БЛОГКЕМП. ЖАЗҒЫ МЕКТЕП МАҒАН НЕ БЕРДІ?

Блог - Tushtan: БЛОГКЕМП. ЖАЗҒЫ МЕКТЕП МАҒАН НЕ БЕРДІ?

Кешеден бері ОҚО Біркөлік шатқалындағы «Айнабұлақ» демалыс орнында өткен Блогкемптің суреттері лентаны жаулап алды. Жұрттың бәрі табиғат баурайындағы көздің жауын алатын суреттерді тамашалағанмен, шын мәнісінде топырлаған қыз-жігіттер онда не тындырып жүр, кемп деген не деген сұрақтар тууы табиғи заңдылық. Мен өз шамам келгенше, өз көзқарасыммен жазып шығайын.

Алдымен Гугл қариядан ол сөздің мағынасын сұрадым. Ол кісінің айтуынша, «Блогкемп- блогерлердің өз қалауымен жиналып, бейресми кездесіп, тәжірибе алмасуы» (Блогкемп (от англ. BlogCamp) — это самосбор, баркэмп, «неконференция» по новым медиа, блогам, сервисам веб 2.0 и всем, что с этим связано) екен.

Блог - Tushtan: БЛОГКЕМП. ЖАЗҒЫ МЕКТЕП МАҒАН НЕ БЕРДІ?

Мен блогер емеспін! Анда-санда шимай-шатпақтарымды Массагет және Бақ.кз сайттарына жариялап тұратыным болмаса, блог жазу, сайт жасау сияқты мәселелерде анау айтқан сауатым жоқ. Биылғы Блогкемп Шымкентте өтетінін естігенде #тәттішай жамағаты бір ауыздан қатысамыз деп шештік. Бұрын-соңды мұндай жиындарға қатысып көрген емеспін. Шыны керек ол күнді асыға күттім. Тиісті сайтқа тіркеліп, бағдарламасын көрген кезде уақыттың тезірек өткенін қаладым.
Көптен күткен күн де келді!!! Ең алдымен виртуалды өмірде достасып, түрлі әңгімелерді бірге талқылап жүрген достарымды прептиде көрдім. Тіпті менің достығымда жоқ, бұрын-соңды көрмеген жандармен де тез тіл табысып кеттік. Сенбі күні таңертең улап-шулап автобуспен «Біркөлік қайдасың» деп тартып отырдық. Бардық. Көздің жауын алатын керемет табиғат! Саф ауа! (негізгі айтайын деген ойымнан басқа жаққа ауып кеттім-ау деймін))).

Блогкемптің алғашқы күні негізінен спикерлерді тыңдауға арналды. Атап айтқанда, Нұрлан Жанай «Әлеуметтік желілер мен блогтұғырларды тиімді қолдану» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті. Әлеуметтік желілердің ішіндегі Инстаға дұрыс тіркелу, сауатты контент, жазылушыларды жинау жайлы айтты. Оның айтуынша, суретке түсуді жақсы көрмейтін және айналадағы сұлулықты байқай бермейтін жандар инста әлеміне кіріп жүйкесін тоздырмай-ақ, мәтінмен жұмыс жасайтын желілерде жүре бергендері дұрыс (мен сияқты)))). Және онда аваға барынша жұмбақтау, адамдарға қызығушылық тудыратын суреттерді қойған дұрыс екен. Нұрлан Жанай одан бөлек көптеген мәліметтермен бөлісті.

Ал Дінмұхамед Зияддин ағамыз «SMM: Күтпеген проблемалар және оларды шешу жолдары» жайлы жақсы мағлұматтар берді. Әсіресе, қандай да бір мекеменің, компанияның парақшасын жүргізетін адамдар өздеріне айтылған сындарды дұрыс қабылдап, сұрақтарына жауап беріп, кері байланыс жасап отырса жеткілікті. Ол адам парақшаның атынан отырып алып халықпен дебат жасағаны ДҰРЫС ЕМЕС! Сонымен қатар, SMM-шілерге қандай талаптар қойылатыны, олардың құқықтары мен жалақы мәселесі сөз болды. Димаш ағамның сөз саптауына, ойын еркін жеткізе алатынына риза болдым!

Блог - Tushtan: БЛОГКЕМП. ЖАЗҒЫ МЕКТЕП МАҒАН НЕ БЕРДІ?

«Ақпараттық соғыс» тақырыбын Аршат Ораз аға өз дәрежесінде ашып түсіндіріп берді. Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсіп, басындағы жағдай оқиға соңына қарай екінші жаққа ауытқып кетуінің мүмкіндігі мен оны сол жағдайға қандай жолмен жеткізуге болатынын ашық айтты. Кез келген уақытта әлеуметтік желіде жарияланған ақпаратты салқынқандылықпен қабылдап, бірден оны талқыға салмай, аздаған уақыт күту қажеттігі айтылды.

«Журналистер мақала жазу барысында өз көзқарасы мен ұстанымын көрсетуге тиісті емес» деген Жалғас Ертай «Журналиске интернетте мақаланы қалай жазбау керек» екенін түсіндіріп берді. Оның айтуынша, журналист тек ақпарат беру керек және ақпараттық материалдарда әдеби сөзбен асыра көркемдеудің қажеті жоқ екен.

Интернеттің, оның ішінде ютубтың күшімен қалай ақша табуға болатынын Ұлықбек Әлиакбарұлы мейлінше толық ашып түсіндірді. Каналды сауатты ашу, оны безендіру, дұрыс видео салу жайы сөз болды.

Бірінші күннің негізгі әңгімесі солар болды. Негізгі ресми бөлім аяқталған соң нағыз демалыс басталды! Суға түсу, тауға шығу, гитарамен ән салу, бильярд ойнау, би кеші, суретке түсу! Бәрі де болды! Бір үйдің баласындай бір дастархан басында отырып тамақтанудың өзі қандай ғанибет!

Аршат Ораз ағаның айтуынша, Блогкемп бірінші рет болыпты. Алдыңғылары Блогқұрылтай екен))). Жалпы формат өте жақсы! Сауат арттыру+демалыс! Спикерлерді тыңдап та, демалып та үлгердік! Жалыққан, өкінген жоқпыз. Мейлінше еркін болдық. Қатып қалған тәртіп, ресмилік бола қойған жоқ. Өзіме қатты ұнады. Келесі жолы мүмкіндік болып тұрса мұндай кездесулерден қалмаймын деп шештім.

БЛОГКЕМП. ЖАЗҒЫ МЕКТЕП маған біріншіден, жаңа достар тауып берді. Екіншіден, ғаламтор әлемінетереңірек сүңгуіме мүмкіндік берді. Үшіншіден, есте қалатын әсерлі демалыс сыйлады!
Бәрінен де бұрын, сендермен танысқаныма қуаныштымын, ДОСТАР!
Әрі қарай

