Бір ауыз сөз...

Бір ауыз сөз…
Бір ауыз сөз аманның басы.Алайда сөз бастау қиынның қиыны. Сөздің төркіні сөйлемде жатыр, сөйлемің салмақты болса сенде өзіңнің қандай екеніңді көрсете аласың.Бүгіңгі таңда дауғада қалдыратын, мәртебеге де жеткізетін осы сөз… Ал ауыздан шықған бір сөзің дүйім жұртқа таралуы мүмкін.Мұнда айтылған сөз атылған оқ.Тауып айтсаң мереке қылады, таппай айтсаң келеке қылады өйткені аңдамай сөйлеген ауырмай өледі.Қазақ тіліңнен табасың дейді.Міне ақылдың артында айтылған ақымақтың ақиқаты.Сөз сүйектен өтеді,өткізе сөйлей білсең бір ауыз сөз намысыңды оятып, жігеріңді қайрар.Ал арсыздың ұяттан кірерге тесік таппай жер шұқығаны сенің сөзіңнің мірдің оғындай болғаны.Сөз сені ұятқа қалдыруы мүмкін.Мұндайда үндемес жандар үндемеген үйдей пәледен құтылады дегенді жөн көреді.Жөн делік олар аузын баққан би болады дейтін шығар.Қара қылды қақ жаратын шыншылдар айтылмаса шындық сөздің атасы өледі дейді.Олар шыныменде солай өйткені бас кеспек болсада тіл кеспек жоқ деп сөздің атасы үшін жан пида еткендер.Қазақтан сөз қалдыма? Мақалдап мәтелдеп мақамдасаң ортаның ортасынан орын табасың.Бірақ көп сөзде көптің көңілін көншітпейді.Қазақ оны қырт дейді.Тоқсан ауыздың тобықтай түйінін түйе айтып,қысқада нұсқа жеткізгендердің асығы алшы.Сөздің тегі шындықта, шешендікте.Шындықты айтып шешіле сөйлей білейік.Қазақтың қалауы осы…
Әрі қарай

Қарсылас - Шальке !

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Қарсылас - Шальке !

Ақпан айының 26-шы жұлдызында Чемпиондар Лигасының 1/8 финалдық ойындары аясында Мадридтік Реал немістің Шальке клубына қонаққа барады. Мадридтік клубтың жанкүйері ретінде қарсыласпен таныстыра кетуді жөн санап отырмын. Шальке клубы жайында не деуге болады, құрамы қандай, ойын өрнегі жайлы не білеміз, толығырақ төменде:

Шальке Гелзенхирен — неміс бундеслигасындағы белді әрі тарихы терең клубтардың бірі. Тарихқа сенер болсақ қанқұйлы фашизммен Еуропаны жаулаған Гитлердің сүйікті клубы болыпты-мыс. Клуб 1904 жылдың 4 мамырында құрылған, осы жылы 110 жылдығын тойлайды.
Әрі қарай

Біліміңді «Метрода» тексеріп көр

31 арнаның» эфирінде «Метро» реалити-шоуының кезекті маусымы басталды. 2013 жылдың қыркүйегінен бастап бағдарламаның жүргізушісі болып келген Вадим Фишерді белгілі шоумен Данияр Батырбаев алмастырады. Ал Вадим, біздің естуімізше, Жаңа жыл қарсаңында Украинадан келген ару қызбен шаңырақ көтеріп, отбасылық өмірдің қызықтарымен әуре болып жүр екен. Көріп тұрғанымыздай, «Метро» бағдарламасы Вадимнің өміріне оң өзгерістер сыйлаған.
Естеріңізге салайық, реалити-шоу еліміздегі ең қымбат «түсірілім павильоны» саналатын Алматы метрополитенінде түсіріліп келеді. Қазақстандықтар үшін метро жай ғана қатынас құралы емес, сондай-ақ қаланың баға жетпес құндылығы, мақтанышы. Әлемдегі бірегей жобаның идеясын қазақстандық команда жасақтаған. Отандық көрермендер оған оң бағасын беріп үлгерген, қазірде бағдарлама жоғары рейтингке ие. Шоу «31 арнадағы» «Үздік телеойын» атанды. Реелити-шоудың бастамашылары – «31 арна» мен Алматы қаласы әкімдігінің қолдауына ие болған «Метрополитен» ҚМК.
Блог - 31arna: Біліміңді «Метрода» тексеріп көр

