Гастарбайтердің 2014-і

Бұрын жыл соңында қорытынды пост жазу, өз алдыңда есеп беру үшін болса да, блогер үшін расында да маңызды дәстүр болатын. Бүгінде арнайы сервистер мен әлеуметтік желілердің арқасында қорытынды жасау, біріншіден, барынша жеңілдесе, екіншіден, қажеттілігін де жойғандай. Дегенмен, эстафета бұтағы маған берілді, ал есімде қалғандары мынау:

2014 жылдан 10 естелік:

1. 4-жылдан бері алғаш отбасыммен жаңа жылды қарсы алдым.
2. Алматыда өткен "Қыстық психоанализ мектебіне" қатыстым.
3. Блогиадаға тіркелдім.
4. Түркістандағы кіші Палау-патиде Жәнібек Нұрышты алғаш көрдім.
5. Алғашқы блогиада-пати. «Көне» корештармен қауқылдасып, Абзал Сариев, Жандос Құсайын, Өркен Кенжебек және басқа да сырттай таныс блогерлермен жүздестім.
6. «Eleven Group» -пен кездестік.
7. Ұлды болдым.
8. Екінші мәрте бажалы болдым.
9. Алматыдағы Медиақұрылтай.
10. Блогиаданың жеңімпазы атандым.


Эстафеталар: Гастарбайтердің 2014-і

Әлеуметтік желіде тіркелген кез-келген блогердің жыл бойына жазған статусы мен суреттерін ерікті еріксіз-қарап жүрген адам қорытындының қандай болатынын да біліп отырады. Менің жағдайымда да ешқандай ережеден тыс айырықшалық жоқ деп ойлаймын, сондықтан фейсбуктағы 235-ке жуық жарияланым мен осындағы 30 посттан сырт қалған жаңалық өте аз және олар көбіне тек өзімнің жеке өміріме қатысты егжей-тегжейлер ғана.
Эстафетаны қалаған керекші жалғастыра берсе болады. Сұрақтарыңыз болса, төменде пікір ретінде жауап беремін.
Алдағы 2015 жыл құтты болсын!
Әрі қарай

Тосын сыйға толы жыл

Жылқы жылы мен үшін жақсы әрі күтпеген жаңалықтарға толы болды. Наурыз айының аяғында декреттік демалысқа шықтым. Үйде болған алғашқы екі-үш күнде өмір тоқтап қалғандай сезімде болдым. Редакторымның «Мүмкіндігің болса, мақала жазып тұршы» деген ұсынысы«Босанғанша немен айналысамын? Ішім пыстыыыыыы» деген ойдан арылуыма себепші болды. Қалаған күні немесе шақыртқан күні жұмысқа барып тұрдым. Сөйтіп жүргенде бастығым «Зарина, бұл түріңмен жұмыста босанып қаласың ба деп қорқам. Ертеңнен бастап жұмысқа келмеуіңе болады» деді. Арада бір-екі күн өткеннен кейін, 14.06.14 күні бөпелі болдым. Бұл биылғы жылдағы ғана емес, осы уақытқа дейінгі өмірімдегі ең, ең, ең үлкен, ең, ең, ең жақсы, сөзбен жеткізе алмайтынкеремет жаңалық.

Блог - ademi_alem: Тосын сыйға толы жыл
Әрі қарай

2-тур қорытындысы

Керек тілші: 2-тур қорытындысы

Қоғам тақырыбы мазмұнды тур болды, түрлі әлеуметтік тақырыптар қозғалды. Сәйкесінше алған бағалары да жақсы болды. Төмен балл алғандарды да құттықтағым келеді, идеялары үшін. Ал орындау, жеткізу тәжірибемен келетін нәрселер.

qonyrbai — 10
AydosRymkul — 9,50
Basic — 9,25
ademi_alem — 8,50
Aya — 7,75
NazerkeAbibulla — 7,00
tomarlik — 6,75
ErbolAliaskaruly — 6,50
Kuralayka — 2,25
tauewki — 0,25
Әрі қарай

Салауатты өмір - мотивация дәні

Жалпы, қоғамда ақсап келе жатқан түсініктердің бірі — салауатты өмір салты. Оның да мына жобада бекер қойылмағаны көрініп тұр. Нақты айтқанда, әрбір оқырман кезекті блогтан кейін, жазбада түсіндірілген өмір моделіне деген қызығушылығы арту қажет. Яғни, салауатты өмір салтын өміріне енгізуге ынталану. Мини-блогиаданың да мақсаты осы болса керек.

Жарыстың шарты бойынша, салауатты өмір салты атты үлкен, әрі маңызды тақырыпта репортаж стилінде жазба талап етіліпті. «Репортаж деген белгілі бір уақиға жеріне барып ақпарат алумен қатар, соны халыққа шебер түрде жеткізу мақсатында жасалынатын видео, фото, жазба түріндегі ресми/бейресми құжат» — дейді google-ата. Дегенмен, ғасырымыз вертуалды-ақпараттық жүйеге тікелей байланысты болғандықтан, репортажымды онлайн түрде жасасам, ешкім дау айта алмас, сірә.