Раушангүл жылаған күн

Ол келді… Келетініне сенімді болсам да, көбіне керісінше орындалатын тілектерімнің бірі шығар деген күдік те қылаң беріп, күні бойы мазамды қашырып еді. Есіктің қоңырауын үзіп-үзіп екі рет басты. Оныңда бойында да күмән мен күдік араласқан сенімсіздік пен үміттің әдемі арпалысы болып жатқанын сездім. Қоңырау соғысынан-ақ. Есікті қалай ашатынымды, оны қалай қарсы алатынымды күні бойы көз алдыма миллион рет елестетіп, бір нәрсе жетіспей тұрғандай болып, көз алдымдағы көріністі миллион рет өзгерттім. Енді миллион бірінші көрініс шынымен жүзеге асқалы тұр. Есікті аштым, ол кірді:
-Мазаңды алған жоқпын ба?- деді. Сәлемдесуді абыржып тұрып, ұмытса керек.
-Ұйықтағалы жатыр едім…
(Қайдағы ұйқы… 1 аптадан бері күттірген кеш емес пе еді.)
-Алдымен хабарласып алуым керек еді, ыңғайсыз болды-ау. Қолындағы жылтыр қағазды пакетін қолыма ұстата салды. Аяқ киімінің бауын шешуге ыңғайланды. Осыншама бәлсініп тұрғаныма енді өзім өкіне бастадым:
-Қош келдің, төрлет.
Жүзіне нұр жүгіріп жымиды да, есік алдынан төрге қарай озды. Екі адам қатар тұра алмайтын тар дәлізбен өтіп бара жатып қабырғаға тіреліп тұрған мені жанай өтті. Үстіне сеуіп алған жағымды иіссуына араласқан аз ғана мөлшерде ішілген шараптың иісі бойыма құмарлық пен құштарлық отының әлсіз ғана шоғын тастап үлгерді. Шарапты батылдық үшін ішкеніне сенімдімін. Жұқа жібек көйлекшең тұрған менің кеудемді иығы жанап оның да қандай сезіммен өтіп бара жатқанын білгім келіп кетті.
-Жаңа жолдас жігіттермен отырып қалып едім.
Тым көп күттіріп қойғанына кінәлі адамдай жымиды. Төргі бөлмеге кіріп отырғанымен үйге күнде келіп жүрген адамдай жан-жағына назар аудармады. Екі күннен бері бөлменің түсқағазы мен жердегі кілемдерді ауыстырып, әншейінде гүл өсіруге желкем жібермейтін мен ең әдемі деген гүлдерді сатып әкеліп жасаған еңбегімнің біреуіне де мән беріп қарамай отыра берді. Қорқынышқа ұқсас құштарлық пен ынтызарлық сезіммен бірге осыншама тыраштанудың қажеті де жоқ екен ғой деген ой миымда жылт ете қалды. Бөлмеге өсіруге лайықты емес болса да әдемілікті еселеу үшін әкелініп қойылған, құмыраға отырғызылған раушангүлге қарап мырс етіп жымидым. «Раушангүл, мұңаймашы...»
Екеуміз де үнсізбіз… Ұзақ қарап отырып, әдемі жымиды:
-Ұйықтағалы жатырсаң да әдемісің…
Бетімнің өрті шығып, қызарып кеттім. Ұйықтағалы жатыр едім деп бәлсінгенім қалай, ерніме алқызыл далап жағым алғаным қалай? Дегбірсіздене күткенімді сезіп отыр. Иығымнан сенімсіздеу құшақтап өзіне қарай ақырын тартты. Өзіне қарай ақырын тартты дегенім де артықтау, тіпті білінбейтін күшпен ғана тартқан сияқты, мүмкін жай ғана иығыма қолын салды. Ал мен өзіне қарай тартты деп шартты рефлекспен ойласам керек, иығына басымды қойдым. Тап-таза, ұқыпты үтіктелген жейдесіне басымды қойып жатып, былтырғы тойда кездескендегі жанында отырған толықша келген ақсары жүзді жұбайы көз алдыма елестеп кетті. Ұқыпты әйел болса керек.
-Отыздан асқанша тұрмысқа шықпай жүрген қыздардың өз есебі бар. Олар қоғамға қауіпті,- деген пәлсапасына:
-Қоғамға ма немесе күйеуін қызғыштай қоритын әйелдерге ме?-дедім қиқарланып.
-Күйеуін қоритын әйелдерге ешқандай қауіп жоқ, үйін шаттыққа бөлеп отырған әйелін ешбір еркек уақытпен текетіресіп, қартаймауға бар жанын салып, қарабасының қамы үшін ғана жүрген отыздан асқан қыздарға айырбастай алмайды, ал қоғамға қауіпті. Не демографияға үлесі жоқ, не ер адамның жағдайын жасауға атсалыспайды, жасаған істерінде еш болашақ жоқ, — деді нық сеніммен. Әңгіменің нүктесін қойдым дегендей, айналасына маңғаздана қарады. Мойнына тағылған алтын алқаның ұсақ жылтыр көздері де ресторанның шамдарына шағылысып, менің алдымдағы оның жеңісін одан әрі қолпаштағандай жалт-жұлт етті.
-Тым сенімдісіз ғой,- бар айтқаным осы еді. Себебі өзеуреп сөз таластыру жеңіс емес деп түйіндедім. Жанындағы күйеуіне қарадым. Сұңғақ бойлы, қара торы келген жігіт. Біздің әйелдерге тән әңгімемізді естігенімен, барынша мән бермеуге тырысып, жанындағы жігітке машиналардың қосалқы бөлшектері туралы ақылдасып жатты. Жаңағы әйелге деген іштей пайда болған қарсылығыма қоса, күйеуінің мына ұсақ әңгімелерге назар аудармаған әрекеті жағымды пікір қалыптастырып, ойыма адами қасиетке жатпайтын азғындыққа ұқсастау ой тастап та үлгерді. Мен оны аңди бастадым. Бағанадан бері қалай назар аудармағанмын?! Кең маңдайы – кең пейілділігін, қоңырқай жүзі мен қалың қабағы – нағыз еркекке тән айбатты, қыры шыққан мұрыны – сымбаттылығын, жымиғанда бірге күлімдейтін қоңыр көзі – ақкөңілділігін ешкім айтпаса да ұқтырып тұрғандай. Қадалып қарағаным әйеліне күмән тудырып, одан сайын менімен тәжікелесе ме деген оймен көзімді тайдырып әкеттім. Оны тану үшін 4-5 секунд қана жетті. Барлап, іштей ол жайлы пікір қалыптастырып та үлгердім. Ал, оған қараған осыншалықты қысқа ғана секундтар ішінде әйелдік қырағы көздер сезіп те үлгерді. Мен оның күйеуін барлап, ал әйелі менің көзқарасымнан менің ойымды да оқып үлгерді. Ән айтылды. Баяу ырғақ басталысымен жаңағы ақсары жүзді әйелді оң жақ жанында отырған ер адам жұп-жұмыр білектерінен ұстап, биге алып кетті. Ооо, енді қарап қалмау керек.
-Билеп қайтсақ дау шыға қоймас,- дедім жымиып. Ол күтпесе керек, абыржып күліп, басын изей берді.
Жұқа капрон көйлегімнен қолдарының ып-ыстық табы сезіліп тұрды. Суық тиіп ауырғанда әжемнің беліме, аяғыма, ішіме басатын, жаныма жайлылық орнататын ыстық бұлауы есіме түсіп кетті. Менің де дірілдей шыққан ып-ыстық демім оған мейлінше жақын сезіліп тұрған еді. Жанында уақытша тәттілік сыйлап тұрғанын да сезіндім. Билей жүріп, жұмысым жайлы,өзім жайлы, жағдайымды сұрады. Шығармашылықтың адамы екенімді біліп, қызығушылығы арта түсті. Не жайлы жазатынымды сұрады, ерекше тақырыпқа ауысқым келетінін, тың ойлар әкелгім келетінін, көп ешкім айта қоймайтын тыйым салынған тақырыптарда ашық ой қозғағым келетінін білген ол 4 минуттық би уақытының аздық ететінін ұғынды. Оның қызығушылығы артып, ары қарайғы ойымды білгісі келе түсетініне сенімді едім. Қолы тигенде жұмыс жағыма соғып кететінін де айтты. Ызғарлы көз сыртымнан дәлденіп тұрғанын, қарамасам да сездім, қызғаныш пен шамалы уақыттың ішінде ғана пайда болған ерегес отының да табын сездім. Енді қалудың реті келмейтінін біліп, той иелерімен қоштасып шығып кеттім.
Бұл кездесудің қалай басталғаны да есімнен шыға бастаған екен. Иығына басымды қойып жатып, жейдесінің жағасынан саусақтарымның ұшымен ғана аялай сипадым. «Сен тазалап, үтіктеген жейдені дәл қазір мен иеленіп отырмын!» Бұл әйел затының ең осал тұсы болса керек, өзге ойларға жол берілмейтін қатты қуанышта да, өте ауыр қайғыда да, ең жауапты сәттерде де өзіне тән жымысқы ойларынан ешқашан ажыраған емес. Есі шығып қатты қуанып жатып та, жанындағыларды көзімен бір сүзіп шығып, қуанышына ортақтасып тұрған әйелдерді барлап шығуы мүмкін. Риясыз күліп тұрған құрбысының ерніне жағылған помаданың тісіне жұғып қалғанын көріп, мысқыл ой пайда болуы мүмкін. Әнебір шетте зорлана жымиып тұрған тағы бір құрбысының қатты күлсе бетінде пайда болатын ұсақ әжімдерінен ыңғайсызданып тұратынын да ұғып қалуы мүмкін. Әйтпесе, дәл қазір ерегес ойларға жол беретін сәт емес еді. Көптен аңсап жүрген бақты уысыма түсіргендей, рахаттана көзімді жұмдым. Сұқ саусағына салынған неке жүзігі бөлменің шамына шағылысып, бетіме түскен шашымнан сипап ысырды. Шамға шағылысқан неке жүзігі «Бәрі де уақытша ғой, есіңді жисаңшы...» деп, ортамызға жік салғысы келгенмен, мен уақытша бақтың болса да дәмін сезінгім келгендей, аяулы сәттен ажырап қалғым келмей оның құшағына тығыла түстім.
-Не үшін шақырдың?
-Ұнаттым, мені де ұнататыныңды сездім.
Маңдайымнан сүйді.Ұшы қиыры жоқ сахараны кезіп келіп, әбден шөліркеген ерін мен таңдай бір тамшы ғана мөлдір суды көрсе қалай ынтығатыны белгілі ғой. Мүлгіген тыныштықты дамылсыз дүрсілдеп тұрған менің жүрегімнің үні ғана бұзып тұрғандай болды. Ернімнен сүйгенше ғасыр уақыт өтіп кеткендей болды, маңдайымнан кейін ернімнен сүйетінін алдын ала сезіп, күтіп отырсам керек. Жауырынымнан қапсыра ұстаған ып-ыстық алақандары, денемді күйдіріп бара жатыр, күйдіргені былай тұрсын күл қылып өртеп жіберсе де көнуші едім. Әлсіз сезілетін шараптың иісіне көміліп, мен де мас адамдай мең-зең едім. Оның әрбір қимылын, тіпті қарашықтарын қалай қозғалтқанына дейін есімде сақтап қалуға тырыстым. Өзіне қарай қапсыра құшақтағанда оның бар денесін өзімнің тәніммен, жаныммен сезінгім келді, сездім де. Жейдесінің түймелерін ағыта бастадым, тар көздерінен өтпей тұрған әлде сүйір тырнақтарыма ыңғайсыз келіп шешілмей тұрып алған бір-екі түймесіне іштей «өшігіп» алдым. Тіпті, түймелерге дейін үйіндегі қожайынның тілеуін тілейтіндей, маған қарсылық көрсетіп тұрғандай әсер қалдырып кетті. Сиқырға толы рахатты сезініп тұрып, мынадай ұсақ ойға жол берген мені «әйел» демей көріңіз. Көйлегімнің сырмасын ағыта бастап еді, дәл жанымда тұрған шамның түймесін басып өшіре салдым. Ортадағы дәліздің шамы бөлмеге әлсіз ғана жарық сыйлап тұр еді. Мойыныман, иығымнан сүйгендері бойымды сиқырға бөлегендей, біртіндеп өз күшімнен ажырап бар жаттым. Иығынан қапсыра құшақтаған да, кеудесін өртей сүйген де, шешілген көйлегімді кейінге қарай ысырған да, оның жейдесін шешкен де мен емес секілдімін. Өң мен түстің ортасындағы тәтті кездей өтті. Құшағынан шығып кетсем, мына ертегіге ұқсас күйден ажырап қалып, сұп-сұр ортада аңырап отырып қалатын Күлше қыздың күйін кешкендей болатынымды ұқтым. Ол жинақтала бастады. Уақытша бақыттың баянсыздығына өкпелеп тұрғанымды сезгендей, жұбатқысы келіп, қапсыра құшақтап, құшырлана сүйді:
-Көреміз ғой әлі…
Мен басымды изедім. Бірақ кейін қайталанатын кездесулер дәл осындай толғандырып, дәл осындай сезімге ие болатынына сенімді емес едім.
-Жарайды, сау бол…
Есіктен шығарып сала, жаңағы тәп-тәтті уақыттың әрбір қас-қағым сәтін жоғалтып алуға қимайтын ең аяулы затымдай ойыма кері қалықтатқым келіп, жастыққа басымды қойдым.
… Таңертең құмыраға отырғызылған раушангүлдің бозғылт тартқан түрін көріп, кеуде тұсым шымыр етті. Жұбатқым келіп күлтесін аялай сипап едім, қауызынан бөлінген бір тамшы сөл жапырағына қарай тамып бара жатты… Даланың, жердің табиғи топырағына жаратылған оның тағдыры құмыраға бәрібір телінбейтін еді… Жылап тұрған раушангүлді емес, өзімді аядым…
Әрі қарай

