Айқынның өлеңдерінің мәтіні неге айқын болмай тұр?

Жақында Кенжебек Жанәбіловтың орындауында «Адалдық өткелі » атты әнін тыңдап отырып досыма, мына әннің сөздері қандай керемет деп тамсанып айтсам, досым «білмейм ән текстіне назар аудармаймын, маған әдемі әуен болса болды» деп жауап қайтарды.Соған қарап қазіргі жастардың барлығы әннің мәтініне назар аудармайтын болған ба, не тыңдап жүргендерінен өздері де хабарсыз ба деп ойладым.Өйткені қазір қазақ эстрадасында мәтіндері сапасыз, мәнсіз әндер көбейіп кетті.Мысалға, Қазақ эстрадасының «жарық жұлдызы» Айқын Төлепбергеннің жаңа (мүмкін ескі болар, мен жақында естідім) «Сен барда » деген әнін естіген боларсыздар. Сәл бұрынырақта дәл осы әншінің «ПаҺ паһ» деген әнінің сөздері белгілі қоғам қайраткерлері мен ақындар тарапынан қатаң сыналып, басы дауға қалған болатын. Бірақ Айқын мырзаның бұл оқиғаға қатты қайғырып қапаланбаған ұқсайды. Неге десеңіз келесі әндерінің сөздеріне аса қатты мән бере қоймапты. Төменде «Сен барда» әнінің сөздеріне қараңыз





Сұлу жүзіңнен, нәр аламын мен
Мас болып калып, тәтті деміңнен
Бұйра шашыңнан айналдым еркем
Қара қасың жерге төгілген.

Алғашқы үш жолға қатты сын айтпай ақ қояйын, ұйқастыру жағынан Қалқаман Сариннің деңгейінен жер мен көктің арасындай арақашықтықта болса да әйтеуір мәні бар сияқты. Ал төртінші жол. Қара қастарың жерге төгілен. Бұл жолдарды кім жазса да сұлулық салонында қастарын жұлдыртып жатқан қыздарға қарап шабыттанып отырып жазған болу керек. Басқа анықтау таба алмадым.

Жүрегім тулап, кеудем от болды
Күйіп, жанып турып, күлі шыгып, тұт болды.
Жаным балқыды, жаным айыққандай
Саған ғашықпын айтам жасқанбай.
Жаным айыққандай, тұт болды деген сөздің мағыналарын түсінбедім. Қазақ тілінің сөздік қорында жаңа ұғымдар еніп кеткен бе?

Сен барда, батырмын
Сен барда, ақынмын
Келші, келші күлімдеші
Әніммен, тәніммен мен ғашықпын

Қайырмасына no comments

Қос жанарыңнан,қиғаш қастарың
Беліңнен қылдай, жаным балқыды
Қара шашыңа жарасып бұрымың
Қуантар көзді тәтті қылығың
Ерніңнен сүйсем кұмарым қанбас
Ақыл есімнен тандырады, мені біраз
Махаббатым да сен, жүрегім де өшпес
Ағын сумен жуса дағы кетпес.

Хмм қара шашыңа жарасып бұрымың… Шаш ол шаш, бұрым сол шашты сәндеу үлгісі. Бұрым сол шаштың өзінен жасалып отырса, ол қалай шашқа жарасуы мүмкін? Әдетте мына шаш үлгісі саған жарасады деп айтады емес пе? Шаш үлгісі адамды сұлуландырады, ажарландырады, бет пішінін өзгертеді. Белгілі бір шаш үлгісі шашқа емес адамның өзіне жарасу үшін жасалады. Сондықтан бұл жерде тал бойыңа жарасады бұрымың десе орынды болады.
Жалпы әннің мәтінін тұтастай алып қарайтын болсақ, бірінші класс оқушыларының жазған шимай шатпағы секілді.Қазір сыншыл ақындар Төреғалидің әндерінің текстіне тиісіп жүр. Бірақ бұрын айтыскер ақын болған Төрештің әндерінің сөздері, мынаған қарағанда шедевр.
Жарайды мен кәсіби критик емеспін. Сөздің жілігін шағып, майын ішкен тіл мамандары, ақын- жазушылар бұл әннің мәтінін талдап кеп жіберсе қателер шұбырып шығатыны күмәнсіз. Айқынның әндеріне мәтін жазатын кісі не шегеді екен?)))
Әрі қарай

Заманауи деген осы шығар?!