Керек тілші: Салауатты өмір - мотивация дәні

Салауатты өмір салты деген не?

Анықтама:
Салауатты өмір салты — белгілі популяцияның денсаулығын сақтап, нығайтуға, салауаттандыруға арналған мінез-құлқы, тәрбиесі. Салауатты өмір салты — тек медициналық емес, сонымен қатар өндіріс пен өндірістік қатынастардың дамуына байланысты болып келетін әлеуметтік-экономикалық категория. Салауатты өмір салтыжеке адамның тіршілік жағдайын денсаулығына сәйкес таңдауы, яғни жеке әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамның жоғары гигиеналық мәдениеті.

Гигиена, тазалық, спортпен шұғылдану, жаман әдеттерден алыс тұру және т.с.с. мысалдар айтып нәрсіз сценарийді әрі қарай жалғастыра беруге әркімнің де тілі жетерлі-ақ. Алайда, іске келгенде ауыз толтырып айтып жатқан адамдардың көбісі сол өмір моделін ұстанбайтынына күә болып жатамыз.
Менің репортажымның мақсаты — айтқан нәрсесін тірлігімен құптай отырып, тіршілік жағдайын денсаулығына сәйкес таңдаған, үлкен жетістікке жетіп, халық алдында беделді атанған нағыз ерлердің салауатты өмір салтын қалай жүргізіп жүргендері туралы жазу, әрі солардың өсиеттерін өсіп келе жатқан саналы ұрпаққа жеткізу. Сонымен қатар, мотивация алған жастарды жетістіктерге жетелейтін, таза, әрі мүмкіндіктерге толы өмір моделіне шақыру, үндеу!

Онлайн сұхбатымның бірінші қаһарманы, бизнесмен, Arman Holding компаниясының іргетасын қалаған жетекші және президент — Серікбай Бисекеев (bisekeev.com). Жетістік шыңының төрі қаншалықты жарқын болса, оған жетелейтін жолдың да соншалықты қараңғы екенін білеміз. Жұмыстан шаршап-шалдыққанда, немен айналысатынын, бос уақытын қалай өткізетіні туралы сауал қойдым. Және салауатты өмір салты туралы ой-пікірін қалдыруды өтіндім. Серік ағамыздың жауабы төмендегідей болды.

Керек тілші: Салауатты өмір - мотивация дәні

Шапағат Бердібек — Массачусетск технологиялық институтының (MIT) степендианты, облыстық және республикалық дәрежедегі дүркін-дүркін жеңімпазы, жүлдегері, Asian Physics Olympiad атты олимпиаданың қола жүлдегері, Шымкент қазақ-түрік лицейінің (Шымкент КТЛ) түлегі. Өзге елде оқып жүрсе де, Бердібек салауатты өмір салтына дұрыс қарайды. Оның таэквондо спорт түрінен USA ішінде 1-орын алуына ештеңе кедергі келтірмеді. Керісінше, сабағына деген мотивация болды десек қателескен болмаспыз, сірә. Сұхбат барысында көп мағлұматтың болғанын қаламады. Бар алып қалғаным осы болды. Алған жетістіктері мен салауатты өмірі ой саларлықтай деп ойлаймын.

Керек тілші: Салауатты өмір - мотивация дәні

Шамиль Аляутдинов

Ал, Шамиль ағамыз біздің тақырып туралы не айтады екен? Өмірінде кездескен қиындықтардың арқасында денсаулықтың қадірін түсінген триллионер (өзін солай атағанды ұнатады. Тіпті, «триллоинер слушает» деген кітабы да жарық көрді) «тәні саудың — жаны сау» немесе керсінше «жаны саудың — тәні сау» принципін ұстанады. Күніне 12 км жерді велосипедпен (белсебед, шайтанарба) жүріп өте аласыз ба? Мүмкін, бірақ баршамыз көлік бар кезде, велосипед қолданбаймыз. Дегенмен, қаншалықты бақуатты, бай, беделді болса да, Шамиль жұмысына көлікпен бармайды екен. Тіпті, 2010 жылында қымбат көлігін (Ауди A5) сатып, орнына велосипед алған екен. Оның жұмысына баратын жолы, күнделікті жаттығудың түріне айналып кеткен десек те болады. Өзінің жауабы былайша:

2010 жылдың желтоқсан айында мен өзімнің ең жақсы көретін, жап-жаңа, бір жылдық «Ауди А5» көлігімді сатып, орнына велосипед алдым. Өзімнің денсаулығыма ұқыпты қарайын деген мақсат болды. Сол уақыттан бері мен жұмыс пен үйдің арасында 12 км арақашықтықты велосипедпен қатынап жүрмін. Оған қоса, офисте белтемір (турник) орнатып қойғанмын. Себебі, 33 жасымда алғаш рет омыртқа-арасы жарық ауруына (межпозвоночная грыжа) шалдықтым. Жүре алмадым, отыра алмадым. Аурудың асқынғанын тіпті құлайтын кездер де болған. Қазір, шүкір, арнайы жаттығуды үйреніп, соларды күнде жасап тұрамын. Денсаулықтың кепілі – салауатты өмір салтынан басталады.

