Ньюсджекинг: Маңызды ақпаратты "сызып" кетіп, өз танымалдылығыңды арттыру

Блог - MeihuaZheng: Ньюсджекинг: Маңызды ақпаратты сызып кетіп, өз танымалдылығыңды арттыру
Ньюсджекинг (newsjacking) — қандай да бір оқиғаны, жаңалықты, үрдісті өз брендінің танымалдылығын арттыру мақсатында пайдалану технологиясы. Әдістің пайда болғанына 3-4 жыл ғана. Авторы — Дэвид Мирман Скотт (David Meerman Scott).
Ақпарат ағыны күшейген сайын, оның құны төмендеп, "өмір сүру" уақыты қысқарып кетті. Адамдар жедел ақпаратты ғана тұтынуға үйреніп қалды да, брендтер өз жаңалықтарын өткізу үшін жаңа технологияларды меңгеруге мәжбүр. Осы ретте әлемдегі трендтерге ілесу қажеттілігі туындап отыр.
Ньюсджекингті екі ауыз сөзбен түсіндірер болсам, оның ең айқын мысалы — Google-дың әр атаулы датаға байланысты дудлинг жасауы.

Ньюсджекинг ерекшелігі неде?
Ньюсджекинг сіздің бюджетті үнемдеп, ел аузынан түсірмейтін ең керемет әдіс, ашығын айтқанда. Бұл PR және SMM мамандарынан жеделдікті, батылдықты және креативтілікті, ең бастысы — ауызбіршілікті талап етеді.

Ньюсджекер деген мамандық бар ма?
Бар. Енді бар. SMM-ші деген сияқты, маркетинг ғылымының PR деген ағымы сияқты, PR-дың SMM, newsjacking деген құрал-әдістері бар. Сәйкесінше, сол салада арнайы маманданған қызметкерлер пайда болуы заңды.

Осы әдісті сәтті қолданғандар бар ма?
Бар. Осы уақытқа дейін менің көзіме түскен бірен-саран мысал бар. Ары қарай мен сіздермен осы әдіс сәтті қолданылған кейстермен, ньюсджекингтің қандай салаларда қалай қолданылуы мүмкін деген ойларыммен бөлісемін.

Шынтуайтына келгенде, елде ауыз толтырып айтарлық ерекше оқиға\үрдістер сирек. Дегенмен, отандық сауда маркалары/компаниялар/брендтер/меморгандар осы бір технологияны қолдануда селқостық, құлықсыздық танытуда. Онысы енді бекер.
Ньюсджекинг әзірге бөлек ғылым емес, дегенмен бұл әдіс Дэвид ойлап тапқанға дейін табиғатта болмаған деп ойламаңыз. Ол болған, тек аты бар құрал ретінде қарастырылмаған. Алдыңғы жазбамда айтқандай, соғыс кезінде CocaCola компаниясы сауда көлемін арттыру үшін арнайы кампания ұйымдастырды. Бұл жағдайдағы ньюсджекинг мәні неде? Басты оқиға — соғыс. Қаншама сарбаз жарақат алып, өлім құшуда. Ал тірілерінің патриотттық сезімдерін өшіріп алмай, ары қарай соғысуға ынталандыратын не? CocaCola. Сарбаздардың амандығы үшін тұтынушылардың тиын аяп қалмауына «ынталандыратын» кім? CocaCola. Яғни, CocaCola оқиғаны өз мүддесіне пайдалана алды. Бұл — барып тұрған ньюсджекинг.

Енді өзіміздің кейстерге келейік.
Осыдан бірнеше жыл бұрын астаналық кафелердің бірі келген тұтынушыға қосымша құйып берген ыстық суы үшін 400 теңге ақы сұраған.
Бұл оқиға әлеуметтік желі қолданушылары арасында біраз наразылық тудырып, әңгіме болған.
Клиенттердің шағымдарын ескеріп, кафе мынандай қадамға барды. Ол жөнінде — фейсбуктегі парақшасында.
Бұл мысал ең алдымен жақсы қойылған коммуникация айғағы ретінде қарастырылады. Алматы кафелеріндегі бір шайнек шай ары кетсе 400 теңге болса, Астанада — 600 теңгеден кем емес. Онымен қоймай, қоюланып кеткен құманға ыстық су құю — қосымша ақы.
Осы оқиғаның нәтижесінде астаналық кафе-ресторандарда ыстық суға қосымша ақы алу деген үрдіс жойылды десе болады. Бұл, әрине, тура мағынадағы ньюсджекинг емес. Дегенмен, кафе бірнеше күн бойына ел аузынан түспей, тіпті оған қызығушылық артты. Басқа қала тұрғындары да #400тенгезакипяток хэштегін пайдаланып, түрлі оқиғаларымен бөлісіп жатты.
Кампания құны — 0 теңге.
Пайда — әлбетте болды.

Тағы бір таза ньюсджекинг деуге келмейтін, бірақ бірнеше күнде танымалдылығы біршама артқан компаниялар — Logycom және Apples.kz. Олардың былтырғы ақпандағы девальвация кезінде бірден сайттарын жауып, мынандай хабарлама іліп қойғандары скриншот қалпында әлжелілерде кеңінен тарады:

Блог - MeihuaZheng: Ньюсджекинг: Маңызды ақпаратты сызып кетіп, өз танымалдылығыңды арттыру
Блог - MeihuaZheng: Ньюсджекинг: Маңызды ақпаратты сызып кетіп, өз танымалдылығыңды арттыру

2015 жылы жазда Алматының тау етегіндегі аудандарында сел жүріп, халық біраз әбігерге түсті. Еріктілер жұмысқа тартылды. Халықтан көмек жиналды. Осы кезде еріктілерді тегін тамақтандыруға дайын кафе-ресторандар жұмылып, арнайы мәзір жасады. Ол жөнінде атақты пиаршымыз Әлішер Елікбаев жазып отырды. Бұл — нағыз ньюсджекинг — тағамдану орындары осы әрекеті арқылы өздерін құрметке лайық екенін көрсете білді.

Ньюсджекинг жеке бренд беделіне де берері аз емес. Танымал пиаршы Жандос Құрманбаевтың байрақпен байланысты мемлекеттік қызметкерлермен шиеленісі атақты заңгер марқұм Михаил Кленчиннің назарына іліккен еді. Ақыры іс Кленчиннің араласуымен сәтті аяқталып, Жандосқа тағылған айып пен айыппұл алып тасталынды.
Кленчин, сөзсіз, бренд болатын. Сондықтан, оның осы іске араласуын — ньюсджекинг деп таныдым.

Маған ең қатты ұнаған биылғы кейс — беларусьтің Белавиа компаниясының Ресей мен Түркия арасындағы кикілжіңді тиімді пайдалана алған жарнамасы:
Блог - MeihuaZheng: Ньюсджекинг: Маңызды ақпаратты сызып кетіп, өз танымалдылығыңды арттыру
Өкінішпен мойындайтын нәрсе — мұндай батылдыққа бара алатын қазақстандық компаниялар әлі жоқ.

Жарайды, олай керемет батыр болмай-ақ қояйық. Бірақ, осындай керемет технологияны «бейбіт» мақсатта қалай пайдаланып қалса болады?
Мемлекеттік сала
Үкіметті компания деп қарастырсақ, оның мүддесі — халықты жұмыс істеуге, салық төлеуге ынталандыру. Мысалы, Apple компаниясы өз өнімдеріне деген біздің қызығушылығымызды арттырып отырады — біздің өмірімізді жеңілдететін жаңа гаджеттерін ұсынып дегендей. Ал біз болсақ жыртылып, сол «тістелген алманы» сатып алу үшін ақша жинап, несие аламыз — компанияның табысын арттырып, оны байытамыз. Үкімет те сол сияқты — мемлекеттік аппарат өз жұмысының тиімділігін арттыру («біздің өмірді жеңілдету») арқылы, біздің патриоттығымызды нығайтып, салық түсімі азаймауына қызмет етеді («оны байытамыз»).
Үкімет министрліктердегі PR-қызметтері арқылы идеологиялық жұмыс жүргізеді, бірақ мемлекеттік PR осы жаңа технологияларды мүлдем, несін айтайын — ескі технологияларды да жарытып пайдалана бермейді.
Ал ең құрығанда, тіпті дым ойлап таппадым дегеннің өзінде нақ осы ньюсджекингті мына жағдайларда қолдануға болар еді (бұл жерде тек қана релиз таратуға қатысты жайттарды айтамын, өйткені одан арға әрекеттер — тұтас кампания болып кетеді):
Мұнай бағасына қатысты қандай да бір мәлімдеме (ОПЕК, Барадей): құзырлы орган жауап-мәлімдемесі — баспасөзге, қазақстандықтардың өміріне ықпалын суреттейтін инфографика — үкімет сайтында.
Сирия/ИГИЛ: ҚМДБ немесе дін істері жөніндегі агенттік тарапынан мәлімдеме. Тек қана жамағат оқитын сайт емес, бұқара оқитын медиада жариялау. Атап айтқанда, жастардың теріс ағымға түсіп кетпеуі үшін атқарылып жатқан шаралар туралы фотореп. Мүмкін ана жақтан қайтып келген адасқандардың бірімен интервью де жарар еді. Былайша айтқанда, мысалы, мен сияқты тым трезвый адамға қайдағы бір Джоли мен Ив Кустоның исламға бет бұрғаны туралы немесе Өзбекстандағы бір орыс бүйірінде «аллах» деген жазуы бар балық ұстап алғандығы туралы «жаңалық» мүлдем өтпейді.
Президенттің кезекті жолдауы: барлық министрліктер өз тарапынан түрлі креативті хабарлама/мәлімдемелер жасауына ешкім де кедергі емес. Әлбетте ол релиздер меморганның нақты пайдалы шарасы/нәтижесін көрсетуі қажет. Айталық, салық туралы өзгерістер туралы кіріс жөніндегі комитет инфографика түрінде таратса болар еді. Бірақ, ондай ештеңе алмадық.
Атақты жазушы/ақынның жаңа кітабы: мәдениет немесе білім-ғылым министрлігі мұны міндетті түрде пайдалануы қажет.
Головкиннің/Қанаттың кезекті жеңісі: спорт министрі соның құрметіне фейсбукке қысқаша клип жіберсе, халық ықыласына бөленері сөзсіз. Яғни кісі болып қалған, портфель ұстап туған образдан арылып, адами қасиеттері ел назарында жатталып қалады.

