..алдына

Автоәуесқойлар клубы: ..алдыналдына жан салмайтын мудила-водилалар туралы әңгіме өрбімек бұ жолы. Дөңгелексіз жүргендерге өзексіз шығар, бірақ көлікшілерге әкшіли деген ойдамын (ең бастысы айтып тұрған сол ЭмВи болмасаңыз).
Қайсыбірінің түсінігі бар дейсің?! Moodилалар туралы айтам да. Түсінем арасында боп тұрад көбіміздің ондайымыз, қызуқандылық жоқ емес «қаззақта». Жұмысқа, кездесуге, томалақтарға асығамыз. Рөлге түрлі-күмәнді мудпен отырып қойып жатамыз. Бірақ тәуекелдің құрбанына қауіпсіздік айналмауы тиіс. Бұны көп жағдайда жол апатына түскенде ғана немесе жүргізу құқығынан айырылып барып түсінетіндер қатары сан. Соңғысына қатысты өзімді де мысалға келтіре алам.

МӘСЕЛЕ ІШІНДЕ «КАРТОПЩИКТЕР»

3 көлік сыйып кететін жерде 2 көлік тұрады. Ана… есікті міндетті түрде керіп ашпаса, киім лас боп қалады ғо. Біреу көлігін таза ұстамаса, екіншісі диета ұстамаса керек. Сосын жүред басқалары автосын қоюға орын таба алмай, көлік кептелісін босандырып. Бос орынды таптым-ау әйтеуір деп, енді бұрыла бергенде төрде керіліп «тико»лар тұрад.
Әрі қарай

Шахмат. 1-сабақ.

Шахмат — өте ежелгі өнердің бірі. Бұл өнерді кім игерсе де шектеу қойылмайды. Үлкені мен жасы бір-біріне қарсылас бола алады. Шахматтың пайда болу тарихы жөнінде көптеген аңыздар бар. Фирдоусидің «Шахнамасындағы» дерекке сүйенсек, ең алғаш Үндістанда пайда болған. Хан әскерлерін жеңіске жеткізудің жолын іздеп, тақтайға сызып, әскерлерін жүргізу арқылы жопар құрған.
Шахматта барлығы 32 фигура бар, оның 16 бала (пешка 8 ақ, 8 қара), 2 патша (король, 1 ақ, 1 қара), 2 ханша (ферзь, 1 ақ, 1 қара), 4 піл (слон, 2 ақ, 2 қара), 4 ат (конь, 2 ақ, 2 қара), 4 арба (ладья, тур, 2 ақ, 2 қара). Шахмат тақтасында барлыңы 64 торкөз бар. Күрес осы фигуралардың арасында жүреді, тақтаның үстінде жүреді.
Шах — патшаға кез келеген фигура арқылы қауіп төндіру.
Мат — ойынның аяқталуы, патшаның ұсталуы.
Шахматқа алғаш келіп жатқан адам болса, ең бастысы осы шах пен маттың мәнін ұғып алу керек және осы екеуінің негізінде ойынды дамытады. Шахматты алғаш үйренген кезде оның терминдерімен бас қатырып, оларды жаттап, жүрістерді қағазға түсіріп жатудың қажеті жоқ. Ең алдымен шахмат тақтасына бір қарағанда қауіпті бірден көру мен өзіңе пайдалы жүрісті бірден таба білуге машықтану керек. Қалғандары уақыт еншісімен жайлап келе береді. Блог - aizat: Шахмат. 1-сабақ.
Әрі қарай

«Еуропаға махаббат білдіру» атты байқауға қатыс, Стамбулға 2 билет ұтып ал!

Блог - asaubota: «Еуропаға махаббат білдіру» атты байқауға қатыс, Стамбулға 2 билет ұтып ал!

EUNIC Алматы Turkish Airlines компаниясының колдауымен Еуропалық тілдер күніне арнап «Еуропаға махаббатын білдіру» атты байқау жариялайды.

