таныстыру

Қайырлы кеш! «А» дегеннен блог жазуды жөн көрмедiм.Алдынмен өзімді таныстырып өтейін. «Жұлдыздай жарқырап жүрсін деп, ата-анам есiмiмдi „Жұлдыз“ деп қойған. Жер жанаты жетiсу жерiнiң тумасымын.»Жылқының жалын, жаудың жағын айырған жалайырмын".
Әрі қарай

Ажал айтып келмейді

Бала кезім көрші тұратын нағашы ағамның кенже ұлы қайтыс болды. Қайтыс болардан бір күн бұрын барлығымыз су шашып ойнадык, түрінен еш өзгеріс білінбеді. Түнде ата-анамды шақырып алып кетті, біз білмей ұйықтап жата бердік. Ертесі ағамның баласы қайтыс
Әрі қарай

Оксфорд сөздігіне енген жаңа сөздер

Пайдалы сайттар: Оксфорд сөздігіне енген жаңа сөздерАтақты Оксфорд сөздігіне редакторлар уақыт сынағынан өткен, яғни тілдік қолданысқа дендеп кірген сөздерді енгізіп отырады. Және әр үш сайын осы жаңа сөздер туралы өздерінің блогында шолу жариялап отырады.
Әрі қарай

Narcos - Пабло Эскобар, кокаин, саясат...

Киностан: Narcos - Пабло Эскобар, кокаин, саясат...

Narcos — Netflix студиясы шығарған сериал. Атақты колумбиялық наркобарон Пабло Эскобардың өмірін, Медельин картелінің құрылуын және жалпы кокаин бизнесінің басталуын суреттейді. 28 тамызда көрсетілімге шыққан сериалдың қазіргі IMDB рейтингі — 9,1 (38 мың адам дауыс берген). Алғашқы маусымы 10 бөлімнен тұрады. Сериал жасаушылар 2-маусымы түсірілетінін де хабарлап үлгерді. Биылғы жылдың үздік сериалдарының бірі болуы мүмкін. Танымал Lostfilm студиясының сапалы дыбыстауымен онлайн қараңыз.
Әрі қарай

Баламды қалай қорғаймын?

Блог - ademi_alem: Баламды қалай қорғаймын?
Ғаламтор! Ғаламтор… Кейде жақсы, кейде… жаман тор! Техниканың дамып кеткені сондай, уақытымыздың көбі жанымызға жақын жандардың жанында емес, ғаламтордың алдында мониторға телмірумен өтіп кететін күндеріміз болады. Ой-санасы, жеке пікірі қалыптасқан, ерік-жігері мен таңдау мүмкіндігі бар адам болсақ та, дәл осы ғаламтор алдында дәрменсіздік танытып жатамыз. Біздің әрекетіміз осындай, ал ой-санасы қалыптаспаған, ақ пен қараны ажырата алмайтын балаларымыздың әрекеті қандай болмақ?
Әрі қарай

Тұңғыштың "әкелері": "Ақпараттық қауіпсіздікті де ойладық, бағаны да көтермедік"

Өскемен, 2012 жыл. Бұл қалада дәл осы уақытта Қазақстандағы бірінші антивирус бағдарламасы жасап шығарылған еді. Жергілікті жастар Андрей Горковенко, Сергей Алешин, Андрей Куропаткин — сол Altair бағдарламасының авторлары, оларға мұндай бастаманы жүзеге асыруда көмек қолын созған да — қазақстандық жастар. Бағдарламалық өнім патенттелген, құрамы 100 пайыз Қазақстанға тиесілі деуге болады. Біздің тұңғыш. Тұңғыштар.
Әрі қарай

Осы қазақ қашан оянады?