Бизнес
Қазақтың ұлы тұлғаларының бірінің мерейтойлы жылында арнайы серия шығару: айталық, Raimbek Bottlers көп сусындарының бірінің қорабында жыл бойына бір ақын/жазушының суреті мен өлең немесе нақыл сөздерін орналастыруына болады. Бұл "ұлт фанаттары" тарапынан үлкен сұранысқа ие болары сөзсіз. Сол сияқты сүт өнімдерін, киім-кешек, шығарушылары осы идеяны пайдалануына әбден болады және ол айтарлықтай табыс әкеліп, әлжелілерде көп талқыланады. Журналистер де ондай жаңалықты қалт жібермесі анық.
Түрлі заңдарға өзгеріс енгізілуі: айталық, Еңбек Кодексіне енгізілген басты жаңалық — ескі редакциясында жұмыскерді жұмыстан шығаруға 20 себеп болса, жаңа нұсқада 25 себеп жазылған. Осыны делік «Казком» қалай "қағып" кете алады? Әрине, жаңа заң аясында өз қызметкерлерін қалай қорғайынын айтып, мақтанып қалуына болады. Ал жұмыскерін қорғаған жұмысберуші әрине, беделі жоғары болады.

Жалпы, non-governmental салада ньюсджекингті пайдалануда шексіз көп идеялар жасауға болады. Мемлекеттік салада да көңілсіз, қызықсыз, сауатсыз релиздер жариялай бергеннен, адамды жымита алатын, үміт сыйлайтын креативті дүниелер шығаруға инструменттер мен технологиялар жетерлік.
Әріптестерге соны тілеймін.
Басты профит — танымалдылықты арттыру үшін бір тиын да жұмсалмайтындығы. Әлеуметтік желілерде кеңінен талқылану, массаның есаінде қалу.

Тақырыпты түсініп, ұнатқандар — лайк қойсын, түсінбегендер комменттерін қалдыруына әбден болады.
Әрі қарай

Мен оны #ЖАТырқамаймын

Себебі, жат қылығы жоқ. Барлығы өзіме — қазаққа тән. Тарихы да, сюжеті де. Себебі — бастан кешкенім. Тәнім сол тағдыр тезін тірнектеп жүріп өткермесе де, жаным сол қиын-қыстаудан қазір өткендей қансырайды. Қансырайды, өйткені жара жазылған жоқ. Көп сұраққа жауап алынған жоқ… Қансырайды, себебі тоқшылықта, күннің аманында қарным ашады алақаным тастай суып, қаным басыма шабады сол кезді елестетсем…

Блог - SaltanatOA: Мен оны #ЖАТырқамаймын
Әрі қарай

Фотокуә. Білім мейрамы

Блог - bake: Фотокуә. Білім мейрамы
2004 ж. суреттің цифрлы көшірмесін сканерде жасағанда -қағаздағы суреттің түпнұсқасының элементтері құрама бөліктерге сапалы жіктеліпті. Сол кезде компьютер экранында суреттің ұсақ детальдері анық көрінді. Түстерді сәл өңдедім. Жалпы фотосурет туралы не білемін? 1927 ж түсірілген (сол тұста жасалған фотосурет дейік). Фотосуретте кімдер? Жауабы белгілі:
-Мектеп алдында тұрған мұғалім(дер) және оқушылар. Алғашында, бірден назарыма түскен сурет элементі. Сол жақ жоғарғы жағында орналасқан араб графикасының негізінде жазылған жазу. Жазудың мазмұны қандай?
1900-1940 жылдың арасында қағаз бетінд тілді түсіруге кемінде үш әдіс қолданған. Бұған дейін осы жайтқа ешқандай мән бермеппін. Қолға нағыз фотоайғақ түсіпті. Яғни, 1927 жылдың төңірегінде тілді қағазға түсу үшін араб графикасы қолданған. Жазғаным жаңалық емес шығар. Бірақ, осы мектептің кейіннен тастан қаланып, оны қоймаға айналдырған ғимаратты көзбен көрдім десем ше? Тарихтан ауылды жерде мектеп болғанын білеміз. Нақты қайсы жерде, нешеуі және алғашқы мұғалім кім болған?
Кейбір сұрақтарды шешкенге тек архив құжаттары көмектеседі. Ол заманда да бір мұғалімді екі мектеп тарихынан көреміз. Осы жерде кейбір жайттар көңіл аудартады. Өскеменде орналасқан қазіргі Жамбыл гимназиясынан бұрын ашылған қазақ мектебі болған-ды мыс? Негізін кім қалады?
Таласты тарихшыларға қалдырайық. Суретті қарастырғанда нені байқадым?
1) Жазудың мазмұны.
Блог - bake: Фотокуә. Білім мейрамы
Тек жеке әріптерді таныдым. Оңнан солға қарай «б», «і» немесе «н», «л», одан кейін «м» әріпі. Әр түрлі алфавитте тілдің жазылуымен таныс мамандар көңілдерінді аударыңдар. Пікірлеріңді күтемін.
2) Фотосурет түсірілген жылдың мезгілі. Күз болуы әбден мүмкін. 1927 жылы қазіргі бірінші қыркүйектегідей барлық жерде оқу жылы бірдей басталмаған. Көктем болса балалардың көбісі аяқ киім киер еді. Көбісінде аяқ киім жоқ. Бір аяқ киім үлгісін байқадым. Яғни, бәтеңкені (ШҚО климаты жыл бойы жалаңаяқ жүргізбейді).
Блог - bake: Фотокуә. Білім мейрамы
3) Фотосуретте баласымен түскен әке бар. Ортаңғы қатарда, сол жақта бала қасында әкесі отырған сыңайлы. Бастың, құлақтың, көздің ұқсастықтары бар.
Блог - bake: Фотокуә. Білім мейрамы
4) Фотосурет ауылды жерде, әлде қалалы жерде түсірілді ме?
Менің ойымша ауылды жерде. Бірақ нақты айту қиын. Қала тұрғындарыда дәл фотосуреттегідей киінуі де мүмкін. Фотосуретті тапқан тарихшының айтуынша ауылды жер. Сіздер қалай ойласыздар?
5) Бір киім үлгісіне сай киінуге тырысқандары көрініп тұр. Әдейлеп киініп келді десем де қателеспеймін. Барлығы жағалы киім киген. Көбісінде костюм, шалбар. Ақ көйлек. Оң жағында отырған оқушының сырт киімінің тозығы жетіпті. Форма сақтамаған балалар заман туралы басқа мағлұмат береді.
6) Фотосурет түскен күні мектепте сабақ болды ма?
Меніңше сабақ болды. Оң жақта жантайып жатқан баланың қолында оралған дәптер парақтарына ұқсас зат ұстапты. Бір оқушы қыздың қолында анық кітап немесе дәптер, парақ салатын қатты тысты көреміз.
7) Фотосуретте оқушылардың ұстаздары қайда тұр?
Үстінгі қатарда үш азамат, ортаңғысы ең көрнекі жерде орналасқаны мектептің негізгі ұстазы десем қателеспеймін. Мүмкін ортадағы азамат мектептің жалғыз ұстазы шығар.
8) Киімдегі сән үлгісі байқалды. Сол жақта жантайып жатқан бала ұсақ шақпақпен гүлдеген матадан тігілген жейде киіпті. Басында ақ фуражка. Шалбар балағы сыртқа бүріліпті. Жалпы, мата түстері және матадағы суреттер әр түрлі.

