Кездейсоқ табылған 10 өнертабыс
1. Супержелім
1942 жылы америкалық физик доктор Гарри Кувер портативтік қарудан оптикалық көздеуіштің мөлдір пластигін айыру үшін ғылыми тәжірибелер жүргізіп отырған. Эксперимент барысында тест материалдарын бекіту үшін цианокрилатты пайдаланған. Тек 6-жылдан соң ғана жылуды да, қысымды да талап етпейтін цианокрилаттың мүмкіндігін ұғынды. Супержелім осылай дүниеге келді.
Қызық факт: Вьетнам соғысы кезінде ашық жараларды, қан кетуді тоқтату үшін супержелім пайдаланылған. Осылай бұл өнертабыс көптеген адам өмірін сақтап қалды.
2. Стикер
Америкалық физик Спенсер Сильвер клейді ойлап тапты, ал стикерлердің өзін Артур Фрай жасады. 1968 жылы Сильвер жапсырылған жерінен қағазды жыртпай ала-алатын клей ойлап табу мақсатында жұмыс жасады. Жоспар бойынша клей бірнеше рет қолдана алатын болуы шарт еді. Алайда Сильвер жұмыс істейтін компанияда бұл идеяны ешкім қолдамады. Артур Фрай клейді майда қағаздарға жағып, бірнеше рет пайдалануға болатын стикер ретінде пайдалануды ұсынған соң ғана идея танымалдылыққа ие болды.
3. Бүркімелі принтер
Canon компаниясының инженері ыстық паяльникті кездейсоқ бояу жанына қоя салған. Бояу еріген кезде бүркімелі принтер идеясы дүниеге келген.
4. Динамит
Динамитті Альфред Нобель ойлап тапты. Кездейсоқ жарылыстарды болдырмау мақсатында нитроглицеринмен жасалып жатқан тәжірибе үстінде сұйықтық ағаш жарықшақтары шашылып жатқан еден үстіне құлайды да, жарылмай қалады. Нобель формуланы кремниймен араластыру арқылы жетілдіріп динамитті ойлап табады.
5. Вазелин
1859 жылы ағылшын химигі Роберт Чезбро мұнай өңдеуші зауыт қызметкерлері мұнай насостарында жиналып қалатын «парафин» атты затқа шағымданып жүретінін байқайды. Чезбро сынаманы алып эксперементтер жасауға кіріседі. Эксперемент барысында қоймалжың мұнай қалдығы жарақаттарды жаза алатынын көреді. Химик оған «вазелин» (нем. » Wasser»- су және грек. «Elaion»- май) деген ат таңады.
Қызық факт: Автордың өзі вазелиннің кереметтілігіне сенгені соншалық, күнде таңертең бір қасық көлемінде таңғы асының алдында ішіп отырған. Чезбро 96 жасында қайтыс болды.
6. Виагра
Виагра алғашында стенокардияны емдеу дәрісі ретінде таныстырылған. Бірақ, шығарушы фармацевтикалық компания дәрінің кері әсерлерін зерттегенде оның давлениені түсірмей эрекцияны көтеретінін байқайды. 1998 жылдан бастап дәрі кең қолданысқа түседі.
7. Тот баспайтын құрыш
Ағылшын металлургі Гарри Бреарли қару жасау үшін тот баспайтын құрыш ойлап табуды ойлайды. Ол 12.8% хром мен 0.24 % көміртекті қосқанда нәтижеге қол жеткізеді. Өнертапқыш кейіннен бұл өнертабыстың күмістен жасалған ас-үй аспаптарына пайдалануға болатынын түсінді.
8. ЛСД
ЛСД — швейцарлық ғалым Альберт Хофманның өнертабысы. Бастапқы ой бойынша жүкті әйелдердің ауыруын бәсеңсіту үшін пайдаланбақшы болған, бірақ, ойлап тапқан соң жарамдылығына күмәні болып бір шетке қоя салған. 1943 жылы қолғапсыз тәжірибе жасап отырып, кездейсоқ үлкен көлемді дозаны қабылдап қоюы бұл өнертабысқа деген көзқарасын өзгертті.
9. Шәй пакеті
Нью-йорктың магазиндерінің бірінің сатушысы Томас Салливан шәйді жібек қапшықтарда сату әлдеқайда ыңғайлы болады деп ойлайды. Солай жасайды да. Нәтижесінде шәй сатылымы әлдеқайда көбейеді. Сатып алушылар дұрыс түсінбей шәйді қапшығымен салған көрінеді, ал нәтижесі ұнап қалады.
10. Микротолқынды пеш
1946 жылы инженер Перси Спенсер микротолқынды радиациялық сәуле шығаратын магнетронды тесттен өткізіп отырады. Тест кезінде қалтасындағы шоколад еріп кетеді. Магнетрон әсерінен екенін түсінген Спенсер тестті жалғастырады. Бұл жолы попкорн дәнін қояды. Попкорнды алған соң, жұмыртқа пісіріп көрмекші болады. Бірақ соңғы әрекеті сәтсіз аяқталады. Жұмыртқа жарылып кетеді. Бұл эксперементтер оны шабыттандырып, бір жылдан соң дүниеге микротолқынды пеш келеді.
13 пікір