Автор: Серік Мақұлбекұлы

Оян, қазақ! Ойлан, қазақ! Бол, қазақ! Шын бақытқа жеткізетін жол да ұзақ. Алашағың аз ба мына дүниеден, Болашағың емес пе еді зор, ғажап?! Оян, қазақ! Ойлан, қазақ! Бол, қазақ! Сілкінші бір қанатыңды қомдап ап! Ауырыңды арқала да, алға бас, Бауырыңмен не көрінді жорғалап?! Мен қазақпын, сен қазақсың, ол қазақ, Ер мінезбен өр рухқа болма жат. Ортасына жалғыз орыс кіргенде, Орыс тілде шүлдірлейді он қазақ. Аталардан қалған асыл мұрамыз – Туған жердің қақ төрінде тұрамыз. Азаттығы ұмытылған ұлт болып, «Қазақ тілі» қоғамдарын құрамыз. Құрғап кеткен құлдық сіңген санамыз, Сұмдық сіңген сүйекке де – Қараңыз! Тойланады мерекеміз жат жұртша, Ойланады өзге тілде баламыз. Құранды да, Құдайды да сүймейміз. Сұлу көрсек, оңашаға сүйрейміз. Жыртаң-жыртаң, қалжың айтып күлеміз, Тыртаң-тыртаң, тойға келсек, билейміз. Біреу озса – күңкіл-күңкіл күндейміз, Біреу тозса – дүркін-дүркін жүндейміз. «Намыс!» деген сөзді жиі айтамыз, Бірақ оның не екенін білмейміз. Дүниенің пайдасына пысықпыз. Жәннат иісін сезе алмайтын пұшықпыз. Бауырларға арыстанбыз, барыспыз, Басқаларға бас игенде – мысықпыз. Мақтаншақпыз, өтірікші, даңғоймыз, Түтіндейміз, үрлесе де жанбаймыз. «Жер бетінде бізден ұлы ұлт жоқ!» деп, Өзімізді-өзіміз көп алдаймыз. Ісіміз жоқ еске алатын тамсанып, Селтеңдейміз әуейі боп ән салып. Тірі ағайын пәтер таппай жүргенде, Өлгендерге әуреміз там салып. «Қаным таза, жаным таза» дегенмен, Көш соңында қалып қойдық неге елден? Мойындаған күллі адамзат неміз бар? Не шығардық ел ынтыққан, еленген? Бүкіл әлем өркендеуде дүрілдеп, Ғарышты да игеруде бұрын кеп. Кеме де емес, ұшақ та емес, біздерде Белесебет жасай алар білім жоқ. Шіренгенде үзеңгіні үземіз. Мүйіздіміз мүйізсізді сүземіз. Оралманға одырая қараймыз, Келімсектен дірілдейді тіземіз. Ертегіге есігін кең ашқаның, Ертеңіне қатырмайды бастарын. Қонағы би жаман үйдің тұрғыны, Шеттерінен шел басқан көз, месқарын. Құдай берген мұнай, көмір, мысың да, Біздікі емес, билігінде басқаның. Сырт көзге сыр бермегенмен тайраңдап, Ақылымыз ашып бітті айран боп. Қамқор Алла сақтамаса біздерді, Қайран жұртта өзін қорғар қайран жоқ. Оян, қазақ! Ойлан, қазақ!…
Әрі қарай

«Қара гүл тұрар қауызы тұнып тамшыға...»

Блог - Aya: «Қара гүл тұрар қауызы тұнып тамшыға...»Әлқисса, қара түс. Қазақы танымда қара түстің мағынасы жүз құбылады. Кейде қорқыныш, кейде мұң, кейде қайғы, кейде қасірет, ал кейде қасиет. «Қара тұту», «қара жүрек», «қара жамылу», «қаралы көш», «қара қазан», «қара шаңырақ», «қара жер» сияқты ұғымдар соның айғағы. Сондықтан да қара түстен кейде қорықсақ, кейде жұбаныш табамыз.

«Ақ гүлді көрдім, қызыл гүл тердім, ал мұны,
Көргенім осы, жабырқап кетті жан мұңы.
Қара гүл тұрар қауызы тұнып тамшыға,
Гүлдің де сірә, болады екен ғой тағдыры...»


