Қарсылас - Шальке !

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Қарсылас - Шальке !

Ақпан айының 26-шы жұлдызында Чемпиондар Лигасының 1/8 финалдық ойындары аясында Мадридтік Реал немістің Шальке клубына қонаққа барады. Мадридтік клубтың жанкүйері ретінде қарсыласпен таныстыра кетуді жөн санап отырмын. Шальке клубы жайында не деуге болады, құрамы қандай, ойын өрнегі жайлы не білеміз, толығырақ төменде:

Шальке Гелзенхирен — неміс бундеслигасындағы белді әрі тарихы терең клубтардың бірі. Тарихқа сенер болсақ қанқұйлы фашизммен Еуропаны жаулаған Гитлердің сүйікті клубы болыпты-мыс. Клуб 1904 жылдың 4 мамырында құрылған, осы жылы 110 жылдығын тойлайды.

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Қарсылас - Шальке !
Стадионы: «Фелтинс-Арена»
Шамамен 62000 жанкүйер сиярлық бұл арена негізі 2001 жылы қаланған. Стадион өз уақытында 2004 жылғы ЧЛ финалын: Порту — Монако, 2006 жылғы ӘЧ аясындағы Англия — Португалия сынды қызықты матчтардың куәсі болған. Осы аренда ойналатын қызықты матчтардың бірі — Рурлық дерби. Шальке клубының мәңгі бітіспес қарсыласы Дотмундық Боруссия саналады, рурлық дерби өзіңіз байқағандай осы екі команда арасындағы тартыс, бұл матчтың Испаниядағы Эл Класикодан еш кем түспейтініне күмәнім жоқ. 26 ақпан күні бұл арена кезекті керемет матчтың куәсі боларына сенімім мол.

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Қарсылас - Шальке !
Дәл қазіргі жағдайы: Шальке клубы өз тарихында неміс бундеслигасын 7 рет, Германия кубогын 5 рет жеңіп алған. Қазіргі уақытта бундеслигада 22 турдан кейін 41 ұпаймен турнир кестесінде 4 орында келеді, көш басындағы Бавариядан 21 ұпай қалыс қалған. Негізгі мақсаттары — турнир кестесіндегі төрттікті түйіндеп келер жылғы ЧЛ-ға берілер жолдаманы қалтаға басу.

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Қарсылас - Шальке !
Бас бапкері: Йенс Ке́ллер, 1970 жылдың тумасы, кезінде өзі де доп тепкен, футболшылық карьерасында Штутгарт, Мюнхен 1860, Вольфсбург, Штутгарт, Кёльн, Айнтрахт (Франкфурт) секілді клубтарда қорғаушы(защитник) болып ойнаған. Бапкерлік жолын Штутгарт клубынан бастап, 2012 жылдан бері Шальке клубын жаттықтырады.

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Қарсылас - Шальке !
Құрамы: Құрамының басым бөлігі немістерден құралған бұл клубтың басты ерекшелігі жас ойыншылардың көп болуы, әрине мұның бәрі бапкерге байланысты, жас ойыншыға сенім білдіру, негізгі құрамға қою кез-келген бапкердің қолынан келе бермейді. Сізге Шальке клубының ең жасы үлкен ойыншысы 1979 жылғы қақпашы Тимо Хильдебранд десем таң қалар едіңіз, негізінен жастардан құралған бұл клубтың болашағы зор, сөзімізге дәлел болу үшін келесі мәліметті ұсынамыз:

Негізгі құрам ойыншылары: Юлиан Дракслер 1993 жылғы, Макс Майер 1995 жылғы, Сеад Колашинац 1993 жылғы, Кириакос Пападопулос 1992 жылғы ойыншылар әрі бұлар өздерінің шама-шарқын қандай деңгейде екенін бапкерлерге көрсетіп те үлгерді. Команда каптинаны Бенедикт Хёведес Германия құрамасының ойыншысы, жап-жас болса да (1988 жылғы) командаға бас боларлықтай қабілеті барын білеміз. Бұлардан басқа кезінде Реалда доп тепкен қызғалдақты елдің өкілі Клас-Ян Хюнтелар қазір бабында, Джефферсон Фарфан мен Кевин-Принс Боатенг секілді орталықта ойқастар ойыншылары бар клубтың нашар ойнауы мүмкін емес.

Енді негізгі фактіге өтсек, Мадридтік клубтың неміс командаларына қарсы өзіндік қарғысы(проклятие) бар секілді, осы уақытқа дейін Реалдықтар неміс командаларымен неміс жерінде 24 матч өткізіп, соның бар болғаны 1(!!!) матчы Мадридтіктердің пайдасына шешілген, 6 матчта тең нәтиже тіркелсе, 17 (!!!) матч неміс клубтарының пайдасын шешіліпті, мұны мистикаға балауға да болар еді.

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Қарсылас - Шальке !
Негізі осы статистиканы түзеу үшін Реалдықтар барын салары анық, дәл қазір Анчи бапкердің құрамы керемет формада, Ла Лига көшін бастады, Испан Кубогының финалының жолдамасын қалтаға басты, енді осы ЧЛ-да сәтті өнер көрсету керек. Реалдықтардың негізгі көзірлері:

  • Ла Лигадағы 3 матчқа қатыспай демалған Роналду осы ойында барын салары анық, негізгі мотивациясы ЧЛ финалы болса да, бомбардирлер көшін ұстап тұру үшін барын салары анық
  • Дәл қазіргі уақытта Мадридтік қорғаушылар нағыз бабында, жаңа жылдан бері Мадридтіктер 8 матч өткізсе соның 6 матчында қақпаға доп дарымаған
  • ЧЛ-дағы негізгі қақпашы Касильястың соңғы рет гол жібергенін ұмытып қалыппыз. Испан Кубогі ойындарында әлі бірде-бір гол жібермеген атақты қақпашы ертең қарап қалмасы анық
  • Бейлдің жеке статистикасын қарап жіберіңіз, барлығы 17 ойында 10 гол, 10 нәтижелі пас берген ойыншыдан біраз нәрсе күтуге болады


Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Қарсылас - Шальке !
Матчтың бас қазысы — атақты Ховард Уэбб, бұл арбитр осы уақытқа дейін Мадридтіктердің қатысуымен өткен 5 матчта қазылық жасапты, осы ойындарда: 2 жеңіс-2 тең ойын-1 ұтылыс болған.

Болжам есеп: 1 — 2 .

HALA MADRID!!!
Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Қарсылас - Шальке !
Бөлісу:

5 пікір

zholantai
болжам қалай?
Ispek92
Не болса да Реал ұтылмауы тиіс, меніңше 1-2 немесе 2-0
zholantai
аңын шығарды,
Ispek92
Айтпа, порно көргендей кайф алдым өз шашым, неміс актрисалары әдемі ойнайтын еді
zholantai
екі палкіден атты