Жаны саудың – тәні сау ма әлде керсінше ме?

Адамдар қадірін білмейтін 2 нәрсе бар. Денсаулық және бос уақыт. Бос уақытымды әрқашан пайдалы өткізуге тырысамын. Жастарға да тілерім мейілінше уақыттарын өзін дамытумен және салауатты өмір салтын ұстанумен өткізсін. Адам баласы бағындырмаған талай белестер бар.


Асқат Мұрзабаев

Асқат Мұрзабаев — IT маманы, программист, Твиттерде (Twitter.com) тәжірбие алуға ие болған студент, Сhocomart.kz сайтының ортақ құрылтайшысы. Асқат бос уақытында тауға шыққанды ұнатады. Яғни, бір сөзбен әбден берілген альпенист. Таза ауаның әсері болуы керек, әрдайым өзін жақсы сезінуге көмектеседі. Әрдайым осылайша уақытын таза ауада өткізуі, Асқаттың болашақ жеңістеріне деген мотивация сыйлайтынына күмән жоқ. Салауатты өмірді түзеткенде ғана, біздің ерекше креативті ойларымыз ашылып, дүниеге басқа көзбен қарай бастаймыз. Адамда жиналған стресс, күйзеліс, қаттылық осы спорт, серуендеу арқылы кетеді. Асқатқа молынан пайда алып келгенін аңғару қиын емес.

Керек тілші: Салауатты өмір - мотивация дәні

Интернет әлемінің майталмандарынан да сұхбат алып үлгердік. Kerekinfo.kz сайтының бас директоры Аршат Ораздың жұмыстан шаршаған уақытта жалғыздықты ұнататынын білдіңіз бе? Жалғыз қалып, жаяу жүргенде тынығып қалатынын жасырған жоқ. Оның ойынша, салауатты өмір салтын жалғыз ұстану — қиын. Бір топ болып, бірге жүріп, бірге іс жасаған абзалырақ. Осылайша, топ ішінде бірлік пен қолдау сақталады деген ойда.
Керек тілші: Салауатты өмір - мотивация дәні
«Біз, мысалы, жігіттермен жиналып футбол ойнап тұрамыз» — деп, салауатты өмірінен тәжірбие келтірді.

Ал, Blogtime.kz блогтұғырының директоры Нұрлан Жанайдың ойы өзгеше болды. Бос уақытын соншалықты спортқа бермесе де, онсыз еш болмайтынын сызып көрсетті. Соған қарағанда, халыққа қызмет бірінші орында тұрған секілді. Дегенмен, тынықпаған тән мен қаяу көңіл іс жасайтын кезде ықыласты бұзады. Ықыластың қайнар көзі — демалған рухта. Нұрлан бағындырған белестердің тамыры салаутты өмір салтына байлаулы екенін аңғару қиын емес. Тіпті, кейде серігіп алғанда "Қырып жоямын деп ойлайсың" деп қояды, мотивацияны мақтан тұтып. Жалпы Нұрланның талғамы:
Керек тілші: Салауатты өмір - мотивация дәні
Жүзу, жүгіру, секіру сияқты жеңіл атлетика түрлері. Нұрланмен бірге бір марафонда қатысып көрсем бе екен деген ойда жүрмін.

Арқамыздан қадам басып келе жатқан жас інілерміз бен қарындастарымызға өз ақыл-кеңесімен бөліскен Ерболдың жауабы маған қатты ұнады. Ербол Серікбайсұрақ-жауап сайтының құрушысы.

Сұрақ:

— Жаңадан жетістік жолын бастап келе жаткан жас ұрпакка салаутты өмір салтын дәріптейтін, үндейтін қандай істерді ақыл кеңес етер едің?

Керек тілші: Салауатты өмір - мотивация дәні

Темекіден аулақ болсын! Ең жаман әдет — темекі… Өмірімде темекіге қызықпаппын, шеккен де емеспін. Яғни, менің санамда темекі шегуді "қызық, әдемі көрінеді" деген түсінікті шығарып тастағанмын. Оның орнына велосипед алу, конькиде әдемі сырғанауды мотивация ретінде алса жақсы.

Қорытынды: «Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды.» Салауатты өмір салты жетістік жолы мен адам бақытымен тығыз байланысты екенін аңғардық. Өмірінде жетістікке жетіп, ары қарай тоқтамаған ерлер де сол әдетті ары қарай жалғастыруда. Тіпті, келер ұрпаққа өсиет етуде. Невролог Даниель Левитиннің сөзін оқып алып, содан тұжырым шығардым.
Қай орта болмасын, жетістіктің шыңына (шеберлікке) жету үшін, адамға салауатты өмір салтын белсенді түрде жүргізу керек. Денсаулықтан асқан байлық жоқ. Ал, оны сақтауда алғышартты ойнайтын маңызды рөл — осы салауатты өмірде жатыр. Кез-келген адам — композитор, блогер, бизнесмен, жазушы, пианист, спортсмен, ғалым, — кім болса да, өмір жолы бойы салауатты өмір салтын ұстанып отқанын аңғарамыз. Серік Бисекеев ағамыз айтқандай, өзіне керек өмірді әркім өзіне қарай жоспарлайды. Сол себепті, өмірімізге бет алды қарамастан, болашақта жетістікке жеткен, әрі соның жемісін тамсана отырып тата алатындай дәрежеде болу үшін, салауатты өмір салтын дұрыс ұстанып, оның іргетасын бүгін қалау керекпіз.
Әрі қарай