Ұйыған сүттей әдемі сурет емес пе?! Естіген болсаңыздар қара қызғалдақ (черный тюльпан) деген гүл болады. Әгәраки, сыйлыққа осындай көмірдей қара гүл алар болсаңыз мағынасы «тұрақтылық», «жанпидалық» дегенді ұқтырады екен. Гүлтанушылар «Сенімен бірге өлуге де дайынмын» дегенді білдіретіндігін айтады. Қара түс пен қара гүлді неге байланыстырып отырмыз? Бүгін біз әңгімемізде салған әні мен лүпілдеген нәзік сезімге толы лирикалық поэзиясы арқылы көпшіліктің жүрегінен орын алған Табылды Досымовтың «Қара гүл» әні туралы сөз қозғамақпыз.

Блог - Aya: «Қара гүл тұрар қауызы тұнып тамшыға...»Нақышы ерекше Табылдының әндерінде мәдениеттанушы Әуезхан Қодар айтпақшы «еуропалық интеллектуализм» бар. Бітісі бөлек шығармаларының ырғағы құлақ үйренген әлдебір жаттанды әуеннен ада тосын музыка. Сондай-ақ, көкірегіңде жатталып қалатын сыршыл, өрнекті суреттермен нақышталған тұтас дүние. Сондай шығармаларының бірі бардтың өзі сүйіп орындайтын «Қара гүл» әні.
— Табылды Досымовтың қазаққа кең тараған хит әндері студент шағында жазылған. Ол – 1980 жылдардың орта шені болатын, — дейді бардтың курстас досы, журналист Арман Сқабылұлы.

Осы бір әуезді әннің шығу тарихын білу үшін белгілі ақын, "Қара гүл" әнінің сөзін жазған Жанат Әскербекқызынан сыр суыртпақтап көрдік. Апамыз бізге оңай ақтарыла қоймады. Тіпті бұл танымал өлеңін қалай, қандай сәтте жазғаны есіне түспей қалған-мыс. Сендірмеді, сене алмадым. Осыған қарап әннің шығу тарихында үлкендердің арасында жатқан әлдебір құпия бар болар деп түйдім.

Блог - Aya: «Қара гүл тұрар қауызы тұнып тамшыға...»««Қара гүл» өлеңі енді бойжеткен 16-17 жасымда жазылған. Қандай жағдайда жазылғаны есімде қалмапты. Десе де қазақ танымындағы қара түс үнемі тұспалдап жеткізіледі. Қыздың бойжеткен тұсы – қауыз жарған гүлдің өміріндей ғана сәт. Өсіп шығады, қауыз жарады, солады. Сол аралықта бойжеткеннің басынан небір тағдыр өтуі мүмкін, қалтарыс-бұлтарысқа толы болады ғой. Ал әннің шығу тарихына келер болсақ, қандай жағдайдан туғанынан өзім хабарсыздау екенмін.Табылды менен кейін оқуға түсті ғой. Бұл мәтін қолына қалай түскенінен бейхабармын. Алғаш Табылды өзі гитарасымен орындап берген еді. Алайда жас болғандықтан әнге көп мән бере қоймадым. Тіпті бұл әнді қалың жұртшылыққа танымал болады деп еш ойламадым. Кейінірек мәдениеттанушы Әуезхан Қодар осы әнді орысшаға аудартықызып жүргенін естідім, кейінгі тағдыры қалай болғанынан хабарым жоқ екен. Өмірде Табылдымен етжақын араластық деп айта алмаймын, шығармашылық сыйластықта болдық».

Қош дедік те, ән тарихын сезімтал лириктің бірге оқыған жолдастары мен курстастарынан сұрауға бекіндік.

Серік Жанболат, журналист, ақынның курстас досы: «Табылдының сол кезеңдерде үлкен махаббаты болды, ғұмыр бойы ғашық болып өтті. Ол қазіргі күні Өскеменде тұрады. Сол махаббат мұңына арнап шығарылған ән деп ойлаймын. Бірақ нақты емес. Бұдан артық ештеңе айта алмаймын. Бүгінгі күні бұл әннің шығу тарихы белгісіз болып отыр».

