Cүмесүт 2.0 немесе аңыздың жаңғыруы

Блог - Gastarbaiter: Cүмесүт 2.0 немесе аңыздың жаңғыруы

Армысыңдар, достар!

Мен сіздерді бүгінде ұмыт болған, қазақтың ежелгі сүт сақтау тәсілі әрі ерекше тағам түрі, сүмесүттің қазіргі үй жағдайында жасау ерекшеліктерін тамашалауға, осынау аңыздың жаңғыруына куә болуға шақырамын!
Алдымен, деректер не дейді, соны қарайық:
Жаңа сойылған теріні жүні мен артық етінен айырып, қойдың қою сүті құйылған қазанға салады да баппен қайнатады. Қайнаған сәтте тері сүтті бойына сіңіріп жұта бастайды. Сүт азайған сайын қазанға еселеп сүт құйып отырады. Тері неғұрлым піскен сайын сүтті молынан сіңіре береді де қалыңдығы бармақтай болып ісіне түседі. Тері әбден «тойғаннан” кейін сүтті әрі қарай сіңірмейді. Бұл сүмесүт дайын болды деген сөз.Осыдан кейін оны алып суытады. Енді бұрынғыдай тері емес, қалың әрі өн бойы сүтке толған жұмсақ желін тәріздес тағам дайын болады. Мұны енді сығылмайтындай етіп, дәмі шықпайтын ыдыстарға салып, күн түспейтін салқын жерде сақтайды. Сүмесүтті бір жапырақ тіліп, ұзақ жолдарда баланың аузына салып қояды. Сәби болса, ана сүтін емгендей балбырап жата береді.

Аңызға сәйкес, сүмесүтті дайындау үшін көшпенді қазақ жаңа сойылған, ақ қойдың терісін пайдаланған. Сондықтан, алғашқы қадамым да қой терісін табу болды.


Қой терісін табу

Әрине, мен эксперимент үшін ешқандай жануардың жапа шеккенін қаламадым, бірақ жолыма орай, танысымның үйінде жаңа сойылған ақ марқаның дайын терісі бар болып шықты. Танысым бір ауыз сөзімді жерге тастамай, кеңдік танытып, теріні аулама әкеліп тастады.
Блог - Gastarbaiter: Cүмесүт 2.0 немесе аңыздың жаңғыруы

Теріні дайындау

Теріні дайындаудың бұрынырақта қалай болғанын білмеймін. Өз басым ең көп машақатты осы пунктте көрдім.
Блог - Gastarbaiter: Cүмесүт 2.0 немесе аңыздың жаңғыруы
Алдымен жүнін ас содасы араласқан суға салып, жібітіп, сосын қайшымен қырқтым. Түбіттерін қолыммен жұлдым, әйтеуір тырнақ алды туындым қолтық эпиляциясына көбірек ұқсап кеткен кезде, терісінің теріс бетін пышақпен қырып, артық май, мен етті сыдырдым.
Блог - Gastarbaiter: Cүмесүт 2.0 немесе аңыздың жаңғыруы

Қойдың сүті

Қойдың сүті енді әр дүкенде сатылмайтынын білгенмін. Әйтсе де, аудандық базардан таба алмаймын деп ойламаппын.
Блог - Gastarbaiter: Cүмесүт 2.0 немесе аңыздың жаңғыруы
Алайда, базардағы апайлардың айтуынша, құрт-ірімшік сататын бір апайдың саулықтары қоздап жатқан көрінеді. Өкініштісі — ол апайдың өзі сол күні жоқ болды.
Блог - Gastarbaiter: Cүмесүт 2.0 немесе аңыздың жаңғыруы


Ауылға саяхат
Жер дөңгелек екен-ау, ертеңіне сұрастыра келе, базардағы қойлары егізден тауып жатқан апайымыздың біздің жақын танысымыз екені анықталды. Тұратын ауылы да алыс емес — он бес минуттық жер. Барсам, қорасында тек қозылар мен лақтар ғана ойқастап жүр екен. Саулықтары жайылымнан келгенше, сүйкімділерді ермек қылдым
Блог - Gastarbaiter: Cүмесүт 2.0 немесе аңыздың жаңғыруы