Музейден кейін....

Қызылорда темір жол вокзалынан түскенде, алдыңызда шағын сары үй тұрады. Бұл "ғимараттың" фундаменті 1905 жылы құйылған. Кезінде әскери казарма, темір жол милициясының кеңсесі болған деседі. Қазір «Ақмешіт» мұражайы.
Блог - BalgynBalgyn: Музейден кейін....
Блог - BalgynBalgyn: Музейден кейін....
Блог - BalgynBalgyn: Музейден кейін....
Мұражай Қызылорда астана болып тұрған кездегі мәліметтерге басым көңіл бөлген. Ал, менің көзіме өзге экспонаттардан бөлме ортасында тұрған Ақмешіт бекінісінің макеті ерекше көзге түсті.
Блог - BalgynBalgyn: Музейден кейін....
Бұл бекіністі қоқандықтар 1817 жылы салған. Бекіністің айналдыра 15 метр тереңдікте қазып, ішін суға толтырып, бетін қамыспен жауып тастаған. Әрине, жаудан қорғанудың керемет әдісі. Қамыс қорғаны болып, жерінде қамыстың мол өсуінен Қамысты қала атанған… Қамысты қала – қазіргі Қызылорданың алғашқы аты.
Бекініс салынған кезде 400 үй болған. Қырғыздардан бөлек, санақ бойынша, 400 қазақ тұрған деген бар. Бекініс қабырғасының қалыңдығы 11 метр. «Оқ тек қабырғаны жанап өтеді, жара алмаған» © Мұражайдағы гид апай.
1853 жылы қайқы мұрт, бұйра бас генерал губернатор Перовск шабуылдап, қамалды бағындырып, Перовск форты деп атайды… Перовс – Қызылорданың үшінші аты.
Блог - BalgynBalgyn: Музейден кейін....
Ол өз гербін енгізіп, қаланың жеке елтаңбасын жасайды. Герб – қалқанға күміс қызыл көз бұқа, киіз үй, бидай, Александр лентасы бейнеленген қойытрақ. Ана қызыл көз өгіз"Қазақтың ортасын «каша-малаша» қыламын" деген сияқты болып тұр..
Блог - BalgynBalgyn: Музейден кейін....
Мұражайдан басқа да қызықтар бар. Бір, бір жарым ғасыр бұрынғы қазақтың маңдайалды марғасқаларының қолжазбаларын кездестіруесіз. Олар туралы кейін.
P.S. Мұражайға кіру 200 теңге, гид апаймен жүрсеңіз 600 теңге.
Әрі қарай

Желі мен желім

СӨЗ БАСЫ: «Кеше екі сағат бойына жарық сөніп қалды. Интернет өшіп, әбден әбігерлендік. Содан үйдегі адамдармен сөйлесіп, әңгімелесуге тура келді. Сөйтсем өздері жап-жақсы кісілер екен». Бұл – бүгінгінің қалжыңы. Заманға орай шыққан. Әзіл болса да, астарында ауыр зіл жатыр.

Блог - asaubota: Желі мен желім

Осыдан бір мүшел уақыт бұрын ғана көшеде беліне «кірпіш телефонды» байлап алып, алшаң басып ағалар кетіп бара жататын. Онысын жұрт көрсін дегендей пенжағын бір жағына қарай ысырып, әлгіні жарқыратып жүретін. Әрі-бері өткен адамдар телефонға тамсанып, мойнын бір бұрмай өтпейтін. Ұялы байланыс өмірімізге енді еніп, әркімнің қолы жетпей әжептәуір құндылыққа айналуы құбылыс еді. Ал қазір абайсызда құлап кетсе баланың басын жаратын «кірпіш телефонды» ешкім ұстамайды. Әгәрәки, ұстай қалсаңыз, мазаққа айналарыңыз кәдік. Тым құрығанда «күні кеше осындай телефонға қызыға қарайтын едік қой» деген жылы жымиыс тудырасыз.

Қарап отырсаңыз, телефон дамуының да өзіндік эволюциясы бар. Алдымен жаңа айтқан «кірпіштерге» қол жетпеді. Онан соң, мұныңыз кішірейе бастады. Кейіннен полифония деген функциясы барлар пайда болды. Оныңыз кәдімгі әуенге ұқсас музыка шығаратын-тұғын. Жұрт зыңылдаған, сыбырлаған, ысқырған дауыс­тардан запы болып жүрсе керек. Жаппай осыған ұмтылды. Бұдан кейін ән орындалатын, ішінде ойындары бар, әртүрлі ермек құралдарымен жабдықталған телефондарды ала бастадық. Интернетке кіріп, уақыт өткізуге мүмкіндік туды. Ақыр аяғы сенсорлы экраны бар телефондарға келіп табан тіреп тұрмыз ғой. Бұлардың компьютерден кемдігі жоқ. Қажетіңді заматында тауып береді. Сурет, видео қабылдап, жібере аласыз. Әлеуметтік желілер көз алдыңызда. Ойынға құмар болсаңыз, оны да өтейді. Әйтеуір осы күні мойны салбырап, көздері шұқшиып, телефонының бетін сипап отырған бір адам. Шындығында, баламыздың басынан бұлай сипамаймыз. Бар ынтамыз бен ықыласымыз осы телефондардың бетінде сияқты.

Жұрт неге телефонға шұқшияды? Бір дастарқан басында бұрынғыдай емен-жарқын, алаңсыз отырып әңгіме айт­пауы неліктен? Әркімнің өз қалтафонымен қамсыз отырғаны қалай? Тоқсанға келген апам айтпақшы: «Со бәлеңнің ішінде не бар?». Әрине, телефон ең алдымен байланыс құралы. Оның да түр-түрі бар қазір. Сосын ән тыңдайды. Кино көреді. Қызыққа толы видеоларды тамашалайды. Хат жазады. Хабарлама алады. Суретке түседі. Сайттарға кіріп, соңғы жаңалықтармен танысады. Өзіне керекті ақпараттарды іздейді. Қысқасы, бүгінгінің телефоны әмбебап. Ал шұқшиып отырғандардың басым бөлігі әлеуметтік желінің қолданушылары. Қайда барғаны, кіммен кездескені, қандай мақала оқығаны былай тұрсын, не тамақ жегеніне дейін әлеуметтік желіге жарқыратып салып жатады. Қысқасы, соңғы бірер жылдың мұғдарында адамдар тұрақты түрде желілерге желімденді. Тап бір желіге байланған құлындай. Соның әсерінен телефонға қарап күліп не қайғырып отырған адамға таңғалмайтын болдық. Біздің бұл әрекетіміз үлкендерге аса түсінікті емес. Сондықтан олардың жастарды «жын қақты» деп ойлауы бек мүмкін.

«Әлеуметтік желілер әлеуметтің әңгімесін өзгертті» деп аттан салатын жағдайда емеспіз. «М – агенттен» басталған бұл құбылыс «Фейсбук», «Твиттер», «Инстаграм», «ВКонтакте» секілділерге жалғасып, өміріміздің бір бөлшегіне айналып кетті. Және оны қоғамға зиян не пайдалы деп, екіге бөліп қараудың өзі артық. Өйткені, біз бәрібір желілерді жаппай жаба алмаймыз. Олай етсек, ондағы адамдардың қарсылығын тудырғаннан басқа пайда таппаймыз. Енді не істемек керек? Ендеше, адамдардың әлеуметтік желілерді сауатты қолдануына жол көрсетуден басқа амал кем.

Желіде жұрт неге отырады?

