Әбіш деймін, шай іш деймін!

Әбіш есімді бір қазақтың окопта жатып түс көріп, ояна кетсе, немістер «Ауфштейн» деп тұрғаны туралы байканы әкем мен ес білгелі айтып келеді. Сақалы сапсиып кетті біраз сол анектің.
Әрі қарай

Lingobit Localizer бағдарламасымен қазақшалау

Алғаш 9 сынып оқып жүргенде Lingobit Localizer бағдарламасының мененджеріне хабарласып, бағдарламасына қазақша интерфейстік тіл файлын жасап беріп көрейін деп ұсыныс жібердім. Кейін олар келісіп, алғаш 6 версиясына қазақша тіл қосып шығартқыздық. Бағдарлама коммерциялық мақсатта болғанымен, нетте кряктары толып жүр. Мүмкін басқа өңірлерден ойын/прогтарды қазақшалап көргісі келетін амиголар шығып қалар деген оймен Лингобиттің версиялары шыққан сайын қазақ тілін жетілдіріп отыруды ойластырдық. Тек, бұл бағдарлама туралы мақала, қолдау қызметінен қазақша нұсқаулық әлі жоқ. (ал өзім еріншекпін :-Ъ )

Төменде Camtasia Studio бағдарламасын қазақшалатып көрсету жолы көрсетілген. Әр бағдарламаның өзінің тілдік файлы болады, немесе.ехе файлында бірге жүреді, Lingobit Localizer бағдарламасы осындай файлдардың ішіндегі ақпаратты өзгертуге мүмкіндік береді. Осы арқылы, Камтазияның тілдік файлын Лингобитпен ашып, орысша текстті қазақшаға өзгертіп, бағдарлама папкасына қайта көшіріп Камтазияны ашқанда, қазақша менюді көруге болады:

Әрі қарай

ӨМІР ДЕГЕН

Өмір деген түсінгенге жаңару,
Махаббаттан қуаттану нәр алу.
Жан-жағыңа шуақ шашып шаттанып,
Бір рахат күйге енуде демалу.
Әрі қарай

Халал памперс

Менің бір таныстарым(отбасысымен намаз оқиды) халал тағамдарды күнделікті қолданады. Тіпті киімдерінің өзін «доңыздың түгі жоқ па екен» деп таңдап алады. Дүкендерге барғанда «Халал ма?» деп әке-шешесінің сұрайтыны балаларының да құлағына сіңсе керек.Бір күні кішкентайларының қолма-қол ауыстыра қоятын памперстері таусылып қалыпты. Содан 6-ға толып қалған ұлдарын есік алдындағы дүкенге жүгіртіп жіберіпті. Дүкенші де ол отбасын жақсы танып алған, памперстің размеріне дейін білетін болса керек. Содан балақай шауып отырып дүкенге кіріп «Тәте, маған екі халал памперс беріңізші» депті)))
Әрі қарай

Метәлөм немесе "Акімлатр қабылдаймыз"

Акмiлатр (323 Kb, 1600x1200)
Жарнама. Акімлатр, темір қабылдаймыз. Үйдегі басы артық темір мен басқа да металлдан құтылғыңыз келсе, хабарласыңыз.
***
Темір алады екен деп талай үйдің керек дүниялары қытай асты-ау. Түнде келе жатсаңыз канализацияның құдығына құлап, майып болуыңыз мүмкін. Себебі, оның қақпағы… Білесіз ғой.
Әрі қарай

ҚИА: «Интернетте қазақ тілін дамыту жолдары» - тақырыбында дөңгелек үстел өткізбек. 20 шілде 2011

Құрметті керекинфо қауымы!

13 шілде күні өткізгелі отырған дөңгелек үстеліміз кейбір жағдайларға байланысты (техникалық ақаулар) сол айдың 20-сына ауыстырылды.

Сонымен, 20 шілде 2011 жылы Алматыда (Байтұрсынов көшесі 113, Сатпаев көшесінің қиылысында «Интеротель Астана» қонақ үйі, Құрылтай залы) ЗТБ "Қазақстан Интернет Ассоциациясы" Kcell қолдауымен: «Интернетте қазақ тілін дамыту жолдары» -тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

Толығырақ алдыңғы постта жазылған: www.kerekinfo.kz/blog/3835.html
Әрі қарай