тұрғын үй ахуалының мониторингін жақсарту мақсатында коммуналдық мемлекеттік мекеме – астана әкімдігінің тұрғын үй қоры құрылды.

«Қор шаруашылық тұрғын үй ғимараты бар-жоғын анықтаумен айналысады, жалға берушілердің міндетін атқарғанына мониторинг жасайды. Бұл жалға алудың төлемін салу және тұрғын үй бүтіндей пайдалану, дайын пәтерлерге азаматтарды қоныстандыруды тексеріп, баспанаға мұқтаждар есебінде тұратындар мен азаматтардың интериорлық тізімін жасау», — деп түсіндірді А. Әбілдинов.

Жылдың соңына дейін мыңнан астам пәтер пайдалануға беріледі деп жоспарланды.

«Тұрғынүйқұрылысжинақ банкінің салымшылары үшін жалпы алаңы 22,58 мың шаршы метр 364 пәтер, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» АҚ баспанасы» бағдарламасы бойынша 80 пәтер және кезектегілер үшін жалпы алаңы 38 мың шаршы метр 677 пәтер беріледі», — деп мәлімдеді А. Әбілдинов.

Айта кетейік, пәтерлерді ұсыну — кезегі келген әдістеме бойынша қаланың коммуналдық жекеменшігіне түскен пәтерлердің мөлшеріне байланысты жүзеге асырылады.
Әрі қарай

Әкімдік 15 жыл бойы жеке ғимараты болмаған мектепке ғимарат бөлді

Астана жаңалықтары: Әкімдік 15 жыл бойы жеке ғимараты болмаған мектепке ғимарат бөлді

Әсет Исекешев жаңа мектептерге ғимарат бөлуге байланысты бірқатар шешімдер қабылдады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Соңғы 7 жылда елордада орта білім беру саласында оқитындар саны 2 есеге өсіп, 143 мыңнан астам оқушыны құрады. Көші-қон және туу есебінен жыл сайын өсім орта есеппен 15-18 мыңға жетті.

Осы ретте елорда әкімдігі қала инфрақұрылымының қарқынды дамып жатқандығын есепке ала отырып, мектептерге түсетін жүктемені төмендету тұрғысында жұмыс жасауда. 2018 жылдың өзінде 7 мың орындық 6 мектеп пайдалануға беріледі. Алдағы 24 мектеппен мектептерге жапсарлас 10 ғимараттың құрылысы жоспарланған.

Жаңа оқу жылы қарсаңында «Ашық әкімдік» жобасы қағидасын іске асыра отырып, Астана әкімі Әсет Исекешев мектептерге ғимараттарды бөлу мен оларға түсетін жүктемені төмендетуге қатысты мәселені көтерген ата-аналар тобымен кездесіп, шешімін таппай келген проблема жайында олардың өз ауыздарын естіді.

Осыдан 10 жыл бұрын ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі ашқан № 60 мектеп-лицейдің жүктемелігіне қатысты мәселе алғаш рет көтеріліп отырған жоқ. Мектептің көрсеткіші өте жоғары, алайда ондағы негізгі проблемалардың бірі жүктеменің көптігі.Өткен жылы ол мектепте 3558 адам оқыса, қазіргі таңда оқу үшін 300 бала құжат тапсырыпты. Бұның соңғы көрсеткіштер емес екендігін атап өткен жөн.

Әкімнің қатысуымен өткен кездесу барысында Күмісбеков көшесі мен Абай даңғылының қиылысында орналасқан жаңа мектептің ғимаратына қатысты білім басқармасының шешімі қайта қаралған болатын. Енді 1200 орынға лайықталған оқу орны № 60 мектеп-лицейге тиесілі болмақ.Осылайша елордада № 60 мектептің ғана емес сол ауданда орналасқан № 1 және № 35 мектептердің жүктемелігін төмендетуге септігін тигізіп, бірнеше ғимаратты біріктіретін алғашқы мектеп кластері құрылмақ. Мұндайшешім аталмыш мектептің білім сапасы бойынша қаладағы үздік мектептер ондығының қатарында екендігі ескріліп шығарылды. Ата-аналардың көбісі өз балаларының осында білім алуын қалап, оларды аталмыш мектепке беруге тырысады. Бұған қоса, осы мектепте білім беретін біліктілігі жоғары мұғалімдер құрамын жаңа кәсіпқойлар толтырмақ. Бұл өз кезегінде мұғалімдердің жүктемелілігін біркелкі жоспарлауға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда Абай-Күмісбековтегі жаңа ғимараттың есігі сол мектепте оқуға ниет білдірген балалардың құжаттарын қабылдау үшін ашық.