Сіздің Еуропаның бір қаласына немесе бүкіл бір еліне өз махаббатыңызды білдіргіңіз келе ме? Онда өлеңмен білдіріп көріңіз!

Бұл байқауға қатысу үшін қандай шартты орындау керек:

— Қазақ немесе орыс тілінде өлең жазып жіберіңіз. Өлеңнің көлемі 12 жолдан кем және 30 жолдан артық болмауы керек.

— Өлеңіңізді мына почтаға жіберіңіз: eunic.almaty@gmail.com. Өзіңіздің аты-жөніңізді, мекен-жайыңыз бен электрондық почтаңызды, үй және ұялы телефон номерлерін толық жазып жіберіңіз.

— Осы байқауға қатысуыңызбен Сіз өз жұмысыңызды пайдалануға / жариялауға, сонымен қатар EUNIC сайтында және EUNIC ұйымына қатысушылардың сайтында / әлеуметтік желілердегі тобында аты-жөніңіздің аталуына рұқсат беретіндігіңізді ескеріңіз.

Бұл байқауға 18 жастан бастап Қазақстанда тұратын кез-келген адамдар қатыса алады.

Жұмыстарыңызды 2014 жылғы 12 қазанға дейін жіберуіңіз керек.

Жеңімпаз бен бас жүлде:

Жеңімпаз Еуропалық тілдер күнінде 2014 жылғы қазанның 19 күні жарияланады. Нақты өтетін орнын кейінірек хабарлаймыз.
Бас жүлде: Turkish Airlines тарту еткен Стамбулға екі билет.

Әділ қазы алқасы:

Байқаудың әділ қазы алқасы келесі ұйымдар өкілдерінен тұрады: Аlliance Française Almaty, British Council, Goethe-Institut Almaty, Швейцарияның Алматыдағы Консулдығы.

Іріктеу кезінде бағаланатын жайт:

— Мазмұнның ерекшелігі
— Тақырыптың ашылуы
— Шығармашылық ізденіс

Сіздерге табыс тілейміз және белсенділік танытады деп сенеміз!

Егер сұрақтарыңыз болса, Динара Сериковамен байланысыңыз: eunic.almaty@gmail.com

+ 727 244 41 44, ішкі: 303
Әрі қарай

Сұлулық тек әлемді құтқармайды (рецензия)

Арнайы "Үздік кино сыншысы" конкурсы үшін

Соғыс гүлдері / The flowers of War фильміне рецензия
Блог - Erkekyz: Сұлулық тек әлемді құтқармайды (рецензия)
Өз басым соғыс туралы фильмдерді ұнатпаймын. Ұнатпағанда эмоцианалды тұрғыдан ондай жанрдағы фильмдерді қарау мен үшін сондай ауыр. Сол себепті менен соғыс туралы қандай фильм көрдің деп сұрасаңыз эээ… ммм… деп қалуым ықтимал. Дегенмен, мына бір соғыс туралы фильмнен теріс айнала алмай кеттім. Негізі фильмді, сөздің шыны керек, соғыс туралы деп ойламадым. Сенесіз бе, тіпті, жеңіл комедиялы фильм деп те ойладым. Фильмнің сюжетін оқымаған едім, постеріне де назар салып қарамағанмын. Тек актерлік құрамына ғана көз жүгіртіппін.
Сонда басты рөлде қолында қос оскары бар, красавчег Кристиан Бейл ойнайтынын білдім. Фильм қандай болғанда да, жаман болмау керек деп шештім де, жүктеп алып, жайғасып қарадым. Әсерленгенім соншалық, уақыт тоқтап, 1937 жылдың 13 желтоқсанында болған Қытай-жапон соғысына тап болғандай болдым.
Фильм маған өте ұнады, әсерлендірді,әйтеуір биылдыққа бұдан артық әлі әсерлі дүниені қарамадым. Дей тұра, супер, қызықты деп те айтуға аузың бармайды екен. Соғыс көріністері, жапон солдаттарының хайуандығы, адам мүрделері, жарылыс, қан − мұндайды көре тұра «мәәә, қандай қызық!" дей алмасың анық.

