Португалияда twitter-кэмп

(98.29 Kb, 640x360)
Миннесота Университеті «Журналистика» факультеті

Миннесота Университетіндегі кездесу барысында қабылдаушы тарап түскі ас ұйымдастырды. Трапеза үстінде Португалиядан келген Паула Да Сильва екеуміз елдеріміз туралы өзара әңгімелестік. Греция мен Португалияның Еуропа аймағы үшін соңғы жылдар көлемінде асқынған жара синдромындай боп бара жатқанын айтады. Экономикадағы дефолт, төмен қамтылғандық, жұрттардың екі мыңыншы жылдардың басында жаппай несие беру науқанында үй алып, басқа алып, қазір қиын күй кешіп жатқанын айтады қынжыла. Ата-анаңның үйі болса жақсы дейді. Солармен бірге тұра бересің, жалға алудың қажеттігі туындамайды. Елде саусақпен санарлық олигархтар бар, елдегі ақшаның тоқсан пайыздан астамы соларға тиесілі. Зәру елге қаржылай қол ұшын беретін еуроаймақ та талап қоятын тәрізді. Заңды ғой. Бірақ кейбірі түсініксіздеу дейді Паула. Арнайы экономикалық аймақ мәртебесі берілген акватория Португалия меншігі. Бірақ балық аулауға португалдықтарға тыйым салынып, ол жерден испандықтар заңсыз түрде балық аулайды екен де, өздеріне сататын ұқсайды. Негізі, әл-ауқаты нашарлап жатқан елдің ертеңгісі тіптен ушығуы мүмкін дейді. Қарыздан қарыз, батып жатырмыз, тек ағымдағы мұқтаждықтарды өтеу үшін, судың да сұрауы бар екендігін берер қол еске салмайды емес, салады. Салғанда қандай. Пауланың елі туралы толғанысы осылай болды.

Әңгіме үстінде біраз елдердегідей бізде де жыл сайын блоггерлердің басқосулары болатынын, қалай өтетінін, биыл Алматыда өткен Блогкемп туралы айтып бердім. «Бізде блоггерлердің құрылтайы жоқ, есесіне туиттерлесушілердің форумы боп тұрады» деді. Сөзін соңғы болған туиттер-кэмппен сабақтады. Бірталай адам жинлдық дейді, бірақ дастархан үстінде әңгіме-дүкен құра алмай, бәрі қалтафонына тесіліп, туиттерлесумен әлектенген екен. Ләм-мим деп тіс жармайды, тым-тырыс дүниә. Елестетіп көрдім. Бір сәт дипломатиялық ұстамдылықты ұмыт қылып, қарқылдап күліп жібердім. Паула да күлді. Виртуалдан реалға өтудегі трансформациялар әркез ойлағанымыздай бола бермейтінімен келісіп, лазаньямызды тауысуға бекіндік.
Бөлісу:

8 пікір

konvict
Меніңше ортақ әңгіме болмағандықтан секілді
Beytanis
Әңгіме үстінде біраз елдердегідей бізде де жыл сайын блоггерлердің басқосулары болатынын, қалай өтетінін, биыл Алматыда өткен Блогкемп туралы айтып бердім. «Бізде блоггерлердің құрылтайы жоқ, есесіне туиттерлесушілердің форумы боп тұрады» деді. Сөзін соңғы болған туиттер-кэмппен сабақтады. Бірталай адам жинлдық дейді, бірақ дастархан үстінде әңгіме-дүкен құра алмай, бәрі қалтафонына тесіліп, туиттерлесумен әлектенген екен. Ләм-мим деп тіс жармайды, тым-тырыс дүниә. Елестетіп көрдім. Бір сәт дипломатиялық ұстамдылықты ұмыт қылып, қарқылдап күліп жібердім. Паула да күлді. Виртуалдан реалға өтудегі трансформациялар әркез ойлағанымыздай бола бермейтінімен келісіп, лазаньямызды тауысуға бекіндік.

Кемі повестік дүниә екен.
urimtal
туиттер пати Алматыда өтіп тұрады. Барлығы бір пәтерге жиналады. Жақсылап дастархан жайып шай ішеді. Әңгіме соғады. Тиуттер т.с.с. туралы. Сосын үйіне барған соң дастархан үстіндегі жаңа медиа жайлы әңгімелерін түйіндеп туиттейді.
Arnur
заман прикол болған екен…
19852407
Виртуалдан реалға өтудегі трансформациялар әркез ойлағанымыздай бола бермейтінімен келісіп, лазаньямызды тауысуға бекіндік.
 рас-ақ)