Кеш жарық

Соңғы кезде біздің телеарналарда әншілер мен әнге қатысты бағдарламалар көбейді. Соның бірі өз форматын жиі өзгертіп отыратын «Кеш жарық» бағдарламасы. Бұл бағдарламаның соңғы нұсқасы қызықтырақ екен. Екі әнші бір-бірінің репертуарынан ән орындайдыф екен.Мен тек кешегі бағдарламаны ортасынан, соңғы екі әншілердің сайысқанын жерінен бастап көріп қалдым. Бұнда да сыртай отырып алып әншілерді сынау, мақтау бар екен. Обшым, жалыққанша көруге болатын тәрізді. Ұлжан Айнақұлова атты әнші апай жалпы өзіме ұнай қоймайтын.Кеше Айқынынң әнін тамаша алып шықты. Айқынның орындауындағы сол әнді толық тыңдамаған екенмін,Ұлжан апайдың орындауында тамаша шықты. Бұл бағдарламаны көріп жүргендер бар ма?
Әрі қарай

Қытай қыз

Бүгін бір қытайдың қызымен таныстым. Аты Синь Жәнь. Өзі дәл осылай жазып берді. Қытайдың ССTV деген ұлттық арнасының Орта Азиялық бюросының журналисі екен. Сайлау туралы репортаж жасап жүр. Ең қызығы, қалқам қазақша сайрап тұр! Дым мүдірмейді! Сұрастыра келе, Үрімшіде өскенін білдім. Бірақ, қалай болғанда да қытайдың қазақша сөйлеп тұрғаны таңқалдырды.
Әуелгі ойым, ана тілін білмейтіндерге, "үйрене алмаймын" деп қыңқылдайтындарға осы қызды көрсету болды. Үлгі тұтатындай-ақ. Алайда орыс тілділерім «рас-ау» деудің орнына, геосаяси филисофияға сүңгіп кетті. Ойлары, «Бұл қытай деген атаңа нәлеттерден бәленің бәрі шығады. Ол қыз әбден үйретілген. Қазақтың арасына тез сіңіуі үшін, арнайы қазақ тілін оқыған, ол шпион» дегенге саяды. Қолды бір сілтедім! Тап сол қытайға керек болса, қазақты қазақша сөйлемей-ақ құл қылып алады! Бүгінгі орысша сайрағандардың ұрпағы енді бір елу жыл өткен соң қытайша қыңқылдап тұрмайтынына кім кепіл?!
Очм, мораль жоқ бұл постта!
Бірақ, ана қытай қыз мадес! Айтпақшы, өзін суретке түсірткізбеді. Неге екенін білмедім.
Әрі қарай

Сайлауиада

Соынмен еліміздегі кезекті Сайлауиада басталып кетті. Үміткерлер «Лақтырыспақ», «Көт ашпақ», «Деза салу», «Уәде беріспек», «Жаға жыртыспақ» сияқты жарыстар бойынша қызу жарысқа кірісіп кетті.

Ойын нәтижелерін осында жазып, талқыға салайық уа жамағат-ы-керекинфоин!
Әрі қарай

Жаңа жыл алдында моншаға бір барып алмаймыз ба?



Астаналық жігіттер, осы апта соңы жексенбі күні жиналып бір монша немесе саунаға барсақ қалай қарайсыңдар? Білетін жақсы мекендерің бар ма? Мысалы 3 сағатқа алсақ?

Нақты ұсыныстар бар ма?
Әрі қарай

Көпшіліктін барып келетін жері...

Таптым, міне қайда меннен көпшілік барып қайтуымды сурайды… Енді бір ақша жинап осы елді мекенді көріп келгім келіп тұр, себебі Көпшіліктін Сұрауы бойынша болғандықтан, Халқымның айтқанынан қалай аттап кетемін? Ал сіздерге осынау бір жерге Жұмсады ма?

Дәл географиялық координаты 14°24' и 71°18' — Nahui қаласы, Peru.
Әрі қарай

Кім қазақша жақсы сөйлейді?!