Көп қарап, ойланғаннан болар. Қара-ақ түстер түрлі-түстке ауысып, кинолентаға түсірілген деректі фильм үзінділеріндей қатып қалған суретке қас-қағым сәтке жан бітті. Мектеп алдында тұрған мұғалім, оның оқушылары мектеп ішіне кіріп сабақтарын жалғастырды. Қалғандары өз істерімен тарқады. Осындай басы, аяғы жоқ деректі фильм. Оның кейіпкерлерін әлі алда отызыншы жылдар, Ұлы Отан соғысы, тылдағы еңбек, тың игеру күтіп тұрған-ды.
Әрі қарай

Интернетпен танысып, үйленгендер

Қазіргі заманда интернет желісінің дамығандығы сондай, адамдар өз жартыларын сол арқылы іздеп табатын болған. Қарап отырсаңыз рахат! «Оның жүзі қандай екен» — деп басыңызды қатырмайсыз, бірден авасынан және жеке папкаларынан суреттерінің түр-түрін көре аласыз. Қалай сөйлессем, өз-өзімді қалай ұстасам екен,- деген мәселе туындамайды, көгілдір экранның әр жағынан екі есе батылырақ болып, ойыңызды ашық айта аласыз. Интернет желісі арқылы танысып, қосылғандар жетерлік. Олар кімдер? Сонымен, қазір әлеуметтік желімен кім қалай табысқанын, басқалардың көзқарасын, бұрынғы танысу қалай болғанына тоқтала кетсек:Блог - KerimAyankyzy: Интернетпен танысып, үйленгендер

Бұрынғы танысу:Блог - KerimAyankyzy: Интернетпен танысып, үйленгендер
«Көрші ауылға бойжеткен келіпті» дегенді естіген бозбалалар сұлудың үйінің маңайын торуылдап, жүзін көруге зар болып, тек құлақпен оның сұлулығын, тәрибелігін естіп, тамсанып жүруші еді ғой… Ал, бойжеткенді көрген қаншама ерлер сөйлеуге сөз таппай, тілдесе алмай арманда кететін… Иә, бұрынғы кезде солай еді…

Ал, қазір ше?Блог - KerimAyankyzy: Интернетпен танысып, үйленгендер
Қанша шақырым болса да 1-2 секунд ішінде зып еткізіп смс-ті жіберіп, тоқтаусыз сөйлесіп жатады… Кейін телефон арқылы тілдесіп, «скайп», " viber" арқылы түрлерін көріп те сөйлеседі. Тіпті желі арқылы танысып, табысып, қосылғандар да жетерлік.

Сонымен әлеуметті желі де танысқанда алдымен неге көңіл аударылады?

1. Авадағы суреттің өзі қаншама рөл ойнайды.Блог - KerimAyankyzy: Интернетпен танысып, үйленгендерАлғаш суретті көргеннен-ақ адамда жаңа пікірлер мен ойлар қалыптасады. Және бірінші ой адамда ұзақ сақталады, және де сол қалыптасып қалған ойдан тез арыла алмайды… Аваға ескі суретті қоймауға тырысу керек. Көңілді күліп түскен суретің ұтымды болып табылады.
2. Анкетаң мен таңдаған лақап атың бір-біріне сәйкес болуы қажет.
3. Анкетанның толық әрі шынайы болғаны жақсы.Блог - KerimAyankyzy: Интернетпен танысып, үйленгендерӨзіңді асыра мақтаудан сақ бол. Жалған мәлімет беруден аулақ болу қажет. Соңы сенімсіздікке, алдануға әкеліп соғады.
4. Қатып қалған қағида орнатпа, мысалы, кино көргенді ғана ұнатамын,- деген сияқты. Үнемі жаңашылдық таныт.
5. Шынайы суретіңді салуға тырыс. Құрбыларыңда суретті көргенде "өмірде де осындайсың" — деген пікір қалыптасу керек.

Хат алмасқанда>
* Блог - KerimAyankyzy: Интернетпен танысып, үйленгендерӘңгімелесу барысында жағымды тақырыптарды қозғауға тырыс. Ешуақытта өзіңіе шағымданып, келеңсіз жайттарынды қозғама.
* Ортақ заттар тап. Ортақ қызығушылықтар, пікір, сәйкесінше ортақ заттарды талқылаудан жақындастыратын артық ештеме жоқ.
* Танымайтын адамға телефоныңды, мекен-жайыңды айтпа.

Кездесу
* Блог - KerimAyankyzy: Интернетпен танысып, үйленгендерҚауіпсіздік үшін қоғамдық жерлерде кездесуді таңда.
* Қарапайым, табиғи қалпыңнан тайма. Ашық киім, баттасқан макияж сен жайлы теріс ой қалыптастыруы мүмкін.
* Ашық сөйлес. Оның сені жақын білуіне мүмкіндік бер. Ал егер басынан ештеме шықпайтынына көзің жетсе әңгімені созбай, ары қарай қатынасты үзген дұрыс.

«Интернет арқылы танысып, үйленуге болады ма?» — деген сауалнамаға жастар:
Болады:
60.0% (9)
Болмайды:
26.7% (4)
Білмеймін
13.3% (2) — деп жауап берген. Яғни, көпшілігі интернет арқылы танысып, үй болуды қолдайды.

Әлеуметтік желідегі пікірлерге келетін болсақ:

Блог - KerimAyankyzy: Интернетпен танысып, үйленгендер

Fariza Zhaidarkhan
Ол адамға байланысты қалай танысса да. Мен күйеуіммен агентте танысқанбыз, одан біз 3 ай журдік, 3 айдан соң мен (күйеуімнің есімі Мадияр) Мадиярға күйеуге шықтым. Мадияр жақтан кұда түсіп ұзатылып кеттім

Zhanka Zhan:Блог - KerimAyankyzy: Интернетпен танысып, үйленгендер
Мен өзім бұрын агент деген нәрсеге сенбейтінмін. Бірак агенпен жігіттермен ермек үшін, студент болған сон уакыт өткізу үшін таныса беретінмін. Бірак бір жігітпен дос ретінде агент аркылы жаксы сөйлесетін едім. Кейін ол жігітке 1 жарым жылдан кейін ғана телефон номерімді бердім. Содан кейін 2 айдай телефон аркылы сөйлесіп жүрдік. сосын 1 жыл 7 айдан кейін кездестік. Агентте қалай болса өмірде де сондай адам екен. Сөйтіп реальный өмірде араласып тұратын болдық. Кездескенімізден кейін 2 айдан кейін ол маған сөз салды. Қазір екеуіміздің бірге қыз бен жігіт болып жүргенімізге 6 ай болды. Қазір екеуіміз бір-бірімізді қатты жақсы көреміз. Мен бір нәрсені түсіндім: адам өмірде не нәрседен қашса, сол нәрсеге қалай тап болғанын білмей қалады екен. Бұйырса үйленеміз деп жоспарлап жүрміз. Мен бақыттымын.

Арқаның ақ аруы :
Интернетпен танысатын адамдардың өмірдегі адамдардан еш өзгешілігі жоқ. Тек интернеттегі адам ашық болып келеді. Себебі, (бұ менің ойым) интернет арқылы көбінесе мәселе айта отырып танысады. Ал кей кездері еріккенің істің арқасында жақсы достармен қауышып, қуанып жатасың. Көп нәрсе болып тұрады..

lila:Блог - KerimAyankyzy: Интернетпен танысып, үйленгендер
мен өз басым, агент арқылы кездесуге қорқамын, тіпті агенттегілердің біреуінде көрмегенмін. Оның шын өзі екеніне көз жеткізу қиын, ол өтірікшінің алдап, арбауына түсіп қалмасымызға кім-кепіл, сондықтан, сақтықта қорлық жоқ дегендей…

Бота:
Қызық, мен де өз бақытымды интернет арқылы тапқанмын!)) Бір жағынан ойлап қарасаңыз, күні-түні компьютерде отырсақ, ешқайда шықпасақ, «бақытымызды» инеттен емес, басқа қайдан табамыз, иа..))


Иә, интернет желісімен танысқандардың пікірі осындай… Зерттеп қарап шыққанымды көбісі интернетпен табысуды қолдайды екен. Солардың көбі желіден өз бақытын тапқандар.

Блог - KerimAyankyzy: Интернетпен танысып, үйленгендер

Алайда, танысудың соңы келеңсіз жайттарға әкеліп соғатын жайттар да кездеседі. Мысалға:

Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері зорлықпен өлтірілген жас қыздың өліміне қатысты қылмысты ашты:
Із-түзсіз жоғалып кеткен қыздың денесі өзен жағасынан табылды. Онымен ең соңғы рет байланыста болған адамдардың барлығын тергеген полиция, ақыры күдікті ретінде қызбен ғаламтор арқылы хат жазысқан жігіттің қолына кісен салған. Бастапқыда кінәсын мойындаудан бас тартқан ол, соңынан оқиғаны бастан аяқ баяндап берді. Қызбен осыдан екі ай бұрын ғаламторда танысып, сөз байласқан қаскөй онымен бар болғаны 2-3 рет қана кездесіпті. Соңғы кездесуде екі жастың арасында жанжал туып, жігіт бойжеткенді бөтелкемен ұрып өлтірген. Марқұмның денесін ол алдымен арамен бөлшектеп, сосын өзен жағасына әкеп, көміп тастаған.
Блог - KerimAyankyzy: Интернетпен танысып, үйленгендер
Осыдан кейін баспасөз хатшысы: ғаламторда адамдармен танысқанда оның алдымен қыр-сырын білмей жатып, бірден кездесуге болмайды — ол қылмыскер болуы мүмкін, — деген тұжырым жасаған.