Блог - Erkekyz: Сұлулық тек әлемді құтқармайды (рецензия)

Фильмнің сюжеті қытай-жапон соғысы кезінде болған шынайы оқиға желісімен түсірілген. Басты кейіпкер, америкалық табытшы Джон, қайтыс болған дін қызметшісін көму үшін, шіркеуге келеді. Сонда ол жасырынған шіркеу қыздары мен көрші көшенің жезөкшелерін көреді. Қыздарды жапондардың хайуандығынан құтқару мақсатында, ол өзін дін қызметішісі етіп көрседі.
Қысқа да нұсқа сюжеті осындай.
Сипаттамасына қарасаң, сондай бір барлық Голливуд киноларына сай банальды сюжет сияқты, иә? Сондай банальды сюжеттен фильмді кереметтей әсерлі еткен, ол – актерлер. Енді Кристиан Бейл оскарларды бекерге алып жатқан жоқ қой, оның талантына шүбә келтірмейміз. Ал қыздар ше? Қыздар жағына келсек, басты рөлдегі актриса Ни Ни үшін (оның өзіммен жасты екенін білгенімде, аздап шок болдым) бұл кино әлеміндегі алқашқы дебюті екен. Ом мане! Түріне, ойынына қарап, Қытай кинематографиясына еңбек сіңірген әртісі дерсің. Қалған қыздар да рөлдерін өте сәтті ойнап шыққан, бәрі орнымен, еш артық немесе кем нәрсе байқамадым.

Блог - Erkekyz: Сұлулық тек әлемді құтқармайды (рецензия)
Аа иә, айтпақшы, мен қалай фильм режиссері туралы айтпай отырмын? Ол деген Чжан Имоу ғой! Одан құсық туынды күтіп көр! Ол кім еді десеңіз, бұл кісі «Герой», «Дом летающих кинжалов» сынды әлемдік кинематографияның алтын қорына енген шедеврлердің режиссері. Байқап отқаныңыздай, бұл кісі фильмдерінде зұлымдық пен бірге сұлулық да қатар алып жүреді.

Қорытынды: Фильм соғыс драмасы. Мұнда соғыс атмосферасы өте жақсы берілген, қарап отырып, денең түршігеді. Фильм − ауыр, салмақты, қыздардың іс-әрекеттері ойландырады, әсерлендіреді, жігерлендіреді. Сондай режиссерімен, актерлік құрамымен, орнымен әрленген әуендерімен өте жоғары деңгейдегі жасалған фильм деп ойлаймын. Барлығына қарауға ұсынамын (әсіре қыз балдарға))).

10/10

Марапаттары:
Фильм 2012 жылы шет тіліндегі ең үздік фильм номинациясы бойынша «Алтын глобусты» жеңіп алды.
Актриса Ни Ни Азия киноакадемиясының «алғашқы дебют» номинациясын жеңіп алды.

Білесіз бе,
Фильм Гэлин Яньнның «Нанкиннен шыққан 13 гүл» атты романы бойынша түсірілді.
Басты рөлге Кристиан Бейлді Стивен Спилбергтің өзі ұсынған екен.
Қытай тарапынан «шет тіліндегі ең үздік фильм» номинациясы бойынша 2012 жылы Оскарға ұсынылды.
Әрі қарай

}{0ТТ@БЬ)Ч интеркомы немесе қазақ актері Владимир Алексеевичтің тағы бір тамаша ролі

«Хоттабыч» (2006) жаңа үлгідегі Ресейдің итерком жанрындағы фильмі. Интерком дегендері интернет комедия. Режиссері Петр Точилов.
Қазіргі кезде интернетпен әуестенбейтін жанды табу қиын. Интернет қолданушыларының арасында жиналған қылықты қызықтар, әзілдер және қалжынбас программалаушылардың программаларыңдағы «әзілдері», «интернет субмәдинетінің» элементтері кинокомедияға негіз болды.

