Математика неге қиынға соғады

Блог - bake: Математика неге қиынға соғады
Әл-Фараби біздің жыл санауымыздың 870-950 жылдары шамасында өмір сүріпті. Оның қаламынан шыққан деп саналатын математикалық трактаттарын орыс тіліндегі аудармаларды оқи отырып, яғни 1000 жыл бұрын жазылған ойдың заманауи екенін мойындап таң қаласың. Жазбаларды оқығанда Әл-Фараби оны жаңалық ретінде жазып отырған жоқ. Ол заманда космосқа ұшып жатқан жоқ, жер бетінде жүйткіп жүрген автокөлікте жоқ. Және де Әл-Фараби өз шығармасын болашақ біздер үшін арнап әдейілеп те жазған жоқ! Өз замандастарына арнаған. Біз ғой оның кітапқа түсірілген ойын тауып алып, оқып таң қалып отырған.
Әл-Фараби «сандар ғылымы» маңыздылығын келесідей жазған (бірінші бөлігін оқып, түсініп. Кідіріп барып екінші бөлігін оқыңыз):
«1) Санамен санауға болатын барлық дерлік денені, затты елемей тек сандарды қарастырса
2) сонда сандар барлық сезетін, сезіп көруге болмайтын денеге ортақ болады.
Осылайша сандар туралы ғылым барлық ғылымға енеді», — деп қазіргі математикаға анықтамасын берді.
Математика жетістігі, яғни есеп-қисап жүргізгенде: экономикалық, техникалық, астрономиялық, электротехникалық т. с.с, ғылым, техника саласында есептеулерді жүргізіп нәтижесін алуға мүмкіндік беретіні сөзсіз. Сонымен қатар жаңалық енгізгенде математика зерттеу құралы болған кездер де аз емес. Бұның бәрі математиканың қолданбалы тұсы.
Таза математика ше? Сандардың бір-бірімен қатынастарын зерттеп, заңдылықтарын анықтайды.
Ең әсем ғылым қазір ең қиын пән болып есептелінеді.
Әрі қарай

Эстафета .Өз ойым.

Тағы да сол жазбаларды оқып отырмын. «Эстафета» атты жазба ұнап кетті. Ұнайд, ұнамайд деген ше. Мен де кішкене өз ойымды жаза кетейін деп шештім.
Ұнайды: Анамның көңілденсе «Айгуля», ал Папамның «Айкон» дейтіні. Бешбармақ емес Асылған ет. Париж. Қазақстанда тұратын қазақтардыңң бәәріінің қазақша сөйлегені. Рафаелло. Шашлык. Шын дос. Ауылым. Қыста қарды қырт-қырт деп басқан. Сыйластық. Адам бойындағы барлық асыл қасиеттер. Қап-қара лексус. КФС. т.б көп кой енді тізе берсең. Жаңбыр жауып тұрғанда (құйып тұрғанда) терезеден тамашалау және жасыл шай лимонмен және бал қосып ішіп отырып кітап оқыған или теледидар көру. Алма.
Ұнамайды: Жасандылық.Менсінбеу. Күйеуіммен ұрысып қалған. Қас қылғанда есіме түспей отыр.
Әрі қарай

ФутболАйналасы немесе Қазақстандағы футбол фанатизмінің түрлері

Футбол қарайтындардың барлығын футбол фанаты дейді. Бірақ олардың өзі бірнеше түрге бөлінеді. Солардың негізгі 3 түрі туралы айта кеткім келеді: Кузьмич, Ультрас, Хулиган. Үшеуі де бір команданың жанкүйерлері, бірақ мақсаттары бөлектеу.

Кузьмич
Футбол, тек қана футбол!: ФутболАйналасы немесе Қазақстандағы футбол фанатизмінің түрлеріФутбол, тек қана футбол!: ФутболАйналасы немесе Қазақстандағы футбол фанатизмінің түрлері
Әлемдегі барлық стадиондарды толтырушы негізгі күш осы жігіттер. Олар команданың барлық ойындарын, футболшыларды, статистиканы т.б бәрін біледі. Бірақ трибунада қатты белсенділік танытпайды. Ойыналды және соңы 2-3 бокал сыра ішу, ойынды талқылау, мойынға шарф тағып, команда атын айқайлап жүру сияқты қасиеттер тән. Ойынды отырып қарайды. Қарсы жақ фанаттарынан агрессия байқалған кезде қашып кетулері де мүмкін. Стадионда ультрас жағы бастайтын ән, ұран, зарядтарды біледі, реті келсе қосылып отырады. Футбол олар үшін театрдың басқа түрі.

