КерекИнфо - Халықтың сүйіктісі!

Блог - asaubota: КерекИнфо - Халықтың сүйіктісі!

Қазақстан Блогерлер Ассоциациясының президенті Ғалым Байтоқтың ұйымдастыруымен биыл 5-рет өткен «Халықтың сүйіктісі» байқауында Kerekinfo.kz сайтымыз "Үздік сайт" номинациясын жеңіп алды. Финалға қалған 4 сайтқа оқырмандардың берген дауысы бойынша үздік деп танылды.

Бұл біздің бәріміздің жеңісіміз. Жеңіс құтты болсын, керекинфолықтар!
Әрі қарай

Мен кіммін?

Блог - DinaAbdigalieva: Мен кіммін?
Армысыздар, құрметті жақсылар! Негізі неден бастарымды да білмей тұрмын. Айтар ой көп, бірақ танымайтын елде көп. Олай да былай ойлана келе алғашқы жазбамда өзімді таныстыруға бел будым. Ендеше кеттік! Мен кіммін? Мен — пендемін! Мен — Нұралықпын! Отыз сегіздің жартысынан ассам да анамның еркесімін! Қиялимын, ойға көп шомыламын. Неше түрлі армандарды ойлап, «эхх, өмірім осындай болғанда ғой» деген кездерім де баршылық. Бір қызығы ешқашан ешкімге толық ашыла алмайды екенмін. Тұйық емеспін, сақпын! Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіндегі филология факультетінің ІІ курс студентімін. Болашақ мамандығым — Журналист! Руым — Нұрбай. Негізі Орталық Қазақстанда руға аса қатты бөлінбейді. (Мына қыз руға бөлінеді деген ойлардан аулақ болыңыздар) Көбіне адамдардың әп-әдемі сылдыр суынан, істеген істерін бағалаймын. Қазір адамды «Киіміне қарап қарсы алып, ақылына қарай шығарып салатын» заман. Сол себепті өзгелерден еш айырмашылығым жоқ, бірақ өзгелердің барлығы Абдигалиева Дина Даулетқызы еместігін ескерейік.
Блог - DinaAbdigalieva: Мен кіммін?
Бір өкініштісі көптеген мадақтама қағаздарымда есімімді не «ДИАНА», не «ДИНАРА» деп жазады. Сондағысы бар жоғы төрт әріпті ешкім елемейді. Бірақ көпшілігі "Қара қыз" деуді жөн көреді. Ал, енді еске сақтайық!
Дина:
1) ежелгі еврей тілінен аударғанда «сот»
2) Араб тілінен аударғанда «дін, сенім, алтын тиын» деген мағынаны білдіреді.
Жазарым көп. Осымен тәмәмдаймын. Уақыты келгенде бір-бірімізді жақын танитын болармыз. Істеріңіз сәтті, күндеріңіз ойдағыдай өтсін. Бәрі «happy end» болсын!

Қыңыр қария

Блог - ademi_alem: Қыңыр қария

Австралияның шағын қалашығында орналасқан қарттар үйіндегі осы қария өмірден өткен кезде бәрі „Ол өзінің өмір жолында із қалдыра алмады„ деп ойлаған еді. Медбикелер оның бөлмесіндегі заттарды жинастырған кезде қария жазған өлең жолдарын тауып алған.
Әрі қарай

Көңілдестерім. Әріптесім Аслан

Кезекті біреуін баяндап берейін. Бірнеше жыл бұрынғы оқиға еді. Сол кездегі бастығым Жәрмен алыс ауданға іссапарға жіберді. Жаныма өзі ерсе, шалды тағы біраз әурелесем бе деген ойым да болып еді. Алайда, немересінің шілдеханасынан босамайтынын айтып,
Әрі қарай

Сары түстің "аутизммен" ауыратын адамдарға әсері бар ма?!