Блог - MamaAya: Заманауи деген осы шығар?!… Ой, «біздің апай!» деген-киелі ұғым еді, керемет тұлға еді, идеал еді. Түсінігім бойынша, ол кісі үнемі қара юбкасы мен ақ кофтада, шашы үнемі бұйра, көзі күліп тұратын ұйықтамайтын, демалмайтын, туалетке бармайтын, есінемейтін т. с.с тек балдарды оқытуға арналған тіршілік иесі еді мен үшін.Ренжітуге қатты қорқатынмын. Староста етіп сайлағаны мен үшін Өзімді ең ең ең деп санатқызушы еді. :j:j:j
Подробности

Жақсы дос - жан азығы

Өмірде кездесетін сан алуан қиындықтар мен қуаныштарды бірге көтеріп, ағынан жарылып, сырларын да бөлісіп отыратын жандар бір-бірімен дос бола алады. Достық ұғымына байланысты мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жетерлік. Мәселен, " Дос болсаң берік бол, досыңа серік бол ", " Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады ", " Досы көппен сыйлас, досы азбен сырлас", т.б.
Ата-бабаларымыз кезінде өзінің жан досы үшін өмірлерің қиып, қиындықтарына бірге төтеп берген. Ал, қазіргі таңда жан дос деген некен-саяқ. Көпке топырақ шашпаймын, бес саусақ бірдей емес әрине, алайда кейбір достар өзінің жолдасын қызғаныштан, көреалмаушылықтан бұрыс жолға бағыттатып отырады. Шынайы дос — қашан да бір-біріне адал, арам ойлары жоқ, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын жандарды айтуға болады. Достықтың сақтаушысы, қорғаушысы адалдық пен шынайылық деп ойлаймын.
Дос деген киелі ұғым. Дос — биікке жетелейтін, шыңға шығаратын, көкке көтеретін, қызық қуанышына ортақ, қиындықта демеу болатын жан. Нағыз достар бір-біріне сенім артатын, жақсылығын асырып, жамандығын жасыратындар. Дос табу оңай, бірақ оны сақтау қиын. Бақтағы гүлді дұрыс баптап өсірсең, әдемі, жайқалып өсіп тұрады. Солай, достықты да баптап сақтасаң ұзағынан болады. Сондықтан да достық ұғымы мәңгілік сақталсын, берік болсын десең, өзің дұрыс бағбан болуың қажет. Бұл ұғым биігінен төмендемесін десек әрбір адам дос тұрғысынан адал болғаны абзал. Сонда ғана достықтың құны жоғары болары анық. Ал, сіздер үшін қазіргі уақытта достық ұғымы базардағы бағадай арзан ба, әлде қымбат па?
Әрі қарай

Эстафета: Жыл қалай өтті?

Блог - Daniar-Alan: Эстафета: Жыл қалай өтті?

… Заты «эстафета» деп аталғанымен, өз-өзіме есеп беру секілді болып кетіпті. Дәл осындай шатпақты 2013-те де, 2014-те де жазыппын. Екеуі де тым пафосты, елден ел, жерден жер қоймай аралап, шегіртке секілді сайран салып жүргендей көрініпті :) Әлбетте, күшті, көңілді, позитивті адамдарды ғана идеал тұтып, олай болмай шықса "өй, соны қойшы",-деп қолын бір сілтей салатын қатігез қоғамда мұным да дұрыс шығар. Сол. Бүгінгі де «мұңайған боқ» болмайтын шығар деп жобалап отырмын… Көрерміз..

Блог - Daniar-Alan: Эстафета: Жыл қалай өтті?
«Inspire group»
2014 жылы қыркүйекте «Егемен Қазақстан» газетінің интернет редакциясынан белгілі бір себептерге байланысты шығып кеткенмін. Жаңа жылға дейін інімнің полиграфиясында көмектестім, блогтурларға бардық әйтеуір талғажаулық бірнәрселер табылып тұрды. Бірақ бұлай жүре беруге болмайтыны, тұрақты жұмыс керегі сезіле бастаған. Жаңа жыл алдында Едіге Алпысбай мырзаға asaubota екеуміз ұсыныс тастап, жаңа жобамен кірдік. Жақсылы жаманды Аршат 6, мен 8 ай істеп шықтық ол жерде (айтпақшы тұрақсыздығым да шығар, соңғы 4 жылда еш жерде 8 айдан аса тұрақтамаппын). Бұл мекемеге бергеннен гөрі өз басым алғаным көп болды. Келмей жатып «Атқарушы директор» деген лауазым тиді. Бұрынғы бастығым, досым, ағам, Аршат қызметкерім болып шыға келді *lol*
Адамдармен сөйлесу, ұсыныстар дайындау, проекттерді өткізу, клиентпен кездесу, дұрыс сұрақтар қою секілді көп нәрсені үйреткен жұмыс өкінішке орай күзге тақау жабылып қалды. Кризистің әсері бірден тиді. Қатты тиді.
Есесіне өз ісінің шеберлері, жақсы адамдармен, Астанадағы бизнес-элитаның біраз өкілдерімен таныс болып қалдық.

