Шахмат. 1-сабақ.

Шахмат — өте ежелгі өнердің бірі. Бұл өнерді кім игерсе де шектеу қойылмайды. Үлкені мен жасы бір-біріне қарсылас бола алады. Шахматтың пайда болу тарихы жөнінде көптеген аңыздар бар. Фирдоусидің «Шахнамасындағы» дерекке сүйенсек, ең алғаш Үндістанда пайда болған. Хан әскерлерін жеңіске жеткізудің жолын іздеп, тақтайға сызып, әскерлерін жүргізу арқылы жопар құрған.
Шахматта барлығы 32 фигура бар, оның 16 бала (пешка 8 ақ, 8 қара), 2 патша (король, 1 ақ, 1 қара), 2 ханша (ферзь, 1 ақ, 1 қара), 4 піл (слон, 2 ақ, 2 қара), 4 ат (конь, 2 ақ, 2 қара), 4 арба (ладья, тур, 2 ақ, 2 қара). Шахмат тақтасында барлыңы 64 торкөз бар. Күрес осы фигуралардың арасында жүреді, тақтаның үстінде жүреді.
Шах — патшаға кез келеген фигура арқылы қауіп төндіру.
Мат — ойынның аяқталуы, патшаның ұсталуы.
Шахматқа алғаш келіп жатқан адам болса, ең бастысы осы шах пен маттың мәнін ұғып алу керек және осы екеуінің негізінде ойынды дамытады. Шахматты алғаш үйренген кезде оның терминдерімен бас қатырып, оларды жаттап, жүрістерді қағазға түсіріп жатудың қажеті жоқ. Ең алдымен шахмат тақтасына бір қарағанда қауіпті бірден көру мен өзіңе пайдалы жүрісті бірден таба білуге машықтану керек. Қалғандары уақыт еншісімен жайлап келе береді. Блог - aizat: Шахмат. 1-сабақ.
Бөлісу:

6 пікір

asaubota
охо! сен сол Айзатсың ба?

Marco өткенде Чечилда айттым ғой «шахматты қазақша үйрететін ақтөбелік қыз бар» деп, сол Айзат сенің жерлесің екен ғой осында жүрген :)
aizat
Я, мен сол Айзатпын ).
asaubota
біз өткенде Маралбек жерлесіңмен сен туралы айтқанымызды білмеппіз. ол «оқыдың ба, Ырғыздан бір қыз кіріп пост жазыпты» деді. ал сол отырыста мен шахматты қазақша үйрететін ақтөбелік бір қыз бар дедім :)
aizat
))) қызық сәйкестік.
MERmukhanov
Жарайсың! Жүйелі түрде жүргізіп тұр
aizat
Рахмет. Әрине.