Телешоудың ережелері қарапайым: 8 қатысушы жол бойында жүргізуші Данияр Батырбаевтың қойған сұрақтарына дұрыс жауап беріп отыруы керек (жолда 7 стансаны жүріп өтеді). Әрбір стансада дұрыс жауап бере алмаған бір ойыншы ойыннан шығып отырады. Ойлануға 30 секунд уақыт беріледі. Жауап беруге мүмкіндік алу үшін арнайы «жалаушаны» бірінші болып көтеру керек. Дұрыс жауап берген қатысушы ұпайы аз бір қарсыласынан құтылады. Ең соңында қалған ойыншы жеңімпаз деп танылып, 15 000 теңге көлемінде сыйлық алады. Ал суперойынға шыққан финалист екі есе көп ұтысқа ие болады.
Бағдарламаның режиссері Виктор Капицевтің айтуынша, шоу қазақстандық көрермендерге жақсы таныла бастаған, қазірдің өзінде қатысамын деушілер түсірілім алаңына ерікті түрде келіп жатыр екен.
— Біз бағдарламаны әлеуметтік белсенділігі жоғары, әлемде және елде болып жатқан оқиғалардан хабардар қазақстандықтарға бағыттадық, — дейді Виктор Капицев. – Өйткені бүгінде бұқаралық ақпарат құралдарының барлық түрі қолжетімді болды. Сөйтіп біз қазақстандықтардың жан-жақты, білімді, тапқыр, көңілді әрі артта қалмағанын дәлелдегіміз келді. Бағдарламаның басты мақсаты осы.
— Барлығын қызықтыратын сұрақ – бағдарламадағы тапсырмалар қаншалықты қиын?
— Сұрақтар түрліше, табиғат пен асханадан бастап саясат пен олимпиаданы да қамтиды. Негізінен, өмірдің барлық саласын қамтуға тырысамыз. Тәжірибе көрсеткендей, 35 жастан асқан адамдар басқаларға қарағанда білімдірек болып шықты. Дегенмен бағдарламаға белгілі бір ақпаратты білмейтін қазақстандық тап болса, біз оған әлемде болып жатқан жаңалықтардан хабардар болып жүруді үйреткіміз келеді.
— Виктор, жүргізушінің ауысқаны бағдарламаға қалай әсер етті?
— Әзірге айту қиын, бағдарлама эфирге шығып, рейтинг белгілі болған жағдайда ғана бұл туралы айтуға болады. Данияр Вадим сияқты емес. Оларды салыстыруға болмас. Даниярадың өзіндік ойынды жүргізу мәнері бар, ол шығармашылық адамы, тіпті дене бітімі мен терісінің түсі де өзгеше. Ол мүлде басқаша! Маған ол ұнап қалды.
— Жүргізушілерді де білім деңгейіне қарай таңдадаңыздар ма?
— Иә, осы рөлге үміткер болған он шақты жүргізушінің арасында кастинг жүргіздік, тапсырма ретінде оқиғаларды ойдан құрастырып, оларды шатастыруға тырыстық. Жүргізушілердің одан қалай сытылып шығатынын көргіміз келді. Өйткені біз түсірілім барысында бағдарламаға кедергі болмау үшін араласпаймыз. Себебі бұл реалити-шоу. Ал бізге керегі – ойыншының эмоциясы. Данияр осы сыннан өтті.
Блог - 31arna: Біліміңді «Метрода» тексеріп көр
— Метро» бағдарламасы «31 арнаны» қалай сипаттайды?
— Біздің бағдарлама «31 арнадағы» «Үздік телеойын» атанғанын мақтанышпен айта аламын. Бағдарлама бұл арнаға барлық сипаты жағынан сәйкес келеді. Өйткені «31 арна» өзі көңілді, серпінді, танымдық арна ғой. Арна қандай болса, бағдарлама да сондай!
Айта кетейік, «Метро» бағдарламасының жалғасы наурыз айында түсіріле бастайды. Сондықтан көктемде Алматы метросының жанынан құр өтпеңіз.