Киноның сәтті шығуы оның сценарийіне де байланысты. Сценарий Сергей Кладоның «Хоттабыч шалдың жез құмырасы» романның негізінде жазылды. Киноның қысқаша мазмұны келесідей. Москва қаласы, 2000 жылдардың басы.
Жас жігіт, Гена программист, хаккер. Ол өз білімін пайдаланып Microsoft сайтына шабуыл жасайды. Сосынмен қатар жеке өмірінде күтпеген өзгерістер болады. Сүйіктісі, бойжеткен қыз, Лена, оны тастап кетте береді. Гена қарақшылар көздеріне түседі. Қарақшылар болса оның көмегімен интернеттен арқылы көп ақша ұрламақшы. Microsoft сайтына шабуыл жасап, бұзақылық әрекет жасаған үшін оны арнаулы қызмет іздеп-тауып, соңына түседі.
Блог - bake: }{0ТТ@БЬ)Ч  интеркомы немесе қазақ актері Владимир Алексеевичтің тағы бір тамаша ролі
Генаның қолында интернет аукционда саудаланған жез құмыра. Оны Ленаның туған күніне сыйламақшы болған. Бірақ қазір Лена қасында жоқ.
Оның басына төнген қиындықтар бір-біріне қосыла, шиеленісіп, шешімі жоқ мәселеге айналып барады. Осындай қалыптасқан жағдайдан Генаны тек сиқырдың құдыреті ғана құтқару мүмкін.
Блог - bake: }{0ТТ@БЬ)Ч  интеркомы немесе қазақ актері Владимир Алексеевичтің тағы бір тамаша ролі
–Не істедім?, Қалайша шешуін таптым?, -деген тілеуіне сай жез құмырада қамалған сиқыршы жынды бостандыққа байқаусыздан шығарып алады. Жын болса адам кейпіне яғни қарт (қария адамның) кейіпіне еніп Генаның көзіне көрінеді. Қарттың кейіпіндегі жынды Гена Хоттабыч деп атайды. Жын болса оны олай атағанына қарсылық білдірмейді. Жез құмыраның ішіндегі қамаудан босатып шығарған үшін Жын Генаның үш тілегін орындап беретінін айтады. Үш тілегін орындаған соң жез құмырасын өзінің иелігіне қайтарып, өз жөнімен кететінін ескертеді. Осылайша Хоттабычпен Гена табысып бірге көп қызықты сәттерді өткізеді. Генаның басындағы жағдайлар оң шешіліп өзі секілді хаккер қызға ғашық болып сонымен табысады. Хоттабычке үй болған жез құмыраның орнына Гена оған жаңа үй табады.
Блог - bake: }{0ТТ@БЬ)Ч  интеркомы немесе қазақ актері Владимир Алексеевичтің тағы бір тамаша ролі
Хоттабыч кинода мистикалық мүмкіншілігі бар жағымды кейіпкер. Жағымды кейіпкедің мистикалық мүмкіншілігі бар болса оған қарама-қарсы жағымсыз мистикалық мүмкіншілігі бар кейіпкердің кинода пайда болуы орынды. Шайтаныч (атын атту қорқынышты). Оның мистикалық мүмкіншілігінің бірі көлеңкесімен байланысты. Шайтанычтың көлеңкесі карикатура (суретпен берілетін сықақ, әзіл). Шайтанычтың тапсырмасы бойынша көлеңкесі одан ажырап тыңшы ролін атқарады. Анимациялық персонаж «карикатура» киноға жақсы кірістірілген.

