О.Генри Сиқырлы бөлкелер

Мисс Мартаның кішкене ғана нан сататын дүңгіршегі бар еді. Байлығы асып тасып жатпаса да, оны кедей деп ешкім айта алмас. Мисс Марта банкте сақтаған екі жүз доллар ақшасы, аузындағы отыз екі тістің арасында екі протезі, және ерекше қайырымды жүрегі бар қырық жастағы сүр бойдақ әйел. Алайда көңіл түкпірінде «күндердің күнінде тұрмыс құрам ау» деген үміт шамы әлсіз ғана жанып тұрған еді.
Әрі қарай

Кездейсоқ табылған 10 өнертабыс

Блог - Daniar-Alan: Кездейсоқ табылған 10 өнертабыс

1. Супержелім

1942 жылы америкалық физик доктор Гарри Кувер портативтік қарудан оптикалық көздеуіштің мөлдір пластигін айыру үшін ғылыми тәжірибелер жүргізіп отырған. Эксперимент барысында тест материалдарын бекіту үшін цианокрилатты пайдаланған. Тек 6-жылдан соң ғана жылуды да, қысымды да талап етпейтін цианокрилаттың мүмкіндігін ұғынды. Супержелім осылай дүниеге келді.
Әрі қарай

Домбыра патиден естелік

Еліміздің түкпір-түкпірінде өткен домбыра-патиді Ақтауда аяқтадық. Сол Ақтауда өткен жаз бойғы домбыра-патиден естеліктер қарай отырыңыздар. Каспий теңізінің жағасы, самал жел, ашық аспан астындағы домбырашылар мен өнер сүйер халық. Тамаша көрініс, тамаша ән-күй…

Қайрат Нұртас: "Әрдайым осында махаббатпен айналысқым келеді де тұрады"

Оcылай екен...: Қайрат Нұртас: Әрдайым осында махаббатпен айналысқым келеді де тұрады

ҚАЙРАТ НҰРТАС


Әнші 24 жаста, Алматы

Алматы түні, Арман, Ауырмайды жүрек, Бара алмадым, Эх, қарындас, Жалғыз сен, Өмір өмір, Өкініш, Қызыл гүлім-ай, Сұранамын, Мейлі атты әндерінің сарынымен жазылып алынған.

Күндерім — мұңға толы. Әйтсе де, әйтеуір бір барлығы да өтеді, мен де бұл күндерді ұмытамын.

Менің бір арманым бар. Сол арман мені жолдан адастырды. Енді оған жете алмайтынымды білемін.
Әрі қарай

Түн, қол және зырылдақ

Түн. Қап-қараңғы тас түнек. Ыстық, шұлық пен шарап сасыған бөлме.
Бір кезде… бір кезде қол көрінді. Қол. Жүні мен адырайған тамырларына қарағанда еркектің қолы. Баяу қозғалып кеңістіктен тірек іздеген қол.
Шалбар кигізілген аяққа тиген қол. Сипады.
Әрі қарай

Адам санасын "илеу" әдістері

(Жалғасы. Басы мұнда)

Сана мен сезім: Адам санасын илеу әдістері

НаЁбін тапса, адамдар бірінің миын бірі еш ескертусіз арттан айдап отыруды сөлекет көрмеген.
Бұл бөлімде біз маңдайына бір қой лох болу жазылған адамдардың сорлы күйіне келіспеген Джордж Саймон, Брейкер ханым деген пақырларыңыздың келтірген адам санасын бағындыру әдістеріне арнайы тоқталсақ дейміз.

Бұл әдістерді тек отбасы-ошақ қасы кеңес бергіштер емес, сырласып тұрып сабынын сатып кететін Әріплеймшілерден бастап, мұңдасып отырып мобилаңды қағып кекететін метла тілді мәмбеттерге дейін қолданады. Кейбірін тіпті өзіңіз қолдануыңыз мүмкін. Қызық па? Ендеше қысылмай қолыңызға анау тұрған 80 ваттық шырақты алып, әрі қарай оқыңыз — адам санасының қараңғы жертөлесіне бірге үңілейік!

Әрі қарай

Шексіздіктемін

Блог - Sebastian: Шексіздіктемін

Шексіздіктемін. Ойларымның тұңғиығында арпалысудамын бәрімен. Түстім шексіздікке. Шықпаймын. Шығарма. Қазіргі күйім осы. Ұнайды. Түсінуге тырыспа. Жәй ғана қабылда. Шығамын. Ораламын бір күні. Жақсымын қазір. Еркінмін.

(төмендегі өлең менікі емес, аударған түрім)

Аузымда темекінің таза дәмі қалғанын қалар едім
Көзқарасың мен үшін өте қымбат
Сенің түсің де маңызды маған
Көргім келген нәрсені көрген кезімде өліп кетермін
Ән салар ешкім болмай қалады-ау
Үлгермей қалам ба деп қорқамын
Бір нәрселерге үлгеру үшін
Әрі қарай

Баян таудың басында...

Есағама, Есен братқа, Есен Елеукенге рақымет айтқым келеді:
— Тау басында бір батыр,
Жайбарақат жатқан ба?!
Түстік жерден қас жауы,
Көздеп тұрып атқанда ,- деген өлеңді мен тым бала кезімде оқығам. Бұл Абылай бастаған қазақ жасағының жас жауынгері Жасыбай батырдың өліміне қарата айтылған жыр. "… Содан кейін батыр жерленген тау да Жасыбай тауы аталды, тау етегіндегі көл де Жасыбай көлі аталды" деген жолдар есімде-тін. Сол өлке табан тіреймін, бара қалам деген ой болмапты басымда. Ғайыптан хабар келді, Есағама хабарластым, «жүр» деді, мың болғыр. Сөйтіп, Баянауылды да көрдік.
Әрі қарай

Қазақ тойдан қашқан ба?

Жас отбасылар отау құру тойына қанша ақша шашады екен? Осыны білуге қатты құмартқан «Хоум Кредит» тобы(Группа «Хоум Кредит») 7 елде өз зерттеулерін жүргізіпті. 7 ел деп отырғанымыз сол: Ресей, Белоруссия, Чехия, Словакия, Қытай, Вьетнам және өзіміздің ҚАЗАҚ елі. Сонымен, зерттеулер не дейді екен, нені анықтапты, солар жайлы айтайық:
Әрі қарай