Ал әзірге, ақпан айында «31 арнадан» бағдарламаны тамашалап, қатысушылармен бірге өз біліміңізді тексеріңіз!
Әрі қарай

Әсел Сәдуақасова: Театрда ойнауды армандаймын

Киностан: Әсел Сәдуақасова: Театрда ойнауды армандаймын
Фугаға шалдыққан адам толық өзгереді, басқа біреуге айналып шыға келеді және бұрынғы сана-сезімімен ештеңе қалмайды.

Мені сюжет, сценарий қызықтырды және ол қызығушылық түсірілім біткенше «кетпей қойды». Егер фильм маған соншалықты ұнаса, жаман болмауы керек деп ойладым. Оның үстіне актриса ретінде әлі ешкім көрмеген жаңа амплуада ел алдына шығу, имиджді толық ауыстыру, мүлдем ерекше актерлік ойын көрсету де ықпал етпей қоймады.
Әрі қарай

Біле жүріңіз, бір керекке жарап қалар!

Демалыс күндері ауылға әке-анамның үйіне барған едім. Үйді жинастырып жүріп газеттің, журналдың қиындылары жапсырылған менің ескі альбомымды тауып алдым. Оқушы кезімде осындай пайдалы кеңестерді жинаумен әуестенетінмін, қазір сол альбомды анам жаңа пайдалы кеңестермен толықтырып жүр екен (тастауға қимағанғой) содан үзінділерді сіздердің назарларыңызға ұсынамын
Танертеңгі 5 минуттық ұйқы зиян екен…
Көпшілігіміз танертеңгі будильниктен кейін тәтті ұйқымызды қимай 5 минутқа жата тұрамыз. Дегенмен, бұл 5 минут денсаулыққа кері әсер етеді екен. Ғалымдардың айтуынша, адам ағзасы ұйқыдан оянардан бір сағат бұрын дайындалады екен. Дененің температурасы көтеріліп, ми терең ұйқыдан шыға бастайды екен. Сонымен қатар танертеңмен денеге күш беретін ағзада дофамин заты өңделеді. Ал, ұйқымызды 5 минутқа созудың салдарынан аталған процестер майда бөліктерге бөлініп кетіп, ағзаның қалыпты жұмысы бұзылады екен. Соның салдарынан адам күні бойы өзін шаршаңқы сезінеді. Себебі, 5 минуттық артық демалсы миды қайтадан терең ұйқыға тартады екен. Ал, осы сәттегі будильник ұйқыға қайта кеткен адамды мүлдем теңселтіп тастайды. Сол үшін ғалымдар төсектен уақытылы тұрып кетуге кеңес береді. Бірнеше бөлікке бөлінген ұйқының денсаулыққа келтіретін зияны көп дейді. Мамандар ең бастысы ұйқының кестесін түзіп, сол кестемен жүру керектігін және уақытылы ұйықтап оянудың адам ағзасына үлкен күш беретінін айтады.

Кофені ішуге қарағанда иіскегеннің пайдасы көп
Ғалымдардың айтуынша, күнде таңертең кофені ішпей-ақ сергек жүруге болады екен. Ол үшін таңертең жаңа қайнаған кофені иіскегенде жеткілікті. Айтуларынша, кофе қайнай бастаған кезде ұшып шығатын алколидтер барлық ағза мүшелеріне тарап адам денесін босаңсытып барып лезде сергіте алады екен. Ал қайнаған кофенің мұндай қасиеттері жоқ. Себебі, қайнау процесінде алколидтер фенолға айналады да, фенол өзге қасиеттерге ие болады. Сонымен қатар, зерттеу жұмыстары кофенің иісі ми жұмысына жақсы әсер етіп, адамның иммундық жүйесіне оң ықпал ететіндігін көрсетті.

Күнделікті жанымыздан ажырамастай боп кеткен сөмкенің инфекция тарататын кері әсері бар екен…
Қыз-келіншектердің әрқашанда жанынан табылатын сөмкесі мыңдаған бактериялардың мекені екен. Ұлыбританиялық Initial Washroom Hygiene ұйымы сөмкелердің жұқпалы аурулар таратуы мүмкін екенін мәлімдеген. Мамандар әйелдердің әрбір бесінші сөмкесі дәретхана орындығынан да лас болатынын анықтаған. Олардың айтуынша, сөмкедегі ең лас зат- қолға арналған крем, опа, кірпік бояуы. Қазіргі таңда кез-келген қыз-келіншектің сөмкесінен табылар бұл заттарды бактерияға тұнып тұр деседе, ешкім ол заттардын бас тартпақ емес. Сондықтанда, сарапшылар біздерге сөмкемізді күн сайын бактерияға қарсы майлықтармен, арнайы гельдермен тазалап тұруға кеңес береді.