Жарты сағаттан соң, қошақандардың ата-анасы да бой көрсетті.
Блог - Gastarbaiter: Cүмесүт 2.0 немесе аңыздың жаңғыруы

Қой иесі „қой түгілі сиырымды саууға ерінемін“ деген соң, білек сыбанып, өзім кірісіп кеттім. Тек саулықтар бөтен адамды байқап, иімей қойды. Қозылардың аузынан жырып алған сүттен опа таппайтынымды түсініп, мен де тыйылдым.
Блог - Gastarbaiter: Cүмесүт 2.0 немесе аңыздың жаңғыруы

Ақыры қойдың терісін сиырдың сүтіне қайнатуға мәжбүр болдым. Нәтижесінде аңыздағы сиырдың желініне мүлде ұқсамайтын сағыз тәріздес зат шықты. Аздап тәттілеу, ірімшік сияқты, ең бастысы жеуге жарамды.

Блог - Gastarbaiter: Cүмесүт 2.0 немесе аңыздың жаңғыруы


Қорытынды: сүмесүттің неге ұмыт болғанын түсінген сияқтымын.

Назар аударып оқығандарыңызға рахмет!
Әрі қарай

Мендей пендені түсінер біреу барма екен?

Армысыздар сайт қолданушылары! Осы сайттағы жарияланған жазбалар мен пікірлерді оқып жүргеніме де бір жылдай болып қалыпты. Байқасам бұл жерде әр түрлі өмірлік жағдайларда баяндалып жатады екен. Маған әсіресе Айым деген әпкеміздің жазбалары қатты әсер етті. Өмірі шытырман оқиғаларға толы екен. Негізі ондай оқиғалар көп адамның басында боладығой бірақ оны пост қылып көпшілікке ұсына білудің өзі қаншалықты. Бұл сайтқа тап болғаннан бастап менде сіздермен басымдағы бір жағдайды бөлісіп пікірлеріңізді білгім келіп еді, тек сіздердің ғана пікірлеріңізді. Ешкімге айталмай жүрген бір сырым бар. Әлі мұны өзімнен басқа жан адам баласы білмейді… Неге дейсіздерғо айтуға жүрегім дауаламайды, дұрысы ұялам, бірақ бұл өзім үшін қалыпты жағдай..Қысқасы мен геронтофильмін.

Кішкене бала кезімнен егде жастағы әйелдерге құмартатын әдетім бар еді. Ол кезде баламызғо ештеңені түсінбейтінбіз. Бірақ жоғары сыныптарға келгенде 50 ді алқымдап қалған, бірақ сылқылдап жүретін класс жетекшімді көрсем өзімді басқаша сезініп қалатынмын жәнеде соның бейнесін елестетіп тасаға барып мастұрбатыр бабамыздың әруағында риза қылатынмын. Бұл тек жас өспірім кезім еді…

Мектепті бітіріп қалаға келгелі сол ойым ақиқатқа айналды. Жас қыздардан гөрі жасы келіп қалған әйелдер мен үшін жоғары тұрды. Себебі бұл кездері ойымда жүрген нәрсені іске асырыпта үлгерген едім. Ойлап отырған боларсыздар жас бала мен төсекке қандай есалаң әйел барды екен деп. Бірақ сен іздеп жүрсең, сені де іздеп жүргендер алдыңнан шығады екен. Неге екенін білмеймін жасы келген әйелдермен болған төсек қатынасы маған қатты ұнайды, сондай рахаттанып қаламын. Бірақ біреуге айтайын десем менен теріс айналары сөзсіз. Сіздер не дейсіздер?
Әрі қарай

Қазақша блогты қолданушылар қатарына менде қосылдым;;)

Баршаңызға улкен сәлем! Жұмыстан қол босаған кезде инет парақтарын ақтарып отырушы едім. Содан осы керекке тап болдым. Біраз уақыттан бері қолданушылардың блогтарын оқып жүрдім.Қызық екен. Міне, бүгін менде сіздердің қатарларыңызға қосылдым Ендігі уақытта сіздермен әр түрлі тақырыптарды бөлісермін деген үміттемін

