Миннесота Университетіндегі кездесу барысында қабылдаушы тарап түскі ас ұйымдастырды. Трапеза үстінде Португалиядан келген Паула Да Сильва екеуміз елдеріміз туралы өзара әңгімелестік. Греция мен Португалияның Еуропа аймағы үшін соңғы жылдар көлемінде асқынған жара синдромындай боп бара жатқанын айтады. Экономикадағы дефолт, төмен қамтылғандық, жұрттардың екі мыңыншы жылдардың басында жаппай несие беру науқанында үй алып, басқа алып, қазір қиын күй кешіп жатқанын айтады қынжыла. Ата-анаңның үйі болса жақсы дейді. Солармен бірге тұра бересің, жалға алудың қажеттігі туындамайды. Елде саусақпен санарлық олигархтар бар,
Біздің облыста 9 Дәстүрлі халықтық спорт ойындары басталды
Маусымның 13-нен 17-не дейінгі аралықта Шығыс Қазақстан облысы әкімінің сыйлығына халықтық спорт және «Сәулетай» балалар ойындарынан 15-ші дәстүрлі жарыстар басталды. Күштілер, батылдар мен ептілер бақ сынасуда.
Сұраулы жүзбен қарайсың маған.
Жақындасам жалтардың.
Көңілім, неге болды екен алаң,
Жаныңа батты-ау,
шаңшар мұң…
Айтқызбай-ақ,
сездің бе, әлде,
іштегі сырын сезімнің.
Жүргенім де меңіреу халде,
Жетегінде төзімнің.
Мұз еді жүрек көргеннен сені,
Шуағың тиіп еріп еді…
Қайтейін бірақ,
Мен емес теңің.
Ойласам қайғы төгіледі.
Аңсаған күнім алыста тегі,
Білемін, қайта келмейді.
Түсінсең жаным кешірші мені,
Жүрекке әмір жүрмейді
(Жаңғырық Бестәңірі)
Келе берем
Бардым. Тостым.
Сен жоқсың,
сезіндің бе?
Сезіндің бе, шегі бар төзімнің де.
Білесің бе?
Мен сені шын сүйемін,
Келе бергім келеді кезігуге.
Тосып тұрмын,
Уақыт өтіп барады.
Бір көруге өзіңді кетіп тағат.
Ойыңа да келмеді-ау,
бәлкім сенің,
Мен келер деп кешігіп,
тосып қалады.
Айыға алмай түйіткіл жебелерден.
Қайтып барам,
Күдікті ой себелеумен.
Болма мейілі,
Болмағың мен келгенде,
Келе берем,
бәрі-бір келе берем.
Қазақстанның автонарығында қарбалас кезең басталған сыңайлы.
Өйткені, 1 шілдеден бастап Қазақстанға автокөліктерді әкелудің жеңілдік мерзімі аяқталады. Дәл сол күннен бастап жеке тұлғалардың шет елдік автокөліктерді кедендік рәсімдеуі кезінде
Мұғалжар ауданында 57 разьезде Ембі қаласының қасында Ақтөбе-Алматы жолаушылар пойызын тепловоз келіп соққан. Соның салдарынан 3 адам жарақаттанып, 1 адам ауыр халде жатыр. 30 адамдай ауруханаға түсіпті.
кімнің кесірінен....?
Менің жерлестерім шығарған әнді сіздерге ұсынғым келеді.Музыкасын жазған Көшеров деген ағамыз Күршім ауданына тұрып,қызмет еткен. Қайтыс болған. Жақында папамның ең жақын досының мерейтойы, сол тойда осы әнді біздің жанұя айтатын болды. Папам маған да