Тарақанныңда емдік қасиеті бар екен
Тарақан – ең сұмпайы жәндіктердің қатарына жатады. Оның жыбырлап жүргенінің өзі адамды тітіркендіреді. Ал оны емге пайдалану жайында біреуге айтсаң, әрине, ала тонын ала қашуы таңсық емес. Шындығында тарақанның бойында адамды аурудан емдеп жазатын керемет дәрулік күш бар екен. Тарақаннан дәрі жасау үшін 1- оны өлтіріп, сыртқы қара қабатын кептіріп қояды. Қабық әбден құрғап кепкеннен кейін, үстіне су құяды.2- дайын қабыршақтың үстіне өсімдік майын, спиртті құйып араластырып, 3-4 күн қараңғы жерде ұстап тұндырады. Бұл тұнбаны тыныс тарылып ауырғанда кеудеге, ал өкпе ауырғанда арқаға жағу керек. Егер судың орнына таза керосин қолданса күйікке, іріңді кетіру үшін және сынған жерді тез жандандыру үшін қолдануға болады. Тамыр созылғанда да қолдануға болады. Сонымен қатар еркек қуатын арттыру үшін де пайдаланса керемет көмектеседі екен.

Таза бетті қалайсызба?
Көбіміз беттегі безеулер, ісінулер, қара дақтар, қызару ішкі құрылысқа, күйзеліске байланысты пайда болатынын біле бермейміз. Бет тазалаушы құралдар уақытша әсер ғана береді. Олардың әсері тек бар безеуді ғана кетіріп, оны пайда болдыратын себептермен күресе алмайды. Өйткені, терідегі кемшіліктер ағзада пайда болады, сол үшінде оған іштей әсер ету керек. Ол үшін жеміс қышқылының құрамында кездесетін С дәруменін қабылдау қажет. С дәрумені терінің жаңаруына көмектесе алады. Антиоксиданттар-полифенолдар қан айналымын жақсартады. В 6 дәрумені жүйке жасушаларын өзара жақсы байланыстырады, ал сульфат магний тері кемшіліктерін жояды. Сондықтан дәрумен жинағы мен био қосымшаларды ішуге кеңес береміз.
Е дәрумені- ферменттер мен жасушалардың құрылымдарын күйреуден сақтайтын антиоксидант, ағзаның қартаую процесін баяулатады. Е дәрумені өнген бидайда, соя бұршақтарында, жүгері және мақта майларында, маргариндерде, жаңғақтарда болады. Н дәрумені қалыпты зат алмасу, нуклейн қышқылдарын жинақтау, қызыл қан түйіршіктерін шығару үшін қажет. Оның негізгі көздері- бауыр, көк шөптер, жаңғақтар, соя өскіндері, асбұршақ. Сұлулық үшін күрестегі тағы бір көмекшіміз- Р дәрумені. Р дәрумені- қан тамырлары қабырғаларын нығайтуға ықпал етеді. Бұл теріміздің авитамиоздан пайда болатын ішкі теңгерімсіздікпен ғана емес, қоршаған ортаның теріс әсеріменде күресуге көмектеседі. Оны цитрустардан, итбүлдіргеннен, мүкжидектен, анардан, аскөктен, қара өріктен және итмұрыннан табуға болады.