Интернетпен табысудың сіз үшін пайдалы, әрі пайдасыз жақтары қандай? Интернет арқылы танысып, үй болуды қолдайсыз ба? Осыған байланысты сіздің басыңызда қандай оқиғалар болды?
youtu.be/IPNFvqw-RGk
Әрі қарай

Бай мәдениет айғағы – Алтын адам не себепті қайта жерленді?

Өз музейіммен мен адамдарды өз-өзін мақтан тұтуға тәрбиелегім келеді. Мен көп жерді шарлап, көпті көрген адаммын. Байқағаным, әзірге тек еуропалықтар ғана өздерін, өз мәдениетін мақтан етеді,
Әрі қарай

Кәсіпті нәсіп етіп отырған зейнеткер

«Кәсіп түбі — нәсіп». Бұл қанатты сөзді өмірлік қағидасы санайтын адамдардың бірі – Айша Рахимбекова апамыз. Ол бүгінде талай жылдық еңбегінің зейнетін көріп отырған аяулы ана, отбасы ұйытқысы. Сонымен қатар бір зейнетақымен шектеліп қана қоймай, шағын кәсіппен айналысуда. Айша ханым осыдан бір жарым жыл бұрын шағын кәсібінің негізін қалаған болатын. Бұл кәсіпті бастауға үлкен қаражаттың да, оффистің де, уақыттың да керегі болған жоқ. Себебі, Айша ханым ас үйінде отырып-ақ қала тұрғындарынан тапсырыс алып, зейнеткер болса да құр отырмай, қолынан келетін өнері – аспаздық, яғни дәмді тағамдар, торт, бәліш және т.б әзірлеуді кәсібіне айналдырған.
Қарағандыға кенеттен жолым түсіп, құрбымның үйінде қонақта болдым. Қазақтың салтымен жайылған мол дастарханнан дәмі тіл үйіретін торттан ауыз тидім. Құрбым бұл тортты арнайы тапсырыс беріп алдыртыпты. Сол кезде ойыма «шағын кәсіп» орала кетті. «Неге үйде отырып, өз нәсібін қолынан келетін өнерімен көріп отырған адамдар туралы жазбасқа?» деп ойладым. Құрбымнан тапсырыс алушы адамның номерін алып, сұхбат беруге келісімін сұрап, С.Мұқанов көшесі 32 мекенжайына жол тарттық.
Есікті күлімдеп 50-ден асқан апа ашты. Құшақ жая қарсы алған Айша апамызбен таныстық осы жерден басталып кетті. Әңгіме барысында зейнетке қай уақытта шыққанын, бұрын қандай кәсіппен айналысқанын, қазіргі уақытта неліктен кондитерлік өнімдер әзірлеумен айналысатынын сұрадым. 25 жылдық өтілі бар балалар дәрігері, ал қазіргі уақытта шағын кәсібін жалғастырып жатқан Айша ханымға біз бара салысымен тапсырыс келіп түсті.
Керек тілші: Кәсіпті нәсіп етіп отырған зейнеткер
Үй телефонына хабарласқан адам тортқа тапсырыс берді. Дәл осы сәтті пайдаланып, мен де әңгіме иесінің жұмысына қызығып, бақыладым.
Алдымен керек заттарды дайындап алды.Сосын оларды араластырып, ыдысқа құйды. 2 түрлі қамыр дайындап алды. Олар піскен соң, кремін жасауға кірісті. Соңында біріктіріп, арасына крем жағып, шоколад және арнайы ұнтақпен безендірді. Мінекей, соңында төмендегідей тамаша торт шыға келді. Айша ханымға 1 тортты әзірлеу үшін 1 ғана сағаттық уақыт жеткілікті болды.
Керек тілші: Кәсіпті нәсіп етіп отырған зейнеткер
Керек тілші: Кәсіпті нәсіп етіп отырған зейнеткер
Керек тілші: Кәсіпті нәсіп етіп отырған зейнеткер
Керек тілші: Кәсіпті нәсіп етіп отырған зейнеткер
Керек тілші: Кәсіпті нәсіп етіп отырған зейнеткер
Керек тілші: Кәсіпті нәсіп етіп отырған зейнеткер
Керек тілші: Кәсіпті нәсіп етіп отырған зейнеткер
Керек тілші: Кәсіпті нәсіп етіп отырған зейнеткер
Керек тілші: Кәсіпті нәсіп етіп отырған зейнеткер
Керек тілші: Кәсіпті нәсіп етіп отырған зейнеткер
Керек тілші: Кәсіпті нәсіп етіп отырған зейнеткер
Керек тілші: Кәсіпті нәсіп етіп отырған зейнеткер
Керек тілші: Кәсіпті нәсіп етіп отырған зейнеткер
Керек тілші: Кәсіпті нәсіп етіп отырған зейнеткер
Керек тілші: Кәсіпті нәсіп етіп отырған зейнеткер
Керек тілші: Кәсіпті нәсіп етіп отырған зейнеткер
Керек тілші: Кәсіпті нәсіп етіп отырған зейнеткер
2 түрлі қамыр дайындап алды. Олар піскен соң, кремін жасауға кірісті. Соңында біріктіріп, арасына крем жағып, шоколад және арнайы ұнтақпен безендірді. Мінекей, соңында төмендегідей тамаша торт шыға келді. Айша ханымға 1 тортты әзірлеу үшін 1 ғана сағаттық уақыт жеткілікті болды. Ең соңында тортты қорабына салып, тапсырыс иесіне ұсынды.
Керек тілші: Кәсіпті нәсіп етіп отырған зейнеткер
Керек тілші: Кәсіпті нәсіп етіп отырған зейнеткер
Керек тілші: Кәсіпті нәсіп етіп отырған зейнеткер
Торттың бағасы 2000 теңге. Ал кеткен шығын мың - мың екі жүз теңге шамасында болды

Айша Рахимбекова: Мен зейнеткерлікке шықсам да, бос отырмас үшін шағын кәсібімді аштым. Демалыс күндері тапсырыс көптеп түседі, ал жұмыс күндері кемінде 2-3 тапсырыстан болады. Маған керек азық-түліктерді жұбайым әкеліп береді.Қазір ғаламтор деген бар ғой, сол жерде де адамдар тапсырыс беріп жатады.

Айша апа бізге өзі әзірлеген тәтті-дәмділерімен шәй берді. Аз сөйлеп, көп іс тындыратын бүгінгі кейіпкеріміз көпке үлгі болары сөзсіз. Уақыт тығыз болғандықтан, кәсіптің нәсібін көріп отырған апамызға зор денсаулық тілей отырып, қоштастық.
Ия, біздің арамызда жұмысқа қабілетсіз адамдардан гөрі қабілетті адамдар мыңдап артығырақ. Ал Айша апамыз жасы ұлғайса да әлі тың. Себебі адам кез келген уақытта жұмыс жасай алуы тиіс дейді. Сөз соңында айта кетейік, қазіргі кезде қолдан жасалған бұйымдарға, өнімдерге, тағамдарға сұраныс артуда. Сіз де, мүмкін, сіз де өз үйіңізде шағын бизнес ашуды ойлап жүрген шығарсыз? Ендеше артқа қарамай, тек алға ұмтылып, кішкенеден үлкенге жетуге тырысыңыз! Кәсіпкер атану үшін сіздің кез келген жұмысқа деген ынтаңыз жетіп артылады. Ынта-шынтаңызбен істеген әрбір ісіңіз жемісін бермей қоймайды.
Әрі қарай

Инвестиция. Қаржыны қайда құям?

Маңдай термен тапқан артық ақшаны қайда құюға болады? Табысты қалай көбейтем? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрейік. Бұл мәселеде бізге тәуекел-менеджер, құрбым Мәдина көмекке келеді.

Депозит
Қаражат сақтаудың ең кең таралған және ең түсінікті құралы – депозит. Сонымен қатар ол қаражат құюдың ең сенімді жолы болып табылады, себебі салымдардың сақталуын Қазақстаның депозиттерге кепілдік беру қоры қамтамасыз етеді. Депозитіңіз бар банк күйген жағдайда салымыңыз толықтай қайтарылады, алайда оның көлемі 5 000 000 теңгеден аспауы шарт және қор депозит сыйақысын төлемейді.
Банктер клиенттерге ақша салудың қолайлы жағдайын ұсынып отыр, төмендетілмейтін қалдықтың аз болуы, кей банктердегі депозиттен ақшаны кез-келген уақытта шешіп алу және толықтыру мүмкіндігі осыған дәлел. Қазіргі кезде максималды сыйақы мөлшері теңгедегі депозиттерде 10,5%, ал доллардағы депозиттерде 4,1%-ті құрайды:

ОҒМ жазбалары: Инвестиция. Қаржыны қайда құям?