Ультрас
Футбол, тек қана футбол!: ФутболАйналасы немесе Қазақстандағы футбол фанатизмінің түрлеріФутбол, тек қана футбол!: ФутболАйналасы немесе Қазақстандағы футбол фанатизмінің түрлері
Әдетте қақпа артына жайғасатын белсенді топ. Трибуна шоу жасайды. Баннерлер, файерлер, команданы үнемі алға сүйреп отыратын ұрандар… Барлығын осы жігіттер жасайды. Өте белсенді, ұйымдасқыш топ. Команданың сырт алаңдағы ойындарына да баратын осылар. Мақсат — трибунада шоу жасау, команданың жеңісінде өз үлесі барын сезіну.

Хулиган
Футбол, тек қана футбол!: ФутболАйналасы немесе Қазақстандағы футбол фанатизмінің түрлеріФутбол, тек қана футбол!: ФутболАйналасы немесе Қазақстандағы футбол фанатизмінің түрлері
Футбол фанаттарының ең агрессив түрі. Футболдағы нәтиже маңызды емес. Футболға бармаулары да мүмкін. Мақсат қарсылас команда фанаттарын жеңу. Олармен төбелес я келісім бойынша, я «жабу» арқылы болады. Келісім бойынша 2 жақ шығатын адам санын келіседі де басқа ешкім араласпайды бұл төбелеске. Ал «жабу» қарсыластардың қай жерде екенін тауып алып, сол жерде үстеріне секіру. Бұл жерде адам саны маңызды емес. Тек ешқашан қолдан басқа құрал қолдануға болмайды.

Қазақстандағы жағдай
Футбол, тек қана футбол!: ФутболАйналасы немесе Қазақстандағы футбол фанатизмінің түрлеріФутбол, тек қана футбол!: ФутболАйналасы немесе Қазақстандағы футбол фанатизмінің түрлері
Қазақстанда «кузьмичтер» әлбетте барлық қалаларда бар. Хулиганизм әлі дами қоймаса да ультрас ішінде хулиган топтар бар немесе екеуін де бірге ұстанатын «Хультрас» деп аталатын топтар.
Қазақстанда алғаш рет 2006 жылы басталды ультрас қозғалыс. Ақтөбеден кейін Қостанай, Астана, Алматы қосыла бастады. Жаулар, достар анықталып, алғашқы төбелестер де, «жабулар» да болды. Жалпы қазіргі ультрас қозғалыстың аяқ алысы жаман емес. Тек бұрынғыдай еркіндіктен айрылды. Стадиондарда файер, түтін жағуға болмайды. Полиция да бұлармен қарым-қатынасты үйрене бастады. Бірнеше күнге отырып шыққан фанаттар да бар. ОМОН-мен де қақтығыстар болды.

Тағы бір ескертетін жай: ультрас арасында ұлтшылдық дамып барады. Бұрын бізге барлығы Ресей арқылы орысша келсе, енді қазақшалануда баннерлер де, әндер де. Барлық әлемде солай. Футбол фанаттары оңшыл ұстанымда. Яғни футболдан тыс ұлтшыл бағыттағы әрекеттерге де баруға дайын. Фанаттарды өз қаласының, елінің ең мықты патриоттары деуге болады ғой? Демек мұндай ұлтшыл ұстанымдары да заңды. Фанатизм дамыған сайын шынайы ұлтшылдық та дамиды деген сөз. Бұл біреуге жақсы, біреуге әлбетте жаман.

Бұлар кімдер?
2006-2010 жылдары өзім де осы топтың ішінде болдым. Алғашқы құрушыларынанмын десем де болады. Біздің арамызда мектеп мұғалімі де, дизайнер де, архитектор да, жеке кәсіпкер де, фирма менеджері де, банк қызметкері де, құрылысшы да, жүк түсіруші де, жұмыссыз да, бай баласы да болды. Түрлі тап, түрлі деңгейдегі адамдар. Бәрін біріктіретін футбол. Былай сыртқы өмірде оларды фанат деп ойламауың мүмкін, бірақ трибунаға келген кезде іштеріндегі жыртқыш аң сыртқа шығады, адам танымастай өзгереді. Ультрас трибунасына бір рет келген адам тағы келгісі келіп тұрады. Бір рет сырт алаңдағы ойынға барып көрген адам тағы да шыққысы келіп тұрады. Бір рет файер немесе түрлі-түсті түтіннің иісін сезген адам сол иісті аңсап тұрады. Бір рет ОМОН немесе қарсылас агрессиясын сезінген адам тағы да сол адреналинді қалап тұрады. Бұдан құтылу мүмкін емес. Иә, фанаттың да жасы өседі, ақырындап кете бастайды, орнына жастар келеді. Бірақ бәрібір ол бұдан қашып құтыла алмайды.

