Бекболат Тілеуханның жеке сайты іске қосылды

Белгілі жырау, қоғам қайраткері Бекболат Тілеуханның жеке сайты ашылды. Сайтқа www.btleuhan.kz адресі бойынша өтуге болады.
Сайттың мақсаты – Бекболат Тілеуханды жарнамалау емес. Мақсатымыз – Алашқа үлгі болып жүрген Бекболаттай азаматтарды қалқан ете отырып биік мінберге халықтың ойын, мұң-мұқтажын жеткізу. Жеке ел болып, етек-жеңімізді жинадық дегенмен, әлі де шешімін таппаған мәселе көп. Ол кісінің Парламент Мәжілісінің депутаты болып тұрған кезінде көтерген оқулық сапасы, ұлт намысы, ұлт болашағы, тіл, руханият, ұрпақ мәселесі әлі күн тәртібінен түскен жоқ. Қала берді қара қазақты қара шаңырағына оралту мәселесі тағы бар. Тоқырап қалған қазақтың көшін жандандыру мәселесі тағысын, тағылар…
Оның үстіне жұрт арасында қайраткеріміз жайында алып-қашпа әңгімелер де көп. Ақиқаты қайсы, жаласы қайсы ешкім бас қатырып жатпайды.Бір жағынан алып-қашпа сыбыстардың рас-өтірігін Қанайұлының өз ауызынан естиік деген мақсат та жоқ емес.
Оқыңыз, зер салыңыз. Ашық сауал қойып, Алаштың азаматымен рухани байланыста болыңыз. Тілектес қана емес, үлестес, болғайсыз, Құрметті оқырман!