Спорт саласына қызыққаннан кейін, ел абыройын арқалап, намысымызды қорғап жүрген бірнеше спортшымен тілдесудің орайы келді. Расы керек, қазір қазақ тілі орыс тілін ығыстыра алмай отыр ғой. Оның ішінде, спортта жүрген қыз жігіттердің біразы ресми тілде әңгіме тиегін ағытатыны мен үшін таңсық емес. Қоңырау шалып, сұхбатқа келіспек болғанда, қазақша сәлемдессе, марқайып қалатыным бар. Бапкерлер де, басқалары да өзге ұлттың өкілінен саналатын ел футболындағы маңдайалды ойыншылар ішінде Қайрат Нұрдәулетов, Азат Нұрғалиев, Ұлан Қонысбаев, Нұрбол Жұмасқалиевтерге ырзамын. Қазір қазақша сөйлегендерді көрсек, атамыз тіріліп келгендей қуанатын заман ғой. Әсіресе, Қайрат Нұрдәулетовты бөліп-жарып айтқым келеді.Тіпті, ауызекі тілді қолданылып кететін «вообще», «типа», «тренеровка» деген сөздерді қосып жібергені үшін қайта қайта кешірім өтінгенінің өзі оның туған тіліне жанашыр екенін байқатты. Онымен қоймай,"қазақша сұхбат аламыз дейтін журналистер сирек хабарласады. мейілінше, жиі соғып тұрыңыздар" деген тілек білдірген еді. Ал, Самат Сымақов, менің сүйікті «Ақтөбемнің» капитаны қазақшаға шорқақтау. Ол рас. Ал, қалыптасып қалған дағдымен, Абзал Рақымғалиевке орысша шүлдірлей бастағанымда, оның қазақша жауап бергені бар. Сонымен қатар, үнемі орысша жауап беретін Әлия Юсуповаға қоңырау шалып, ресми тілде зуылдай бергенмін. Бір кезде ол: "Қандай газеттенсіз" деп қойып қалды. Ұялыыып қалдым. Бұл жерде ешкімді сынап, мінегім келіп отырған жоқ. Тек, туған тілімізді басқа емес, жер жүзілік додаларда елдің атын шығаратын спортшыларымыз білсе екен деген ой менікі…
Әрі қарай

Алдар көсе шұлғаусыз етік киіп, "Қара жорға" билейді

Осы жылдың сәуір айында фестивальдық көрсетілімі болып өткен, бірақ комиссиялық тексерістерден енді өтіп, көрермен назарына ұсынылып отырған «ХХІ ғасырда Алдар көсенің бастан кешкендері» атты фильмнің алдын ала көрсетілімі бүгін болды. Фильм прокатта бір аптадан екі аптаға дейін ғана жүреді екен. Яғни, жұрт көп барса (жалпы, барса) екі апта, бармай қойса, бір-ақ апта. Және жұрттың барған-бармағаны фильмнің жалғасы түрілетін-түсірілмейтінін де шешеді.
Әрі қарай

Шел ел тілдерінен орысшаға, орысшадан қазақшаға

Өттерің жарылса да айтайын на, бізде білім мен ғылым дамымаған, орыстардың білген білім-ғылымына, әріден алсақ, тіліне тәуелдіміз. Ғылым мен техниканы қоялық, қарапайым мысал ретінде әлем елдері мен қала атауларының қазақ тіліне қалай келгенін саралайықшы.
Әрі қарай

Даналық емес пе? (түзетілген нұсқасы)



Жабайы жерлерде, тропикалық аралдарда әйелдер жартылай немесе толықтай жалаңаш жүреді. Әйелдің кереметтеріне қызыққан еркек сол бойда таңдаған әйелінің қасына барып, құмарын қандыра алады. Ешқандай моральдық тиым жоқ – жынды қояндай бүкіл аралмен жыныстық қатынасқа түсіп шықсаң да мейлі.
Әрі қарай