Пернетақтаның жылдам қызыметтері

Білесіз бе? Мәліметтер бойынша АҚШ-тағы интернет тұтынушылардың 90% компьютердің пернетақтасындағы дайын тез жасалатын қызмет түрлерін білмейді екен дейді. Мысал ретінде: Тек көп жұрт Ctrl+C және Ctrl+V дайын дүниелерді көшірудіғана біледі. Көбіміз компьютерде кей бағдарламаларды орындау үшін тінтуірді ары сүйреп, бері сүйреп тінтуірдің оң сол жағын кезектеп басып уақыт аламыз. Сонымен өзге де тиімді тез қызмет ететін пернетақта құпиясын біліңіз. (Windows және Mac компьютерлері үшін)
1. Интернеттегі портал беттерінен іздеу бөліміне өту үшін
Блог - KhanagatNurbol: Пернетақтаның жылдам қызыметтері
• Ctrl+ F (Windows)
• Command+ F (Mac)
2. Компьютердегі өшірілген ақпарат, файлдар бірден қоқ салғыш жәшігіне өтеді. Ал оны тағыда сол жәшікке өтіп өшіреміз. Олда біраз уақыт алады. Ал сіз жұмыс істеп отырып-ақ төмендегі пернетақталардың көмегімен тура өшіре аласыз.
Блог - KhanagatNurbol: Пернетақтаның жылдам қызыметтері
• Shift+ Delete (Windows)
• Command+ Delete, Command+ Shift + Delete (Mac)
3. Браузердегі жабылып қалған соңғы беттерді тура ашу үшін
Блог - KhanagatNurbol: Пернетақтаның жылдам қызыметтері
• Ctrl+ Shift+ T (Windows)
• Command+ Shift+ T (Mac)
4. Компьютерді тез арада құлыптау
Блог - KhanagatNurbol: Пернетақтаның жылдам қызыметтері
• Win+ L (Windows)
• Ctrl+ Shift+ Eject [Power] (Mac)
5. Файл атын өзгерту

Блог - KhanagatNurbol: Пернетақтаның жылдам қызыметтері
• F2 (Windows)
• Return (Mac)
6. Сақтау орындарын ауыстыру

Блог - KhanagatNurbol: Пернетақтаның жылдам қызыметтері
• Alt+ Tab (Windows)
• Command+ Tab (Mac)
7. Excell бағдарламасынан кестені таңдау
Блог - KhanagatNurbol: Пернетақтаның жылдам қызыметтері
• Shift+ Space (Windows and Mac)
8. И-мэйл жіберу

Блог - KhanagatNurbol: Пернетақтаның жылдам қызыметтері
• Ctrl+ Enter (Windows)
• Command+ Enter (Mac)
9. Текстіні көшіріп paste жасау. Әдетте бәріміз ctrl+v жасаймыз. Бірақ ол кезде көшірген текстілеріміз бір қаріп түріне келмей жатады. Ал сіз төмендегідей жасаңыз. Тәртіп деген осы.
Блог - KhanagatNurbol: Пернетақтаның жылдам қызыметтері
• Ctrl+ Shift+ V (Windows)
• Command+ Shift+ V (Mac)
10. Мониторды көру. Жұмыс жасап жатқанда жұмыс үстелін көргіміз келеді. Бетті жаппай-ақ төмендегідей істестеп көріңіз.
Блог - KhanagatNurbol: Пернетақтаның жылдам қызыметтері
• Win+D (Windows)
• (Fn+) F11 (Mac)
11. Вэб беттеріне өту. Сіз Блогтайм сайтынан келесі сайтқа өту үшін тышқанды сүйреп апарып іздеу бөліміне өтесіз. Ал сіз тура төмендегі командамен-ақ жасай аласыз. Тез әрі тез...
Блог - KhanagatNurbol: Пернетақтаның жылдам қызыметтері
• Ctrl+ L (Windows)
• Command+ L (Mac)
12. Жаңа қалташа (папка) ашу
Блог - KhanagatNurbol: Пернетақтаның жылдам қызыметтері
• Ctrl + Shift + N
• Cmd + Shift + N
Жұмысыңыз тез бітсін… Суреттер онша емес боп тұр.
Әрі қарай

Виртуал бетперде - шығармашылық қайнары

Өмірдің өзі театр болса, жұрттың бәрі бетперде киіп жүруі заңды емес пе? Мысалға, мені көп жұрт сыпайы, сабырлы адам деп ойлайды. Оған, сірә, жазбаларым себеп болса керек. Ендеше, рөлде отырғанда қасымда болып көріңіз — боғауыздар коллекцияңыз байып қалар мүмкін.
Әрі қарай

Күздік образ: белдемше және мойынға тағатын бант тігеміз

Күн суытты, жылы киімдерді көбейту керек. Ақша мұндайда судай ағады. Алайда, қолыңыздан іс келсе, киімді өзіңіз тігіп алсаңыз, анағұрлым арзанға түсетіні сөзсіз. Киім тіге алмасаңыз, үйрену әсте қиын емес ;)

Сіңіліме тігіп берем деп шешкен белдемшеге (юбка) 1,2 метр мата алдым. Негізі 1 метрі де жететін еді, «а вдруг» деп ойладым, жетпей қалғаннан артылғаны жақсы :) Матаның түр-түрі бар, Меруерт екеуміз келісе келе, қалыңдауын, торлысын таңдадық.

