Эстафета: Жыл қалай өтті?
… Заты «эстафета» деп аталғанымен, өз-өзіме есеп беру секілді болып кетіпті. Дәл осындай шатпақты 2013-те де, 2014-те де жазыппын. Екеуі де тым пафосты, елден ел, жерден жер қоймай аралап, шегіртке секілді сайран салып жүргендей көрініпті :) Әлбетте, күшті, көңілді, позитивті адамдарды ғана идеал тұтып, олай болмай шықса "өй, соны қойшы",-деп қолын бір сілтей салатын қатігез қоғамда мұным да дұрыс шығар. Сол. Бүгінгі де «мұңайған боқ» болмайтын шығар деп жобалап отырмын… Көрерміз..
«Inspire group»
2014 жылы қыркүйекте «Егемен Қазақстан» газетінің интернет редакциясынан белгілі бір себептерге байланысты шығып кеткенмін. Жаңа жылға дейін інімнің полиграфиясында көмектестім, блогтурларға бардық әйтеуір талғажаулық бірнәрселер табылып тұрды. Бірақ бұлай жүре беруге болмайтыны, тұрақты жұмыс керегі сезіле бастаған. Жаңа жыл алдында Едіге Алпысбай мырзаға asaubota екеуміз ұсыныс тастап, жаңа жобамен кірдік. Жақсылы жаманды Аршат 6, мен 8 ай істеп шықтық ол жерде (айтпақшы тұрақсыздығым да шығар, соңғы 4 жылда еш жерде 8 айдан аса тұрақтамаппын). Бұл мекемеге бергеннен гөрі өз басым алғаным көп болды. Келмей жатып «Атқарушы директор» деген лауазым тиді. Бұрынғы бастығым, досым, ағам, Аршат қызметкерім болып шыға келді *lol*
Адамдармен сөйлесу, ұсыныстар дайындау, проекттерді өткізу, клиентпен кездесу, дұрыс сұрақтар қою секілді көп нәрсені үйреткен жұмыс өкінішке орай күзге тақау жабылып қалды. Кризистің әсері бірден тиді. Қатты тиді.
Есесіне өз ісінің шеберлері, жақсы адамдармен, Астанадағы бизнес-элитаның біраз өкілдерімен таныс болып қалдық.
«Блогқұрылтай 2015»
Ақпан ішінде бір барып кеткенмін Талдықорғанға. Сол кездегі Талдықорған қаласының әкімі, жас та іскер Ермек Алпысов мырза ұсынысты бірден қолдай кетті. Тек қана қолдап қана қойған жоқ, тіпті кей жерлерінде ұйымдастыру ісіне кірісіп, жіті қадағалап, құрылтай кезінде күні бойы жанымыздан табылды. Мұндай қарапайымдылықты кей өңірдің әкімдерінен көрмейтініміз өкінішті.
Құрылтай — жолдың ұзақтығымен, қойылымдарымен және… және негізгі шараның тым қысқа уақытта аяқталуымен есте қалды. Ааа, сосын шалдарсыз құрылтай болғандығымен :) Шалдардан бірең-сараңы ғана қара көрсеткені болмаса, қалғандары сол әлгі "қырық қадамнан" ұзай алмады *lol*
Күлеміз ау, 2-3 жылда өзіміз де сөйтетін шығармыз. Секеңдеп жүре бермейсің ғой мәңгі. Құнанбайдың айтқанындай «жайдақ судан» әдемі кете де білу керек шығар.
«Блогкемп. Жазғы мектеп»
Біраз уайымдатты ей бұл шара :) Берік Уәли ағамыздың көмегі бар, Едіге Алпысбайдың демеушілігі бар, блогшылардың көмегі бар жабылып жүріп өткіздік. Бірақ, бірақ 3 жыл бойы армандаған шарамды ақыры өткізіп тындым (айтпақшы, сондай «настырныйлығым» бар. Әйтеуір, түбі істеймін дегенімді). Қатысушылардың пікірлері де тамаша болды. Ешкім ренжіп те, өкпелеп те кетпеді (деп ойлаймын өзім, ал… әлгі қыздармен билей алмай жүрген салтаңбайлар өздеріңнен көріңдер *lol*).
Шараның бітуіне 2-3 ақ сағат қалған. Ал біз бассейннің жанында жатырмыз. Ішімнен «Эх, бітіп те қалды»,-деп ойладым…
Бір күні өмір де тура осы 2 күндік шара секілді бітеді де қалады ғой ия?! Барлық эмоцияң, сол кездегі сезімдерің өз ішіңде кетеді. Суреттерге түсесің әлбетте, бірақ жансыз қағаз жеткізе ала ма оны :(
«Нұр медиа. Мұнара»
Әлгі, «Блудный сын»-ды бәріңіз білетін шығарсыздар?! Қайта айналып бардым Мұнарама күзде :) Штат емес, «на договорной основе». Бұрынғы команда жоқ. Бұрынғы энтузиазм да жоқ. 3 жыл бұрынғы кабинетте отырмын. Сол ғана.