 Балжана
Әрі қарай

Испания футболының 2013 жылғы басты оқиғалары

Ordnung

Блог - Bek-enu: Испания футболының 2013 жылғы басты оқиғалары
2012/2013 жылғы маусымда «Барса» мен «Реал» УЕФА Чемпиондар лигасының финалына дейін жетті. Қай жылы болмасын, осы турнирдің басты фавориттері саналатын қос командадан кез-келген жанкүйер жоғары орын күтетіні анық.Егер екеуі де финалға шыққанда, «Эль Классиконың» куәсі болатын едік. Бірақ, жанкүйер тілегі орындалмады. Испанияның қос мықтысын германиялық «Боруссия» мен «Бавария» жартылай финалдан қайтарды.
Жартылай финалда Левандовски «Реал» қақпасына покер орындаған тарихтағы алғашқы ойыншы атанды. Ал «Бавария» каталондық клубты 7:0 есебімен тас-талқан етіп ұтты.

«Сосьедадтың» жұлдызы жаңған маусым

Блог - Bek-enu: Испания футболының 2013 жылғы басты оқиғалары

«Басктер» өздерінің керемет маусымдарын өткізді. Араға 10 жыл салып, қайтадан Чемпиондар лигасына жолдама алды. Филипп Монтанье аз уақыттың ішінде тамаша команда жасақтап үлгерді. Испания біріншілігінің алғашқы үш жүлдесі «Барса», «Реал», «Атлетикоға» бұйырған соң, Чемпиондар лигасына жолдама беретін төртінші орынның тағдыры тек соңғы турда анықталды. «Сосьедад» пен таласқа түскен «Валенсия» сырт алаңда «Севильяға» ұтылды.Өз кезегінде Монтанье шәкірттері «Депортивоны» жеңіп, төртінші орынға иелік етті. Сәтті маусымнан кейін бас бапкер Испанияны Францияға ауыстырды. Оның орнына испаниялық Ягоба Аррасате келді.
Аррасате жаттықтыруымен команда Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде «Лионды» жарысты шығарды. Бірақ, топтық кезең олар үшін сәтті болған жоқ. МЮ, «Шахтер», «Байер» командаларымен бір топқа түскен «Реал Сосьедад» бар жоғы бір ұпаймен топтық кезеңді соңғы орынмен аяқтады.
Касильястың жарақаты

Блог - Bek-enu: Испания футболының 2013 жылғы басты оқиғалары

Жыл басында мадридтік «Реал» Испания кубогының ширек финалында «Валенсия» клубымен жолықты. Примераның бас жүлдесінен үміт үзген соң, Жозе Моуринью Чемпиондар лигасы мен осы ел кубогынан дәмелі болатын. «Сантьяго Бернабеудегі» кездесуде Криштиану бастаған футболшылар аса қиындықсыз жеңіске жетті. Ал қарымта ойын мадридтік команданың символы Икер Касильяс үшін аса қиын күннің бір болды. Капитан қақпашы осы кездесудің 14-минутында алған жарақатынан наурыздың соңында бірақ жазылып шықты.
Икер қатардан шығып қалған соң, оның орнына сенімді қақпашы қажет болды. Қосалқы құрамдағы Адан мен Хесус аңыз капитанның орнын басуға сай емес еді. Екі күннен кейін Жозе бапкер «Севильяның» қақпашысы Диего Лопесті шақырды. Лопес командаға келе сала, өзінің №1 қақпашы болуға дайын екенін көрсетті. Сенімді ойынымен бапкер сенімінен шықты. Касильяс жарақатынан жазылып шыққан соң, негізгі құрамға оралады деп ойлаған едік. Бірақ, олай болмай шықты. Жозе бапкер Лопеске сенімді артуды әрқарай жалғастыра берді. Капитан қосалқы құрамда қалды. Маусым аяқталған соң, Жозе кетіп, оның орнына Карло Анчелотти келді. Италияндық бапкерде Касильясқа емес, Лопеске сенім артты. Қазіргі кезде Икер Чемпиондар лигасы, Испания кубогында ғана команданың қақпасын күзетеді. Ал Диего Лопес чемпионаттағы ойындарда алғашқы минуттан алаңға шығады.