Блог - aikarakoz: Күздік образ: белдемше және мойынға тағатын бант тігеміз

Бізге, ең алдымен, тігін машинасы керек. Одан соң мата, оның түсіне сай жіп, қайшы, резіңке, ұзындық өлшегіш, ілгектер және сабынның тұқылы керек (сызғанға) :d
Енді шығынды есептейік:
— матаның метрі — 1200 тг х 1,2 = 1440 тг;
— резіңкенің метрі — 600 тг х 60 см = 360 тг;
— жіп — 50 тг;
— керек-жарақ (әрбір үйде болуы керек негізі) — 500 тг (боп қалар).
1440+360+50+500=2350 тг
Сонымен жоғарыда аталған заттар, 2350 теңге және 2-3 сағаттық уақыт керек. Бастайық!



Блог - aikarakoz: Күздік образ: белдемше және мойынға тағатын бант тігеміз

Алдымен матаны төртке бүктеп, үстел үстіне жазамыз. Одан соң өлшемдерін сызып, белдемшені пішіп алу керекпіз.
Бізге етектің кең болғаны және 40-45 см ұзындықта болғаны керек.
Сондықтан матаның шеткі бұрышынан 42 см өлшеп аламыз. Мына жақ беті де дәл солай.

Қалған 18 см орны белге кетеді. Сол шеңбердің қақ ортасын тауып, 18 см төмен сызық жүргіземіз. 2 см артқа қайтып, 16 см ғана сызықты қалдырамыз. Ол етектің барлық ұзындығы тең болу үшін.
Сол бұрыштан шыққан 16 см ұзындықты жалғастырып, тағы 42 см есептейміз. Болмаса, бұрыштан 60 см өлшеп, сол нүктеден 2,5-3 см артқа қайтамыз.



Блог - aikarakoz: Күздік образ: белдемше және мойынға тағатын бант тігеміз

Матаны қимастан бұрын барлық жеріндегі ұзындықтың бірдей екеніне көз жеткізу керекпіз. Ана басын да, мына басын да өлшеп шығамыз. Әйтпесе, етектің бір жағы ұзын, бір жағы қысқа болып қалады. Ондайда 1-2 сантимертдің өзі көрініп қалады.



Блог - aikarakoz: Күздік образ: белдемше және мойынға тағатын бант тігеміз

Сызған сызығымыздың үстінен матаны қатты көтермей, сырғытып алмай, қырқып шығамыз. Сосын бірден етектің астыңғы жағын оверлокпен тігу керек. Менде оверлок жоқ, соған ұқсас тігісті жүргіздім шетіне.



Блог - aikarakoz: Күздік образ: белдемше және мойынға тағатын бант тігеміз

Бел жағына келгенде мұқият болған дұрыс.
Сіңілімнің белі — 60 см екен. Киіп-шешкенге ыңғайлы болу үшін 70-75 см қалдыру керек. Демек, бел жақтағы шетін мұқият, бірдей қылып артқа қайтарып шығамын. Бұл — кәдімгі желбезек, біркелкі болуы керек. Оны ілгектермен белгілеп кетеміз. Сосын ақ жіппен көзге қатты көрінетіндей етіп, қолмен тігіп шығамыз. Қолмен тікпеуге де болады, алайда ілгектер машинаның жүруіне кедергі келтіреді. Кейін барлық тігіс біткенде ақ жіпті сөгіп тастай саламыз ;)



Блог - aikarakoz: Күздік образ: белдемше және мойынға тағатын бант тігеміз

Резіңкенің екі басын біріктіріп тігеміз. Бұл тігістің мықты болуы керек, сөгіліп кету ықтималдығы өте жоғары жер.
Енді резіңкені тартып тұрып, етектің бел жағына қоса тігуіміз керек. Ең жауапты да қауіпті сәт: қатты тартсаңыз — ине сынып кетуі мүмкін, қатты тарпасаңыз — резіңке мен етек бір-біріне сәйкес келмей қалуы мүмкін. Сондықтан бірнеше жерден белгі қойып, ілгекпен қыстыра кетіңіз.



Блог - aikarakoz: Күздік образ: белдемше және мойынға тағатын бант тігеміз

Белдемшеміз аяқталуға аз-ақ қалды. Енді етегін қайтарып тігіп шықсақ болғаны. Байқадыңыз ба, «юбкамызда» 2-ақ тігіс болады, жандары қырқылған да жоқ :)



Блог - aikarakoz: Күздік образ: белдемше және мойынға тағатын бант тігеміз

Етектің шетін 1 см етіп қайырамыз да, бір сызықпен тігіп шығамыз. Сосын тағы да ішке қарай 1 сантиметрдей қайырып, бір сызықпен тігіп шығамыз. Тігістің түзу болуын қадағалаңыз. Соңында тігісті жатқызып үтіктейміз :)

Белдемшеміз дап-дайын! =d> Бірақ, оны киіп көрместен бұрын оған аксессуар дайындап алайық. Қалған матадан «бабочка» тігеміз.