Жұрт әлеуметтік желілерде не үшін отырады? Оған қандай қажеттілік я болмаса мұқтаждық бар. Осы сұрақты белгілі блогер Аршат Оразға қойдық. Ол былай деді:

– Жалпы, адамдардың әлеуметтік желіні қолдану мақсаттарын үшке бөліп қарауға болады. Бірінші, байланыс. Олар маркетингтік, сараптамалық, зерттеулік немесе жай ғана дос-таныстармен хат-хабар алмасу үшін қолданады. Өзі әлеуметтік желінің басты функцияларының бірі де осы. Екінші, ақпарат. Ақпаратты алу, бөлісу, тарату, жарнама жасау, құлақтандыру, хабарландыру, қоғамдық пікір қалыптастыру, пікірталас жүргізу тұрғысын көздейтіндер бар. Әлеуметтік желіні қолданушылар саны көбейген сайын мұның да маңызы артып келе жатыр. Өйткені, желілер түрлі мақсаттағы ақпараттарды қоғамға тез жеткізудің тиімді жолы. Бұған пайдалы да, арандату мақсатындағы ақпарат та кіреді. Басты бақылауға алынуы тиіс тұсы осы. Яғни, қадағаланбаса әлеуметтік желілер түрлі мақсаттарда үлкен қару болғалы тұр, болып жатыр да. Үшінші, психология. Бұл адамның ішкі қажеттілігін, яғни эгоны қанағаттандырудың ең қолайлы әдісі. Қоғамда өз орнын таба алмай, ойларын ашық жеткізуге шамасы жетпей, тұйық күйінде қалыптасқан жандар үшін керемет құрал. Осы желілерді пайдалану арқылы олар өздерін басқаша сезіне бастайды. Лайк жинау, пікір жазу, селфи жасау немесе құнды деп санайтын ойларын бөлісу арқылы ішкі эголарын қанағаттандырады. Оффлайн өмірде жасай алмағанын онлайнда жүзеге асырғысы келеді. Бірақ тым асыра пайдалану – психологиялық дертке соқтыруы мүмкін. Сондай-ақ, желіге тәуелділік арқылы қоғамнан одан сайын алшақтатуы да ықтимал. Қалай дегенде де интернет және әлеуметтік желілер қазіргі қоғам тіршілігінің ажырамас бөлшегі. Тек қолдану барысында дұрыс пайдалануды және шектен шықпауды қадағалаған жөн.

IT маман Аршаттың айтқанында ақиқат бар. Әлеуметтік желілердің бас­ты міндеттерінің бірі хат-хабар алмасу екені анық. Ақмешітте отырып Америкада жүрген ағайынмен, Алматы мен Астанадағы тамырлармен ұдайы хабарласып отыруға таптырмас құрал. Осы күні бар ғой, көптен кездеспеген таныстарыңнан: «Не жаңалық?» деп сұраудың өзі біртүрлі. Себебі, сен оның өміріндегі жаңалықтың бәрін көріп-біліп отырсың. Қайда іссапармен барғаны, онда нендей мәселенің шешілгені, нәтижесінің қандай болғаны, бәрі-бәрі белгілі. Өткенде достарымен бильярдқа барғаны, ортақ танысыңның туған күнінде болғаны, тіпті, үйіндегі кішкентайының туған күнін жасағанынан да хабардарсың. Қысқасы, жаңалық сұрайтындай жағдай емес. Танысың болмақ түгілі, тек әлеуметтік желіден білетін адамдардың да өмірі көз алдыңызда өтіп жатыр. Дегенмен, ақпараттық қауіпсіздік деген дүние осы әлеуметтік желіге керек. Ешкім нақты тексермеген, дәлел-дәйектен жұрдай, біреуді қаралаған дүниелер де кездеседі. Бір жерден жылт еткен жаңалық сәлден соң сайттарда сайрап тұрады. Одан теледидар іліп әкетеді. Кейін қарасаң, газеттерден көзің шалады. Ал осы жалған ақпарат болса, онда бір ғана қате деректен қаншама адамның жапа шегетінін ойлай беріңіз. Мыңдаған оқырманның адасқанын айтпағанның өзінде, көптеген ақпарат құралдарын мұрнынан жетелеп сотқа апаруға болады. «Ақпараттың тез және көпшілікке таралуын арандатушылар да тиімді пайдаланады. Ол адамдардың мақсаты мен пиғылына байланысты. Қарапайым ғана мысал, кейбіреулер осыдан бірнеше жыл бұрын түсірілген бейнероликті жариялайды. Осы аралықта ол адамның ойы өзгеруі мүмкін ғой. Бүгінде ол өз көзқарасынан қайтқан шығар. Сондықтан ақпараттық қауіпсіздік мәселесі үнемі назарда болуы керек. Мәселен, Қытай өзінің ақпараттық кеңістігін мықты қорғап отыр. Өздерінің іздеу жүйелері, әлеуметтік желілері бар. Шетелдік желілер ашылмайды. Ал Қазақстанда бұл жағы кемшін тартып тұр. Өйткені, шетелдік әлеуметтік желілерді жабамыз деген мәселе көтерілсе, үлкен дау туып кетуі мүмкін. Оған Түркия жақсы мысал бола алады. Сондықтан алдымен отандық әлеуметтік желі ашып, соған халықты үйрету қажет», – дейді Аршат Ораз. Бұл тарапта алғашқы қадамдар жасалып жатыр. Дегенмен, біздің жұрт жаппай солай қарай ағылып, пайдаланып отыр дей алмаймыз.

Лайк деген дүние бар. Былайша айтқанда, сіздің жазбаңыз әлдекімге ұнайды да, ол көңілін бас бармақ белгіленген нүктені басып, білдіріп кетеді. Жазғаның қаншалықты оқылымды болғанын, әсерінің қандай екенін осы арқылы анықтай аласың. Мәселен, «Инстаграм» әлеуметтік желісінде әншілер лайкты қырып жинайды. Жалпы, ел алдында жүрген, атағы дардай азаматтар «бас бармаққа» мұқтаж емес. Тұншығып қала жаздайды. Не салса да, не жазса да жұрт қамыстай қопарылады. Ал енді қарапайым адамның ұлтқа, ұрпаққа, тәрбие мен салт-санаға қатысты жазғандары сүмірейіп тұрады. Осыдан-ақ бүгінгі оқырманның талғамын білуге болатын сияқты. Көбіне оқылымды дүниелердің сипаты дау-дамайдың айналасы болып келеді. Астында бір-бірімен быт-шыт болып қырылған пікірлерден көз аша алмай қаласыз. Өтірік пе, өсек пе? Оны айырып жатқан адам жоқ. Сонан соң дұрыс сөз, жөнді пікірге тоқтау болмайды. Әрқайсысы өз ойларынан қайтпайды. «Қазақ бір ауыз сөзге тоқтаған» дейтін теңеу желідегі жамағатқа аса жақын емес. Нақақтан нақақ жала жауып, күйе жағушылар да тоқтайтын шығар енді. Жақында қабылданған заң бойынша ондай адамдар қылмыстық жазаға тартылады.

Оқырманды қалай көбейтуге болады?

Әлеуметтік желілерде жердегі жұл­дыздардың оқылымды екенін айттық. Неге бұлай? Өйткені, жұртқа олардың өмірі қызық. Сондықтан желіде онымен дос болуға бейіл. Ал дос дегенің – оқырман. Жарайды, әнші не әртіс емессіз. Жазушы, я ақындықтан алыссыз. Өзіңіздің ойыңыз, қалыптасқан пікіріңіз бар. Әлеуметтік желіні қолданасыз. Десек те, оқырманыңыз аз. Оқырманды қалай көбейтуге болады? Қайткен күнде сіз оқырманы көп қолданушыға айнала аласыз. Біз бұл сұрақтарды ІТ маман, сайт жасаушы Тимур Бектұрға қойдық. Өзі Маңғыстауда жатса да Қазақстанның түкпір-түкпірін аралап, семинарлар өткізіп, Қазнеттің дамуына үлес қосып жүрген Тимур бізге оның сегіз әдісін айтып берді.

– Әлеуметтік желіде оқырман жинаудың түрлі әдіс-тәсілдері бар. Егер де іздеу жүйесі арқылы сұрап қарайтын болсаңыз, сізге миллион түрлі тәсілдер мен амалдарды ұсынады. Олардың кейбірін қолдану ыңғайлы, кейбірін онсыз да пайдаланып жүресіз. Ал кейбірі сіздің жағдайға сәйкес келмеуі мүмкін. Технология күн сайын дамып жатыр. Сонымен бірге, адамдардың ақпарат қабылдау, оны қорыту, өзгелермен бөлісу мүмкіндігі де қиындап барады. Ақпарат көп болған соң оқырмандарды таңғалдыру, жүрек түкпіріндегі сезімін ояту, болмаса тұтынушылық аранын ашу оңай шаруа емес. Үйдегі теледидар, жұмыстағы газет-журнал, көліктегі радио, компьютермен интернетке кіргендегі электронды поштадан бастап әлеуметтік желілер мен сайттардың барлығын жаулап алған жарнама ағыны біздің есімізді жинатпастан өз ұсыныстарымен үстімізден төпелеп жатыр. Осыншалықты ақпарат тасқынының астында отырған оқырманды таңғалдыру, өзіңіз жазған әрбір ақпаратқа еліту – тыңғылықты ойластыруды қажет ететін шаруа. Сондықтан әлеуметтік желіде оқырман жинаудың дәстүрлі жолы деп айтуға болатындай, әдетте ең бірінші кезекте жасалуы қажет сегіз әдісті айтқым келеді.

Бірінші. Өте сапалы ақпарат жариялау. Яғни, «ол ақпаратты тек сіз ғана беріп отырсыз» деген сөз. Өзгелерден дәл сол тектес материалды күту мүмкін емес жағдай. Айталық, ІТ саласындағы трендтер мен жаңалықтарды, түрлі ақыл-кеңестерді тек мен ғана салып отырамын. Халықаралық тұсаукесерлерде жаңа технологиялар таныстырылып жатса, сол туралы қазақша ұғынықты түрде тек мен ғана жариялаймын. Сондықтан, адамдар мені осы салада маман деп есептейді. Тиісінше, оқырмандарым әр материал сайын арта түседі.