Сонымен бірге, Білім күні қарсаңында дарынды қыздарға арналған «Білім-инновация» лицейінің оқушыларын да жағымды жаңалықпен қуантты. Бұдан бұрын хабарланғандай, оқу орнының ашылғандығына 15 жыл болса да, оған жеке ғимарат бөлінбеген еді.

Бүгін «Білім-инновация» лицейінің оқушылары қалалық, республикалық, халықаралық пән олимпиадаларында жүлделі орындарды иеленіп келеді. Бұл лицейде оқуға түсу үшін өткізілетін конкурстың жоғары екендігін көрсетсе керек. Дәлірек айтқанда, бір орынға 20 адамнан келеді.

Ата-аналардың арызын тыңдаған және де ауданның дамуын есепке қоса алған әкім 188 көшеде жақында ғана бой көтерген мектепті дарынды қыздарға арналған «Білім-инновация» лицейіне беруді ұйғарды. Алдағы уақытта лицей 5 сыныптан бастап оқыту үшін қосымша балалар жинайды деп күтілуде. Бұл, өз кезегінде болашақта жүктемені азайтуғакөмектеседі.

Сонымен қатар, Әсет Исекешев әкімнің орынбасары Қосман Аймұхаметовке мектепті кірме жолмен қамтамасыз ету,187 көшеде жол құрылысына жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Аталмыш жол мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған үйлердің аулаларына кіруге мүмкіндік беретін қосымша жолмен қамтамасыз етпек. Мектеп ауласын абаттандыру жұмыстары 25 тамызға дейін аяқталады деп жоспарлануда.

Қазіргі кезде жаңа мектептің учаскесінде екі мердігер ұйым жұмыс істеуде. Жолдарды төсеп, кіреберіс жолдарды салуда. Территорияны абаттандыру жұмыстары 20 тамызға дейін аяқталмақ.

Кездесу соңында Әсет Исекешев білім басқармасына Сарыарқа ауданы әкімдігімен бірлесіп тиімді жол тауып, оның тез арада амал жасауды, сондай-ақ, ғимарат бөлу саясатын тұрғындардың пікірін, қауіпсіздік мәселесін, мектептердегі жүктемені есепке ала отырып жүргізуді тапсырды.
Әрі қарай

Астанада абонементсіз спортпен тегін айналысу амалдары

Саламатты өмір салтын ұстану – заманауи қоғамның тренді. Алайда, тәніңді өз тонусында ұстап тұру арзанға түспейді. Табиғи өнім, дәрумен, спорттық жабдықтар мен спортзалға абонемент – мұның бәрімен ай сайын тұрақты түрде айналыссаң қаншама шығын болмақ. Астана әкімдігінің ресми сайты қалада тегін жаттығулардың қайда өтетінін, оның үстіне нұсқаушысы бар және спортзалға кететін абонементті қалай үнемдеуге болатынын айтады.

Астанада осымен үшінші жыл қатарынан мәдениет және спорт басқармасы ұйымдастыратын барлық үміткерлерге арналған тегін спортпен айналысу өтіп келеді. Тегін жаттығуда өз қалауыңды табу үшін жаның қалаған нәрсенің барлығын жасай аласың. Ендеше, сөмкеге формаңызды салыңыз да – алға!

