Мен оны #ЖАТырқамаймын
Себебі, жат қылығы жоқ. Барлығы өзіме — қазаққа тән. Тарихы да, сюжеті де. Себебі — бастан кешкенім. Тәнім сол тағдыр тезін тірнектеп жүріп өткермесе де, жаным сол қиын-қыстаудан қазір өткендей қансырайды. Қансырайды, өйткені жара жазылған жоқ. Көп сұраққа жауап алынған жоқ… Қансырайды, себебі тоқшылықта, күннің аманында қарным ашады алақаным тастай суып, қаным басыма шабады сол кезді елестетсем…
Тарихи маңызы бар туындының дүниеге келгеніне көңілім толып, Ермек ағаны құттықтауға асықтым. Қуанды, әрине, хабарласқаныма. Әйтсе де, көңіл-күйі түсіңкі. Күллі Елордада «Жат» фильмі бір-ақ кинотеатрда, бір-ақ мезгіл жүргеніне мен де таң қалдым!
Не өзің түсірмейсің, не түсіргенге мүмкіндік бермейсің… Себебі ақшада, басқада десең де, ұсақ-түйектен асып кете алмадық, биік мақсатты көздей алмадық…
Иә, фильм басынан аяғына дейін жылатып, жедел жәрдем шақыртып, қыспайды жүректі. Соңында ғана ҮЛКЕН? қояды. Бүкіл қазақты қыра жаздаған «аштықты» әсерлі ету керек еді. Жейтін бір жапырақ наны қалмай, төрт түлігі арам ауыздарды тойдырып, шегі бұратылды қазақтың. Баласы ботадай боздап ауқат сұрағанда, амалы таусылып, ақыры бас сауғалап, тарыдай шашылған ұлттың азабын арқаны бойлап шеге қаққандай қансыратып жеткізу керек еді. Неге десеңіз, беттерін секпілдеп боясаң да, жаны азап шеккен адамның жүзі басқа…
Дегенмен, бұл фильм — ЖОҚТАУШЫ! Ұлттың қасіретін, жазықсыз қырылған жандардың, желмен ұшты ма, құмға көмілді ме, әйтеуір тарих парақтарына да әділ түспей қалған «таза қасиетімізді» жоғалтқан қазақтың жоқтаушысы бұл. Бұл, бүгінде көптің санасына сіңіп, «парақорлықты», «жалқаулықты», «сауатсыздықты», «тойшылдықты», «кешігушілікті», «мақтаншақтықты», «еліктегіштікті» ұлтқа тән қасиет етіп жағып қоятын «космополит» туынды емес. Әсерлілігін былай қойғанда, қалайша «оп-оңай жойылатынымызды», өзіңе өзіңді сырттан қаратып қоятын ЕҢБЕК. Өзіңе сұрақ қоюға мәжбүрлейтін фильм.
Сюжеттің желісін шарбаққа көрпе жайғандай тізбей-ақ қояйын. "Ізденісте" жүрген адам, өзі-ақ тауып алар, тамашалар қызықтырған «тұлғасының» туындысын. Иә, тырнақша көп. Неге десеңіз — «тұлғалар» көп емес. Ой салатын, күллі халықтың атынан ұлтын жоқтайтын, іздейтін азамат көп емес.
Сүттің бетіндегі қаймақ қанша жерден дәмді болса да, сүт жоқта ол қайдан болсын? Сол себепті, біреуге баға беруге қаншалықты асықсаң, соншалықты бағаң "қою" – жан-жақты болсын, өз қаймағы өзімен араласқан қою сүттей. Сонда қарның ашпас «маңыз» болар.

Тек жазбаның мына жеріне келіспеймін «Ой салатын» деп жазылған сөйлемге. Қаншалықты «ой салуға» болады? Меніңше ұлтты құраған әр адамның өміріне қауіп, ұрпақ жалғасы үзілгейі тұрғанын түсінбейтін азамат жоқ шығар. Ондай азаматтар жоқ болып, жүрегі қаңсырамаса онда ұлттың жер бетінен жойылғаны. Бірақ өзің бар емесің бе? Өзіңді қазақ ұлтының мүшесімін деп көп ұлттардың ішінен бөлініп шығып тұрсың. Соны өзіңде менсізде түсінесін. Жаз, айт, жеткіз… Қазақтан жаратылған сәби бала өсе келе өзін қазақ деп тани берсін.
