Әбіш деймін, шай іш деймін!

Әбіш есімді бір қазақтың окопта жатып түс көріп, ояна кетсе, немістер «Ауфштейн» деп тұрғаны туралы байканы әкем мен ес білгелі айтып келеді. Сақалы сапсиып кетті біраз сол анектің.
Енді өткенде, осы анекдотты Қабдеш Жұмаділовтің «Жалын» журналының соңғы санында жарияланған әңгімесінен оқыдым. «Екі айрық жол» деп аталады. Майдандас екі достың тағдыры екі айрылып, біреуі батыр болып, біреуі немістердің лагерін көріп, екі түрлі тағдыр кешкені туралы әңгіме. Сол әңгімеде бас кейіпкер тұтқынға түсер алдында дәл сол «сақалды» түсті көреді.
Бір түрлі… Орынсыз көрінді маған. Орыстар айтқандай «из пальца высосанный»… Білмейм…
Бөлісу:

7 пікір

Altygradus
не анек екенін де, не әңгіме екенін де білмит екем
dark_nazgul
Анек былай:
Әбіш деген қазақ, қайнап тұрған соғыстың ортасында бес минут тәтті мызғып кетпей ме. Сөйтіп жатып түс көреді. Түсінде ауылда қалған келіншегі (мамасы, жеңгесі) бұня оятып тұрады, иығынан түртіп: "Әбіш, тұра ғой, шай дайын. Әбіш деймін, шай іш деймін!" деп. Содан ол «жарайды» деп көзін ашса, неміс тұрады бұны автоматымен түртіп, «Ауфштейн» деп.
Солай.
satibaldi
Иә, өтірік әңгіме ғой нақ.
Мен мақтаншақ шалдарды көргем, тұтқында болған. Олар тіпті бөсетін. Біреуі тіпті қуатын еді: очм, тұтқында болғанда далаға қақаған аязға шығарып, қырық минут ұстапты-мыс. Сосын құлақтарын шертсе, олар түсіп қалады екен. Тек біздің атамыздың құлағы түспепті. Сонда неміс: «Маладес товарищ Әмірқұлов, атаңның жолын қуған екенсің!» депті
patick
Қазақ юмористері де соғысқа прикол ұстап, өздерінше жұртты күлдіретін әдіс тауып алыпты. Анау Қайрат Әділгерейұлы деген актер-юмористтің «Соғыс деген рақат қой шіркін» деп есекмия шайнап кететін монологын тыңдаған халық та далбай.
asaubota
Сол әңгімеде бас кейіпкер тұтқынға түсер алдында дәл сол «сақалды» түсті көреді.

кабздец!