Блог - aikarakoz: Күздік образ: белдемше және мойынға тағатын бант тігеміз

15х6 және 28х15 өлшемді екі мата қырқып аламыз. Үлкенін бір-біріне беттестіріп, шетін тігеміз. Матаның оң жағы іште қалу керек.



Блог - aikarakoz: Күздік образ: белдемше және мойынға тағатын бант тігеміз

Матаны оң жағына қарай аударамыз да, жан-жақтарын туралап, үтіктеп шығамыз.



Блог - aikarakoz: Күздік образ: белдемше және мойынға тағатын бант тігеміз

Енді матаның екі шетін ішке қарай қайырамыз, тігіс іш жақта қалу керек. Ал, тең бөлінгенін білу үшін өлшеп көрейік. Дұрыс екеніне көз жеткізген соң екі шеттің біріккен жерін оверлокқа ұқсас зиг-заг тігіспен жүргізіп шығамыз. Арғы бетінен тігістің көрінгені ештеңе етпейді, бірібір беті жабылады.



Блог - aikarakoz: Күздік образ: белдемше және мойынға тағатын бант тігеміз

Кіші матаның да екі шетін біріктіріп, тігіп шығамыз. Оң жағына аударған соң үтіктеудің қажеті жоқ.



Блог - aikarakoz: Күздік образ: белдемше және мойынға тағатын бант тігеміз

Енді тік төртбұрыш қылып тіккен матадан «бабочканың» кескінін жасайық. Ол үшін инені сабақтап алып, қолмен тігіп шығамыз. Сосын екінші тіккен «бау тәріздесті» ортасынан артқа қарай қайырамыз.



Блог - aikarakoz: Күздік образ: белдемше және мойынға тағатын бант тігеміз

Бір-бірінен жылжып кетпес үшін жақсылап, бірнеше қайтара тігеміз. Матаның шеті сетінемес үшін ол жерін де бірнеше қайтара тігіп шығамыз.



Блог - aikarakoz: Күздік образ: белдемше және мойынға тағатын бант тігеміз

Міне, мойынға тағатын бант әп-әдемі боп шықты ;lv:-@d Оған жейденің жағасына тағатын бау жасайсыз. Ерінсеңіз, түйрегішпен тағып алуға да болады :d



Блог - aikarakoz: Күздік образ: белдемше және мойынға тағатын бант тігеміз

Міне, күздік образ дайын :-@d Бұл киімді студенттер де, қызметінде «арнайы формамен жүріңдер» демейтін қыздар да кие алады. Тез және арзан! :)

Айтпақшы, белдемшенің ұзындығын өз талғамыңызға қарай таңдайсыз ;)
Әрі қарай

Тақтардың ойыны немесе керемет фэнтези

«Арнайы „Үздік кино сыншысы“ байқауы үшін»
Блог - ibnabbas: Тақтардың ойыны немесе керемет фэнтези
Көптеген кітаптарда басты кейіпкер ешқашан өлмейтін кейіпте сипаттайды, ал мен оқырмандар бойына үрей орнатқанды және барлық қойылымдар шынай болғанын қалаймын. Меніңше керемет нәтижеге қол жеткізудің бірден-бір жолы- әу бастан-ақ өмірде басты кейіпкергеде қылыш тақалса өлетінін түсіндіру. Сіз батыр немесе жақсы адам болсаңызда бұл қасиеттер сіздің өміріңізді сақтап қала алмайды. Соғыста адамдар өледі және өлетіні туралы ащщы болсада жазу керек.
Джордж Мартин

2012 жылы 17 сәуір айында HBO телеарнасында Джон Мартиннің “Отпен мұздың жыры ”атты кітабына негізделген “Тақтар ойыны” көпсериалды киносы көрсетілді. Көрермендер фэнтези жанры деп байсалдылықпен қабылдағынымен үшінші маусымы(“Жүретін мәйіттер”) аяқталмай жатып көгілдір экран алдына 6,272 млн көрерменді жинап рекорд орнатты. Сериал соңына дейін түсірілмей жатып миллиондаған хаттар мен алғыстар Джон Мартин жәшігіне түсіп жатты. Фильм ортасында стоп батырмасын басып, фильмнің әсерінен орнында отыра алмай қаншама көрермендер тұрып кетіп жатты. Өзге сериалдардан қалыптасқан стеретоптердің барлығы быт-шыты шықты. Мидың қабылдау процестері өзгерді.Өйткені 5-6 сериал бойы басты кейіпкер болғандар өз қателіктерінен бастарын қылыш жалмап жатты. Өмірге шынайы қарайтындар санын арттыруға өз септігін тигізді.

