Ронюскэ Мұртаза. "Таңдау"
О'Делл Қадырдың тасын қатырып, ой үстінде жүргеніне төртінші күн. Ал оқу ісі жөніндегі орынбасардың орны бос тұрғанына — төрт апта. «Сонымен кімді қоятын болдық?» деп, ректор санаторийден қоңырау шалып тұрады. Күніне алты-жеті рет. Ертеңге дейін шешім шығармаса болмайды. Бірақ.
Әрі қарай


Жалпы уәде туралы бұрын да айтылып келді. Менің де бұл жөнінде алып-қосарларым бар. Біздің әр басқан қадамымыз уәдеден тұрады. Уәде беріп орындамағанша, уәде бермей орындаған дұрысырақ. Адамға берілген уәденің маңыздылығы күмән келтірмеуі қажет. Айтылған сөз жеке өмірдегі қарым-қатынаста да, жұмыста да күшін жоғалтпауы тиіс. Бұл — сенімге негізделген кез келген қарым-қатынастың ережесі болып саналады. Бірақ, берген уәдемізді орындау қолымыздан 100 пайыз келе бермейді, дегенмен, көп жағдайда бұл қателіктер әдейі жасалмайды. Кейде біз өзіміздің мойнымызға көптеген жауапкершіліктерді алып алып, оны орындауға үлгермей, сөйтіп басқа адамдарды отырғызып, өзіміздің беделімізді түсіріп қоя береміз. 
