Шел ел тілдерінен орысшаға, орысшадан қазақшаға

Өттерің жарылса да айтайын на, бізде білім мен ғылым дамымаған, орыстардың білген білім-ғылымына, әріден алсақ, тіліне тәуелдіміз. Ғылым мен техниканы қоялық, қарапайым мысал ретінде әлем елдері мен қала атауларының қазақ тіліне қалай келгенін саралайықшы.

Бағзы замандардан келе жатқан Грек (Hellas) дейтін халықтың Αθήνα [Асина] атты бас кенті бар. Арақ түбіне түспеген әлемнің саналы халықтары бұл қаланың атауын өз тілдеріне аударып алған. Олар «Асин» немесе «Атин» түріндегі аудармаларды пайдаланды, пайдаланады да. Ал орыстар мен славянтектес жамағат оны «Афина» формасында аударды. Орыстар Афины деп қолданады.

Жаһандық білім мен ғылымға орыстар арқылы шыққан біздің қазақтар да Грекия елінің астанасын Афины деп енгізіп жіберді. Қазіргі аздап қазақыланған Афина атауы қолданысқа енген. Олай болғанымен де, бұл атауда қате бар.
Қатесі сол, Гректің сөзін орыстың тілімен қазақшаға аудардық. Афина нұсқасын қолданып жүргенімізбен, ол сөздің де тікелей түпнұсқадан шықпағандығын ескеру қажет, түсіндіңдер ме, лібәттар? Тікелей аударғанда Гректердің елордасын Атина немесе Асина, бұл болмайды десеңдер, Атиндер немесе Асиндер деп атар едік. Амал нешік, шет ел тілдерінен қазақшаға сөз аудару үшін де орыстардың тіліне зәру болдық. «Түпнұсқадан тікелей аударамыз» деген әсетнұрпейісовтектестерді (щеголдарды) көріп жүрсіңдер на.

Ирақ па, Ирак па?
Орыстарда Қ әрпі жоқ. Сондықтан Саддамның отанына Ирак деген атау берген. Жеген екен, Қ-ның құйрығын жеген екен. Араб және күрт тілдерінде ق әрпі бар. Оның қазақша баламасы Қ әрпі, ағылшынша баламасы Q әрпі на. Сонда Ирақ сөзін қазақшаға аудару үшін әріп саны аз орыс тілін пайдаланбағанда нені пайдаланды деп ойлайсыңдар?

Жоғарыдағы шаблонмен Филлипины, Нидерланды, Катар сөздерін жазып шығуға болады, бірақ қажеті шамалы.

Уа, омыртқалылар жамағатының сүтқоректілер батальонындағы қандастар, орыстардың артынан жүріп шет ел әлеміне шығуды қоялық. Ақиқат салыстыру арқылы келеді. Тек орысшаға байланып қалмағайсыңдар.

Келесіде Қазақшадан орысшаға, орысшадан шет ел тілдеріне атты нұсқасы шығады, kazakhтар.
Бөлісу:

27 пікір

zhas
Уошиңтон/Уашиңтон — Вашингтон

Великобритания деп екі сөзді орыстар қосып жазған екен. Содан біз де Ұлыбритания деп жүрміз. Жәй Британия десек те болар еді.
meirzhan
Дұрыс айтасың, мемлекет немесе қала атын өз тілінде қалай айтылса солай қазақша айту керек.
Қазіргі атауларымыз бодандықтың сарқыншағы.
satibaldi
Қазіргі атауларымыз бодандықтың сарқыншағы.
Бодан бол, азат бол — тарихи қалыптасып кеткен атау қалуы керек. Петропавл — что ж, Петропавл, қайтеміз енді. Жеке өзім Павлодар дегеннен мүшем ағытылып қалмайд; сұрай қалса: «Иә, қаззақтардың тарихында сондай уақыттар болыпты, содан қалған екен» деймін.
meirzhan
Қазіргі атауларымыз бодандықтың сарқыншағы.
Шетелдік қалалардың атаулары туралы жазғам негізі. Ойымды нақты жеткізе алмаппын.
satibaldi
Сирия — Шам; Дамаск та — Шам. Осы жерін кім білед, біл… д?
Qojeke
Екеуінің де бағыты бір, біреуі ел, біреуі қала болғанымен, бір бағытта жатыр :) Құлақтан іліп айта берген болса, қай қазақ барып тексереді Шамдарыңдыссс.
Qojeke
Былай екен. Орыстарға сенген аңқау, білімсіз қазақтар «Шам это Сирия» деп қыртыған орыстардың топас сөзін қазақшаға аударып алған. Соңына келгенде, арабтар мен басқа да халықтар Дамаск (ептібайымайтан қазақтар осы сөзді де орыстардан алған) қаласын "Әш Шәм" атауымен де атаған. Ориджинал атауы Димәш болыпты.
konvict
Дамаск та — Шам.
Дамаск- Димашық
Onlasyn
Дамаск — Дамашқ
satibaldi
Сирия — Шам;
Ирак — Бағдад;
Рим — Ұрым.
Қаззақ ауыз әдебиетінде, әсіресе — хертегілерінде, осы елдер астанасы арқылы аталатын сияқты.
Erlan
Дамаск- Дамашык деп аталады
omarbirat
Арабтардың өздері Димашқ дейтіні де бар :)
satibaldi
Шынын айту керек, қаззақтар жиһанкез болмаған, жағырапиялық білімі — тек әскери маңызы бар аймақтарға дейін жеткен. Ең ғұлама деген қаззақтың өзі басқа елдер туралы мәліметтерді миссионерлерден естіген, рашидаддинсстің.
satibaldi
Мысалы, 19 ғасырда итжеккенге барып, хат танып келген қаззақтардың өздерінде Жерді жағырапиялық секцияларға бөліп қарау білімі болмаған, бар айтатындары: «лібә, қара суық», «аттың орнына — ит жегед».
Қажылыққа барған Құнанбай сияқты көзі ашық кісілер де бұ жағынан ештеңе жарытпаған. Естуімше, Керуенмен Бадақшанға дейін барып, со жақта сарт жол көрсетушілердің қызметін пайдаланған.
a63a1
Қазақстан емес Қазағыстан деп жазыладымыс
Qojeke
Сол Жақсы жақсы болмады. Кері кеткен бәле кілең. Қырық кісі жақ, қыңыр кісі бір жақ дегендей.
satibaldi
Есет, кешірерсіздер — Көтібарұлын сабасына түсіру үшін, Орынбор генерал-губернаторы әдейі Петербордың зәулім ғимаратты көшелерімен алып жүрген. Сондағы естеліктен: «По мере приближения к в глубь России, кайсаки старались не потерять нас из виду, боясь заблудиться». Естеріңізге сала кетейік: бұл уақытта компастың ойлап табылғанына 4,5 мың жыл болған еді…
satibaldi
Жалпы, қаззақтардың көрген жұрты хансу, моңғол, орыспен шектеледі. Өзбек, түркімендерді есепке алмаймыз: оларды бөлек ұлт деуге де негіз жоқ.
Бір жағынан, Австарлия туралы білгеннің өзінде о білімді қаззақ не істер еді? Кукты жеқойғанын білмесе де, Австралияға бармас еді деп ойлаймын: мына жақта да жақсы ғой барлығы.
Qojeke
Жалпы, қаззақтардың көрген жұрты хансу, моңғол, орыспен шектеледі.
Соны айтшы на. Білім мен ғылымнан жоқ екенімізді білсек те «конькиді ойлап тапқан қазақтар екен» деген хуандастарға не айтуға болады, амигос?
satibaldi
«Бұл не?» — дейді қонтайшы елшіге тасына дейін бүрісіп жынданып.
«Бұл ғылыбас» — дейді елші тасына дейін қуанып.
«Көшпенділердің» осы кадрынан құлақтан кетем үнемі: "ғылыбасты" қытайға әлдеқайда жақын қонтайшы бірінші көрген болар нақ.
asaubota
сен де есі дұрыс мақала жазады екенсің ғой балдызыңдыссс :)
asaubota
негізі бұрын қазақтар өз тілдерінің мәнеріне келтіріп айта берген ғой Ресей, Мәскеу, Жапония, Үндістан деп. кейін бір білгіш келіп орыстар қалай айтады, енді жаңа атауларды солай айтамыз деген болып тұр ғой. әйтпесе Джамайканы да Жапония сияқты, Жамайка деп атар едік.