Егер бұл тақырып сізге қызық болса жақында шыққан ресейлік «Околофутбола» деген фильмді қарауға кеңес беремін. Фильмдегі барлық нәрсе шынайы және анық көрсетілген.


Бонустар
Бонус ретінде Қазақстандық топтардың төбелестерін қарап көріңіз:

Север (Павлодар) — 13-сектор (Ақтөбе)


Ақтөбенің Динамо Киев фанаттарын жабуы


Легион (Астана) — Ривер (Қостанай)




Легион (Астана) — Локомотив (Астана)




(әзірше осылар, кейін тағы қосамын)
Әрі қарай

"Гуманизм шыңы"

Блог - Aldeken: Гуманизм шыңы
Литвалық дизайнер Юлионас Урбонас жеңіл, ешқандай ауырсынусыз және әдемі түрде фәни өмірден бақи өмірге аттандыратын америка қырлары (американские горки) аттракционының жобасын жасап шығарыпты.
Блог - Aldeken: Гуманизм шыңы
Техникалық сипаттамалары
Ұзындығы… 7544 м
Жоғарыға шығу биіктігі… 500 м
Құлдилау биіктігі… 510 м
Көтерілу уақыты… 120 с
Құлдилау уақыты… 10 с
Ең жоғарғы жылдамдық… 100 м/с
Сақиналар саны… 7
Ең жоғарғы жүктеме… 10 g
Асқынған жүктеме уақыты… 60 с
Жолдағы уақыт… 200 с
Әрекет ету принциптері
Эвтаназиялық қырлардағы вагонетка жарты шақырымдық биіктікке баяу көтеріледі де, қарқынды түрде төмен құлдилап, кезекпен жеті сақинадан өтеді. Тартылыс күшінің есебінен қозғала отырып, адам ағзасына әсер ететін жүктемені аса қауіпті 10 g көрсеткішіне дейін жеткізеді. Америка қырларында әдетте ең жоғарғы жүктеме 4-6 g шамасында және олардың ұзақтығы бірнеше секундтан аспайды.
«Америка қырларына 24 адамды мінгізіп, олардың барлығы өлі күйінде келсе, бұл америка қырларының ең идеал түрі болар еді. Білесіз бе, мұны ұйымдастыруға болады.». ДЖОН АЛЛЕН — Әлемдегі америка қырларын шығарушы Philadelphia Toboggan Company, компаниясының бұрынғы президенті.

Сезімдер
10 g көлеміндегі жүктемені жоғарғы пилотаж фигураларын орындау барысында ұшқыштар сезінеді. Осындай аса жоғары жүктемені біршама уақыт (ал эвтаназиялық қырларда бұл уақыт толық бір минутты құрайды) басынан өткерген адам басында эйфориялық сезімде болады. Бұл ретте, еркін құлдилау барысында вагонетка жүрек арқылы өтетін вертикалды ось бойымен айналуының нәтижесінде одан кейінгі адамға әсер ететін негативті сипаттарды басатын анестезиялық әсерге бой алдырады, яғни адамның көз алдында күлгін мұнар (Эльвираның күлгін көзілдірігіне кандидат ) пайда болады, жан-жақты көруі жоғалуына байланысты тек туннельді көз көру (туннельное зрение) орын алып, адам есінен айрылады (G-LOC, аса жоғары жүктеме әсерінен есінен танып қалу), содан соң өмірмен қош айтысады.
Өлім себебі
Церебралды гипоксия — аса жоғары жүктемелер әсерінен миға оттегі бармай қалады, опшым.
Ғылыми негіз

Жобаның кеңесшісі Лондон Империялық колледжі жанындағы Кеңістіктегі бағытсыздану зертханасынан вестибулярлық аппарат қызметінің бұзылуларымен және көлікте бас айналу проблемаларымен айналысатын Майкл Грести болды.
Блог - Aldeken: Гуманизм шыңы
Статистика
Ойын-сауық парктерінің ірі операторларының бірі Six Flags жүргізген зерттеулерге сәйкес америка қырларында өлімге алып келетін жарақаттар алу мүмкіндігі 1:1 500 000 000 көрсеткішін құрайды, яғни шезлонгтардың аяқ асты жиналып қалуы мен гольфке қарағанда анағұрлым төмен. Алайда, АҚШ тұтынушы тауарлар қауіпсіздігі бойынша комиссиясының мәліметтеріне сенсек, апаттарды есепке алмағанда жылын аттракциондарда 2 адам өліп, жүзден астам адам ауруханаға түседі екен.
Қолданылуы
Дизайнердің бастапқы ойына сәйкес бұл құрылғы эвтаназия үшін және гуманды өлім жазасы үшін қолданыла алады. Автор, америка қырлары жоғарғы жүктеменің күшімен адам өлтіру үшін ең қолайлы құрылғы еместігін мойындайды, бұл ретте центрифуга бұдан тиімдірек. Алайда, америка қырлаы эстетикалық тұрғыдан жеңіп тұрғаны сөзсіз.

