Қазақ қызына хат (с) Абылай Шаймерденұлы.

Қазақ қызына хат © Абылай Шаймерденұлы.
Бір сөз айтам тындашы тыйып жолдан,
Жел сөз деме құрайтын жиып колдан.
Бабаларың кезінен әлімсақтан,
Қазақ қызы басқадан биік болған.
Көрдім бүгін сол қызды бізге қалған,
Ашық балтыр… Тосырқау күйде қалғам.
Сұлу ең ғой қос етек көйлегіңмен,
Ендігіде шашбауың бізге арман.
Ашық жатыр омырау даладайын,
Бере көргін о құдай сана дәйім.
Ызалана күлкімен көзді жұмдым,
Көз ғой саған керегі? Қарамайын!
Әркім көрер арзанның керегі не,
Саймын деме серінің тілегіне,
Қос өмірлік серігің керек болса,
Ғашық еткін серіні жүрегіңе.
Жаңа ғасыр адамы деп келтіріпсің,
Ойсыз болса не құны бар сөзіңнен.
Сурет салып бояуды өлтіріпсің,
Ұят іздеп таба алмадым көзіңнен.
Бәрін қылар салоныңа барғаныңда,
Ұятты да салдырып алмадың ба,
Сұралатын нәрсе ғой білмейсің ау,
Қыл көпірде тек өзің қалғаныңда…






Дүр жігіттер — 30 бен 40 жасқа толып қалған ағаларды (еркектерді) атайды. Біздің нысанамыз — бойдақтар! Көбіне жылы ошаққа үйреніп, анасының қанатынан шықпаған, дайын дүниеге үйреніп қалғандар. Олардың өзге еркектерден айқын бір ерекшелігі қарынның қомпиюы. Яғни, жастардың тілімен айтқанда «авторитеттерінің мықты» болуы.;) Бұл дұрыс па? Әлде бұрыс па? Санамызға үйленбеген сіріңкедей жігіт, кейін тығыршықтай болуы қалыпты жағдайға айналғандай. Сондай жағдайда "әйел алғаны жағыпты" дейміз де кете береміз. Қоғамда бойдақ дүр жігіттердің көбеюіне не себеп болды?
4.Жүрістері көп жігіттер. Талай қыздардың көз жастарына қалғандарды айтамыз. Оларға бір қызбен жүру көңілдерін қанағаттандырмайды. Бір күн біреуімен, келесі күні екіншісімен қыдырғанға үйреніп қалғандар. Қасындағы жалғыз аққуын бағаламай, өзге тауықтарға көз салады. (Маша қыз негізі дұрыс айтады;))