Екінші. Сіздің оқырмандарыңызға қызық болса, сіміріп оқыса, онда өзгелердің сапалы және пайдалы ақпаратын бөлісу. Әдетте, адамдар бірінші әдісті түйсікпен білсе де, осы екіншісіне келгенде сараңдық танытады. Өзгенің ақпараты тамаша болса да бөліскісі келмейді. Бұл – үлкен қате.

Үшінші. Сіз әдетте қандай ақпарат тарататыныңызды біліп алыңыз, сосын достарыңыз бен таныстарыңызды, әріптестеріңіз бен группаластарыңызды өзіңізге оқырман болуын сұраңыз. Әдетте, сізге қолдау білдіретін, әрбір жазбаңызға ықылас танытатын осылар.

Төртінші. Қызықты, пайдалы, танымдық ақпарат жазатын басқа адамдарға оқырман болыңыз. Соларды әлеуметтік желідегі достыққа қосыңыз, олардың әрбір жазбасына «лайк» басып тұрыңыз. Тамаша жазбаларына пікір қалдырыңыз. Былай қарағанда қарапайым нәрсе көрінеді. Алайда, тағы да сол сараңдықтың кесірінен «networking», яки қарым-қатынастың жақсаруына тікелей әсер ететін әдістерді қолданбай кетеді. Оның үстіне, әдетте сіз «лайк» бассаңыз немесе пікір қалдырсаңыз, ол әлгі адамның әлеуметтік желідегі өзге достарына да, сіздің достарыңызға көрініп тұрады. Тиісінше, өзгелер сізді көреді және пікіріңізді оқиды. Жақсы пікір қалдырсаңыз, сізбен әлеуметтік желіде дос болуға ынта білдіреді.

Бесінші. Барлығымыз әлеуметтік желілерде жазба жазамыз. Алайда, соңына «Егер менің осы жазбам ұнаса лайк басыңыздар, достарыңызбен бөлісіңіздер, маған фоллоу жасаңыздар» демейміз. Сырттай қараған адамға бұл бір мақтаншақтық немесе сұраншақтық көрінеді. Дей тұрғанмен, төртінші тәсілде айтып өткенімдей, кез келген адамның сізге пікір жазғаны, лайк басқаны оның өзге де достарына көрініп тұрады. Ал егер ол сіздің жазбаңызды бөлісер болса, онда тіпті, екі есе жылдамдықпен тарайды да сіздің оқырманыңыз одан сайын арта түседі.

Алтыншы. Өмірден алынған, сіздің басыңыздан өткен, әсіресе, өзгелерге өте жақсы таныс уақиғалар туралы жазу. Ең қызығы, адам дегеніміз әлеумет. Ал әлеумет бәрібір өзіне ұқсайтын жандарды жақсы көреді. Сондықтан өзінің басынан өткен оқиғаға ұқсас жайтты сізден оқитын болса, сізді жақын тарта түседі. Жақсы «лайктайды», пікір қалдырады, өзгелерге оқуға ұсынады. Тиісінше, сіздің оқырманыңыздың артуына септігін тигізеді.

Жетінші. Трендтен қалмау. Әрине, әлемде болып жатқан күнбе-күнгі жаңалықтардың барлығын талқылай беру мақсат емес. Алайда, сіздің оқырмандарыңызға тікелей әсер ететін, соқпай өтпейтін қоғамдық өзгерістер мен жаңалықтарды талқылап отырыңыз. Өз көзқарасыңызды білдіріңіз. «Темірді қызған кезде соқ» деп осындай жағдайға орай айтылса керек.

Сегізінші. Егер сіз туған күн кешінде, маңызды шарада, үлкен жиындарда танымал адамдармен бірге болсаңыз, олармен суретке түссеңіз, сосын әлеуметтік желіде әлгі адамдарды тэг жасау, яғни ілмек жасау арқылы жариялаңыз. Тек тым жиі әуестенбеңіз. Кейбір адамдар мұндай жиі ілмектерді жақсы көрмейді. Сізді блоктап тастауы мүмкін.

Оқырман жинаудың оңай емес екенін білеміз. Десек те, Тимур Бектұр айтқан осы тәсілдерді қолдансаңыз, онда достарыңыздың саны арта түсетіні анық. Әлеуметтік желіні қолдамайтын адамдар «мынау не деп отыр?» деуі мүмкін. Бірақ желілер өміріміздің бір бөлшегіне айналып кеткеннен кейін оның қыр-сырын білген абзал.

Пайдасы не, зияны қандай?

«Ақыры бас жарылды, енді аянатын ештеңе қалмады», депті ғой баяғыда бір ағамыз. Сол айтқандай, әлеуметтік желі туралы біраз әңгіме айттық. Енді оның пайдасы мен зиянына да тоқтала кетейік. Ол жайында «Baikadam Media Group» компаниясының директоры Нұрлан Жанайдың пікіріне сүйендік.

– Әлеуметтік желілердің ең басты екі пайдасын айта кетейін. Бірінші, тасада жүрген таланттарды халыққа танытты. Бұрын өзіңді көрсету үшін газет-журналға сұхбат беріп, телеарналарға шығу керек болса, қазір әлеуметтік желіде ойыңды тиянақты жеткізе алсаң болды. Қазір керісінше ақпарат құралдары өз кейіпкерлерін әлеуметтік желілерден тау­ып жатады. Екінші, нақты мәселелерді тиісті орындарға жеткізуді тездетті. Бұрын қоғамдағы бір мәселені көтеру үшін оны хат қылып жазу машақат болса, қазір бір жазба арқылы журналистердің назарын соған бұрып, бүкіл әлемге таратып жіберуге зор мүмкіндік туды.

Әлеуметтік желілердің екі пайдалы жағын айттық қой. Енді екі зиянды тұсына тоқталайық. Ең алдымен, адамдар уақыттарын бекерге құртады. Сосын желіде отырған жұрт өзі білсін-білмесін, не болса соны жаза беретін болды. XXI ғасырда ақпарат көп, оның бәрін оқу үшін қанша уақыт керек. Ал әлеуметтік желідегі жазбалардың бірін қалдырмай оқып, оларға пікір жазып отыру адам үшін ең қымбат уақытын құртудың бірден-бір себебі. Сондай-ақ, кім көрінген білмейтін саласына араласып, пікір таластыра беретін деңгейге жетті. «Әркім өз саласының маманы болсын» деген түсінікті әлеуметтік желілер түбегейлі жоққа шығарды деп ойлаймын.

Осылай деген SMM маман әлеуметтік желіні қалай пайдаланады екен? «Өз басым әлеуметтік желілерді жұмыс үшін пайдалануға тырысамын. Осы жерде клиенттер базасын жинап, іскер адамдармен қарым-қатынасымды нығайтып, танысып жүрмін. Өзіміздің және өзгенің қаншама өнімдері мен қызмет түрлерін жарнамаладық және жарнамалап жатырмыз. Әлеуметтік желілерде адамдармен жақсы байланыс орнатып, көңілін табудың ең тиімді түрі – туған күндерімен құттықтау және мерекелерде бір сурет немесе видео жасап, сол жазбаға қарым-қатынасыңды нығайта алмай жүрген достарыңызды белгілеп жіберу. Фейсбуктағы өзім кірген топтарды жылына екі рет тексеріп тұрамын. Басы жақсы бас­талып, кейін тақырыптан ауытқып кеткен топтар болса, дереу шығып кетемін. «Лайк» басқан парақшаларымды да жиі тексеремін. «Фейсбуктағы» дос­тарымды 2-3 айда бір түгендеп, олардың қал-жағдайын онлайнда біліп отырамын. Бұл ертеңгі күні одан бір «онлайн көмек» сұрағанда да керек. Жалпы, адамгершілік үшін де құптарлық іс. «Фейсбукта» тағы бір профилактиканың түрі – достарыңның, өзіңнің «мақсатты аудиторияңның» тұрғылықты жерін біліп отыру. Мысалы, кейінгі кезде алматылық достарым азайып кеткен. Есесіне, өңірлерде оқырманым жетерлік. Негізі жұмысты Алматы қаласында істейтін болғандықтан бұл мен үшін бірінші шешілуі керек мәселе. Сондай-ақ, достардың жас ерекшелігі мен олардың немен айналысатыны да қажетті ақпарат болып есептеледі. Бұның бәрін неге айтып отырмын? Сіздің кіммен достасқаныңыз, қай парақшаға жазылғаныңыз психологияңызға қатты әсер етеді. Осы элементтер сіздің ойлау жүйеңізді, жүріс-тұрысыңызды, сөйлеу мәнеріңізді де өзгертіп жібереді. Неше түрлі топтардың парақшасына жазылып, зомби болып жүрген жастарымыз қаншама? Сондықтан бір ізділіктен сақтанған жөн»,– дейді Нұрлан.

Айтпақшы, желі деген жекелеген адам­дардың пікір алаңы ғана емес. Ол жерде талай адам жарнама жасап, пайда тауып жүр. Бұл туралы Нұрлан Жанай былай дейді. «Кейінгі кезде бір байқағаным – жеке аккаунттар заңды тұлғаларға ауысып жатыр. Мысалы, басында «Андреев» болып танысқан кісілер біраз дос жинап, жеке аккаунтын компанияның, кафе-ресторанның немесе сайттың атына ауыстырған. Бұл қадам – олар үшін пайдалы, ал біз сияқты әр «достан» монетизация көріп тұратын адамдар үшін жақсы емес»,– деген пікірде. Осы тұрғыда Аршат Ораз «Әлеуметтік желілер жақсы жарнама алаңы болғандықтан бұл арқылы пайда да табуға болады. Танымал қолданушылар өз жазбаларының арасына жарнамалық сипаттағы дүниелерді жариялап отыратыны да жасырын емес. Сондай-ақ, түрлі мекеме, кәсіпорын, ұйымдардың блог-турлары да блогерлер үшін табыс көзі. Өз өнімін, қызметтерін жарнамалаушылар үшін де тиімді алаң», – деген ойын айтты.