Бұл жерде пайыздық мөлшердің жоғарғы деңгейін ҚР Ұлттық Банкі реттеп отыратынын айта кету керек. Өзге валютадағы депозиттер туралы ақпаратты мына жерден оңай табасыз.

Мәдина, тәуекел-менеджер: Иә, депозит қазіргі кездегі ең сенімді инвестиция құралы деп айта аламын. Алайда ол пайда табудан бұрын, қаржыны инфляциядан сақтауға арналған. Сол үшін депозит иелеріне қаражаттың бір бөлігін доллар немесе еурода сақтауға кеңес берер едім.

Халықтық IPO
IPO – компанияның кішкентай үлестерін (акцияларды) жаңа иегерлерге жаппай сату болып табылады. 2012 жылы Қазақстандағы ірі мұнай құбырларының операторы «КазТрансОйл» АҚ-ның қарапайым акцияларының IPO-сы сәтті өтті. Сатылым кезіндегі бір акция құны 725 теңгені құраса, 2012 жылғы бір акцияға берілген дивиденд 75 теңгені, ал 2013 жылы 109 теңгені құрады. Екі жылдың нәтижесі бойынша «халықтық акционерлер» 25% пайдаға кенеліпті. Осы жылы «Халықтық IPO» бағдарламасы бойынша сатылымға «KEGOC» АҚ акциялары бір данасына 505 теңгеге шығарылмақ. 2015 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ акциялары сатылымға шығады деп күтілуде, одан әрі «ҚазақстанТеміржолы» ҰК» АҚ және «КазАтомӨнеркәсіп ҰАК» АҚ «Халықтық IPO» бағдарламасына қатыспақ.

Мәдина, тәуекел-менеджер: Халықтық IPO бағдарламасының алғашқы компаниясы сәтті өтті. Бірақ компаниялар әртүрлі, мысалы, электр желілері – мұнай емес, кіріс көлемі сіз ойлағандай болмауы мүмкін. Сондықтан акцияны сатып алмас бұрын компания туралы аз-мұз зерттеу жасап алған жөн.

ҮИҚ
ҮИҚ (үлестік инвестициялық қор) – ұжымдық инвестициялау формасы. Салымшылардан жиналған қаражатты басқарушы компания түрлі қаржылық құралдарға (акциялар, облигациялар) инвестициялайды.
2004 жылдан бастау алған бұл нарық сегменті жоғары пайдалы және тәуекелі аз саналып қарқынды дамыған болатын. Дегенмен, Қазақстанда ҮИҚ – тиімсіз болып табылады. 2008-2010 жылдардағы дағдарысқа байланысты акциялар құнсызданып, нарықтың бұл секторы соңғы жылдары едәуір қысқарды:

ОҒМ жазбалары: Инвестиция. Қаржыны қайда құям?

Мәдина, тәуекел-менеджер: Пайлық инвестициялық қорлардың соңғы жылдары екі есеге қысқаруын есепке алатын болсақ, оларға қаржы құюды қауіпсіз демес едім. Дағдарысты былай қойғанда, алаяқ басқарушы компанияға ұрынып қалу ықтималдығы да бар. Сондықтан ҮИҚқа ақша құярда нарықта ең құрығанда 3-4 жыл жұмыс істеп жатқан басқарушы компанияны таңдаған жөн.

Алтын
Қазір кей банктер ақшаны алтынға инвестициялау мүмкіндігін үсына алады. Ол үшін «металл есеп» ашылады, онда клиентке тиісті алтын мөлшері есепке алынып отырады. Алтын банктің өзінде сақталады. Пайда иесіздендірілген алтынды сатып алу және кейін сатудың айырмашылығынан түседі.
Сонымен қатар ҚР Ұлттық банкінен инвестициялық және коллекциялық алтын тиындар сатып алуға болады. Мұндай қызметті Сбербанк және Еуразиялық банк ұсынады, бірақ мұндай алтын тиындар, оның ішінде коллекциялық түрі сізге қымбаттау түседі. Себебі алтынның өз бағасына тиынды жасау жұмысы да қосылады. Оның үстіне мұндай алтынды тек ҚР Ұлттық банкіне немесе коллекция жинаушыға сата аласыз.

Мәдина, тәуекел-менеджер: Иесіздендірілген алтынның курсын банк өзі қояды, дегенмен баға жанама түрде әлемдік алтын құнына тәуелді. Сонымен қатар түрлі комиссиялық шығындары бар. Осыларға дайын болсаңыз, алтынға қаражат құйыңыз.

Автомобиль

Рубль бағасының долларға қатысты төмендеуіне байланысты біздің азаматтарға жаңа авто сатып алу түріндегі инвестиция мүмкіндігі пайда болды. Әлден-ақ кей пысық қазақстандықтар осы негізде өз бизнесін бастап та кетті. Жай ғана Астана мен шекараға жақын Омск Тойота орталықтарындағы жаңа автомобиль бағаларын салыстырып көрейік:
ОҒМ жазбалары: Инвестиция. Қаржыны қайда құям?
Ресейдегі престиж комплектациялы Тойота Камри 1 308 мың рубль, яғни 29 876 доллар тұрады, ал Қазақстандағы орталықта тура осы комплектация 38 000 доллар тұрады.
Бұл туралы тәуекел-менеджеріміз ештеңе демейді. Не десін? Қолыңыздан іс келсе, мұрныңызға бизнес исі баратын болса, алға!




Өз басым мұндағы инвестиция түрлерінен Каспий банк депозитін ғана пайдаланыппын. Ақшаны кез-келген уақытта шешіп алуға болатындығымен тартты, бірақ соның кесірінен бір жағынан қаражат жинап та қарық қылмадым. Айтпақшы, Жилстройсбербанкте жинақ бар, бірақ бұл инвестициядан гөрі қажеттілік дер едім.
Негізі Мәдинаның айтуынша, тура қазіргі жағдайда өзіңді кей нәрселерден қысып қор жинаудың қажеті жоқ. «Автокөлік, техника керек пе – несиеге алып ал, пәтер керек пе, мүмкіндігің болса, ипотека рәсімде, білім алғың келе ме — оқы, шетелге қыдырғың келе ме – алға, дауай! Тапқан ақшаңды өз рахатыңа жұмса, себебі девальвация бәрібір жалмап алады» дейді. «Кенет» жағдайларға кішкене «тықпаң» болуы керек әрине. Кеттім. Ақша жұмсауға.
Әрі қарай

Туыстығы адам сенгісіз 10 жұп хайуан

Дельфин мен кит балық емес, сүтқоректі екенін мектептен-ақ білгеніммен, кейде дельфин акуладан гөрі бізге жақын екенін ойлап, басым жарылып кете сақтайтын. Ғалымдар бұл сиқырдың сырын «конвергентті эволюция» деген ақылды сөзбен түсіндіреді. Арасында еш туыстық байланысы жоқ екі хайуан бір табиғи ортада өмір сүргенде, оларда сырттай ұқсас белгілер мен қасиеттер пайда болады. Бірақ, құлағы ұзын екен деп есек пен қоянды туыс дей алмаймыз ғой! Сол сияқты, жарқанат та ұшатынына қарамастан торғайға туыс емес. Ал кейде керісінше, сырттай мүлде ұқсамайтын екі жануар біз ойлағаннан әлдеқайда жақын туыс боп шығады.
«Биеден ала да туады, құла да туады» дегендей, бұл туыстардың бір ұрпағы жан сақтаудан «спорт шебері» болса, екіншісі жүзуден чемпион. Үшіншісі жай ғана көптің бірі, көттің кірі. Ал төртіншісінің сорлап қалған кескінін көрсе, қанжар тісті атасы ұяттан жерге кірер еді. Ендеше, хайуанаттар әлеміндегі адам айтса сенгісіз 10 туыстықтың үлгісімен таныс болайық.


10. Қалталы қоңыр тышқан мен коала

Жануартану: Туыстығы адам сенгісіз 10 жұп хайуан
Бұл аңшық бір қарағанда тышқанға ұқсайды. Екі қарағанда да тышқаннан айыру оңай емес. Австралиялықтар "қалталы қоңыр тышқан" деп атағаны да содан. Дегенмен, «antechinus» деп аталатын бұл жануардың кеміргіштер тобына еш қатысы жоқ. Кеміргіштерге тән болатын ұрық жолдасынан бұл шибұттар жұрдай болған соң, ғалымдар оны қалталы жыртқыштар тобына жатқызады. Яғни, қалталы тышқан мен коала жеті атадан қосылмаса да, бір қалталы хайуаннан тарайды.