Арықтағыңыз келсе
Диетолог ғалымдардың мәлімдемесі бойынша күн сайын екі стакан сүт ішіп семіздікпен күресуге болады екен. Сүтті жәйғана ішіп қоймай, адамның денесіде үздіксіз қозғалыста болуы керек дейді. Екі жыл бойы жалғасқан зерттеу жұмыстарынан кейін ғалымдар осындай қорытынды жасады. Мамандардың айтуынша, сүт ағзаны бірден арықтаудан сақтайды. Ал егер адам артық салмақтан лезде арылған жағдайда оның ағзасында түрлі ауытқушылар орын алады екен. Сондықтанда арықтаудың қауіпсіз жолдарын таңдағаныңыз жөн. Сүт- ол өзге қоспалар секілді биохимиялық жолмен жасалмаған, яғни ол табиғи өнім және әрқашанда қол жетімді бағада.
Бүгінге осы, қалғанын кейінірек жазармын.
Әрі қарай

Жаным & Балжана; Головкин & Адама

;l
— Жан? А, жан?
— м?
— мені сүйесіңбе?
— мхм
— онда бүгін түнді менімен бірге өткізуіңе тура келеді)))
— немене? Қалай сонда?
— ну, енді… бүгін түнде Монакода өтетін Головкиннің Адамамен бойы бар, соны көреміз)))
— угууу, мен ондайды дымда түсінбеймгооо
— енді түсінуіңе тура келеді, үйрене бер жан))) Головкинді әлі талааай көретін боласың менің жанымда, деп от души күледі. Басталған кезде хабарласам жан! Ок?
— ок!
Сомен не керек сенбінің түнін телевизордың алдында, телефон құлағымда өткізуіме тура келді… Оның Головкин десе ішкен асын жерге қоятынын білетінмін. Жарнамалардан Головкиннің Адамамен түсетініненде хабардар едім.
Түннің жарымы.....ұйқым келіп барады...ұйықтамай отырып көремін деп уәде беріп қойып едім, содан амалсыз шыдап отырмын… телефонның ар жағында ол: прием, прием, балапан ұйықтап қалма))деп қояды… Уһ, әйтеуір басталды-ау, 1-2… раундта түсініп отқаным жай ғана қызыл-жасыл перчаткалы екі боксшының әрлі-берлі сермеліп жатқан қолдары мен әлсін-әлсін тиіп жатқан соққылары, бойды қадағалап жүрген бабочкалы рефэри...
5-раунд… Адама Головкинге екі бір әжептеуір соққы бергендей болды, Головкиннің ашу клеткасына тиіп кетті-ау деймін, Адаманы канат жағалатып жіберді-ау: 
6-раунд. Головкиннің соққылары салмақтанып, жиілеп кетті, қозғалысы бұрынғысынан әлдеқайда шапшаңдана түсті. Уһ, Адамада ашуға булықты))) Қызу бой болып жатыр, угуу Адама Головкиннің темір соққысынан ұшып түсті))) 1.2.3...7.8… Адама беріспеді… шапшаң қозғалыстар, қатты соққылар…
7 раунд. Адама шаршады, тәлтіректей беріспей жүр… дегенмен осы сіздің соңғы раундыңыз-ау сірә, Осуману Адама мырза! Иә, жеңіс Қазақстандық Геннадий Головкиндікі екені айқара байқалды. Желбіре көк байрағы қазақтың!  Тамаша бой болды)))  Жанымды мәз қыламын деп өзімде мәз болдымғой)))  Сіздерде тағы бір көріп шығуға қарсы емес боларсыздар vk.com/ggolovkin қарап көріңіздер уақыттарыңыз болса
Әрі қарай