Арман Сқабылұлы, тележурналист, ақынның курстас досы: «Мен Табылдымен бірге оқыдым, бір бөлмеде тұрдық. Шығармашылық сәттерінің көбінен хабарым бар, көп әні менің көз алдымда дүниеге келді. Бірақ осы «Қара гүл» әніне келгенде кібіртіктеп қаламыз, тархын білмейді екенмін. Табылдының «Қара гүлден» де мықты, рухты әндері көп. Алайда сазгердің өзі осы әнді ауызынан тастамай айтты. Автордың өзі өте қатты жақсы көрген ән еді».

… Иә, ақын Табылды өзі айтқандай махаббат қай заманда да ескірмейді екен. Ертеректе баспасөз бетіне берген бір сұхбатында ағамыз махаббат туралы әндері жайлы сауал қойған тілшіге былай дейді:
«Өнердің ар жақ тірегі махаббаттан тұрады ғой, операң да, балетің де, поэзияң да сезімнен туындайды. Ал қызға ғашық болмайтын жігітті мен дұрыс жігіт деп ойламаймын. Текті жігітті ғашық қылатын ару алдыңда тұрса неге ғашық болмасқа?! Неге оған сезіміңді әнмен, жырмен білдірмеске?!1986-87 жылдары әкем зейнетке шығатын болып тиісті орындар жаңа үй салып берген еді. Сол үйдің қора-қопсысын жөндемек болып ауылға кетіп қалды. Жаңа үйде шифонерден басқа ешқандай дүние болған жоқ, жаңғырып өлең айтсаң әдемі естілетін. Айна алдында отырып алып ән айту менің әдетім-тін. Сол үйдің ішінде «Қара гүл», «Сәйгүлік», Ұнатамын мен сені» деген үш әнді жаздым». Осылай қысқа қайырған ақынның өзі махаббаты мен «жүрегінің бөлшегіне» айналған арулар туралы жылы жауып қояды.

****

«Мына гүл менің мұңымды жаяр жаршы ма,
Сығалар мұңың, қансыра, жүрек, қансыра!
… Көз орынында көз емес, кейде қарасаң,
Қара гүл тұрар қауызы тұнып тамшыға...»


Тағдырлы ақынның әндеріне эстетикалық көркемдік, нәзіктік тән. Біз бүгін әуенде төгілген ғұмыр мен тағдырдың шығу тарихының үддесіне жете алмадық, білемін. Жалпы, ақынның сыршыл, тәтті мұң жатқан лирикалық махаббат әндеріне шабыт сыйлаған, арқау болған арулардың өмір жолы көмескі тартып жатады. «Шайыр біткендер шырмалып шырмауық-мұңға, Жұтады сосын қайғыны шарапқа қосып…» деген. Ендеше, Табылдының «Ұнатамын мен сені», «Күнікей қыз», «Ақ дидарың-ай», «Тәтті мұң» тәрізді әндеріне арқау болған махаббаты туралы әңгіме бөлек дастанның жүгі. Бірақ Белинский айтатын «поэзия — бақшадағы раушан гүлінің тікенін алып тастап, жұпар иісі мен сұлулығын жырлау» құдіреті бардтың қай әніне болмасын тән қасиет болып келеді. Осыны місе тұтамыз.

Төменде ән авторы Табылды Досымовтың орындауындағы жүктеме. Сөзін жазған Жанат Әскербекқызы. Мархаббат :)

Әрі қарай

"Қазақстан" қонақ үйі - біз білмейтін қызықтар!

Білесіз бе, Алматының қала берді еліміздің символына айналған "Қазақстан" қонақ үйінің іргетасы 1973 жылы қаланып, 1978 жылы қолданылуға берілген. Бұл сәулет өнерінің ғажайып туындысының салынуына тікелей Д.А.Қонаев мұрындық болған! Мәскеудегі басшылар ол кезде мейманхананың 25 қабат болуына үзілді-кесілді қарсы болған. Алайда, Қонаевтың күшщ салуы арқасында 26 қабатты зәулім ғимарат салынған.