Тек бірі талға, бірі жер бетіне тұрақталған. Сол сәттен бастап, жердегісі ірі жануарлардан құтылу үшін шалт жиырылатын бұлшық еттерді дамытады. Қашып-пысқан тіміскі-тышқани өмірден шөгіп, көрген адам қолына түскен затпен ұрып өлтіргісі келетін ұсқынсыз кейіпке келеді. Ал талдағысының салыстырмалы қауіпсіздігі, керісінше, баяу жиырылатын бұлшық еттерді ғана дамытуға мұрша береді. Нәтижесінде, екінші топ жалқау, ұйқы мен жапырақ соғудан басқа түк бітірмейтін сүйкімді коалаға айналған көрінеді.
Жануартану: Туыстығы адам сенгісіз 10 жұп хайуан


9. Мара (Патагония қояны) мен теңіз шошқасы

Жануартану: Туыстығы адам сенгісіз 10 жұп хайуан
Әңгіме көрші райондағы 81-дің Марасы туралы еместігін сезіп отырған шығарсың. Келесі кейіпкердің ұсқыны фотошоппен жасалғандай. Бұны балаңа көрсетсең, «асырап алайықшы» деп «зайыбыңды» алары анық. Бұл не өзі? Мал ма? Қоян ба? Кенгуру ма?
«Патагония қояны» деген екінші атына қарамастан, Мара — қоянтәрізділер емес, кеміргіштер «руының» өкілі. Ал кеміргіштердің ішінде Caviidae «әулетінен» тарайды. Демек, Мараға қояннан бұрын өз «әулетінен» шыққан кәдімгі теңіз шошқасы әлдеқайда жақын екен.
Жануартану: Туыстығы адам сенгісіз 10 жұп хайуан


8. Шиншилла мен жайра

Жануартану: Туыстығы адам сенгісіз 10 жұп хайуан
Терісі бағалы шиншиллалар туралы нені білген дұрыс? Біріншіден, олар алғашқы махаббатына мәңгі адал келеді. Ну, енД… «мәңгі» дегенде арқам қозып кетсе керек, 10-15 жылдай дейікші. Үйде олар шамамен сонша уақыт өмір сүреді екен. Екіншіден, шиншилла үй қояндарымен де, егеуқұйрықтармен де анау айтқандай туыс емес. Оның ең жақын туысы — жайра. Гендік-молекулалық сараптамаға сәйкес шиншилла кеміргіштер отрядының Hystricomorpha немесе «жайратәрізділер» тармағынан тарайды. Ал жайраны қазақтар «тағылан» және "үлкен кірпі" деп атағаны жөнінде деректер бар. Дегенмен, жайраны үлкен кірпікшешен деп атау дұрыс емес, себебі, кірпілер кеміргіш емес, өз алдына бөлек тұқымдастар өкілі.
Жануартану: Туыстығы адам сенгісіз 10 жұп хайуан


7. Қорқау қасқыр мен мангуст

Жануартану: Туыстығы адам сенгісіз 10 жұп хайуан"Қой, енді қасқыр мен мангустты шежіренің бір бұтағына мінгізуің қалды," — демей тұра тұрыңыз. Сіз, бәлкім, гиенаны ірі мысықтардан «отдуши» таяқ жеп, «чмо» боп қалған қасқырға ұқсататын шығарсыз. Кешегінің қазақтары да солай ойласа керек. Алайда, бұл қанқұмар жыртқыштың қанында ит пен қасқырға тән мінездің ізі де жоқ. Неге?
Жыртқыштар (Carnivora) мысықтәрізділер (лат. Feliformia) және иттәрізділер (лат. Caniformia) болып екіге бөлінеді. Қорқаулар бас сүейгі мен тістерінің құрылысына сәйкес мысықтәрізділерге жатады. Мангуст та сол топта. Сондықтан, мангуст тұқымдастары Қорқауларға кәдімгі дала тағысынан әлдеқайда жақын деуге негіз бар.

Камерасымен хайуандарды алды-артынан түсіріп, аң аңдумен өмірі өтетін жанкештілер "өлексе жеген өлімтік" деген айып арқалаған қорқау қасқырдың, шындығында, көздеген жемтігінің 90 пайызының түбіне өзі жететінінін анықтапты-мыс. Сол рас болса, қорқау қасқыр, жеме-жемге келгенде, он жорықтың бесеуінде қанжығасы бос қайтатын аң патшасынан да епті болғаны.
Бәсе деймін, әбжыланға әкесін танытқан «Рикки-Тикки-Тавидің» «жиеншары» сүмелек болмаса керек-ті.

Жануартану: Туыстығы адам сенгісіз 10 жұп хайуан


6. Есек пен мүйізтұмсық

Жануартану: Туыстығы адам сенгісіз 10 жұп хайуан
Бірнеше мың жыл бұрын қасқа маңдайына адамзатқа құл болу жазылған жуас тақтұяқтылар (жылқы, есек һәм зебра) жүгімізді, қару-жарағымыз бен өзімізді тасымалдаудың таптырмас құралы болып келгені рас. Сондықтан, «есек пен жылқының ең жақын туысы — төрт түліктің бірі» деген ой туу мүмкін. Ойыңызды бөліп жіберсем, кешіріңіз, бірақ жылқы тұқымдастардан бөлек тақтұяқтылардан бұ заманда тек мүйізтұмсық пен тапир ғана аман қалған.

Әрине, зообаққа соңғы рет бес жасыңызда барған болсаңыз, «Тапир» дегенің не пәле, тағы?" деуіңіз де ғажап емес.

Ендеше, «тапир» дегенім — мына бәле:
Жануартану: Туыстығы адам сенгісіз 10 жұп хайуан
Иә, әлгі Мел Гибсонның «Апокалипсис» фильмінде шошқаша қорсылдап жүріп, үндістердің құрығына түсіп қалатын мақұлық осы. Түріне қарасаң, сауыт-сайманынан айрылып, мұңайған боқтың күйіне түскен мүйізтұмсыққа келетін сияқты, ә?
Әлде үнемі іші қаталап жүретін жалғыз жануар осы ма екен? Жануартану: Туыстығы адам сенгісіз 10 жұп хайуанҚалай болғанда да, тақтұяқтылардың даму жолына көз жүгіртсек, анық ұқсастықты байқауға болады. Мысалы, мүйізтұмсықтың аяғында үш «башпай» бар…

… жылқыларда да болған. Бір кездері. Бірақ қос қапталындағы екі мыртық бақай уақыт өте келе семіп, ортадағы алып тұяғы ғана қалды.

Жануартану: Туыстығы адам сенгісіз 10 жұп хайуан


5. Ехидна мен үйректұмсық


Ехиднаның суретіне қарағанда, алғаш ойың: «Ай, осы дәу де болса жоғарыда аты аталған жайраның туысы шығар...» — болуы мүмкін. Олай емес екенін білген соң. "Әлде, кірпінің туысы ма?" деп кірпінің туыстарын түгендеп кетерсің, бәлкім.
Азғын қиял «Ох! Бұл әлгі екеуінің садо-мазо стиліндегі жыныстық қатынасынан туған көрбақ қой!» дегізбей тұрғанда, тікенектің арғы жағына үңіліп, құс тұмсығын байқайық. Тәк...Үңіле түссек, оның қарнында қалтасы бар екенін көреміз. Әрі қарай жақындай түсуге рұқсат беретін дипломымыз жоқ, әттең, әйтпесе оның қосмекенділерге тән ұлы, кіші, орта дәреттерімен қоса жұмыртқаны да сала беретін жалғыз мүшесі барын байқай алар едік.
Аталған қасиеттердің барлығы бір бойынан табылатын жануар әлемде біреу ғана — үйректұмсық.
Үйректұмсықты алғаш тапқан ғалым біреудің бұрыштан атып шығып мұның бәрі әзіл екенін айтуын бір күн күткен көрінеді.
Үйректұмсықтың үйрек тұмсығы, құндыз құйрығы, ескек аяқтары мен кенгуру қалтасы оны эволюцияға да, жоспарлы жаратылысқа да қарсы аргумент қылып жіберді.

" Қойшы-ей, рас па? Үйректұмсықты қалай түсіндіресің ал?"

Жануартану: Туыстығы адам сенгісіз 10 жұп хайуан


4. Аю мен итбалық

Адамның аюға деген пейілі қызық, негізі. Бір жағынан, бала болып құшағына ойыншық аю басып көрмегендер сирек, ал екінші жағынан, шын аюмен бетпе-бет кезігіп қалсақ, бұтымызға жіберіп қояр едік. Суретіне қарап, аюларды құшақтап алғың келгенімен, өміріңдегі соңғы құшағың сол болатынын әлгі жеріңмен сезіп тұрасың. Ескекаяқтылар деп бұрын итбалықтар мен морждарды біріктіретін сүтқоректілердің бөлек отрядын атайтын. Бүгін итбалықтар мен морждар жыртқыштар отрядының иттәрізділер (лат. Caniformia) деген кіші отрядына дербес әулет ретінде қосылып, эволюция бұтағында аюлар мен сусарлардың "құдайы" көршісіне айналды.