Генетика тұрғысында ешқандай ұлт өшпейді, тек дами түседі. Адамды тек физикалық қырып жоюға болады.
Ал ұлттық нышандар дегенің сол бір ген иелерінің белгілі бір жағдайда өмірге икемделу нәтижесінде пайда болған құндылықтары. Яғни қоршаған жағдай мен халықтың әрекеттесуінің нәтижесі.
Арабтар неге бет аузын тұмашалап алад? Еріккеннен емес. Күннің ыстығынан қорғануы, Қасиетті Құран түспей тұрып солай киінген, еркек бәдәуилеріне дейін қымтанған.
Қазақ неге көшпенді? Еншісіне күрт континенталдық климат бұйырған. Сондықтан, жазда солтүстікке, қыста оңтүстікке қарай ығысып отыруға мәжбүр болған т.с.с
«Генетика тұрғысында ешқандай ұлт өшпейді, тек дами түседі. Адамды тек физикалық қырып жоюға болады» — дегеніңе қарағанда "ұлт" деп белгілі бір ортақ гендерден тұратын топтарды айтып отырған сияқтысың. Егер солай деп оцаң, онда бұның қате. Бір ортақ ұлт өкілдерінің өзі әртүрлі гендік топтарға жатуы мүмкін. Ұлтты біріктіретін ген емес, ұлтты біріктіретін — ортақ тіл, өзін "қазақпын", «орыспын» немесе тағы басқа деп атандыратын ұллтық сана-сезім, ортақ тарихи өткені, мәдениеті және т.с.с. Ұрпақтарың қытайша сөйлеп кетсе, одан сенің гендерің жойылып кетпейді. Бірақ олар өзінің ұлттық келбетін жоғалтады. Салтанатоа жоғарыда осыны айтып отыр. Сен басқа нәрсені айтып кеттің.
жат. Регламент қайда? Сызық қай жерден сызылуы қажет? Популяция өз жерінде бұрын өмір сүрген толқындарға қанша жылға дейін айнымай еліктеуі тиіс, қай жағдайға дейін, және қай аталарына? Исаның туылуы немесе «жетінші атасы» сияқты бір тірек нүктесі бар ма сіздің түсінігіңіздегі "ұлттық болмыс" ұғымының?
фильмнің фиаскосын да мойындағыңыз келмейді, коммерциялық мақсатта да сәтсіз болды. оған кинотеатрлардағы көрсетілім санының күрт азайып кетуі де дәлел. ал сіз Тұрсыновпен бірге мұғаясыз, оны ешкім түсінбейді деп. егер шынымен жаныңыз ашыса ащы болса да қателерін айтуыңыз керек еді. мүмкін келесі де шынымен оскарлық дүние түсіріп қалар.
дегенмен пікіріңізге құрметпен қараймын, керекинфоға қош келдіңіз!
Бірге жұмыс істеп, ол кісінің мықты драматург қана емес, күшті менеджер екенін де жақсы білемін. Қазір кино режиссері ретінде тамашалап жүрміз. Мен өзімді ешқандай құрбан санамаймын, кемшілігін жоғарыда айттым, соқырсып құр мақтағам жоқ. Мен үшін ең бастысы — тарихи туындының дүниеге келгені, осы тұрғыда оны «жоқтаушы» деп бекер атамасам керек. Мен кемшілік пен қателіктен биік болғанымызды қалаймын, сонда асыл мақсаттарға жетуге, ортақ мүддені қозғауға болады.
Жалпы табиғатымнан: ақты — ақ, қараны — қара дейтін адаммын:))
Көптен бері қол үзіп қалып едім, енді қайта уақыт тауып келіп тұрамын.
Сізді де сыйлаймын. Мен үшін әрбір қазақ — жалғызым!
Рақмет
1) Қаншалықты халық, ұлт мүддесі десе де жеке мүдде жоғары тұрады.
2) Кинофильм жеке жанр бойынша бағалынады, одан құтылмайды
PS: Ортақ мүдде -бағыттас қозғалғандардың әрқайсының жеке басынына ұтымдық әкелгеннің себебі.
Иә, қазір көпшілікте жеке мүдде басым, себебі — бізді біріктіретін ұлттық идеология жоқ, осыдан келіп «ортақ мүдденің» ғылыми түсініктемесіне жүгінесіз…