Сериалдың ерекше артықшылығы:

1. Әлемдік картаның өзгеше болуы, бірақ киімдер үлгісі мен салт дәстүр ортағасырлық европаға ұқсас
2. Сюжеттік жол. Көптеген персонаждардың бір-біріне байланыстыра білген.(Мысалы: даму, қартаю)
3. Айдаһар. Айдаһар ұрпағы болып саналатын Таргариан үйі.
4. Жасанды тіл. Арнайы сериал үшін дотрак тілі әзірленді
5. Қоғам. Заманауи әлемде орналған қоғамдық проблемалар қамтылған.Мысалы: әйел құқығы, азаматтық соғыс, саясат, дін, заң және т.б
6. Адам баласын жер бетінен бір жолата жойып жіберетін гуманоид нәсілі немсе “Ақ жүргіншілер”.Гуманоид нәсіліні қарапайым адамдардан артықшылығы: Бойы ұзын, ақ шашты, дене терісі құрғақ болғандықтан мумияға ұқсайды, көз жарық көк, тілдері скрот тілі. Қарайпайым қарумен өлітру мүмкін емес, тек қана вулкандық шыныдан жасалған пышақпен өлтіріледі.
7. Жеті хандық. Вестерос континентінің ресми атауы. Старк үйі, Хаор үйі, Арен үйі, Ланнистер үйі, Дюрандон үйі, Гарденер үйі және соңығы Мартелло үйі. Әр хандықтың өз қорғайтын аймақтары бар. Қазіргі тілмен айтқанда Ресей Федерациясы және оның құрамындағы мемлекеттер.
8. Қабырға. Жеті хандықты гуманоид нәсілінен құтқарып тұрған 250 метрлік қабырға.Бұл қабырғаның өз қорғаушылары бар және көбісі бас бостандығынан айрылған қылмыскерлер.

Кейіпкерлерге кішігірім талдау:

1. Эддард Старк рөлінде Шон Бин.
Блог - ibnabbas: Тақтардың ойыны немесе керемет фэнтези
1-ші маусымның басты кейіпкері. Эддарад Старктің негізгі міндеті Вестерос континенттінің солтүстігін қорғау. Жеті хандыққа басшы болған Роберт Баратеонға көмекке келіп, сол жерде саясаттың құрбаны болады. Өзінің батылдығы құрбандықтан құтқара алмады.

2. Робб Старк. Эддард Старктың тұңғыш баласы.
Блог - ibnabbas: Тақтардың ойыны немесе керемет фэнтези
Әкесінің өлтірілген естіп кек алу мақсатында бірнеше мың әскерді жинап соғысқа аттанады. Жаста, батыл жігіт бірнеше тайпаның басын қосады.осылай 4-5 сериал басты кейіпкер болған жігіт соңында сатқындықтың арқасында анасы, әйелі және барлық әскерлері айуандықпен өлтіріледі.(Дәл осы жерде өзімді өте жайсыз сезініп кеттім.)

3. Кателин Старк. Эддардың әйелі.
Блог - ibnabbas: Тақтардың ойыны немесе керемет фэнтези
Өте батыл әйел. 3 ұл мен 2 қызды дүниеге әкелді. Өз перзенттері мен күйеуі үшін бірнеше рет отқа түседі.бірақ күймейді.

4. Кхалисия Таргариан.
Блог - ibnabbas: Тақтардың ойыны немесе керемет фэнтези
Айдаһар ұрпаңының соңғы тұяғы. Өте көрікті.Сол көріктігімен Кхал Дрого атты жабайы адамдардың басшысына тиіп алады.Бірақ бала тумайды, оның орнына 3 айдаһарды басып шығады.

5. Тирион Ланнистер рөлінде Питер Динклэйдж.
Блог - ibnabbas: Тақтардың ойыны немесе керемет фэнтези
Түрі өте ұсқынсыз, бойы кішкене болғандықтан лақап аты ”Карлик”. Сериалдың негізі қызығы осы Карликпен байланысты. Көп оқыған, өте білімді. Білек бірді, білім мыңды жеңеді деген қағиданы басты назарда ұстайды

Саундтрек.
Сериалдың негізгі саундтрекі Стивен Варбек орындау керек болатын, бірақ 2011 жылдың басында ол жобадан бас тартады.Сөйтіп оның орнын Рамин Джавали басады.Классикалық музыкаға скирпка үні қосылып тыңдаушыға “ерлікке талпыныс” альбомын суреттейді.
Тыңдау

Қоғамда орын алған кейбір қызықтар.
Норвегия еліндегі бір мектептін мұғалімі шулаған оқушыларына тынышталуын өтініп егер айтқанына құлақ асса “тақтар ойыны” романын оқып беертінін айтады екен. Оқушылар бірден тынышталып сабақ соңында мұғалімнің оқығанын ұйып тыңдайды екен.