Дереккөз
Әрі қарай

Алғашқы сапар, алғашқы блог

Блог - Kipshakkyzy: Алғашқы сапар, алғашқы блог

Сәлем, достар. Мяя, құрсын, керекинфоға тіркеліп оқып жүргенім болмаса әлі жазба жазбаппын. Массагетке кірейін деп логин-паролімді терсем ену не кіру батырмасы жоқ. Содан амал жоқ керекинфоға келдім.Бәрін қойш, блогты қай жерінен бастау керек екенін де білмейді екенмін. Шұқылап отырып тауып алдым. Енді өткен қателіктерді толтыра жатармын алдағы уақытта.

Амандығымды біліп, барған қалам, оқу орыны туралы сұрап жатқан достарға жалпылай жаза кетуді жөн көрдім. Жиырма төрті күні таңғы төрт жарымда Алматы әуежайына жиналдық. Түркияға оқуға түскен бірнеше студенттер өзара танысып, Стамбулға дейін сапарлас болдық. Қызық, кейде өмірде не суретте көрген адамдарыңды ол кезде танымағандықтан назар аудармай, кейіннен ол екенін білгенде артынан еске түсіріп жатасың. Сондай бір кездесудің кейіпкері – Амангелді Қалыбек. Фейсбукте Садко брәтішкемен түскен суретін Нұрлан Құлымбетов жариялаған болатын. Кетераяқ болу керек, сірә. «Е, бұл ерте кетіп бара жатыр ғой, басқа бағдарламамен кеткен болу керек» деп, ішімнен топшылап қойған болатынмын. Сөйтсем, биылғы блогқұрылтайдың ұйымдастырушыларының бірі, әрі Садықтардың әйгілі дивандарына ұйықтап жүрген ортақ досымыз болып шықты.

Стамбулдағы Ататүрік әуежайында да Ержан Төлек ағамыз бен Хайрулланы кездестіріп қалдым. Барлығымыз жан-жағымызға тарап, Измирге аман-есен жеттім. Алматыдан таңда ұшқан соң, қалыңдау киініп алған едім, Стамбул да салқын екен, бұлтты. Измирге келсем, күн шыжып, аспан айналып жерге түсейін деп тұр. Еге университетінің кампусына әкеліп тастады үйлестірушілер. Жанымда әуежайда танысқан, Қырғызстаннан келген осында бакалаврда оқитын Манас деген қырғыз бауырым көмекші болып, зыр жүгіріп біраз ісімді тындырып берді. Өзімнің інімдей болып кеткен қазір. Өзбекстаннан келген бір өзбек жігіті бар екен менің мамандығым түскен. Оның түрікшесі мүлде жоқ, багажы Стамбулда қалып қойған. Мен оған көмек беріп жүрмін. Қазақстанда жүргенде қазақтар өз ішінде жалпы жерлес, рулас деп жақын тартатын болса, мұнда келгенде түркілігіңді танытып, түбі бір туыс халық деп қарайды екенсің.

Келген күні үстімде қалың жүн нымша бар. Жүктеріммен жүк болғанша үстімде ілініп жүре берсін дегем. Мұндағылардың бәрі шорты- майка киініп алған. Менің үстіме көздерін алартып қарайды. Бейне бір тундрадан келген чукчалардай болып жүрмін ғой. Бұл жақтың ыстығына, мені қоя берш, тіпті, оңтүстік Африкадан келген Алайка деген қара қыз да шыдай алмай жүр. Оның үстіне алып келген біраз киімдерім күздік болатын. Келесі жазға дейін осы жақтан ала салармын дегенмін жүк қылмай. Ол киімдер әлі ұзақ жататын сияқты чемоданның түбінде.

