"Ей, мүммін(дер???)!"

«Лібә, Бруноны асығыс өртевжіверген сияқтысыңдар...» © Папа Климент Сегізіншінің мамасы


<hide>мәтін</hide>
Кешегі кездесу өнерпаздардың көптігімен ерекшеленді. Ең басты қонағымыз Жанғали Жүзбаев ағамыз. Аза таныстыруын келістіріп-ақ жазды ғой. Алғашқы адым сол кісінікі деп шештік. Ағай Тәттімбеттің «Саржайлауын», Сүгірдің «Шалқымасын» орындап берді. Ақсақалмен бірге «Шабыт» университетінен жас домбырашылар ере келген екен. Олар да төкпе күйдің шырайын келтірді. Әрине әттең-ай бар осы тұста. Алқа-қотан иірілген жұрт күйдің дауысын қалағандай ести алмаған сияқты. Сондықтан, келесіде, күйшілерге кішкене колонкалар қою жағын ойластырып көру керек. 
Біз жалпы есімді жалқы есімге айналдыруға құмармыз. Көп нәрсені өзімізге жақын заттың атымен атаймыз. Мысалы: Жергөкті(подгузник) — «Памперс» дейміз. Шоколад десе — «сникерс», ыдыс жуатын сұйықтықтың бәрін бірдей «Фэйри» деп атаймыз. «Ксерокс» — көшіру құрылғысының бір маркасы. «Газель» — барлық шағын автобусқа қатысты. Солай солай кете береді. 