Осы кезде, сен ашуланып кетіп: « Ау, епті ғана, ана байғұстардың аяғы да жоқ қой! Бұтақбас ғалымдардың бізді ауыздан тігіп отырғанын осыдан-ақ көрмейсің бе? Әлде, соны байқау үшін де биолог болу керек пе?!» — деп, бақырып жіберуің мүмкін.
Иә, бірақ итбалықтың «ескектеріне» мұқият қарап көрдің бе? Жауабыңды «Жоқ!» деп болжап отырмын. Ендеше, суретке зер салайық:
Жануартану: Туыстығы адам сенгісіз 10 жұп хайуан
Енді, аюдыкіне қара:
Жануартану: Туыстығы адам сенгісіз 10 жұп хайуан
Итбалықтың ескегі жалпақ, аюдың тырнақтары ұзын. Алайда, екеуінің де әр аяғында ішке тартылмайтын 5 тырнағы бар, сүйек құрылымдары бірдей, жүру сипаты бойынша да табаны мен бақайлары жерге бір мезетте тиеді.
Жануартану: Туыстығы адам сенгісіз 10 жұп хайуан
Канадалық Девон аралындағы қазба жұмыстары ескекаяқтылар осыдан 20 миллион жыл бұрын Жер мақанның бетін мекендеген жыртқыш пуйиладан (лат. Puijila darwini) тарағанына меңзейді-міс. Бұл педри… кешірерсіздер, пуйила құрлықта да, су ішінде де көкесінің үйіне келгендей ойқастап жүргенге ұқсайды.

Ал бүгінгі ескекаяқтылар артық «жүгірістің» бәрін қойып, жалпиып жата бергенді жақсы көретін сияқты. Бекер-ақ, әйтпегенде, өзінің ептірек туысының күнделікті асына айналмас еді…
Жануартану: Туыстығы адам сенгісіз 10 жұп хайуан


3. Тау даманы мен піл

Жануартану: Туыстығы адам сенгісіз 10 жұп хайуан
Пілдің ең жақын екі тірі туысының бірі — тау даманының кескіні бойын рухани сырқат не үрей билеген суырға ұқсайды. Оның тұрақты мекені Израиль, Палестина мен Оңтүстік Африка жартастары.
Оңтүстік Африка! Ауылдың кіл бұзықтары жиналған сыныпқа түскен әлжуаз баланы елестете аласыз ба? Сілеусіндер, қабыландар, әбжыландар, жабайы иттер мен бүркіттер жайлаған бұл тозақта даман сияқты «чорДтар» қалай аман қалады?
Түріне қараңызшы.
Жануартану: Туыстығы адам сенгісіз 10 жұп хайуан
Өш, көтек, сойдақ тісін ақситып, айбат шегіп қояды екен ғой бұл да? Одан да, анау тышқанның құмалағындай боп қалған күрек тістерін өсіріп, кеміргіш бола салғаны артық па еді? «Сойдақтан» гөрі, "ұры тіс" деген дұрыс шығар бұныкін. Әрине, қан майданға дамбалшаң аттанып кеткен жанкештілігіне қол соқпасқа болмайды. Дегенмен, даманның көті бүріспей жүретін кезі болмайды. Оның бүкіл өмірі қоректену, "қай жағымнан жау келер?" деп жалтақтау мен жыртқыштарға жем болудан тұрады.
Ал сол кезде оның ең жақын бөлесі ұзын тұмсығын көтергіш кран, қол және субурқақ қызметіне жегіп, еңгезердей денесімен жыртқыштарды үркітіп жүреді. Сырттай мүлде ұқсамайтын екі жануарға ортақ нәрселер:
1) Екеуінің де алдыңғы аяқтарында төртеуден тұяқ бар, артқысында үшеуден.
2) Тау дамандары пілдер сияқты қауымдасып тіршілік етеді.
3) Бас сүйегі мен асқорыту жүйесі пілдікіне ұқсайды.
4) Екеуі де бір-бірімен байланыс үшін алуан түрлі дыбыстар қолданады.

Жануартану: Туыстығы адам сенгісіз 10 жұп хайуан


2. Піл мен ламантин

Пілдің дамандардан басқа, «Ламантин» деген тағы бір ұсқынсыз туысы бар. Мына Табиғат мақанның «сіңбірігіне» ұқсаған жануар алыстан моржға ұқсағанымен, ескекаяқтыларға еш қатысы жоқ. Ламантинның даму жолы біз білетін барлық теңіз сүтқоректілерінен дербес өрбіді.
Ұзын сөздің қысқасы, пәленбай миллион жыл бұрын, бойы қысқа, семіз, Prorastomuses атты Ямайкалық мамонттар судың айналасынан шықпай қалады. Ақыры толық суға өтіп, түгенбай миллион жыл дегенде, денесі білеуленіп, ішіне қазы тығылған бүйендей жылтыр, суда баяу қалқып жүріп-ақ сілікпесі шығып, шаршап жүретін бұтақбас бір жануар пайда болады.
Жануартану: Туыстығы адам сенгісіз 10 жұп хайуан


1. Дельфин мен сусиыр

Жануартану: Туыстығы адам сенгісіз 10 жұп хайуан
Соңғы жұп — туыстығының дәлелі бар да, айғағы жоқ жұп. Өз көзіме сендірей, викиға тойдырмай, Дискавери мен Би-Би-Си каналдарын аралатып жіберген тап осы жұп болатын.
Сену қиындау, бірақ кит пен дельфиннің «бабалары» камшат, cусар сияқты жартылай су аңдары болыпты. Киттәрізділердің (лат. cetacea) сусиырмен туыстығы жайында бұрын да оқығанмын. Әйтсе де, олардың бұтақтары қай жерде тоғысатынын білмейтінмін. Әйтеуір, ортақ аталары жұптұяқты болғаны және шамамен 50 миллион жыл бұрын киттәрізділер мен антракотерийлерге бөлінгені белгілі.

1-суретте Ambulocetus — (лат. «жүретін кит») мүсіні түсірілген. Ол — кит пен дельфиннің сүйкімнен жұрдай арғы атасы.

Ал 2-суреттегісі — сусиырдың ішті айдайтын фито-шайларды ішіп-ішіп, азып кеткен Антракотерий деген атасы. Очм, Амбал Әсеттің ұрпағы уақыт өте келе суға әбден бейімделіп, құрлыққа тұяғын бір сілтеген сияқты. Ал Антракотерийлер біржола жойылып біткен. Бірден емес, біртіндеп сусиырдың балиғатқа толып, мұрагер боп қалуға шамасын білген соң ғана кете берген.

Жануартану: Туыстығы адам сенгісіз 10 жұп хайуан

Күмәнданайын десем, жоғарыдағы туыстықты ғалымдар ДНҚ-сараптамасы мен жануарлардың сүйек құрылысына сүйеніп жасаған. Сене салайын десем, бұл жұптардың аралық түрлері әлі нақтыланбаған.
Айталық, ғалымдарды «Осы туыстықты негізге алып, дельфин мен киттерді жұптұяқтылар отрядына жатқызуға бола ма?» деген сұрақ мазалайды. Себебі, онда сусиырлар ғана емес, маралдар, түйелер, сиырлар, тіпті шошқалар мен керіктер де дельфиндерге жұрағат болып кетер еді.
Иә, барлық адамдардың түбі бір болатыны сияқты, хайуандардың да түбі бір екеніне сенуге болады. Тек филогенетика мәселесі — олардың бір-бірінен қашан, қай тұста және нақты қай түрден қалай тармақталатынын анықтау. Ал заманауи зерттеулер нәтижесі бізді әлі талай таңқалдыратын сияқты.



дереккөздер:
www.cracked.com, www.bbc.co.uk/nature/prehistoric, www.bbc.co.uk/nature/wildlife/,
Cуреттер: www.wikimedia.org, www.flickr.com, www.sciencedaily.com, www.zoosite.com.ua


Әрі қарай

Ер Төстік 2.0 немесе «Тұрқыңа сай киіне білесің бе?»

Менде бір керемет сюжет бар...: Ер Төстік 2.0 немесе «Тұрқыңа сай киіне білесің бе?»


Ерте, ерте, ертеде, лама жүні келтеде, Кенжекей сұлу Ертөстік хикаясын жалғастырмақ болыпты. Ертөстіктің Айдаһарды жеңген күні ішкілікке салынып кетуі себепті, басты кейіпкердің орны бос қалыпты. Кенжекей әрі ойланып, бері ойланып, ертегі сиквелына басты рөлге лайық жігіт керек екенін айтып, жарияға жар салады. Сол-ақ екен, ертегі әлемінде сенделіп жүрген еркек кіндікті жеті кейіпкер желпініп жетіп келеді. Бірақ, Кенжекей жетеуін де «Бірдеңе жетіспейді» деп қабылдамай қояды.
Жетеуден маза кетеді.