Измирдің ең бірінші ауарайы ұнады. Кептіріп жіберетін ыстық емес, ылғалды. Мұнда цитрустық өсімдіктер, өзгеше қылқан жапырақты ағаштар, пальма ағаштары, анар, інжір, мандарин дегендер толып жатыр. Адамдары заманауи киінеді Стамбулға қарағанда. Тіпті, қысқа шорты киінген қыздар көп екен. Бұл қалада да мысықтар жетерлік. Алматының көшесін каблукпен шайқап үйреніп қалған маған бұл жерде каблукпен жүріп береке таппайтын сияқтысың. Жері тас. Сосын бір ұнағаны – Стамбулдағыдай көзбен ішіп-жеп тұратын еркектерді байқамадым. Өзімді қауіпсіз әрі еркін сезіне аламын. Сосын Стамбулдағыдай емес, мұнда қоғамдық көліктерде ер адамдар әйел затына, жастары да үлкендеріне орын береді. Ал, кез-келген жағдайда көмек қолын созуға дайын тұратын қасиеттері – жалпы түрік халқына тән бе деп қалдым.

Еге университеті – Измирдегі бірден-бір жоғары оқу орыны. Университеттің кампусының өзі ауқымды. Кампустың арасына автобуспен қатынайсың. Мұндай кампусты мен шынымды айтсам, Стамбулдағы университеттерден байқамадым. Онда шашыраңқы орналасқан ғой. Мұнда сол кампустың ішінен шықпай-ақ, студенттік өмірді өткізетін сияқтысың. Себебі, оқу корпусы, жатақхана, аурухана, базар, супермаркет, кафе, кітапхана, бассейн, банк бәрі қалашықтың ішінде. Үйге зат салам десең де такси ұстап әуре болмайсың. Карго қызметі де дәл жаныңда. Тамақ тегін. Алдағы уақытта өзімнің блогымда егжей-тегжейін жазып отырамын ғой. Қысқасы, Стамбул, сен мені кешір. Мен Измирге ғашық болып қалған сияқтымын. ))
Әрі қарай

Ауылым - береке қонған мекенім

Қайда журсем естен кетпейсін
Көңілімде менің көктейсің
Бір жалын бар бойда сен жаққан
Жүрегімде мәңгі өшпейтін

Гүлімдей жайнап, асырсалып ойнап
Еркелеп өскен ауылым, — деп Нұрлан Өнербаев ағамыз әндеткендей туып-өскен жерің қашанда ыстық қой. Еңбек демалысын өткеріп, «комфорт аймағымен» қайта қауышып, тіршіліктің қамымен жүргенде екі ай уақыт зымырап өте шығыпты. Атамның көзі барда бір айдан артық уақыт ауылға бармау мен үшін үлкен күнә болатын. Мерекелік демалыстарды айтпағанда сенбі, жексенбі күнгі демалысты пайдаланып, Атам мен жаңа өсіп келе жатқан қарындасымның сыбағасын ала сала ауылға асығатынмын.
Әрі қарай

Алматы күні: AppleFest'13

Оңтүстік астананың биылғы туған күні ауқымды мәдени-спорттық шараларымен ерекшеленді. Негізгі қоғамдық-мәдени шаралардың бірі 15 қыркүйекте Тұңғыш Президент саябағында өтті.

Саябақты көрген адам мені қостар — оның территориясы өте үлкен. Халық парктің әр түкпірінде қатар жүріп жатқан бірнеше концерт-фестивальдарға өз қалауы бойынша ұнатқанын көре алады. Өзім көріп үлгерген шаралардан аздап фото материалдар ұсынғым келеді.

Ескерту: Фотосуреттер смартфонға түсірілгендіктен талғампаз фотосүйер қауымнан сапасы үшін кешірім сұраймын.

Біздің елдің жаңалықтары: Алматы күні: AppleFest'13
1. Мен келсем халық саябақтың алдында үйіріліп тұр екен. Биіктеу жерде сахна тұр. Сондықтан ба, бір концертпен шектелетін мейрам саябақ алдында болады деп ойлап қалыппын.
Әрі қарай

Бір әуеннің тарихы

Бір сәт елестетіңізші. Сіз XVIII-ғасырда өмір сүріп жатқан, ұлты неміс, бірақ британ королінің қол астындағы композиторсыз. Арада үш ғасыр өткенде сіздің бір туындыңыз миллиондаған адамды баурап, экстазға келтіреді дегенге сенер ме едіңіз? Георг Фридрих Гендель мұны түсінде де көрмеген шығар. Алайда, оның шығармасының даңқы Бетховен мен Моцарт армандай алмайтын деңгейге жетті. Айтып отырғаным – 1727-жылы ағылшын королі Георг ІІ-нің таққа отыру құрметіне жазылған «Задок машайық» (Zadok the Priest) антемі.
Әрі қарай