Любка

«Любка» атты фильмді аяқ астынан тауып, көріп шықтым. Фильм өмір шындығын көрсеткен. Операторлық жұмыстар жоғары деңгейде, елуінші жылдардың ақ-қара түсін, кейіпкерлердің киімін, шаш үлгісін, әуенін жақсы әшкерелеген.
Фильмнің басты кейіпкерлері ретінде екі қыздың өмірі алынған. Бірі еврейдің зиялы отбасынан шыққан жас дәрігер Ирина енді туылған қызы мен анасы үшеуі Мәскеуден кішкентай қалашыққа жұмыспен жіберіледі. Көп ұзамай анасы көз жұмып, дәрігер қыз бүлдіршініне қарайтын адам іздейді. Бірақ металлургиялық қоныстың басты контингенті ерікті жалдамалы жұмысшылар мен түрмеге отырып шыққандар болғандықтан, тиісті бала бағушы табу қиынға соғады. Және екіншісі бала бағушы ретінде жұмысқа алынған — Любка. Ирина ата-анасының алақанында бағып-қағылған қыз болса, Любка — өмірдің қаталдығы мен тағдырдың тауқыметін көріп өскен, өте өжет, батыл, адамдарды ажырата білетін адам.
Қарап отырсақ, сол кездегідей қиын заман болмағанда, мұндай екі түрлі жан бір-бірімен осы өмірде өте сирек жолығу керек секілді. Алайда, жан-жақтағы ел түрмеден шыққан қыз деп шулағанымен, Ирина Любкаға сеніп, екеуі бірге қиыншылықтарға төтеп берді. Шын мәнінде де, жанашыр жақын адамға деген ықыласқа, ыстық ұяға өмір бойы шөлдеп келген жетім көңілге Ирина бір үлкен тірек болып көрінді. Ал нәзік жанды дәрігер қызды еврейсің деп жұмыстан шығарып, елдің қысымын көріп, қайғы жұтып, сағы сынған кезде, Любка тіреуіші болып, бойына әжептәуір қуат қосып, еңсесін тіктеп алады. Сөйтіп екеуі біріне-бірі қамқор болады. Фильмнің соңында екі кейіпкердің жолдары бөлек кетеді. Тағы да осы өмірде кездеседі ме, белгісіз…
Актерлер өз рөлдерін тамаша сомдап шықты. Любканың рөлінде ойнаған Елена Лядова актриса ретінде қатты ұнады. Қоңыр, жуан дауысы өзіне сондай жарасымды. Бұл фильмнен кейін, осы актрисаның басқа да «Везучая» атты фильмін көрдім.

Киностан: Любка
Әрі қарай

Құрбақаның қағидасы

Құрбақаны ыстық суға лақтырса, не болады? «Бұл жер ыңғайсыз, дереу бұл жерден кетуім керек» — деп құрбақа жылдам шешім қабылдайды да тездетіп судан тысқары секіріп кетеді. Ал егер дәл осы құрбақаны салқын суға салып, астынан баяу от қойса ше? Құрбақа әлсірей бастайды. Судың жылуын сезе бастаған құрбақа: «маған кішкене жылулық артық етпес»-деп ойлап, рахаттанып жата береді. Ал бұл оқиға сумен бірге қайнап, құрбақаның пісіп кетуіне әкеледі.
Әңгімеден түсінгеніміздей, ақиқатында, бұл өмірде барлығы кішігірім нәрседен басталып, жинала береді. Қарыздар, күнәлар, артық салмақ, денсаулықтың нашарлауы, білім, ауқаттылық. Күнделікті ұсақ-түйекті жете бағаламауға болмайды. Дүниенің алма-кезек екендігін әсте естен шығармаған абзал!
Ғибратты әңгімелер: Құрбақаның қағидасы
Әрі қарай

20 тур. Ла Лига. Көшбасшылардың ұпай жоғалтуы

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 20 тур. Ла Лига. Көшбасшылардың ұпай жоғалтуы

Испан примерасының екінші айналымы турнир көшін бастаған командалардың ұпай жоғалтуымен басталды. Валенсияға қонаққа барған Каталондықтар күтпеген жерден ұпай жоғалтса, Мадридтік Атлетико өз алаңында Севильядан келген командаға тісін батыра алмады, ал Реалдықтар турнирдің аутсайдері Бетиске қонаққа барып, голдан тау тұрғызып қайтты. Толығырақ төменде айтатын боламыз:
Әрі қарай

Шаш кутімінің ең қарапайым әдісі

Блог - Asem-K: Шаш кутімінің ең қарапайым әдісі
Қазақ «Қыздың көркі – шаш, ердің көркі – бас» деген. Қыз баланың көзге түсер жері – жылтыраған шашы мен әдемі көзі. Шашты жуу, өсіру, күтім жасау – қыздар үшін маңызды. Әсіресе, ұзын шаш көп күтімді қажет етеді. Шашының ұзын болғанын қаламайтын қыз жоқ, бірақ оны күтіп-баптауға кейбірінің шыдамдары жетпей жатады.
Шашты зақымдайтын бірнеше себеп бар. Бояу, күйдіру, түзулету, бұйра салу секілді әрекеттер шаштың өсуін тоқтатып, түсін көмескілендіреді. Шашыңыз жылтырап тұрсын десеңіз төменде көрсетілген кеңестерді орындағандарыңыз жөн.
Әрі қарай