Қазақ тілінің халі қандай?

Қазақ тілінің тағдыры туралы толғанып сөйлегенді жақсы көреміз ғой. Алаңдаймыз. Қауіптенген тұсымызды айтамыз. Әйтеуір, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бері қазақ тілі жайында жазу – тренд. Ал әлеуметтік желілерде ана тіліміз қалай қолданылып жүр? Көп жұрт тілдің бұзылып жазылатынын айтады. Бұл орайда біз бүгінде қазақ тілінің интернет кеңістікте кеңінен қолданылып, бұрынғыдай емес қоғамдық ой-пікірді жеткізудің үлкен құралы болғанына назар аударар едік.

Әлеуметтік желіде қыңыр-қисық пікірлерімен, тұрақты сөз тіркестерін бұзып жазуымен есте қалған блогер бар. Ол – Асқар Базарбай. Өзі былтыр тұңғыш рет өткен «Блогиада-2014» жарысының жеңімпазы. Біз Асқардан желідегі қазақ тілінің жағдайы туралы пікір алдық.

– Осыдан он жыл бұрын интернеттегі қазақ тілі туралы менде мемлекеттік немесе коммерциялық сайттардың қазақша нұсқасы деген түсінік қана болатын. Одан бері қазақ аудиториясы да, Қазнеттің контент жасаушы белсенділері де біраз көбейді. Әлеуметтік желі өмірдің айнасы болғандықтан, қазақ тілі де өмірдегідей түрліше қолданылады. Жалпы, қарым-қатынас виртуалға көшкелі бері қазақ тілінде көптеген жаңа сөздер пайда болуда. Жасанды болсын, табиғи болсын, күнделікті қолданысымызға жаңа сөздер мен ұғымдар қосылып жатыр. Ол жаңа ұғымдарды лингвисттер жүйелеп отыр ма? Әңгіме сонда. Қазақ тілінің қандай бұзылған кейіпте болмасын, әлеуметтік желіде кеңінен қолдануына қуануымыз керек деп ойлаймын. Өйткені, өз басым тілді түсінікті болуымен өлшеймін. Сосын әлеуметтік желіні қонаққа келіп отырғандай кейіпте қолданатын адамдар болады. Құдды, қазақ тілі тек театралды пафос пен асханалық әңгіме үшін жаралғандай. Жоқ, олай емес. Қазақ тілі кез келген ортада өзін еркін сезінуі тиіс. Мейлі, көше тілі болсын, мейлі, ғылыми не әдеби болсын. Оған ана тіліміздің барлық мүмкіндігі бар. Тілдік тазалықты көксеушілердің басым бөлігі тіл білімі жөнінде, жалпы, тілдің даму заңдары туралы нақты хабары бар мамандар емес. Одан гөрі өздерінше тілге жаны ашып, патриот болуды көксейтіндер көп. Тіл туралы айтқанда, алдымен әлеуметтік желідегі хабарламаның мазмұнына көз салу керек. Егер ол ресми бір мәлімдеме немесе жарнама болса, әлбетте барлық заңдарды бұлжытпай орындауы қажет. Бірақ көпшілік арасында тілді дамыту үшін, өрісін кеңейту үшін әрбір қолданушыны жан-жақтан ережемен қыспақтап, әжуалап немесе даттап отырса, одан қазақ тілінің көсегесі көгермейді. Әдеби тіл, ресми тіл әрқашан ауызекі тілден өзгеше болады ғой. Сынамас бұрын, осыны ескерген дұрыс. Ресми құжатта эксперименттерге жол жоқ. Ал ауызекі қолданыста «пажалыстаң». Биологиядан есіңізде болса, жануарлар дамуының екі қозғаушы күші бар. Бірінші – ол табиғи сұрыпталу. Екіншісі, мутация. Осыны тілдік жазықтыққа жатқызып көрсек. Табиғатта ең икемді жануар аман қалады. Демек, қоршаған ортаға ең жылдам икемделе білетін тіл де аман қалады деген сөз. Мысал керек пе? Латын тілін алайық. Жазба тілі өзгеріссіз қалды. Ал диалекттерінен бірнеше өз алдына бөлек тіл дамыды. Жазба тіл ақыры ауызекі тілден алшақтағаны соншалық, латын тілі өлі тілдер санатында. Мутация дедік ғой. Ол енді жаңағы өзіңіз айтқан тілді бұзып сөйлеулер. Егер ол құлаққа қонымды, айтуға ыңғайлы болмаса, ол жай ғана қате болып қала қояды,– дейді блогер. Шындығында, әлеуметтік желіде, түрлі хат алмасу құралдарында қазақ тілін танымай қалып жатасыз. Дегенмен, әдеби шығармаларда, газет-журналдар мен кітаптарда сол күйі қолданылып кетеді деген қате пікір. Өйткені, шығармашылық орта ондайды бәрібір қабылдай алмайды. «Әлеуметтік желіні тілдің базарына айналуға кедергі келтірсек, тіліміз дамымайды. Тіл жанашырларының басты міндеті, тілдің табиғи дамуына кедергі келтірмеу. Егер тіліміз шұбарланбасын десек, цензор болуды емес, бар сөзді, тірі тілді жүйелеп, тіркеп, жас баланың әр жаңа қылығына тамсанған ата-анадай жанашырлық танытқаны жөн. Әйтпесе, үркек, жасқаншақ, қолданыс аясы тар тіл болып қаламыз. Тағы бір айтарым, шет тілдердің барлығы қазір басынан тілдік өзгерістерді кешіп жатыр. Әлеуметтік желілер мен қарым-қатынастың интернеттенуіне байланысты. Ағылшын лингвисттері сонау бағзы, сым телефоны заманында-ақ, ол тілді «диджиспик» деп атап кеткен. Яғни, уақыт үнемдеу үшін, тілдік нормаларды бұзып жазу. Бұзып жазу қолданушыға ыңғайлы болса, демек, бұл бейресми қарым-қатынастың талабы сол деген сөз. Бізде де «кеатрм», «цүндім», «кәкелем» деген сияқты ауызекі тілден көшіп келген жазу стилі дамып келеді. Ол тілді бұзу емес, қарым-қатынастың «сандық технологияларға көшуіне» байланысты ауызекі тілге ыңғайлануы. Қазақ тілі атамыз тасқа жазып кеткен руналар деген түсініктен құтылу керек»
,– деген Асқардың ойы да миға қонымды сияқты.
СӨЗ СОҢЫ: Қаласаңыз да, қаламасаңыз да қоғам әлеуметтік желілерге желімденді. Дүние күйіп бара жатса да желілерге көз қырын салып, виртуалды өмірден алшақтамайтындар саны күн өткен сайын артып келеді. Енді бізге осы құбылысты мәдениетті, сапалы, ұлт пен мемлекетке пайдалы жағынан қолдану керек. Әркім өз оқырмандары алдындағы жауапкершілікті барынша сезінуге тиіс. Мәселенки, өткенде 500 мың оқырманы бар бір қолданушы өзінің жартылай жалаңаш суретін жария­лады. Осында не тәлім, не тәрбие бар? Оны оқып отырған жас бала қандай ой түйеді? Нендей үлгі-өнеге алады? Міне, жауапкершілік дегенді айтқандағы ойымыз осы. Жастардың санасын улайтын, жұртты адастыратын, бүлік шығарып, арандатуға итермелейтін дүниелерден іргемізді аулақ салғанымыз жөн. Әйтпесе, «ойыннан от шығып кетуі» бек мүмкін.

Ержан Байтілес,
«Егемен Қазақстан».
ҚЫЗЫЛОРДА.
Әрі қарай

Сон Паскаль "Жолда", Қайрат Түнтеков "Бақытты"

Қазақ болмаса да, қазақша әндерін мәз боп тыңдап жүрген Сон Паскалымыз тағы да бір клипін түсірді. «Жол» деп аталады. Үнемі ізденісте жүретін италяндық жігіттің еңбегін бағалап қояйық!


Өзі ұшыраған дау-дамайдан кейін сахнадан көрінбей кеткен Қайрат Түнтековты халық сан-саққа жүгіртті. «Ол Қазақстанның шоу-бизнесінен аластатылды» деген де қауесет шыққан болатын. Соның бәрін жоққа шығарғысы келді ме екен, «Бақыттымын» деп ән салыпты. Қайраттың «Happy» атты клипін көріңіз ;)

Әрі қарай

Болашақ мамандығымызды бірге таңдайық.

Блог - AidaMuntiyeva: Болашақ мамандығымызды бірге таңдайық.Бүгінде еліміздегі жоғары оқу орындары 200-ден астам мамандық бойынша оқытады. Алайда, жоғары оқу орнын бітірген түлектердің 74 % меңгерген мамандығымен жұмыс істемейді екен. Сонда қалған 26 % ғана диплом бойынша қызмет атқарады. Бұл дегеніміз түлектеріміздің әу бастан-ақ мамандықты дұрыс таңдамауының кесірі.«Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі — жар таңдағанда, екіншісі — мамандық таңдағанда» деп ата-бабамыз бекер айтпаса керек. Өз жаныңызға жақын мамандықты іздеп табу- күрделі әрі жауапты жұмыс.
Бастысы:" Маған немен айналысқан ұнайды? Болашақта өзімді кім етіп елестетемін? Осы мамандықты оқу арқылы қоғамға қандай үлесімді қоса аламын? Бұл салада жетістікке жете аламын ба, жұлдызым жоғарыдан көрінеді ме?"- деген сынды сұрақтарға жауап табу. Оқуға түсуді емес, бастысы кім болғыңыз келетінін ойланғаныңыз жөн! Себебі мамандық таңдау — ол өмірлік таңдау.
Қабілетіңізге, қызығушылығыңызға байланысты белгілі бір мамандық түрін таңдағаннан соң 4-5 жыл бойы білім алатын оқу ордасын байыппен таңдаған дұрыс. Бұл мәселені шешуге, төмендегі 2013-2014 жылғы оқу орындарының рейтингі көмектеседі деген ойдамын.

