ӨМІР ДЕГЕН

Өмір деген түсінгенге жаңару,
Махаббаттан қуаттану нәр алу.
Жан-жағыңа шуақ шашып шаттанып,
Бір рахат күйге енуде демалу.

Өмір деген Алла берген сыйма екен?
Құлдық пенен құлшылықтар бір бөтен.
Жұмақ деген жердің беті емеспе,
Адамзатқа таптырмайтын құт мекен.

Адамдарды Алла тең ғып жаратты,
Сонда дағы біреулердің бағы асты.
Бәз біреулер ішер асқа зәру боп,
Енді бірі тағдырымен таласты,

Кейбіреулер атақ үшін алысты.
Сол жолда олар атысты да шабысты.
Енді бірі адам атын жамылып,
Жағымпаз боп жағалап жүр танысты.
Бөлісу:

7 пікір

Gulistan
тек ренжіп қашып кетпей, бәріне түсіністікпен қараңыз.
Хош келдіңіз!
Nurgisa
Дәурен, жарайсың! Келген қадамыңа бегония бітсін! Бірақ шабытың бітпесін! Егерәки керекинфолануға мұқтаж болсаң, мархабат!