Киноға түскен актерлер ішінен Хотабычты сомдайтын Толоконников Владимир Алексеевич жеке дара тұр. Қазақ ССР еңбек сіңірген артисі. Алматының Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрының актері.
Актердің орта азиялық колориті Хоттабыч ролін ойнағанда көрініп-ақ тұр.
Оның сәтті сомдаған ролі 2007-ғы MTV киномарапаттауында «Ең жақсы комедиялық роль» номинациясы бойынша аталып марапатталды.

Кино тартымды болу үшін компьютерлік визуальді әдістер қолданған.
Жанрға сәйкес күлкілі сәттердің жинағы ойластырылған. Мысалы, цифрлы фотоаппаратпен.
Көрерменге оң істі кейіпкердің сәтсіздігіне жанын ашытқызып, қуанса қуаныштарына ортақ болуына мүмкіншілік жасап режиссер көрермендердің адами қасиеттерін оятады. Жалпы кино көрерменіне жақсы эмоцияны көптеп сыйлайды. Сәтті шыққан кинокомедиялар қатарынан табылады.

Кинокомедияның жағымсыз жағы. Киноның кем дегенде екі эпизодында сыраға деген құштарлық насихатталады.

Меніңше жағымды, оң істі жақтаушы Хоттабычтың сыра ішкенен кейін лаулаған отпен атып дәрет сындырғанын көрсеткенін артықтау. Киноның осы бір эпизодысыз да кинокомедия шығар еді.

Осы бір жағымсыз жағын ескермесек жанұямен көретін кинокомедия дер едім.

Кинокомедияға пікір жазушы ретінде қорытыны ойым: Ересектерге көруге тұрарлық заманауи комедия.

Блог - bake: }{0ТТ@БЬ)Ч  интеркомы немесе қазақ актері Владимир Алексеевичтің тағы бір тамаша ролі
Толоконников Владимир Алексеевич. Өткен жылы 70 жасқа толды.
Әрі қарай

The Newsroom

Арнайы "Үздік кино сыншысы" конкурсына

Тележаңалықтар деген түсінік пайда болғалы бері жарты ғасырдан астам уақыт өтті. Ал, сіз жаңалықтар қалай жасалатынын білесіз бе? Жалпы түсінігіңіз бар шығар. Бірақ, шын ақпаратты қалай танып, көрерменге өтімді өнімді қалай жасау керек? Бұл сізге қызық болса, «The Newsroom» сериалы жаңалықтар қызметінің жұмысын іштен көруге шақырады.
Әрі қарай

Армандар қайда апарады?

Арнайы "Үздік кино сыншысы" байқауы үшін.

Киностан: Армандар қайда апарады?
Бұл фильмді мен алғаш рет 2003-2004 жылдары көрдім. Сюжеті түсінікті болса да, тым созылыңқы, қызықсыз деп таптым сол кезде. Одан бері оны тағы бірнеше рет қайталап қарап шығыппын. Әр көрген сайын жаңа бір ойды, тағы бір жасырулы түйінді байқай түсемін.

Биылғы жаз мен үшін ауырлау болды. Өзіме жақын санаған бірнеше адамнан айырылдым. Фильм осындайда о дүние туралы танымыңды позитивтендіре түсетін тәрізді. Позитив болғанда да енді, біз ойлағандай жайдары-жарқын көңіл-күй сыйлайды деген мағынада емес, сенің жақсы көретін адамдарыңның жаны өмірдің күйбеңінен азат болып, рухтары рахат тапқанына деген сенімің арта түседі.

Киностан: Армандар қайда апарады?
«Армандар қайда апарады» («What Dreams May Come») — Винсент Уордтың 1998 жылғы фантастикалық драмасы. Басты рөлде — Робин Уильямс. Иә, жақында ғана өзіне қол жұмсап қайтыс болған Робин ата. Мына бір парадоксты қараңыз — фильмде Уильямстың кейіпкері өз-өзіне қол жұмсап тозаққа түскен сүйген жарын құтқару үшін күреседі, ал өмірде актер өзі-ақ тозаққа апарар жолды таңдапты. Еріксіз келесі ой келеді: Сені кім құтқарады, Робин???