Жүгіру
Астана жаңалықтары: Астанада абонементсіз спортпен тегін айналысу амалдары
Кім таңертеңнен жүгіргенді ұнатады, өте дұрыс істейді. Қысқасы, денсаулық үшін өте пайдалы. Жүгіру ерік жігерді дамытады, денсаулықты күшейтеді, мінезді шыңдап, өзіңді формаға келуге көмектеседі. Астанада жыл сайын әуесқой жүгірушілер көбейіп келеді. Қала әкімдігі осыған орай шара қолданды: саябақтарда жолдарға арнайы резинасы жамылғысы төселді.

Астанада қазіргі таңда сертификаты бар инструкторлар топтық жүгіруден тегін дәріс өткізеді.

Қайда: Астаналық саябақ пен Триатлон саябағында аптасына 3 рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма – сағат 19:30-дан 20:30 дейін сертификаты бар инструкторлар топтық жүгіруден дәріс өткізеді.

Сонымен қатар жексенбі күнгі дәрістер бар, ол таңертең және кешкісін – сағат 10-нан 12 сағатқа дейін және де сағат 17:00-ден 19:00 дейін.

Кроссфит
Астана жаңалықтары: Астанада абонементсіз спортпен тегін айналысу амалдары
Кроссфит. Бұл өзінің шыдамдылығын қайрап, күші мен жылдамдығын шыңдап, өз өзіне шақырту тастап және өзінің қолынан не келетінін дәлелдегісі келетіндерге арналған спорт.

Кроссфит Астана саябағындағы жексенбілік жаттығу бағдарламасына қосылған және таңертең сағат 10-нан 12-ге дейін. Студент және Жерұйық саябақтарында сағат 10-нан 12-ге дейін жексенбі күндері барлық қатысқысы келетіндер кроссфиттен жаттығуға келе алады.

Ушу
Астана жаңалықтары: Астанада абонементсіз спортпен тегін айналысу амалдары
Ушу – бірегей жауынгерлік өнер, ол адамның шығыс жекпе жегі философиясын тереңінен түсінуге, өзін өзі қорғаудың жаңа машығын, тәні мен денсаулығын қатайтып, санасын тазартуға әрі ішкі қуатын дамытуға көмектеседі.

Ушумен Астаналық саябақта жексенбі күндері таңертең айналысуға болады.

Джиу-джитсу
Астана жаңалықтары: Астанада абонементсіз спортпен тегін айналысу амалдары
Джиу-джитсу техникасы қозғалысты көп пайдалануға және қарсыластың өзіне күш салуға бағытталған және де арнайы «қулығы» бар тәсілдер қолданылады, яғни ауыратын нүктелерге соққы жасау, арнайы көңілді басқаға аударатын қимылдар, шабуыл сызығынан ауытқу және т.б.

Джиу-джитсу дәстүрі әлі күнге дейін сақталып келеді. Әлемнің көптеген елдерінде жауынгерлік өнердің осы түрін дамытып, культке айналдырып отырған одақ, федерация, қауымдастық, оқу орталықтары мен клубтар бар.

Астанада джиу-джитсудан тегін жаттығулар демалыс күндері таңертең Астаналық саябақ пен Жерұйық саябақтарында 19:00-ден 20:00-ге дейін өтеді.

Йога
Астана жаңалықтары: Астанада абонементсіз спортпен тегін айналысу амалдары
Йога – бұл практикалық философия, жан мен тәннің бірігуіне арналған. Оның бастауы сонау ежелгі үнді дәстүрінен алынған. Бүгінде йога үлкен танымалдылыққа ие. Онымен бала да, кәрі де айналыса алады.

Йоганың техникасымен танысқысы келетіндер таңертең демалыс күндері Студенттік және Жерұйық саябағына келе алады.

Шахмат
Астана жаңалықтары: Астанада абонементсіз спортпен тегін айналысу амалдары
Шахмат ойнаудың пайдасы шаш-етектен. Ойын барысында мидың оң жақ және сол жақ бөлігі де бір мезгілде жұмыс істейді де, мидың дамуына үйлесім туғызады – бұл шахматтың негізгі пайдасы.

Астаналық, Студент және Жерұйық саябақтарында таңертең ойнағысы келгендер шахмат пен шашка ойын үстелінде кездесе алады.