«Астана интернет форумы»
Жақында ғана өтті ғой. Несіне жаза беремін, бәріңіздің естеріңізде. Жаңа команда, жаңа күшпен кірістік. Мұндай шараларды өткізу өзіме қызық алып келмейтін болыпты. Бұрын ұйымдастырудан ләззат алатынмын. Бұл жолы олай емес. Бірақ, 2013-тегі АИФ-та біраз пайдалы нәрселер айтылған секілді. Осы биыл ғана Аққайыр Жадыра «Данияр Аланның АИФ-2013-тегі тренингінде… үйренген едік»,-деп пост жазды. Meihua себе дегенмін іштей. Биыл фотоларды қарап отырсам, колумнистердің біразы қатысқан екен :) Осы ортаға келуіне, араласуына, білім алуына себі тиген болып тұр ғой. Кім біледі, мүмкін биылғы шарадан соң да медиа өкілдерінің тағы бір ұрпағы өсіп шығар.
Жыл қуанышы: нақты нені айтарымды білмей отырмын. Күнде бір қуаныш. Мүмкін өмірдің әр күні қуаныш шығар?
Айтпақшы, магистратураны бітірдім. Сосын, Астанаға келгелі бері 5 жыл өтті. Мен «Жилстройға» енді тіркелдім. гыгыгы.
Жалпы, былай қарасам биыл да…
Ә, жәрәйді, «2014 біздің жыл» дегендей жыртылмайыншы, 2016-дан үміт көп.
Эстафетаны: MERmukhanov -қа ляхтырдым :)
Жаңа пәтерге көштім ғо бірнеше рет десең :)
Іс-шаралар көп болды, Моңғолияға бардым — ұнады.
Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау менен тыс өтті, биыл қазақтардың оңбайтын халық екеніне көзім әбден жетті.
Адамзат құрып бітуі тиіс деген тұжырымға келдім.
Үйленген жоқпын, үкіметтегі сөкелер ол оқиғаның кешірек болуына үлкен үлес қосуда.
Менен емес, Даниярдан үлгі ала отырып, өз жылы жайлы әлдеқайда толық пост қылып жазу үшін эстафетаны ademi_alem ге бағыттаймын.
1.Ақпан. Зайсан қаласынан қайтадан Өскемен қаласына көшіп келдік. Баламыз — Бексұлтанды Тарбағатай ауданындағы нағашы атасы мен апасына қалдырдық (уақытша).
2.Маусым. Бексұлтаным бір жасқа толып, тұсауын кестік.
3.Шілде. Блогиадаға қатысу мүмкіндігіне ие болдым. Блогиада бір қалыпты, бір сарынды сияқты болып кеткен өміріме жақсы өзгерістер алып келді. Келесі жылы болса, тағы да қатысқым келеді. Тақырыптар биылғы тақырыптан өзгеше болса деген ниетім де жоқ емес. Өз-өзіңді шығармашылық тұрғыда шыңдай түсу үшін осындай сайыстар ауадай қажет.
4.Тамыз. Отбасылы болғанымызға екі жыл болды.
5. Қыркүйек. Жер алып, үй салуды бастадық.
6. Қараша. Облыстық „Менің өлкем„ газетінің редакторы болдым.
Ал жалпы тұтастай жылды жалпы алып қарайтын болсам, осы жылды мен үшін „Шығармашылық тоқырау жылы„ деп атар едім. Студенттік кезімнен бері тұрақты түрде істеген жұмыс орным осы „Менің өлкем„ газеті. Енді „Сонда өмір бойы осы бір орында істеймін бе?„ деген ой үстінде жүрмін. Редактор болу үшін жаралмағанымды, қол астымдағы адамдар үшін жауапты болғым келмейтінін, өз-өзім үшін ғана жауап бергім келетінін түсіндім. Әдеттегідей, өткен жылға өкпем жоқ, енді келер жылдан көп өзгеріс күтемін.
Керекинфолықтар, күнтізбенің соңы болған соң, осы уақытта бәріміз өткен бір жылымызға қарап, қорытынды жасап жатамыз. Өткен-кеткен уақыттарымызда сәулелі сәттер көп болғай! Ең бастысы — Алла тағала рухани дағдарысқа ұшырауымыздан сақтасын! Аман болыңыздар, мен сіздерді жақсы көрем! Эстафета кезегін ken -ге бергім келеді, қабыл алыңыз!
Жыл бірқалыпты өтті. Демалыста Ыстықкөлде болып қайттым. Басқа айтарлықтай ештеңе болған жоқ.
Таяқты кімге берерімді білмей отырмын.
merekeee -ге бердім онда.