Бұл дүниеде мүмкін емес нәрсе жоқ дейді ғой. Қажет болса заңды да бұзасың, адам өмірін де құрбан етесің, өз мақсатыңа жету үшін бәріне де баруға болады. Ал о дүние — бұлжымас заңдылықтар мекені. Құдайдың қарғысына ұшырадың ба — тозаққа! Одан ешқашан, ешқайда қашып құтылмайсың.

Киностан: Армандар қайда апарады?
Бірақ мың тобырдың ішінде бір ерекше жан болады, ол өзгелердің көнген нәрсесіне мойынсұнбайды, бағынбайды. Робиннің кейіпкері сондай еді. Әйелін табу үшін тозаққа аттанады, жары үшін тіпті сол қарғыс атқан әлемде мәңгі қалып қоюға дайын. Сіз білесіз бе — қоғамның локомотивтері осындайлардан шығады. Бәріміз үйреншікті, өзіміз үшін қалыпты құбылысты мойындап жүре береміз, бірақ бір күні жүйеге бағынбайтын асау жүрек пайда болады. Келеді де стереотиптердің барлығын тас-талқан етіп қиратады.

Фильмдегі оқиғалардың басым бөлігі о дүниеде өрбиді. Жәннат пен тозақты режиссердің және автордың көзқарасымен көреміз. Картинада баяндалған керемет идея — адам бақилық болғанда о дүниені өзі ойлағандай формада көреді. Яғни, тірі кезіңде қалай елестетсең, сондай әлемге тап боласың. Бір қызығы сол — басты кейіпкерлер Крис пен Энни бірдей ойлайды екен. Екеуінің сезімдері мен қиялдары, армандары мен түйсіктері бір-бірімен үйлесіп сонша, екеуі енді екі әлемде болса да біреуінің әрекеті екіншісіне әсер етіп жатады. «Туыс жандар» деп осындайда айтылса керек.

Киностан: Армандар қайда апарады?
Фильм арқылы махаббат үшін ауру мен қайғы да, уақыт пен кеңістік те кедергі бола алмайтынын көрдім. Сүйгенің үшін қайда болса да еріп баруға дайынсың, тек бірге қасында болсаң жетіп жатыр, басқасы маңызды емес. Бұл өмірде қанша қайғырмайық, тағдырдан қанша теперіш көрмейік, түбі жақсы көрген жандарымызбен қайта қауышып мәңгі бірге боламыз.

Фильм музыкасымен, арнайы эффектілерімен (эффект үшін «Оскар» алған) ерекше әсер береді, кейіпкер тап болған атмосфераны барынша шынайы қабылдауға ықпал етеді. Экрандағы тамаша көріністер жүріп жатқанда сенің жаның да денеңді тастап, қиял әлеміне шарықтап кеткендей күй кештірді.

Киностан: Армандар қайда апарады?
Бәрімізді болашаққа жетелейтін арман-қиял екен. Ал, Робин Уильямс өлмес бұрын нені армандады екен? Мүмкін ол да өз қиялының жұмағында шаттыққа толы көңіл-күймен жүрген шығар?

Айтпақшы, «Армандар қайда апарады» драмасының басқаша бітетін нұсқасы да бар екен. Баламасы прокаттық нұсқадан да әсерлі аяқталады ма деп қалдым. Оны да тауып алып көруді ұсынамын.

P.S. Осындай кинотуындыларды үйде өзіңнің жақын адамдарыңмен бірге көргенге не жетсін. Әсіресе Samsung Electronics ұсынған саундбардың көмегімен тамашалау — фильм берер әсерді күшейте түседі деген ойдамын.
Әрі қарай

Ондай жолдас не керек?!.