Велоспорт
Астана жаңалықтары: Астанада абонементсіз спортпен тегін айналысу амалдары
Велосипед спорты – специфика жағынан бұл аэробты жаттығу болып есептеледі, ол жүрек пен өкпені, бұлшық ет пен аяқты қатайтады. Қысқасы, кеуде мен иықтың бұлшық ет жинамауын қамтамасыз етеді. Осылайша велоспорт жылдамдық жағынан коньки мен тау шаңғысы сияқты жүк түсіреді. Демек бұл да аяқтың бұлшық етін шынықтырады.

Осы жылы әуесқойлар үшін велосипед жүретін жолдарға жағдай жасалды. Астананың мерейтой құрметіне 56 км веложол салынды.

Исекешев өкілетті органдарға көмірдің бағасын өсіруге жол бермеу керектігін тапсырды

Астана жаңалықтары: Исекешев өкілетті органдарға көмірдің бағасын өсіруге жол бермеу керектігін тапсырды

Күз айында қатты отынды сатып алу кезінде халық арасында айқай-шуға жол бермеу үшін, Астана әкімі көмірдің бағасы өсіп кетпеуін тапсырды, сондай-ақ тұрғындарды жоспарланған көмірді жеткізуді IKomek (109) қызметі арқылы хабарлап отыруды тапсырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Сонымен, Әсет Исекешевтің төрағалығымен өткен жиын барысында көмірді іске асыру мәселесі жөнінде әкімнің орынбасары Қосман Айтмұхаметов, басқарма басшылары, мемлекеттік кіріс департаментінің өкілдері, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ, көмір өнімін іске асыратын 7 алдыңғы қатарлы компания және басқа да өкілетті органдардың өкілдері талқылады.

Нарықтағы көмір туралы ахуалмен Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ербол Төлеуов баяндады. Ол қазіргі таңда Астанада көмір өндіретін 7 іске асырушы барын айтты. Жалпы қорда 7 тамыздағы жағдай бойынша 9590 тонна көмір бар.

«Магнит 21 ғасыр» ЖШС-де Шұбаркөлдің 1700 тонна (14500 теңге) және Кузнецкінің (12000 теңге) көмірі бар. «Айткожынова» ЖК Майкөбенің 500 тонна (10 000 теңге) көмірі бар, «Умар KZ» ЖШС – 1000 тонна Қаражыраның (13500 теңге), «Северэнергоугольснаб» ЖШС – 4800 тонна Қаражыраның (13000 теңге) көмірі бар», — деді Е. Төлеуов.

Оның айтуынша көмір төңірегіндегі әлеуметтік тартыстың бір себебі, сату кезеңі шарықтаған кезде көмірдің жетпей қалуынан туындайды.

«Бұл қатты отын жағатын қала халқының күн суыта бастағаннан жаппай көмір сатып алуымен байланысты. Сатылым қызған кезде көмірдің бағасы да шарықтайды. Сондай-ақ көмір тасымалына тапсырыстың көп түскендігінен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ тарапынан да вагондардың жетіспеушілігі байқалады», — деді Е. Төлеуов.

Осыған байланысты әкім «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ астанаға көмір жеткізетін вагондармен қамтамасыз ету мәселесін ерекше бақылауға алуын тапсырды. Ал энергетика басқармасы көмірді іске асыру бойынша бақылауды күн сайын жүргізіп, ыстық желінің жұмысын жандандыруын міндеттеді.

Сонымен бірге «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ бас директоры Қайрат Саурбаев әлеуметтік тартыстың болмауы үшін көмірді айтарлықтай мөлшерде тасымалдаудың қарқынды жұмыстары жаз маусымында-ақ басталып кеткенін айтты.

«Астана үшін коммуналдық-тұрмыстық көмірді артуда теміржол транспорты арқылы 60,5 мың тонна яғни өткен жылмен салыстырғанда 17,8 тонна көп жеткізілді. Біз жүк артушылармен осы жаз кезеңінде көмірді максималды түрде артуын, күзде көмір тасымалдаудың арасы үзілмеуі туралы жиын өткіздік», — деді Қ. Саурбаев.