«Менің атым Кхан» атты болливудтың кинофильмін көрген боларсыздар. Сондағы бір сюжетте, Кхан есімді жігіт жолдан өтіп бара жатып, сары түс жанғанда немесе такси автокөліктері өткенде, жынданып, тәлтіректеп, айқайлап кететін эпизод бар…
Блог - MyrzahanUbaydaev: Сары түстің аутизммен ауыратын адамдарға әсері бар ма?!
Өзіме кезек берсем, сары түске тақырып таба алмай жүргенде осы бір ой сап ете қалды. Неге сары түстің аутист адамдарға әсерін жазбасқа? Жоғарыда айтылған киноны көргенде, мен де «сары түс аутисттерді қоздыратын түс екен» деген пікірде қалған болатынмын. Ал, ендеше, шындығына көз жеткізейік…
Интернет жалпы жақсы нәрсе ғой, үйден шықпай көп іс тындыруға болады. Сол секілді мен де deti-indigo74.ru/ сайтына сұрақ қою арқылы материал таптым. Сұрақ мынадай(орысша жаздым): Посмотрел фильм «Меня зовут Кхан», фильм про одного аутиста, там есть такой момент, что он не любит жёлтый цвет. Почему именно жёлтый? Или они просто могут не любить какой-то определённый цвет?
Блог - MyrzahanUbaydaev: Сары түстің аутизммен ауыратын адамдарға әсері бар ма?!

Мағынасы түсінікті болар, қазақшаға аудармадым.
Көп күтпей-ақ жауап та келді. Негізі жауап қысқаша болды. Тағы бір екі сұрақ қою арқылы қанағаттанарлық жауап алдым. Айта кетерлік, сұраққа белгілі маман-психолог, аутизммен ауыратын балалармен 10 жылдай жұмыс жасап келе жатқан кісі жауап берген болатын. Сондықтан, «ешқандай пікірталас тумас» деген ойдамын. Жауап ,әрине, орыс тілінде келді, мағынасы сай аударуға тырысып бақтым.
Шыдамдарыңызға тимей жауабын жазайын: "Аутизм — бұл дегенің қоғаммен, адамдармен қарым-қатынастан қорқудан туатын салдар. «Адам тек өзімен шектеліп қалады» деп те айтуға болады. Барлық аутисттерде тағамға, түске, дыбысқа өзіндік әуесшілдіктері немесе антипатиялары(ұнатпаушылық) бар. Бұлар жеке индивидтік жағдайлар. Барлығында бірдей аты аталмыш қасиеттер байқалмайды. Мен сізге бір аутист бала туралы айтып берейін. Ол сары түсті өте жақсы көреді. Алғашында, сары түсті бояуларды тамақ ретінде жеп қоятын. Кейіннен оған «бояу» жеу үшін емес, сурет салу үшін арналғанын түсіндірдік. Ал сары түске анық антипатия болғанын жолықтырмаппын.
Блог - MyrzahanUbaydaev: Сары түстің аутизммен ауыратын адамдарға әсері бар ма?!
«Сары түс» туралы «аңыз» өтірік болып шықты.
Аутисттердің кейбірінде, белгілі бір затқа қатты жек көрініштілік болу қасиеті бар екенін ескерттік. Мысалы, бір аутист киімнің түймелерін жақтырмайды екен, біреу ойыншықтарды ұнатпайды, ал енді біреуі сандарды көрсе қашады екен. Демек, ол кез-келген зат, құбылыс болуы мүмкін. «Сары түс» де болу мүмкін деп ойларсыздар, ия, әрине, бұл таңдауды да қаперден алып тастай алмаймыз. Алайда, тақырыпта айтқандай, «барлық аутизммен ауыратындар сары түсті көрсе қашады екен» деген пікірде қалу — теріс пікір екен.
Әрі қарай

15 жыл бойы өткен тендер ақыры аяқталды!

Солай, уа, жама'ат! Ұзақтығы жөнінен анау-мынау ИП «Бердімұратова Гүлсина Қасымқызының» діңкесін құртатын, есі дұрыс ахуйн арқасы қозып кетіп, дастан жазуы тиіс бұл — титандар шайқасы, бұл — бітпестей көрінген хай-тек жәрмеңкесі, бұл — кезінде жауын көзіне тура қарап тұрып өлтірген қатал генералдардың өзінің жігерін құм қылған аңыз, жоқ — сага — ақыры аяқталды!
Әрі қарай

Әмеңгерлік

«Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» дегенді біз бүгін шығарған жоқпыз. Керегін алып, керегі жоғын өмір сүру салтымызға орай тарих қойнауына қалдырып кете береміз. Дегенмен, кейінгі жылдары ұмытыла бастаған дәстүрлеріміздің біразының қайта жанданғаны рас. Оның барлығына шолу жасау бір жазба аясында мүмкін емес шығар. Сондықтан да мен «Әмеңгерлік» жайлы айтсам ба деп отырмын.
Бұл дәстүр жаугершілік замандарда қазақтар арасында кеңінен жайылған. Жесір қалған әйелді сол әулеттің бір еркек кіндігі алып отырған. Жас айырмашылығы қатты алшақ болмаса марқұмның інісі алған, болмаса «Бауырымның балаларын басқаға жәутеңдетпеймін» деп қайнағасы қатын үстіне алған кездер де болған. Үйреншікті жайт еді бұның бәрі. Келіндерін қыздарындай ұзатқан оқиғалар да болған.Бұндай кездерде балалар өз әулетінде қалып отырған.
Қазір осы дәстүр бар ма? Ел арасында бірен-саран уақиғалар кездесіп жатады. Бірақ, жиі ұшырасамыз дей алмаймын. Бізге керегін немесе керек еместігін әр кім өзі текшелеп алсын. Мен, «Әмеңгерлік» салтына жанама түрде қалай куә болғанымды баяндап берейін.
Әрі қарай