Блог - ademi_alem: Ондай жолдас не керек?!.Мен бірінші рет өзіміз туралы, яғни әлсіздіктерінен сүрініп жатса да өздерін мықты санауын қоймайтын ер адамдар туралы жазып отырмын.

Бірде менің әпкем өз бөлмесінде отырып көз жасына ерік берді. Оның не үшін жылап отырғанын білу үшін қасына барған әкеме мен де мұңая қарадым. Олар бірнеше сағат әңгімелесті. Сол кешкі әңгімеде әкемнің айтқан бір сөзі әлі күнге дейін жадымда жатталып қалды. Арада сегіз жыл өтсе де әр таң сайын сол сөзді еске алып келемін. Ол сөз маған күш-жігер береді.

Әкем әпкемнің шашынан сипап отырып:
— Қызым, саған нағыз адам кездеседі, содан бастап көз жасыңды тыятын боласың, — деді. Сол кезден бастап мені өзіме «Ұсақ-түйектен жоғары бола білетін нағыз адам болудың жолы немесе нақты ережесі бар ма екен?» деген сұрақ қоя бастадым. Уақыт өте келе «Егер ер адамдардың бәрі рухы биік, жаны мен жүрегі таза болуы үшін күресе білсе, бұл әлем мүлде басқаша болар ма еді» деген ойға тоқталдым. Нағыз адам деген қалағанының бәрін сатып алуға мүмкіндігі бар адам емес екендігін түсіндім. Әкем әпкеме:
— Саған қамқор болудың орнына тек қана өзі туралы айтудан жалықпайтын, өзін өзі мақтап, жеткен жетістігін тілге тиек ете беретін адамнан аулақ бол. Кемшілігіңді үнемі бетіңе басып, бойыңдағы көп нәрсені өзгерту керек деп санайтын адаммен тағдыр жолыңды қоспа. Өзгере алмағаның үшін тастап кете баратын немесе сені өзгенің әдемі көзі мен мінсіз мүсініне айырбастай салатын жолдас саған не керек? Жан дүниеңді көзбен көріп, жүрекпен сезе алмайтын жан саған қажет пе? – деді.

Осы сөзден кейін мен нағыз адам болу – ақшаң көп, қарның тоқ, мінер көлігің мен тұрар үйің болып, сұлулардың ортасында жүру емес екендігін түсіндім. Жаны таза, мақсаты айқын, шынайы бейнесін көрсетуден жасқанбайтын, әйел бойындағы рухани құндылықты бағалай білетін адам, міне осы нағыз адам!

Блог - ademi_alem: Ондай жолдас не керек?!.
Менің әпкемнің тұрмысқа шығуы оған бақыт әкелді. Оның өмірлік серігі нағыз адам деп айта аламын. Ол адам атақты да, танымал да, мансап қуған немесе ең ауқатты да адам емес. Бар болғаны ешқашан, ешуақытта әпкемнің көңіліне кірбің түсіріп, жылауына себепші болған емес. Әпкем екеуі бірге жеткен армандары мен жетістіктері үшін қуанып, шүкір етеді. Олардың отбасылық өмірлерінің әрбір сәті қуанышқа, бақытқа, сәулелі сәтке толы. Олардың жұп жазбай келе жатқандарына көп жылдың жүзі болды, қазір олардың үш ұлдары бар.