Әлемнің үздік оқу орындары:
1.California Institute of Technology(United States)–94.9%
2.Harvard University(United States)–93.9%
3.University of Oxford(United Kingdom)–93.9%
4.Stanford University(United States)–93.8%
5.Massachusetts Institute of Technology(United States)–93.0%
6.Princeton University(United States)–92.7%
7.University of Cambridge(United Kingdom)–92.3%
8.University of California, Berkeley(United States)–89.8%
9.University of Chicago(United States)–87.8%
10.Imperial College London(United Kingdom)–87.5%

Ұлттық рейтинг-2013 ж. Үздік ЖОО тізімі:
1. Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
2. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
3. М.Әуезов атындағы ОҚМУ
4. Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ
5. Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
6. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет
7. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
8. Қазақ ұлттық аграрлық университет
9. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті
10. Қ.А.Йассауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

2013 жылдың үздік техникалық жоғары оқу орындарының бестігі мыналар:
1. Қазақстан-Британ техникалық университеті — 91,19%;
2. Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті — 72,08%;
3. Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті — 67,23 %;
4. Алматы технологиялық университеті — 53,68%;
5. Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті — 52,77%.

Гуманитарлық-экономикалық жоғары оқу орындары арасында үздік болып төмендегі университеттер анықталды:
1. ҚМЭБИ (КИМЭП) университеті — 96,30%;
2. Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университеті — 59,02%;
3. Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті — 58,33%;
4. Қазақ гуманитарлық-заң университеті — 56,06 %;
5. Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті — 56,03 %.

Еліміздің үздік медициналық жоғары оқу орындарының бестігі:
1.Астана медициналық университеті (Қазақ мемлекеттік медициналық академиясы) — 86,41 %
2. Қарағанды мемлекеттік медицина университеті – 74,21%
3. С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті – 68,34%
4. Семей мемлекеттік медицина университеті – 45,01%
5. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы – 40,98%

Қазақстандағы педагогикалық ЖОО-ның бестігі:
1. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті – 94,80%
2. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті – 73,92%
3. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты – 67,01%
4. Ақтөбе мемлекеттік педогогикалық институты – 51,43%
5. Тараз мемлекеттік педагогика институты – 51,17%

Еліміздегі үздік өнер оқу орындары:
1. Қазақ ұлттық өнер университеті (Қазақ ұлттық музыка академиясы)–91,28 %
2. Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы –74,08%
3. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы –39,22%

Мамандықты таңдай отырып, тағдырыңызды таңдайтыныңызды ешқашан естен шығармаңыз.Конфуций: «Жаның қалайтын істі тап, сол кезде ешқашан жұмыс істемейтін боласыз», — деген. Ең бастысы, сізге не қажет екенін білу. Жүрек үнін тыңдасаңыз ешқашан қателеспейтініңізге кепілдік беремін. Ендеше, іске сәт!
Әрі қарай

Блогиада-2014 жүлдегерлері марапатталды

Блог - asaubota: Блогиада-2014 жүлдегерлері марапатталды

Қазақ блогерлері арасында наурыз айында басталған Блогиада жарысы өз мәресіне жетті. “Инвесторлар альянсының” демеушілігімен өткен Блогиада қорытындысы 18 желтоқсан күні Астана қаласындағы Multispace коворкинг орталығында өтті.

Жарысқа Алматы, СҚО, ОҚО, Қызылорда, Қарағанды, Атырау облыстары және Алматы, Астана қалаларынан 31 блогер қатысты. Қатысушылардың ең жасы 18, ең үлкені 33 жаста. Конкурстық жазбалар Қазнеттегі 13 түрлі блогта жарияланды. Жалпы 8 ай ішінде Блогиадада 338 пост жазылды.

8 айлық марафонның нәтижесінде 1-ші орынды Қызылорда облысынан ағылшын тілі аудармашысы Асқар Базарбай иеленді. Жүлдегер финалистер қатарына танымал блогер, Kaztube порталында жоба жүргізуші Эльвира Ерғалина, Еуразия Ұлттық Университетінде мұғалім Әйгерім Кеулімжай, ОРТ-Еуразия телеарнасының жаңалықтар жүргізушісі Маралбек Сағынғанов кірді. Бас жүлде иесіне “Инвесторлар Альянсы” президенті Азаматхан Әміртай 1.000.000 теңге табыстады, ал финалға өткен жүлдегерлерге 100.000 теңгеден сыйақы берілді.

Әрі қарай

Латын әліпбиіне оқырмандық көзқарас

1.1Бүгінгі таңда қазақ оқырмандарының назарын аударып отырған өзекті пікірталастың бірі – қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру идеясына қатысты. Ұлтымыздың рухани әлемі үшін маңызды болып табылатын осынау өзекті мәселеге байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында түрлі ұсыныстар, ой-пікірлер тасқыны үздіксіз орын алуда.
Күн тәртібінде тұрған осынау өзекті тақырыпты одан әрі дамытып, латын әліпбиіне көшудің тиімді жақтары мен зиянды тұстарын талдап көрсетіп жазылған мақалалар қатары күн сайын толыға түсуде. Әліпбиіміздің өзгеруі, яғни қалыптасқан дәстүрді бұзып, кириллицадан латын әрпіне көшуді қарапайым халық қолдай ма, әлде қарсы ма, мұнымен санасып жатқан ешкім жоқ.Қазақстан халқы өз тәуелсіздігін жариялағаннан бері, бүгінгі қолданыста жүрген кириллицадан латын алфавитіне көшу мәселесі жөнінде пікірлер жиі, жиі айтылып келеді. Қазіргі қолданыстағы кириллица – қазақ тарихындағы төртінші алфавит екені бәрімізге мәлім. Сонау сақ дәуірі, түркі дәуірі кезеңіндегі ата-бабалаларымыз өздері ойлап тауып, енгізген, құрастырған алфавиттен басқалары бодандықтың кебімен күштеп енгізілді. Түркі заманынан мұра болып қалған осынау құндылық «руно» жазуы еді. Латын және кириллицаны Кеңес үкіметі енгізді. Мақсат – алфавитке көшу арқылы қазақ халқымызды рухани есеңгіретіп, халықтық болмыс, ұстанымдарынан айырып, мәңгүрт етіп алдарына салып айдап, өз дегендерін жүзеге асыру еді. «Ресей тілін, дінін, жазу-сызуын орысқа аударса, үкіметке онан артық іс болмас» деген Ахмет Байтұрсынұлының 1914 жылы жарық көрген «Қазақ» газетіндегі жанайқайы бекер емес-ті. Президентіміз әліпбиіміздің толықтай латын тіліне көшуін 2025 жылға қарай жүзеге асыруды көздеп отыр. Бірақ бұл мәселеге кейбір азаматтарымыз наразылығын танытуда. Мұхтар Шаханов ағамыздың өзі: «Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқын екіге бөледі» деп, халқымыздың болашағы үшін шыбын жаны қиналып, шырылдап жүр. Айтқан сөзінің де жаны бар, астарында ақиқат жатқаны рас. Бұл мәселе елде қарама-қайшы пікірлі екі таптың пайда болуына әкеп соқтырады.
Біз латын қарпіне көше қалған жағдайда туындайтын проблемалар қатары мынандай болуы мүмкін:
1) қазақ тіліндегі ғылыми әдебиеттің осы уақытқа шейін тұтастай дерлік тек кирилл графикасында жазылуы; 2) жаңа әліпби бойынша мұғалімдер дайындау; 3) жекеменшік мекемелердің бұрынғыша кирилл әріптерімен жұмыс істей беруі; 4) латын әліпбиімен шығатын ұлттық баспасөзге деген сұраныстың азайып кетуі; 5) қазақтардың бұрыннан да кириллицамен оқитын тобы әліпби екіге бөлінгеннен кейін, латын шрифтісімен жазылғандарды мүлде қолға алмай кету ықтималдылығы және т.б.
Қазақстанда латын әліпбиі ресми түрде қолданысқа еніп, қазақ мектептері осы әліпбимен оқытыла бастаған уақытта қазақтардың арасынан балаларын орыс сыныптарына берушілер қатары одан ары көбейе түсуі ғажап емес. А.Айталының болжауынша, «...қазақ тілінің болашағына сенбейтін қазақтар оқулықтары, ғылыми әдебиеттері, дайындығы мол мұғалімдері бар орыс мектептеріне балаларын беріп жатса, оған ешкімнің қарсылық жасауы мүмкін емес»
Автордың тағы бір қауіптенетіні – орыс және қазақ тілді болып екіге бөлініп кеткен қазақ ұлты енді екі түрлі әліпбиді қолдана бастағанда, ара жіктері тіпті ашылып, бұдан әрі тереңдей түсуі мүмкін екендігі. Сөйтіп айналып келгенде, Амангелді Айталы латын әліпбиіне көшу реформасын асықтырмай, сақтыққа шақыру жағын қолдайды
Әрі қарай