Қалалықтардың қатты отынға деген үлкен сұранысын назарға алған Әсет Исекешев кәсіпкерлерге көмір өнімін жеткізетін кестені ұсынуды тапсырды және күн сайын тұрақты түрде 109 ыстық желісі арқылы қалған көмір мен жеткізілуі тиіс жоспарланған көмір туралы нақты және расталған ақпаратты қамтамасыз етуді тапсырды. Бұдан басқа өкілетті органдарға Қосман Айтмұхаметтің төрағалығымен штаб құрып, көмір мен жанар-жағармайға қатысты барлық мәселені шешуді бақылауға алуды тапсырды.

Мемлекеттік кірістер департаменті мен Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасына ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетімен бірлесіп, көмірдің бағасының өспеуіне жол бермеудің алгоритмін қарастыруды тапсырды. Егер анықталған жағдайда заңда қарастырылған қажетті шаралар жүргізіледі.

Айта кетейік, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті өткен жылы аталмыш нарықта осы жайтты анықтау үшін талдау жүргізген болатын. Осы жылы «Северэнергоугольснаб» ЖШС, «Медина Трэйд» ЖШС, Айткожынова ЖК және «Умар KZ» ЖШС және «Жигер Астана» ЖШС қатысты тексеруді аяқтады. Соттың шешіміне сәйкес аталған субъектілер жалпы көлемі 7 млн теңге құрайтын монополиялық 20 млн теңге табысымен тәркілейтін әкімшілік айыппұл салынды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда.

«Астана – Энергия» АҚ мәліметінше, 2017/18 жж. жылу маусымы кезеңінде көмірді тұтыну 2 млн 945 мың тоннаға жеткен. Оның ішінде энергия көздері – 2 млн 545 мың тонна, ал халық мұқтаждығы үшін – 400 мың тонна болған.

Астана әкімдігі елорда тұрғындарының барлығына көмірдің бағасы қымбаттамай тұрып және кезек көбейіп, әлеуметтік дау-дамай туындамай тұрғанда ертерек сатып алуға шақырады.
Әрі қарай

Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов АҚШ-та ұсталған қазақстандықтар туралы айтты

Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов «сирек көліктер саудасында алаяқтық жасады» деген күдікпен АҚШ-та ұсталған үш қазақстандықтың аты-жөнін атады.
Әрі қарай

«Астана - қоғамдық кеңістікке деген өзіндік ыңғай қалыптасатын алдыңғы қатардағы қалалардың бірі

Астана жаңалықтары: «Астана - қоғамдық кеңістікке деген өзіндік ыңғай қалыптасатын алдыңғы қатардағы қалалардың бірі

Ресейдің белгілі урбанисі, әлеуметтік жобалау сарапшысы Святослав Мурунов қаланы дамыту және заманауи дәуірдің ерекшелігі мен жаһандық қаланың немен өмір сүретінін талқылады. Мәскеулік қонақ Астана туралы өзінің пікірін бөлісті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мәскеулік урбанист көбіне қоғамдық кеңістіктерді жобалайды. Оның жоба тізімінде Қазан, Сочи, Саратов, Ярослав, Калуга сияқты қалалар бар. С. Мурунов астанаға бірнеше рет келген. Әлемдегі ең жас астананы мәскеулік урбанист үлгі ретінде посткеңестік кеңістіктегі «жаһандық мақсаттар қала-астананың концепциясын қалыптастырды» деп баға берді.

«Астанаға келер болсақ – меніңше бұл посткеңестік кеңістіктегі жалғыз ғана мысал. Яғни жаһандық мүдделер мен Қазақстан мемлекетінің ұлттық мақсаты концепция қалыптастырып, қала-астана идеясын алып келді. Демек, жоба басталарда-ақ акцентті осыған негіздеген», — деді мәскеулік қонақ.

Сондай-ақ Мурунов қоғамдық кеңістіктер қазіргі кезде постиндустриалды экономикада бірінші орынға шыққанын айта кетті. «Себебі, жаңа құндылықтарды жасау мен технология тікелей түрлі мәдениеттер арасындағы алмасу мен коммуникацияның тығыздығына, жылдамдығына байланысты», — деді урбанист.