Блог - Daniar-Alan: Эстафета: Жыл қалай өтті?
«Блогқұрылтай 2015»
Ақпан ішінде бір барып кеткенмін Талдықорғанға. Сол кездегі Талдықорған қаласының әкімі, жас та іскер Ермек Алпысов мырза ұсынысты бірден қолдай кетті. Тек қана қолдап қана қойған жоқ, тіпті кей жерлерінде ұйымдастыру ісіне кірісіп, жіті қадағалап, құрылтай кезінде күні бойы жанымыздан табылды. Мұндай қарапайымдылықты кей өңірдің әкімдерінен көрмейтініміз өкінішті.
Құрылтай — жолдың ұзақтығымен, қойылымдарымен және… және негізгі шараның тым қысқа уақытта аяқталуымен есте қалды. Ааа, сосын шалдарсыз құрылтай болғандығымен :) Шалдардан бірең-сараңы ғана қара көрсеткені болмаса, қалғандары сол әлгі "қырық қадамнан" ұзай алмады *lol*
Күлеміз ау, 2-3 жылда өзіміз де сөйтетін шығармыз. Секеңдеп жүре бермейсің ғой мәңгі. Құнанбайдың айтқанындай «жайдақ судан» әдемі кете де білу керек шығар.

Блог - Daniar-Alan: Эстафета: Жыл қалай өтті?
«Блогкемп. Жазғы мектеп»
Біраз уайымдатты ей бұл шара :) Берік Уәли ағамыздың көмегі бар, Едіге Алпысбайдың демеушілігі бар, блогшылардың көмегі бар жабылып жүріп өткіздік. Бірақ, бірақ 3 жыл бойы армандаған шарамды ақыры өткізіп тындым (айтпақшы, сондай «настырныйлығым» бар. Әйтеуір, түбі істеймін дегенімді). Қатысушылардың пікірлері де тамаша болды. Ешкім ренжіп те, өкпелеп те кетпеді (деп ойлаймын өзім, ал… әлгі қыздармен билей алмай жүрген салтаңбайлар өздеріңнен көріңдер *lol*).
Шараның бітуіне 2-3 ақ сағат қалған. Ал біз бассейннің жанында жатырмыз. Ішімнен «Эх, бітіп те қалды»,-деп ойладым…
Бір күні өмір де тура осы 2 күндік шара секілді бітеді де қалады ғой ия?! Барлық эмоцияң, сол кездегі сезімдерің өз ішіңде кетеді. Суреттерге түсесің әлбетте, бірақ жансыз қағаз жеткізе ала ма оны :(

«Нұр медиа. Мұнара»
Әлгі, «Блудный сын»-ды бәріңіз білетін шығарсыздар?! Қайта айналып бардым Мұнарама күзде :) Штат емес, «на договорной основе». Бұрынғы команда жоқ. Бұрынғы энтузиазм да жоқ. 3 жыл бұрынғы кабинетте отырмын. Сол ғана.

Блог - Daniar-Alan: Эстафета: Жыл қалай өтті?
«Астана интернет форумы»
Жақында ғана өтті ғой. Несіне жаза беремін, бәріңіздің естеріңізде. Жаңа команда, жаңа күшпен кірістік. Мұндай шараларды өткізу өзіме қызық алып келмейтін болыпты. Бұрын ұйымдастырудан ләззат алатынмын. Бұл жолы олай емес. Бірақ, 2013-тегі АИФ-та біраз пайдалы нәрселер айтылған секілді. Осы биыл ғана Аққайыр Жадыра «Данияр Аланның АИФ-2013-тегі тренингінде… үйренген едік»,-деп пост жазды. Meihua себе дегенмін іштей. Биыл фотоларды қарап отырсам, колумнистердің біразы қатысқан екен :) Осы ортаға келуіне, араласуына, білім алуына себі тиген болып тұр ғой. Кім біледі, мүмкін биылғы шарадан соң да медиа өкілдерінің тағы бір ұрпағы өсіп шығар.

Жыл қуанышы: нақты нені айтарымды білмей отырмын. Күнде бір қуаныш. Мүмкін өмірдің әр күні қуаныш шығар?
Айтпақшы, магистратураны бітірдім. Сосын, Астанаға келгелі бері 5 жыл өтті. Мен «Жилстройға» енді тіркелдім. гыгыгы.