Қайталанбас махаббат хикаясы

Блог - AidaMuntiyeva: Қайталанбас махаббат хикаясы
Осыдан жеті жыл бұрын… Маусым айының он жетісі. Жайма шуақ күннің елесі де көрінбейді. Аспан қара-сұр түске боялып, жаңбыр тоқтамастан нөсерлетіп, құйып жатыр. Мен бар жоғы тоғыз жаста едім. Біздің үйіміздің дәл жанында орналасқан 304-ші пәтердің арғы жағындағы ащы зар қатты әсер еткен болуы керек, әлі күнге дейін есімнен кетер емес. Бұл уйде ұзын бойлы, қолы ашық, жүрегі таза еркек, иманды, өзгелерге тек жақсылық ойлайтын, күннің сәулесіндей шуағын шашып жүретін қамқор әрі мейірімді әйел, тәрбиелі, үріп ауызға салғандай сұлу, ақылы көркіне сай қыздары- Айманмен үшеуі тұрушы еді. Міне, бүгін ошақтың ұйытқысы болып отырған – аяулы жар, қамқор ана о дүниеге аттанды.
Содан бері үш жыл өтті… Айман екеуміздің арамыз жеті жас болса да құрбы едік. Қазір оның көзінен бұрыңғыдай ұшқынды, бойынан бұрыңғыдай сенімділікті байқай алмайсың. Анасының қазасынан кейін ашылып та сөйлемейді, үйінен де көп шықпайды. Жер басып жүруінің бір-ақ себебі бар. Ол — әкесі. Айманның орнына өзімді қойып көргем, сондықтан оның не ойлап, не сезетіндігін жақсы білем. Десе де, жас қыздың күннен күнге шынайы өмірден алшақтап бара жатқандығын көру, жаныма ауыр тиуші еді.

Міне, бүгін екінші күн Айманның өмірге деген құлшынысы артқандай, күлімсіреп әндетіп жүр. Бұны көргенімде, барлық жаманшылықтың артта қалғандығын, енді Айман үшін жаңа өмір басталатындығын сезгендей болдым. Бірақ Айманды өмірге қайта алып келген не нәрсе болды екен? Ұзақ ойланып, бойжетіп тұрған шағы ғой, бәлкім махаббат болар деп түйдім. Жақын барып, өзінен сұрап едім, айтқаным дәл келіпті – махаббат екен. Тек… Сүйген кісісі жәй адам емес, танымал әнші болып шықты. Мен бұл- махаббат емес, фанатизм екендігін анық байқаған едім. Бірақ ол кезде Айман олай ойламайтын, ақымақ қызша күндердің бір күнінде ғашығына қосылатындығына риясыз сенуші еді. Мен үшін Айманның бұның бәрі бос қиял, арман екендігін түсінгендегі, жүрегінің екінші рет жаралануын қалай қабылдайтығын елестетудің өзі қорқынышты еді. Оған түсіндіргім-ақ келді, бірақ аз уақыт ішінде басынан өткеретін тамаша сезімдерді одан тартып алуға дәтім бармады.

“Аз уақыт”- мен ойлағандай аз болмады, екі жылға созылды. Осы екі жылдың ішінде ол жігіт Айманның жанының бір бөлшегіне айналды, суреті бөлмеде, керек десеңіз стақанының сыртында, көпшік пен көрпесінің тысында тұрды. Айман оның қатысқан концерттерін, түрлі ток-шоуларын, БАҚ өкілдеріне берген сұхбаттарын үзбей қадағалап отырушы еді. Жанкүйерлерге арнап өткізген кездесулерінен мүлде қалмайтын. Бір қызығы, әлгі әншінің оны мүлде танымайтындығын біле тұра, өзін әлемдегі ең бақытты адамдай сезінетін.

