Ceza - Sen De Biraz Delisin (2011)

Джезадан «Сен де біраз жындысың» деген жаңа ән мен клип!


Өлеңінің қайырмасында:
Тәртіпке қарсы болсаң — сен де біраз аздап жындысың,
Егер жанымда болсаң — сен де біраз аздап жындысың,
Егер бәрін білсең — сен де біраз аздап жындысың
Тек қиын жолды таңдап жүрсең — сен де біраз аздап жындысың! — дейді Джеза аркадаш. Әлемде болып жатқан нәрселерге бей-жай қарамайтын жігіт боп тұр осындай.
Бөлісу:

7 пікір

meirzhan
Рэптың, рэпшылардың өздерін қаңыраған үйлермен байланыстыратыны онша емес көрінеді. Бір түрлі адамға жаман әсер етеді.
omarbirat
Фэнтези жанрындағы телеканал стилінде зәулім әсем ғимараттарды түсіріп не керек? Олар онсыз да назардан кенде емес қой. Қаңыраған үйлердің де клипке түсуге қақысы бар шығар
meirzhan
Әрине. Ондай қатал өмір шындығын көрсететін жанрдың өз көрермені, өз тыңдаушысы бар шығар.
Nurgisa
Тәртіпке қарсы болсаң — сен де біраз жындысың,
Егер жанымда болсаң — сен де біраз жындысың,
Егер бәрін білсең — сен де біраз жындысың
Тек қиын жолды таңдап жүрсең — сен де біраз жындысың!

Не деген өнеге, не деген ұлағат! Тұнып тұрған пәлсапа… Реппердің әндерімен бүгінгі күннің ащы шындығы зарлап тұрғандай екен.
asaubota
түрікшедегі біраз деген сөз қазақша тіке аударылса келмейтін сияқты
Nurgisa
«аздап» шығар, иә?
omarbirat
Сондай болуы керек еді деп отырмын. Темекімен уланып келейін.