Иә, иә дәл солай, 25 қабатты саналатын "Қазақстан" қонақ үйінде 26 қабат және төбесіндегі алтын тәжіне көтерілу үшін тағы бірнеше қабатқа баспалдақ арқылы көтерілесіз.

Төбесіндегі «Алтын тәж» демекші ол тәжге ешкімнің табаны тимеген екен, алайда бір фототілші (ресейлік екен) парашют арқылы рұқсатсыз мейманхана төбесінен бірнеше суреттер түсірген көрінеді. Содан кейін, бұл тәжге көтерілген 7-шлде күні арнайы пресс-турға қатысқан бірнеше журналист-блогер қауым болды!

Сіз-білесіз бе, қазір "Қазақстан" қонақ үйінің иесі Зияддин атты түрік. Ал бұрынғы иесінің ұлты орыс болыпты.

Біле-білсеңіз қазіргі әйгілі "Қазақстан" қонақ үйі «4 жұлдызды». Алайда, қызмет көрсету сдеңгейі және орналасқан жері мен ұсынатын қызметтері «5 жұлдыздыдан» еш кем емес.

Ал, "Қазақстан" қонақ үйінің салтанат залына тойға барып көргендеріңіз бар ма?! Онда барғандаарманда, бармаған арманда. Өйткені, ол залға жаұында ғана миллион долларға күрделі жөндеу жүргізілген. Керегесі былғарымен қапталып, қазақтың ойын-өрнегімен әдіптелген мұндай той залын сіз тіпті көрмеген де боларсыз!)) Ең бастысы ол зал атшаптырым қазақтың кәдімгі киіз үйін елестетеді. дөңгелек пішінді залдың төбесінен әдемі шаңырақты көресіз.

Сіз білесіз ба "Қазақстан" қонақ үйінде 360 нөмір бар. Мұнда 400 адам қызмет көрсетеді. Қызметкерлердің басым көпшілігі жергілікті азаматтар.

Қонақ үйдің ішкі ауласында әдемі фонтан бар. Оның қасындағы әдемі терассадан кешкі салқында ас ішудің өзі бірғажап.

Сіз білесіз ба, мұндағы мейрамханадан күнне адам басына 1700 теңгеден бизнес-ланч ұйымдастырылады. Ал, ауыз ашар жасағыңыз келе адам басына 3,500 теңгеден, мархабат!!!

Сіз білесіз түрік ағайындардың қолына өткенге дейін мұнда тіпті стриптиз шоуы бар клуб болған екен. Қазір оны жауып орнына караоке бар ашқан.

Ең бастысы болашақта сіз осынау дғимараттың басындағы алтын тәжінде бассейнге түсіп рахаттану мүмкіндігіне ие болуыңыз ғажап емес. Өйткені, қазіргі басшылық осындай жобаны қолға алмақ!!!

Қазақстан қонақ үйі туралы өзге де ақпараттарды #Қазақстанқонақүйі, #Kazakhstan_hotels; #Түркітілдесжурналистерқоры, #Әйелжурналистерклубы хэштегтері бойынша ғаламтордан таба аласыздар
Әрі қарай

Бір жалт етіп, өте шыққан блогкемп-ай...

Блог - IShyrak: Бір жалт етіп, өте шыққан блогкемп-ай...

Блог - IShyrak: Бір жалт етіп, өте шыққан блогкемп-ай...