осы уақытқа дейін 4 маусымы түсірілді. соңғы маусым 2014 көктемінде жарық көрді. 5- ші маусым 2015 жылдың көктемінде жарық көреді. Келесі маусымдарда қандай өзгерістер болатыны белгісіз, бірақ көрермендер арасында қызу талқылану бар.Ол өз алдына бөлек тақырып.
Әрі қарай

Бес сері, үш пері туралы жыр

Адамның даңқын қалай өлшеуге болады? Гомердің дастанына арқау болған кейіпкерлерге салсаң, ғасырдан-ғасырға жыр болып жететін атақ үшін өлуге болады. Көне гректерді былай қойғанда, әлі күнге тамсанып айтатын қисса-дастан қазақта (түрікте) де жетерлік. Жетеу түгіл, жетпіс жеті атаңнан әріде жатса да, батырлар туралы жырды естіген сайын сыртқы жүніңді қампайтып, қомпаң-қомпаң ете қалатынымыз рас. Мысалға, қырғыздың салқам-серісі Манастың Әйшөрек бикеге ұрын баратын кезін жағымыз талғанша жырламадық па?! Сіздер төмендегі видеодан тыңдайтын жырсымақ олардың көлеңкесі тұрмақ, иісі сезілетін жерге де жақындай алмасы анық. Бірақ сөз болатын қаһармандар туралы олай айта алмаймын.


Сөйле бір, сөйлең-ей, сұм жағым,
Сөйле бір, сөйлең-ей, сұм жағым,
Сөйлей алмас дедің бе,
Сөйлеп бір қалған бейбағың,
Қызыл да тілім-ау қозғалсын.

Ғасырлар жылжып-ау өткенде,
2014-тің келгенде,
Көктемнің көркем күнінде,
Админ Аршат бастады,
Блогиада шайқасты.

Отыз сан сарбаз қол еді,
Қаруын сайлап «Мен» деді.
Алты айлық айқас көбінің,
Ауыр боп саусақ, көзіне,
Тарихтың қалды ішінде.

Сегізі қалды сапта әзір,
Бастаған қалың отыздың.
Әрбірі оның-ай ер еді,
Талайда сыннан сау қалған,
Сөз болсын солар ендігі.

Гаста Оскар Базарбай,
Сегіздіктің алдында.
Түрінен адам ойламас,
Ми бар деп оның басында.
Сом білекті, кең иық,
Тау қопарар күші бар.
Темір илеп, тас шайнап,
Отырады бірақ шұқшиып.
Әріп теріп, әркімге,
Пәлсапаға соғып, ділмәрсіп,
Клаваның алдында.
Елестетші көзіңе,
Аянышты хал барма,
Бұдан өзге әлемде.

Екінші пақыр айтайын,
Айтпай қалай қалайын.
Атышулы Эльвира,
Түсіне кірген талайдың.
Кірмей түске қайтесің,
Жазғаны кілең төсек-жыр.
Айқаракөз болса егер,
Басқарған алғаш веб-сайтың.

Талай адам баласын,
Сеніп бұған тапсырған.
Оқытып, адам қылар деп,
Ойдан қырдан асырған.
Сенген серкем со кезде,
Қарқ-қарқ күліп Керекте,
Ұнамаған адамға,
Жол көрсетіп жібереді.
Орыстың үш әрпіне.
Танымасаң біліп қой,
Ақтөбелік жерлесім.
Доктор жалғыз топтағы,
Кеуілімжай Әйгерім.

Бұл батыр жайлы не айтам?
Өзім де оны білмеймін.
Аты Жандос, кәсібі
Режиссер екен білдей бір.
Ішпейді, шекпейд, иіскемейд,
Егілмес бәлкім сірә да.
Миллион бірақ бұйырса,
Қандыкөйлек достарға,
Бір вискиден ұрттатып,
Құстырып қойсаң күнә ма?

Сұлуды айтар келді кез,
Сызылып ылғи жүретін.
Жас талдай жұқа Айнұрым,
Жел соқса, уайым мен үшін.
Даусы да нәзік тым,
Естілмей кейде қалатын.
Сызылып айтқан сәлемі,
Құлаққа майдай жағатын.
Сәлемнің ә-сі созылып,
Е-сі бітіп болғанша,
Талай өзен таусылып,
Ай мен күн өшіп жанатын.

Өмірде мынау үндемес,
Аузын буған өгіздей.
Инетке кірсе сөз бермес,
Дуалы ауыз билердей.
Өмірде мінген тұлпары,
Чанс атты сәйгүлік.
Виртуал мінген пырағы,
Киностан атты сайт бөлек.
Әулие Патик шындаса,
Өзін өзі аямас.
Бәйгеге бұрын жетуге,
Он сырадан тартынбас.

Абзал деген інім бар,
Өкшелеп қалмас ізімнен.
Шабарға қылыш таппаса,
Википедияны сөйлеткен.
Көрінуге құмар-ды,
Теледидар, радиодан.
Ұр десе қызды «іс» үшін,
Қашпайды пақыр ешқашан.
Таяқ жер шалдан кез келсе,
Жымия салды көз куә.
Шынайы болсын видео деп,
Таяқ жей салсаң болмай ма?!

Сегізді бірі мен едім,
Не қылам айтып өз жайым.
Сөз болар тағы бестік бар,
Беріп жұртты бағасын.
Алатын алғыс-қарғысын,
Ұнаса егер бұл терме,
Айтылар олар ертең де.
Әрі қарай