7 сұрақта Блог-тур және Блог-турлардағы басты 3 қате

Блогосферадағы жаңа тренд Блог-тур туралы сұрақтарға жауап беріп көрейін және өзім байқап жүрген қателіктерді де қостым
Блог - asaubota: 7 сұрақта Блог-тур және Блог-турлардағы басты 3 қате
1. Блог-тур деген не?
Блогерлерді қолдану арқылы жасалатын пиар-шара. Бір өнімді, жетістікті, оқиға, жаңалықты жарнамалау үшін ұйымдастырылатын сапар. Нәтижесінде әлеуметтік желілер және блогтар арқылы ауқымды жарнама жасалу жоспарланады.
2. Блог-тур бағдарламасына нелер кіреді?
Логистика бекітіліп блогерлерге және қарсы алушы жаққа алдын ала беріледі. Блогер өзінің қайда және не үшін бара жатқанын алдын ала біледі. Бағдарламаға жолға шығу уақыты және мекені, барылатын объектілер, тамақтану мезгілдері, қонақүй, бастапқы нүктеге оралы туралы мәліметтер кіреді.
3. Блогерлерге қанша қаламақы төленеді?
Қанша пост жазылатыны, қай блогта және әлеуметтік желілерде жарияланатыны алдын ала келісіледі. Бір блог-турға қазір берілетін қаламақы көлемі шамамен 50-70 мың теңге. Оқырман саны және блогердің беделіне қарай бұл сома бұдан да көп болуы мүмкін. Бұдан бөлек блогердің жол, қонақүй және тамақтану шығындарын да ұйымдастырушы жақ көтереді. Сондай-ақ блогерлерге қосымша жарнама ретінде естелік сыйлықтар да беріледі.
4. Блог-турды кім ұйымдастырады?
Шақырушы жақ өзі ұйымдастыра алады немесе арнайы бір ұйымға қаржы бөліп тапсыра алады. Блог-турға бөлінген қаражатқа қарай шақырылатын блогерлер саны, шығындары және қаламақы көлемі анықталады.
5. Блог-тур кімдер үшін тиімді?
Жетістігі бар мекемелер немесе мемлекеттік органдарға, жаңа өнім шығарып сол өнімді жарнамалағысы келетіндерге, ішкі «асханасын» көрсеткісі келетін кәсіпорындарға тиімді. Жалпы мақсат жарнама және жақсы имидж қалыптастыру болғандықтан бұған мұқтаж кез келген ұйым блог-тур ұйымдастыруға мүдделі.
6. Блог-турдың жарнамалық әсері қандай?
Блог-тур найзағайлы, өткінші жауын әсерін береді. Бір-екі күндік қысқа мерзімде бірнеше нүктеден ақпарат жауыны басталады. Ақпараттың таралу ауқымы кең болады. Бұл блог-тур барысындағы әсер. Блог-турдан кейін жауыннан кейінгі кемпірқосақтай блогтарда сапалы сараптамалық есептер жазылады. Яғни, қысқамерзімді флеш-жарнаманы мақсат еткендер үшін блог-тур қолайлы әдіс.
7. Блог-турға кімдер шақырылады?
Шақырушы жақтың саласында мақала жаза алатындарға басымдық беріледі. Ақпараттың негізгі бөлігі әлеуметтік желілер арқылы тарайтын болғандықтан оқырман аудиториясы кең қолданушылар таңдалады. Сондай-ақ фото, видео ақпарат жеткізе алу шеберлігі, жалпы ақпаратты қызықты етіп бере алу — басты талаптардың бірі.


Ұйымдастырушылардың басты қателіктері:
Блог - asaubota: 7 сұрақта Блог-тур және Блог-турлардағы басты 3 қате
1. Блогерлер құрамы
Әлеуметтік желіде ортақ аудиториялы, блог оқырмандары да бір блогерлерді шақыру ең үлкен қателік. Мұндай жағдайда оқырман қайталана беретін ақпараттан мезі болып, шақырушы жаққа негатив көзқараспен қарауы мүмкін. Сондықтан мейлінше түрлі ортадан шақырған дұрыс.
2. Бағдарлама уақыты
Блогердің қалаға келу уақыты және қандай транспорт түрімен келгені есепке алынғаны жөн. Автокөлікпен нашар жолда жүріп келген блогерді таңғы 9-да турға шақыру арқылы жақсы нәтиже ала алмайсыз. Уақыт үнемдеу үшін қысқа уақыт ішінде бірнеше объекті көрсетуге тырысады ұйымдастырушылар. Бірақ мұндай кезде блогер ақпараттың бәрін сіңіріп үлгермейді. Ұйқысы қанбаған және таңғы ас ішпей шыққан блогер көрсетілетін нәрсенің бәріне толық назар аудармауы мүмкін.
3. Детализация
Жұмыстың бүге-шігесін блогерге түсіндірудің қажеті жоқ. Жұмыстың механизмін түсіндіру жеткілікті және блогерге керегі визуал көрініс. Яғни, жалықтырып алмауға тырысу керек. Тек нақты жазылып, айтылуы керек нәрселерді көрсеткен дұрыс. Және кей фишкаларға блогердің өзін назар аудартуға тырысқан жөн. Кейін осы фишкалар арқылы жақсы жарнама жасалады. Ал қатты детализация арқылы блогер ештеңе түсінбей қалуы да мүмкін.
Әрі қарай

Футбол: Менің көзіммен

«Футбол-өмір!» Иә, бұл сөзбен бір топ келіссе, келесі топтың келіспеуі әбден мүмкін. Себебі, футбол десе ішкен асын жерге қойып, оны, футболды өмір санайтындар бар да, футболды, былайша айтқанда, «қақпайтындар» болады. Мен екі топқа да жатпаймын ;) футболға деген қызығушылық енді оянып келе жатыр.
Кеше Астана қаласы «Қажымұқан» атындағы орталық стадионында«Астана-64» командасы Шымкенттік «Қыранды» қабылдады. Әу баста «Қыранның» келетінін естігенде«Астана Аренада» болады-ау деп ойлаған едім. Өкінішке орай, далада қар аралас жаңбыр жауып тұрғанда ашық алаңда өтті. Фотоаппаратымды арқалап мен де, дәлірек айтқанда біз де бардық. Әрине, "Қыранға" жанкүйерміз!
Керек тілші: Футбол: Менің  көзіммен
Ойын "Қыранның" шабуылынан басталды
Керек тілші: Футбол: Менің  көзіммен
Ойынның аты-ойын! Олар ешқандай кедергіге қарамайды. Тек жеңіс үшін, жанкүйерлері үшін ойнайды!
Керек тілші: Футбол: Менің  көзіммен
Ал "Қыранның" мұндай плакат ұстаған жанкүйерлері болмаса да, әр жерде бір «Давай, Мурат, Мура!» деп айқайлап жүрген жанкүйерлері жетерлік еді ;)
Керек тілші: Футбол: Менің  көзіммен
Керек тілші: Футбол: Менің  көзіммен
Мен жанкүйерлер жақта жүрсем «Гооол!» деген дауыс шықты. Артыма жалт бұрылып қарап, мынандай қуанышты сәтке куә болдым:)
Керек тілші: Футбол: Менің  көзіммен
9-нөмерлі Мұрт Өнал есеп ашты. Есеп: 0:1
Арада 8 минут өткен соң«Астана-64» командасның ойыншысы Павел Пурышкин есепті теңестірді. Астаналық жанкүйерлер бір-бірін құшақтап, құттықтап жатты. Бұл қуаныштарының ұзаққа созылмайтынын қайдан білсін?! ;)

Керек тілші: Футбол: Менің  көзіммен

"Қыранның" сапындағы Голландиялық Мұрат Өнал қарсыластар қақпасына бірінші таймның соңғы секунттарына кезекті голын салып, команданы тағы да бір қуантты.
Керек тілші: Футбол: Менің  көзіммен
Сонымен, бірінші тайм аяқталды. Жалпы, футбол көруге бірінші рет келуім емес. Неге екенін білмеймін, естелік ретінде бір де бір ойында фотоға түспеппін. Есесіне осы жолы аямай футболистерді түсіріп алдым. Футбол түсінгенге ойыншық емесіне тағы да көзім жетті.
Керек тілші: Футбол: Менің  көзіммен

Керек тілші: Футбол: Менің  көзіммен

Керек тілші: Футбол: Менің  көзіммен

Айтпақшы, бұл ойында бас төреші Қостанайлық Анатолий Вишниченко болды
Керек тілші: Футбол: Менің  көзіммен

Постымның басында айтқанымдай, дала боран болып тұрды. Ойынға жарты сағат қалған кезде Астаналық жанкүйерлер газонды қардан тазалағанымен, газон ойынның бірінші таймында-ақ қар-қар болып кетті.
Керек тілші: Футбол: Менің  көзіммен

Табиғат құблысына бұйрық беріп, оны басқара алмайсың ғой. Мұндай келеңсіз жағдайлар футболистерге кедергі болмайтындығын "Қыран" командасының ойыншысы Санат Жумаханов дәлелдеді. Ойынның 2-таймында "Қыранға" 3-голды сыйлаған Санаттың тағы да пенальтиден гол салуға мүмкіндігі бар еді. Бірақ Санат оны дұрыс пайдалана алмады. Есеп 1:3. "Қыран" қырып кетті! Ал жанкүйерлер болса көңілді нотада үйді-үйіне тарқасты :)
Керек тілші: Футбол: Менің  көзіммен

P.S. Кешегі ойыннан кейін Шымкенттік "Қыран" командасы турнир кестесінде 2-орынға жайғасып, премьер-лигаға берілетін соңғы жолдамаға таласатын командалар қатарына қосылды. Енді келесі ойын 16-қарашада өтеді. Сәттілік саған, "Қыран!"

Әрі қарай