Біркөлікте өткен жазғы мектептен кейін ел есін енді жиып жатыр ғой, деймін. Кемпке қатысқандар фотоларды түгендеп, аватаркаларын ауыстырып болды, мүмкін әлі болмаған да шығар))) Осы жолғы кемптің аруы мен сұлтанын да анықтап тастады.
Блог - IShyrak: Бір жалт етіп, өте шыққан блогкемп-ай...
Блог - IShyrak: Бір жалт етіп, өте шыққан блогкемп-ай...
Блог - IShyrak: Бір жалт етіп, өте шыққан блогкемп-ай...
Ал, өзім алған әсерлерден толық арылған жоқпын. Жалпы не болды?
Әуелі Шымкентке алғаш аяқ басып және оған қатысты пікірімді өзгерткенімді айтқым келеді. Қай өңір болмасын, барлық жерде шымкенттіктер жүретіні өтірік емес. «Неге өз қалаларынан қашады?, соған қарағанда, тұруға қолайсыз, ұсқынсыз қала шығар», деген ойда болатынмын. Қателесіппін. Шырайлы қала ұнады, араламағаныма өкініп жүрмін.

Блог - IShyrak: Бір жалт етіп, өте шыққан блогкемп-ай...
Блог - IShyrak: Бір жалт етіп, өте шыққан блогкемп-ай...
«Машат» шатқалының табиғаты тау көрмей өскен, мені әсерге бөлемей қоймады.

Блог - IShyrak: Бір жалт етіп, өте шыққан блогкемп-ай...
Жайқалып тұрған раушан гүлдерін құшырлана иіскеп-иіскеп алдым. Шіркін, бір шоғын жұлып берген жігіт болмады. Әзіл ғой))
Блог - IShyrak: Бір жалт етіп, өте шыққан блогкемп-ай...
Тренингтер далада өтті. Шолақ шалбар киіп алған спикерлерді дивандарға жайғасып алып тыңдадық. Ол өз алдына тақырып. Сондықтан келесі жазбамда бөлісейін)))

Блог - IShyrak: Бір жалт етіп, өте шыққан блогкемп-ай...
Блог - IShyrak: Бір жалт етіп, өте шыққан блогкемп-ай...
Блог - IShyrak: Бір жалт етіп, өте шыққан блогкемп-ай...

Блог - IShyrak: Бір жалт етіп, өте шыққан блогкемп-ай...

Блог - IShyrak: Бір жалт етіп, өте шыққан блогкемп-ай...
Блог - IShyrak: Бір жалт етіп, өте шыққан блогкемп-ай...

Блогерлердің баурап алатын қасиеті бар. Осы ортаға деген құштарлық, блогер болуға ынтызар етеді. Олармен қауышқаныма шын жүректеен қуанышты болдым.

Блог - IShyrak: Бір жалт етіп, өте шыққан блогкемп-ай...
«Бог фотошопа» Исабекті, «Бұл-блогиада», дегеніне сүйсінген Жәнібекті өмірде көргім келді және көрдім. Желкелерінде тұрмай, орталарына отырып алып түсуім керек еді)))

Блог - IShyrak: Бір жалт етіп, өте шыққан блогкемп-ай...

Блог - IShyrak: Бір жалт етіп, өте шыққан блогкемп-ай...

Бейресми түрде өткен блогкемп бассейнімен, одан бұрын блогерлерді шомылу киімінде көрумен де ерекшеленді.



Эх… бір жалт етіп, өте шыққан блогкемп-ай… Еске алып, көріп отыратын бейнебаянның барына шүкір.
Бұйыртса, «тамыз айында Бурабайда блогкемп ұйымдастырылса ғой», деген тілек білдірді, Аршат аға. Жүзеге асырлса, жақсы болар еді, әрине. Бізге жақын жерге басқа аймақтағылар ат терлетіп келсінші)))
Алдағы кемптен не күтемін? Ерлан ағаның тренингіне қатысқым келеді. Назгүл апай, Асқар ағай келсе екен.
Кешкісін аға буын мен жастар жиналып от жағып, ортақ әңгіме айтып отырса деймін. Мадина Реброва гитарасымен әндер айтып, (алдын ала сөзін шығарып, бірге шырқасақ) «Блогиадашылар әнін» айтсақ қоой ))) Блогкемп блогкемке ұласа берсін!)))
Әрі қарай