Бір күні Айманның әкесі жүрегі ауырып, науқастанып қалады. Айман жаны қысылып менің қасыма келіп “осы күнге дейін ертегі кейіпкеріне сенген жас қыздай, ақымақ болып келген екенмін. Қара басымның ғана қамын ойлап, әкем туралы мүлде ұмытып кетіппін. Әкем де о дүниеге аттанса, өз-өзімді кешірмеспін! Одан да жұмыс тауып, өмірімді қалпына келтірейін,-” деп еңкілдеп отырып, жылайды. Ең алдымен арманына айналған, қияли кейіпкермен қош айтысу керектігін өзі жақсы түсінетін. Бірақ бұнысынан түкте шықпайтындығын біліп, танымал әншінің жанкүйерлермен кездесуіне соңғы рет келеді. Кездесу біткеннен кейін, жанкүйерлер әншімен суретке түсіп, қолтаңбасын кезекпен алып жатады. Кезек Айманға да келіп жетеді. Қыз жігіттің көзіне ұзақ, телміре қарайды. Жігіт болса:
-Сізге не керек? Суретке түсеміз бе? Әлде қолтаңба берейін бе?-дейді
-Жоқ, ешқайсысы да керек емес. Тек жай ғана менің көзіме қарап, “Мен сені мүлде танымаймын? Сенің кім екеніңді, тіпті сен туралы еш нәрсе білмеймін! Сені сүюім мүлдем мүмкін емес деші !”-өтінемін деп, жасқа толы көзімен жалына қарайды. (Айман дәл осы жолмен ғана, жиіркеніш сезімін оятып, одан бас тарта алатындығына сенімді еді.) Жігіт:
-Мен сені сүйем,-дейді де, қыздың қолындағы қағазды алады. Айман алғашында, есі ауысқан адамдай, өз құлағына өзі сенбей бір орнында тұрып қалады. Есін жиған уақытта, одан бетер қиналып, ойы сансаққа жүгіріп, көз жасын көл қылады. Үйіне келіп, жігіттің беріп жіберген қағазын қараса, телефон нөмірі тұр екен… Бүгінде, екеуі бақытты отбасын құрды. Айманның әкесі болса, дертінен құлан таза айығып, немерелерінің қызығына тоймай, шалқып ғұмыр кешуде.

Өмір –алып ойын алаңы. Бізді қай жерде және қандай тосын сый күтіп тұрғандығы сізге де, маған да беймәлім! Бастысы, жеңіске жетудің екі алтын қағидасын есіңізден шығармаңыз. Оның бірі- ережемен ойнау жане сол ереже курастырушысы болу, екіншісі- ешқашан берілмеу.
Әрі қарай

Жайылған шаштың маңында періште жүрмейді

Таяуда үйде бір затымды ұмытып, асығыс орта жолдан қайтып келсем үйде ағам отыр… "Үй, анау не шашыңды жайып алғансың?" — деді. Жіберіп деп қолданатын маған жайып дегені ерсі естілді… Таңырқай карадым да, шығып кеттім… Келесі жолы мені көріп: "- шашыңды жаймашы", — деді… "-Көбісі жүреді ғой" — дедім, не айтарымды білми… Сосын, ол мынандай аңгіме айтып берді:
«Баяғыда Пайғамбарымыз өзінің Пайғамбар болатынын білми тұрған кезде, өзінің соңынан үнемі ақ елес сияқты нәрсе еріп жүреді екен… Ол одан қоркып, не екенін түсінби қойыпты… Содан әйеліне келіп жағдайды айтқанда, әйелі: сен сол тағы келсе мені шақыра ғой, сол кезде мен шашымды жайып жіберемін, егер ол қашып кетсе — Періште, қашпаса — шайтан, — депті… Содан ертесінде дәл солай істеген кезде, әлгі ақ елес қашып кетіпті… Шашты көрсетпей, орамал тағып жүру керек», — деп аяқтады…
Маған ағамның бұл әңгімесі кәдімгідей ой салып қойды… Өзімнен өзім тітіркендім… Жасыратыны жоқ, шашты жібере салып жүре беру соңғы жылы әдетке айналған… Бұрын үнемі өріліп жүретін, қазір тіптен оны ұмытыппын… Енді үнемі болмаса да, жиі шашымды жинап жүруге тырысамын, үйренгенше… Расында, бұрын шашын жіберіп қойса «шайтан құсамай, албасты» деген жағымсыз теңеулерді айтатынбыз..Блог - KerimAyankyzy: Жайылған шаштың маңында періште жүрмейді
Әрі қарай