Жалпы, былай қарасам биыл да…
Ә, жәрәйді, «2014 біздің жыл» дегендей жыртылмайыншы, 2016-дан үміт көп.

Эстафетаны: MERmukhanov -қа ляхтырдым :)
Әрі қарай

ALESSIA MEMMOLA: «АСТАНАНЫҢ КЕЛБЕТІ МЕН ОЙЛАҒАННАН ДА ӘДЕМІ ЕКЕН»

Қазақстанда туристерді қызықтыра алатын орындар жетіп артылады. Тамаша табиғаттан бөлек қала өміріне қызығатындарды Астана мен мәдениет орталығы Алматы да талай қызыққа кенелте алады. Қазақстан елдегі туризм саласын дамыту мақсатында миллиардтаған доллар ақша құйып жатыр. Бірақ жұрт жаппай Қазақстанға ағылу үшін ақшадан басқа да көптеген дүниелер қажет. Қош. Өткен аптада Қазақстан Республикасының ұлттық академиялық кітапханасының кіре берісінде жөн сұрап жүрген итальян қызымен танысып қалдым. Есімі Алеся екен, түйдей құрдас болып шықтық. «Қонақ аз отырып, көп сынайды» деген. Елімізге қыдырып келген қонақпен тіл қатысып, хал сұрастық.
Блог - Aya: ALESSIA MEMMOLA: «АСТАНАНЫҢ КЕЛБЕТІ МЕН ОЙЛАҒАННАН ДА ӘДЕМІ ЕКЕН»
Әрі қарай

Орбұлақ шайқасы бабалар ерлігі ел есінде

Бзб 480 жылдары Парсылар Грек жеріне басып кіреді. Қамсыз отырған грек патшасы Леонид өз әскері арасынан ең таңдаулы деген 300 сарбазын 80 мың әскерге қарсы жібереді. «Мың сарбаз жіберсең қайтеді»,-дегендерге «жауды жеңуге мың да аздық етеді, ал ел үшін өлім құшуға үш жүзде жетеді» деген екен. Сол үш жүз әскер, сексен мың әскерге төтеп бере алмаса да үш күн бойы шайқасып өздерінен екі есе жаудың көзін жойып ерлікпен қаза тапқан. Бұны қазір гректер мақтанышпен фильмдер түсіріп кеңінен айтып жүр.
Тарихтын терең жықпылына үңілсек қазақ жері де бұндай ірі шайқастардан кенде болмаған. Соның бірі Орбұлақ шайқасы 1643 жылдың жазында болған шайқас жоңғар ханы Батыр мен қазақ ханы Жаңгірдің арасында өрбиді. 50 мың әскермен тұтқиылдан келген жоңғарларға еш дайындықсыз бірікпеген, қолда бар 600 адамнан жасақталған азғантай топ шығады. Жер жағдайы мен әскери шеберлікті ұштастыра отырып алғашқы шайқаста ақ жоңғарлардың он мың әскерін жойып жібереді. Осындай тарихи мәні үлкен шайқас туралы өскелең ұрпақ аз біледі. Биылғы жылы елбасымыздың «халық тарих ағымында» мәдени мұрасының аясында Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы Орбұлақ шайқасы туралы Республикалық көлемінде реконструкция өткізбек. Жастардың арасында патриоттық рухты көтеріп, тарихты терең тануға бағытталған іс шара Талдықорған қаласында өтеді. Үстіміздегі жылдың қазақ хандығының 550 жылдығына арналғаны белгілі. Осы мақсатта еліміздің дәстүрі мен тарихын еске бір түсіретін тарихи қойылым екінші қазан күні өтпек. Белгілі актерлерден құрылған қазақ батырларының көрмесімен қатар Ұлттық ойындар ойнатылып, өнер шеберлері өз өнімдерін ұсынбақ. Кеш соңы этникалык ән концертте халық назарын өздеріне аударары сөзсіз. Талдықорған қаласында екінші қазанда өтетін іс шара қалалық иподромында өтетінін еске саламыз, барлық келем деушілерге есік ашық.
Әрі қарай

Баріне Гүлнұр апай себеп болды

Мен мына әлеуметтік желіге тіркелмеген едім! Жаңа медиа және интернет журналистика пәнінен әлеуметтік желілерге тіркелу керек болғандықтан бүгін апай осында тіркеліңдер деді. Осылай осы әлеуметтік желіге тағы да бір пайдаланушы қосылды! Бәріңе СӘЛЕМ!!!
Әрі қарай