17 жылғы үзілістен соң...

Блог - Bek-enu: Испания футболының 2013 жылғы басты оқиғалары

Соңғы жылдары Испаниядағы жүлденің барлығы тек екі командаға бұйырып жүргені баршаға аян. Қос мықтыға айтарлықтай қарсылық көрсетіп, Испания кубогын жеңіп алған «Атлетико» командасы болды. Диего Симоненің шәкірттері финалда басқа-басқа емес, өздерінің мәңгілік қарсыластары «Реалды» 2:1 есебімен ұтты.
2013 жылдың 17 мамырында араға 17 жыл салып, мәртебелі кубокқа қол жеткізді. Финалда мергендігімен көзге түскен Диего Коста мен Миранда болды. Осылайша 2012/13 жылғы маусымда «Реал» ең соңғы жүлдесінен де айырылды.

Бразилиядағы жеңіліс

Блог - Bek-enu: Испания футболының 2013 жылғы басты оқиғалары

«Қызыл фурия» соңғы әлем чемпионаты Еуропа бірінішілігінен соң, Конфедерация кубогының басты жүлдесінен де үміткер еді. Финалға сүрінбей жеткен Дель Боске шәкірттері ақтық сында алаң иелерімен кездесті. Осы екі құраманың ойынын жанкүйерлер көптен күтіп жүр еді. Соңғы жылдары сүрінбей жүрген Испания мен туғандарынан доппен бірге өсетін Бразилия аяқдопшылары арасындағы ойын кімді болсын бей-жай қалдырмайтыны анық. Әйткенмен финал біз күткендей болмады. Пиреней түбегінің футболшылары финалда Латын Америкасының құрамасына еш қарсылық таңыта алмады. Неймар бастаған жігіттер 3:0 есбемін тас-талқан етіп ұтты.

Жыл трансфері

Блог - Bek-enu: Испания футболының 2013 жылғы басты оқиғалары

Жыл трансфері сөзсіз Гарет Бэйл. Уэльс құрамасының футболшысын «Реал» 100 миллион еуроға «Тоттенхэмнан» сатып алды. Бұл футбол әлеміндегі ең қымбат трансфер болды. Осыған дейін ең қымбат трансфер Криштиану Роналдудың бағасы 94 миллион еуро бағаланған еді.
Жалпы осы маусымда Флорентино Перес футболшыларды сатып алуда аса белсенділік таңытты. Бэйлден бөлек, Иско (30 миллион еуро ), Ильярраменди (40 миллион еуро) секілді футболшылар карольдік клубтың қатарын толықтырды.

Испания жастары Еуропа чемпионы

Блог - Bek-enu: Испания футболының 2013 жылғы басты оқиғалары

Испанияның кез-келген жастағы құрамасы әрбір турнирдің басты фавориті саналады. Өтіп бара жатқан 2013 жылы Испанияның U-21 жасқа дейінгі құрамасы Еуропа чемпионы атанды. Осылайша Испания жастары құрлықта төртінші және қатарынан екінші рет бас жүлдеге қол жеткізіп отыр.
Чемпионат барысында Де Хеа, Монтойя, Бартра, Ильярраменди, И. Мартинес, Коке, Тьяго, Иско, Тельо, Мората, А. Морено өз шеберліктерін паш етті.
Әрі қарай