«Қаладағы саябақ – ол жай ғана саябақ емес, ол шығармашылық кластер. Университет – ол жай тұрған ғимарат емес, ол күрделі бірлескен ғылыми қызмет, музей – ұжымдық толғаныс, рефлексия, кино – тәрбие, кітапхана – әлемді құрылымдау картинасы, т.б. Барлық қоғамдық институттар қаланың тұрақты дамуы үшін маңызды жайттар», — деді ол. – Осыған байланысты, Астана – қоғамдық кеңістікті дамытудың стратегиялары біріккен, қалалықтарды тәрбиелеуде, қоғамдық кеңістікті қайтадан заманауи қадаммен жасауды ойлана отырып және бірегей өзіндік қалып беруге, сондай-ақ қоғамдық әлеуетті өсіріп, оның мазмұны мен басқарудың жаңа формасын іздеудегі алғашқы қалалардың бірі».

Сонымен қатар С. Мурунов қазіргі таңда әлеуметтік, модерация, тарту және ой салатын жоба мен қоғамдық-мәдени орталықтар және қоғамдық кеңістік мәселесі бойынша Урбанистика орталығын салу туралы талқылау жүріп жатқанын жеткізді.
Әрі қарай

Студенттер "Тиіннің" көшірмесін тегін жасаған

Алматы облысы Қарасай ауданында Егін шаруашылығындағы инновациялық агротехникалық паркі көрме ұйымдастырды. Шараға жұртшылық назарын аудару үшн Қазақ ұлттық аграрлық университетінің студенттері әлеуметтік желіде көп талқыланған Алматыдағы құны 23 миллион теңгелік «Тиін» ескерткішінің көшірмесін тұрғызған.
Әрі қарай

Жамбыл өңіріндегі киелі жерлер

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы» КММ-нің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттернің Альянсы» жастар қоғамдық ұйымдастыруымен «Жалпыұлттық қоғамдық сананы қалыптастыруда маңызды болып табылатын киелі орындарды анықтау, насихаттау және зерделеудің техникалық ерекшеліктері» жобасы аясында Жамбыл облысының өңірлік деңгейдегі қасиетті нысандар тізіміне енген Көшек батыр кесенесіне экспедиция жұмысы ұйымдастырырылды.
Көшек Қарасайұлы – жоңғарлар шапқыншылығына қарсы күрес кезінедегі қазақ қолбасшысы, батыр. Есім хан мен Жәңгір ханның сенімді серіктерінің бірі. Талас өзенің төменгі бойында туып өскен. Тектұрмас түбіндегі биік шоқы Көшек батырдың жазғы жайлауы болған. Бұл шоқыны халық Көшек батыр көзі тірісінде – ақ Көшек шоқысы деп атап кеткен. Аңыздарға қарағанда Көшек батыр хан атанған. Оған хан атағын Есім ханның өзі берген көрінеді. Көшек батырдың даңқы Батыр қонтайшының басқыншылығына қарсы соғыста барынша асқақтайды. Көшек батыр Тектұрмас қамалын нығайта отырып, көршілес қырғыздармен қосылып, жау әскерлеріне тойтарыс берген. 1643 ж. Андасай бойындағы Кеңгір деген жерде Жәңгір ханның Батыр қонтайшысының елу мыңдық әскеріне ойсырата соққы берген шайқасында Көшек батыр ерлігімен көзге түсті. Тектұрмас түбінде болған шайқаста Қарадөң деген жоңғар батырмен жекпе – жекке шығып оны жер жастандырады. Көшек батыр жоңғар қонтайшысы Оншанмен де жекпе – жекке шыққан. Жекпе – жекте жеңіліс тапқан Оншаннан қазақтармен соғыспау туралы ант алып, еліне қайтарған. Салқам Жәңгір дүниеден қайтқан соң болған сұрапыл шайқастың бірінде Көшек батыр ерлікпен қаза табады. #Жамбылоблысы #Көшекбатыр #экспедиция #Руханижаңғыру #ask_taraz
Әрі қарай