Қытай қыз

Бүгін бір қытайдың қызымен таныстым. Аты Синь Жәнь. Өзі дәл осылай жазып берді. Қытайдың ССTV деген ұлттық арнасының Орта Азиялық бюросының журналисі екен. Сайлау туралы репортаж жасап жүр. Ең қызығы, қалқам қазақша сайрап тұр! Дым мүдірмейді! Сұрастыра келе, Үрімшіде өскенін білдім. Бірақ, қалай болғанда да қытайдың қазақша сөйлеп тұрғаны таңқалдырды.
Әуелгі ойым, ана тілін білмейтіндерге, "үйрене алмаймын" деп қыңқылдайтындарға осы қызды көрсету болды. Үлгі тұтатындай-ақ. Алайда орыс тілділерім «рас-ау» деудің орнына, геосаяси филисофияға сүңгіп кетті. Ойлары, «Бұл қытай деген атаңа нәлеттерден бәленің бәрі шығады. Ол қыз әбден үйретілген. Қазақтың арасына тез сіңіуі үшін, арнайы қазақ тілін оқыған, ол шпион» дегенге саяды. Қолды бір сілтедім! Тап сол қытайға керек болса, қазақты қазақша сөйлемей-ақ құл қылып алады! Бүгінгі орысша сайрағандардың ұрпағы енді бір елу жыл өткен соң қытайша қыңқылдап тұрмайтынына кім кепіл?!
Очм, мораль жоқ бұл постта!
Бірақ, ана қытай қыз мадес! Айтпақшы, өзін суретке түсірткізбеді. Неге екенін білмедім.
Бөлісу:

27 пікір

ken
сыртынан түсіріп алмадың ба
Marco
Заң бойынша мені сотқа бере алады ғой сосын. Мәңгүрт қазақ емес, керекинфоны оқитын шығар.)))
meirzhan
Қазақша жақсы сөйлейтін қытай қызы туралы тағы бір жерден оқығам. Әлде бұл сол қыз ба екен. "Қытай қазақтарымен араласып, қазақ тілін оқыған да екен" дееп оқып ем.
Marco
Мүмкін сол да шығар. Қазақ тілін оқығанмын деді.
VKM
Онда нағыз шпион ол)))Қытайлардың бәрі біраз шпиондар)))
Zhan
Дәлел келтіре кетсеңіз, мысалдармен…
Zhan
Сөзіңізге дәлел мен мысалдар келтіре кетсеңіз…
VKM
Ұзааақ айту, Жан.Мен 1 жыл олармен араластым ғой, білемін. үліп тұрып, алдағысы келіп тұрады)))
meirzhan
үліп тұрып, алдағысы келіп тұрады)))
Бұл тұжырыммен онда өзбектерді де шпион дейік.
adelet
Ои өрысыңз тар. Осы кезде қаидағ шпмон.
serjan
Енді жолықсаң QQ номерін сұрашы, қызығып қалдым бұл қызға (QQ Қытайдың әлеуметтік желісі)
Marco
Онысын білмедім, электронды адресі мен телефон нөмірін алдым
Gulistan
КАЗГуда тәжірибе алмасуға келген кореялық, қытайлық қазақша сөйлеп тұрған студенттер көп дейді ғой…
Marco
Бір-екі америкалықты білетін едім, қытайды алғаш көруім. Қазақша сөйлеген қытайды
Abilakim
Қарға туралыны естіп пе едің?
balasangun
 қытай қыз жарайды екен! ол адамзаттың мүмкіншілігінің мол екенін дәлелдеген екен… ал біздегі ана тілін білмейтіндерді ана сүтінің қарғысы атсын..................!
Marco
Ана тілі дейміз-ау… Бірде, орысша сөйлейтін бір жігітке ана тіліңді білу керек дегем. Ол, «мен білем ана тілімді, анамның тілі орыс тілі» демесі бар ма. Шынымен әке-шешесі тек орыс тілінде сөйлейді екен. Әрине бұл «ана тілі» деген тіркесті тым тура түсіну, дегенмен, ойландырып тастады.)))
meirzhan
Мемлекеттік тіл деу керек, Мемлекеттік тіл!
balasangun
әлемнің әр елінде өзге мемлекеттің тілінде еркін сөйлеп жүрген қазақтар көп… олар өз тілін жақсы біледі қысқасы саясат маселесі шығар деп ойлаймын. үйткені цирктегілер жыртқыш аңдыда қолға үйретіп жатыр…
шпион болса сол шпиондар қазақша білмейтін мемлекеттік қызметкерге кезігіп жатса не дейді «скажите по руский пожалюста » дейма
Marationok
онда бекер үйренген екен
chimaq
o..i alla..onyng nesi tangsyq deimin…
Marco
Сізге таңсық емес шығар, енді! )))
Janasil
өзін суретке түсірткізбеді.
күдік, кідік.  тыңшы мына қыз.
meirzhan
Оны Қилызаман білер ме екен
adelet
Қытаилықтардң IQ ы жоғары.оның тңшы болүы мөмкен емес.
Соңғы түзету:
VKM
Барлық қытайлардың IQ-і жоғары ма? Шовинистік көзқарас)Қашаннан тыңшы болып жүрсіз?)))
satibaldi
Мұның барлығы — кезінде КГБ-дан мұраға қалған 12-нші Ликвидация бөлімін таратып жіберудің кесірінен орын алып отыр((((((( Охх, көздеріңе көк шыбын үймелетер ме еді, әттең!!!(((((((((((((((((((((((((((((((((((