Блог - ademi_alem: Ондай жолдас не керек?!.
Ол нағыз адам, яғни жездем, әпкемді жақсы көретіні сондай әлі күнге дейін маңдайынан иіскеп, еркелетіп отырады. Маған да сондай күндерді көру бақыты бұйыртсын деп тілеймін!
Әрі қарай

АЛҒАШҚЫ ВАЛЬС. ОҚУШЫЛЫҚ ӨМІР ЕСТЕЛІКТЕРІ

— Дискотекада 88-дің қыздары болады ма? –дедім, кроссовкамның бауын байлап жатып.
— Болатын шығар. Жаңа мен үйден шыққанда Ақгүл көршіміз әпкесінің шұбатылған белдемшесін киіп, ынғайсыз майысып кетіп бара жатқан еді.
Теміртайдың жауабы көңілімнен шыққасын, қырлы шалбарымды қаққылап жіберіп, үстімде «адидас» спорттық киімін ілдім де, үйден шыға жөнелдік. Жолда Сырмағамбет шал екі сиырын айдап келе жатыр екен, бізді көріп айқайға басты:
-Ей, сендер де жігіт болып қалғансыңдар ма, не иіссу сасып барасыңдар?
— Ей, шал, дискотекага бара жатқан адам иіссу сасымағанда, боқ саси ма?!- дедік те, жүгіріп мектептің спорт залына кіріп бардық. Келсек, «ди джей Була», яғни, Болатбай құрдасымыз «Руки вверхтің» хиттарын енді ғана қосып жатыр екен. Адам көп жиналыпты. 8-інші кластағы Жамал да жүр. Оны көргенде менің жүрегім «дір» ете қалды. Ұзамай би басталды. Әр класс бір-бір шеңбер жасап алды. Бірақ билеп тұрған тек қыздар. Тұран мен Пәтсөн 85-тің қыздарын жағалап жүр. Бұл екеуі біздің жігіттердің ішіндегі ең «шострилары» болатын. Біз секілді бір-екі жас кіші қыздарға емес, төстері тостағандай болып үлгерген үлкен қыздармен жүргенді кәйіп көреді. Сөйте тұра біздерді мазақ ететіндерін қайтерсің: «Жүріндер сол, атшауларын атша тулап! Кішкентай қыздардың не ернінен сүймей, не белінен құшпай...» Екі мачосымақтың осы сөздері есіме түскені сол еді, бойымда бір батылдық пайда бола кетті. Дәл сол уақытта «ди джей Була» да жәй әуен қоса қойған екен, манғаздана жүріп барып, Жамалды биге шақырдым. Ол ұзын кірпіктерін дір-дір еткізіп бетіме қарады. Көздерінен «Мына қалқан құлақ тіріліпті ғой» дегенді оқыдым. Бірақ ол менімен билеуге келісті. Екі қолыммен белінен ұстап, әдемі әуенге ере айналып билей бастадық. («2000-ыншы жылдары қайдағы әдемі әуен?» дейсіңдер бе? Пішту, «Титатик» фильмінің әніне сол кездегі қыздар жылайтын,әнәссс… ) Сонымен не керек, Жамалмен билеп, өзімше мәз боп жүрмін. Бір-екі рет оның аяғын басып кеткеніме де ұялған жоқпын. Бір кезде қыз төсіне кеудем тигенін сездім. Сездім де… Айтуға да ұят екен, «неге биледімге» қалдым. Денесіне денем тигеніне мәз боп жүрген ем, енді кейін шегіншектей бердім. Уфф! Әйтеуір ән де бітті-ау! Ешкім өң бойыма бажайлап қарамай тұрғанда қарамды батырайын дедім де, далаға зып бердім…
Бұл жайттан кейін де талай дискотеканы көрдік қой. Бірақ, сол бір алғашқы вальс билеген сәтімді ұмыта алмаймын, енессттің…
Ал, сенің алғашқы вальсің есіңде ме, бырат?
Әрі қарай

Біздің заман

Блог - bake: Біздің заман
Өткенде аксиома болып, дәлелдеу міндет болмағаны қазір қайта-қайта дәлелін табуға қажет теорема. Басынан бастап аяғына дейін бұл жағдай жаратылысқа кері-қағыс. Өткінші, бір себептің қажеттілігінен аяқ астынан туындаған кері-қағыс ой -көп ұзамай бағалы болып көрінген құндылығын тез жоғалтады.
Әрі қарай