«Әттең, тым арықпын, әйтпегенде өтер едім!» — дейді Желаяқ.
«Әттең, мойным қылдай, әйтпегенде өтер едім!» — дейді Көреген.
«Әттең, қолым сөздің тура мағынасында ғана ұзын!» — дейді Епті.
«Әттең, қампиған қарным болмағанда!» — дейді Көлтауысар.
«Қап, бойым қысқа боп тұрғаны!» — дейді Қаңбақ шал.
«Мені де «мойның қысқа» деп менсінбей қойған шығар!» — дейді Саққұлақ.
«Ай, дәу де болса, бөксемнен таптым-ау!» — дейді Таусоғар.

Менде бір керемет сюжет бар...: Ер Төстік 2.0 немесе «Тұрқыңа сай киіне білесің бе?»
Бұл сөздерін артынан еріп отырған Мыстан естіп қояды да: «Мен сендерге бұл қырсықтың дауасын айтайын, ал сендер маған отынымды тасып беріңдер», — дейді. Жетеуі келісіп, Мыстан кемпір тай сандығын ашып жібереді де, ішінен сымбат кемшіліктерін киіммен жасыру сыры жазылған бір бума қағазды алып, бір-бір парақтан таратып береді.


Жүдеу Желаяққа



ЖАРАСПАЙТЫНЫ:

ЖАРАСАТЫНЫ:

1. Қара, қошқыл және қою күңгірт түс;
2. Денеге жабысып тұратын свитер һәм сондай жеңсіз көйлек (футболка);
3. Бір өңірлі пиджак, терең ойықты пальто;
4. Кең, қолпылдақ үлгідегі олпы-солпы киім.

1. Кең балақты шалбар;
2. Жалпақ жаға;
3. Ашық түстер;
4. Көлденең жолақты киім;
5. Ірі әрі жалпақ жолақтары бар киім;
6. Бірнеше қабат киіну. Денеге қосымша көлем беру үшін (мыс: жейде + жемпір + пальто, жеңсіз көйлек + кеудеше + күрте т.с.с.);
7. Жейде, «толстовка», жұқа свитерлердің жеңін әдемілеп қайырып қою (бейресми кездесу, отырыстарда).


Менде бір керемет сюжет бар...: Ер Төстік 2.0 немесе «Тұрқыңа сай киіне білесің бе?»


Қылмойынды Көрегенге


ЖАРАСПАЙТЫНЫ:

ЖАРАСАТЫНЫ:

1. V-пішіндес ойық;
2. Жағасы ашық жейде;
3. Жіңішке галстук;
4. Мойынға тағатын жіңішке, сопиған, салпылдаған алқалар, баулар;
5. Тікірейтілген шаш үлгісі.

1. Биік жағалы сырт киім;
2. Тік жағалы жейде;
3. Жалпақ галстук;
4. Жағаңның түсі жейдеңнің түсіне кереғар болса;
5. Қауға сақал;
6. Шарф.


Менде бір керемет сюжет бар...: Ер Төстік 2.0 немесе «Тұрқыңа сай киіне білесің бе?»


Ұзынқолды Ептіге:


ЖАРАСПАЙТЫНЫ:

ЖАРАСАТЫНЫ:

1. Жеңінде тік жолақтары не жіңішке өрнектері бар жейде;
2. Жартылай шолақ жеңді жейде (3/4);
3. Жалпақ манжетті жейде.

1. Жалпақтығы орташа білезік не қол сағат;
2. Ұзын манжетті қолғап.


Менде бір керемет сюжет бар...: Ер Төстік 2.0 немесе «Тұрқыңа сай киіне білесің бе?»


Кебеже қарынды Көлтауысарға


ЖАРАСПАЙТЫНЫ:

ЖАРАСАТЫНЫ:

1. Денеге жабысып тұратын киім;
2. Тегіс, жеңіл мата;
3. Бүрмелі, қыртысты шалбарлар;
4. Қос өңірлі костюм, пальто, күрте;
5. Жіңішке немесе қысқа галстук.
6. Тым ашық түсті киім;
7. Бір-біріне кереғар түстер (мысалы: қызылға – жасыл, сарыға – күлгін, сарғышқа – көк кереғар);
8. Жалпақ көлденең жолақты киім.

1. Бір өңірлі, сәл кеңдеу костюм;
2. Үштік-костюм (тройка);
3. Суреті, өрнектері тігінен түскен костюм;
4. Белі жоғары шалбар/джинсы;
5. Кеңдеу киім үлгілері.
6. Бірыңғай, қошқыл, күңгірт түстер;
7. Назарды қарыннан алыстату: көзілдірік, сақал, жалпақ жиекті қалпақ, жуан қолсағат.


Менде бір керемет сюжет бар...: Ер Төстік 2.0 немесе «Тұрқыңа сай киіне білесің бе?»


Қарыс бойлы Қаңбақ Шалға


ЖАРАСПАЙТЫНЫ:

ЖАРАСАТЫНЫ:

1. Жалпақ жаға, белбеулер;
2. Бір-біріне кереғар түстер (мысалы: қызыл – жасыл, сары – күлгін, сарғыш – көк;
3. Қосөңірлі пиджак және пальто;
4. Кең шалбар не джинсы.

1. Суреті не жолақтары тігінен түскен киім;
2. Бір өңірлі пиджак не пальто;
3. Ұзын пиджактар не күртеше;
4. Белі жоғары шалбар не джинсы.


Менде бір керемет сюжет бар...: Ер Төстік 2.0 немесе «Тұрқыңа сай киіне білесің бе?»


Қысқа мойын Саққұлаққа


ЖАРАСПАЙТЫНЫ:

ЖАРАСАТЫНЫ:

1. Мойынға тағатын орамалдар;
2. Жалпақ галстук;
3. Жейденің жағасын "қылқындыра" түймелеген;
4. Жалпақ жағалар;
5. Шарф.
6. Сақал қою.

1. V-пішінді ойықтар;
2. Жіңішке галстук;
3. Үнемі қырынып жүру.


Менде бір керемет сюжет бар...: Ер Төстік 2.0 немесе «Тұрқыңа сай киіне білесің бе?»


Батпан бөкселі Таусоғарға


ЖАРАСПАЙТЫНЫ:

ЖАРАСАТЫНЫ:

1. Ашық түсті шалбарлар;
2. Тор көз (клетчатый) киімдер.

1. Қара, қошқыл, күңгірт шалбарлар;
2. Суреті тігінен түскен шалбарлар;
3. Ұзындығы бөксенің ортасына дейін жететін свитер, күртеше және пиджактар.


Менде бір керемет сюжет бар...: Ер Төстік 2.0 немесе «Тұрқыңа сай киіне білесің бе?»



Кемпірдің бұл мәрттігіне әбден разы болған жетеуі отынын жарып, пешін жағып береді де, Түркістанның базарына тұра тартады.
Су жаңа үлде мен бүлдеге стильдің барлық ережелеріне сай киінген кейіпкерлер Кенжекейге қайта барып, бақ сынамақ болады. Барғанша қалай боларын ойлап, уайымдаумен болады.
Ер Төстіктің отауына жақындаған сайын тізелері дірілдеп қоя береді. Үйге жақындағанда алдарынан шашы ұйпа-тұйпа, халатшаң Кенжекей шығады.
— Амансың ба, Кенжекей сұлу! — дейді олар бір ауыздан.
Кенжекей әлгілерді бірден танып:
— Қыз сынына қатысатындай біріңнен бірің сұлу болып келіпсіңдер ғой! — дейді.
— Енді өзің «бірдеңе жетіспейді» деген соң...— дейді олар да ұялғансып.
— Жетіскен түрлеріңе болайын сендердің, жүктібайымайдтар! «Жетіспейді» дегенде, мен шүберекті меңзеппін бе? Ой, жын буған, пері қуған, өңшең сайқымазақ! Сендерге Төстікжанның жігері мен сенімділігі жетіспейді! — деп жеті атасынан дым қоймай, қуып шығыпты.

PS. Тонадайда мырс-мырс күліп Ақнұр Бектеміс кетіп бара жатты…



Қолданылған ресурстар:
www.askmen.com — How To Hide Flaws With Clothing
www.ehow.com — How to dress to balance a short waist
www.noubikko.com — Waist tips
www.lifeinitaly.com – Men’s guide to hide body flaws
bitstrips.com/ — Your Own Personal Emoji


Әрі қарай

Жан дос: Жандос Құсайын

Блог - abzalsariyev: Жан дос: Жандос Құсайын

Белгілі режиссер, дарынды блоггер, студенттік жылдарымда жатақханада бірге тұрған «старшагым», Құдай қосқан жарымен бірге тәрбиелеп отырған 2 ұлдың әкесі, қысқасы бәрімізге таныс Жандос Құсайынов деген жігіт осы.

Әрі қарай