Жан түршіктірер "Пленницы" фильмі

Киностан: Жан түршіктірер Пленницы фильмі
«Пленницы» (2013) — соңғы он жылдықтағы ең үздік психологиялық триллердің бірі. Күңгірт атмосферасымен, жаңбырлы ауа-райымен, өз рольдерін жақсы сомдаған актерларымен және үрей тудыратын саундтрегімен қамтылған кино. Фильм 2,5 сағаттық болса да, соңына дейін шиелініскен жағдайда отырасың.
Фильм, атынан-ақ белгілі, кішкентай екі қыздың із-түссіз жоғалып кетуі жайында. Дағдылы бір күнде, Массачусетс штатының кішігірім қалашығындағы екі отбасының бірінің үйінде қонақта отырған шағында болған келеңсіз жайт.
Күдікті ретінде тәтесінің қарамағындағы психикалық ауру жігіт ұсталады. Бірақ осы күнге дейін бір жұмысты сәтсіз орындамаған детектив ақыл-есі он жасар жігіттің мұндай қылмысқа баруына күманданып, түрмеден босатады. Себебі бұл маңда кезінде сексуалдық тұрғыда сотталған басқа да тоғыз қылмыскер бартын. Жалғыз күдіктінің босатылуына қарсы болған қыздың әкесі полицияға қарамай, уақыт өте қыздардың аман қалу мүмкіндігінің аздығын меңгеріп, «надейся на лучшее, готовься к худшему» деп өзінің тергеу жұмысын жүргізеді.
Мен үшін бұл фильм «қылмыскер кім», «қалай ұсталады» екен деген жай ғана тергеу ісі емес, нағыз драмалық шығарма, жан түршігерлік трагедияны көрсеткен сияқты. Басты рольде Анджелина Джоли ойнайтын «Подмена» секілді, бұл фильмде де уайымдап бітесің. Қайғылысы, бала ұрлап өлтіретін маньяктар жер бетінде баршылық. Сол себептен де болар, шын өмірге ұқсайтындықтан болар, біртүрлі қызымды есік алдына да жалғыз жібермеймін деген үрейлі әсерде қалдым.
Актерлік құрамға келетін болсақ, басты рольдерде Хью Джекман, Джейк Джилленхол ойнайды. Осы екі актердің арқасында сағатқа да қарамай, жүрегімді ұстап толқу үстінде отырдым. Көруге тұрарлық, әсіресе балалары бар отбасыларына көруге міндетті фильм деп ойлаймын.
Әрі қарай

Бет-әлпеті қазаққа ұқсайтын ТВ жүргізушісіне Астанада жақсы жұмыс және пәтер берілмеді

Блог - Rafaello: Бет-әлпеті қазаққа ұқсайтын ТВ жүргізушісіне Астанада жақсы жұмыс және пәтер берілмедіӘсет Хайнрихтың әкесі неміс, шешесі тува халқынан. Бірнеше жыл облыстық ТВ-де қызмет еткен Әсет 1 жыл бұрын арман қуып, Астанаға келген еді. Орындалмаған армандарына өкпелі Әсет кеше Лесная поляна ықшамауданындағы автобус аялдамасында баспасөз мәслихатын өткізді.

— Туған жерімде танымал тұлға едім. ТВ жүргізушілігінен бөлек концерт, шығармашылық кештерді де жүргіздім. Достарым «Астанаға баруың керек. Ол жақта саған жақсы жұмыс, пәтер де беріледі» дегесін, сол сөздерге сеніп келген едім. Мүлдем олай болмады. Тіпті ең болмаса СТВ арнасына да кіре алмадым
Әрі қарай

КерекИнфодағы баннерлерді баса отырайық

Блог - asaubota: КерекИнфодағы баннерлерді баса отырайық

Құрметті сайттастар,
Сайтымызда тұрған баннерді күніне бірнеше рет баса отыруыңзды өтінемін. Баннерлерден түскен қаражат осы сайт үшін жұмсалады ғой. Бәріміз бірге қолданып отырғандықтан, сіздерден осындай қолдау күтемін. Егер браузеріңізде Adblok сияқты баннерден қорғаушы плагиндер тұрса оның ақ тізіміне kerekinfo.kz сілтемесін енгізу керек. Сонда тек осы сайттағы баннерлер көрінетін болады.
Әрі қарай

IMEI-іңіз не дейді?

БАҚ кз. телефон сатып аларда оның түпнұсқа, я болмаса көшірме екенін қалай анықтауға болатынын жариялаған екен. Авторы Жанақ Бабас. Бірақ, бұл әдісте бір ыңғайсыздық тудыратын жайт бар. Инетке кіріп, арнайы сайт арқылы алғалы тұрған телефоныңыздың IMEI кодын енгізтуіңіз қажет. Ал, ұялы телефон алмақ болып тұрған жеріңізде инетке қосылу мүмкіндігі болмаса ше?
Әбіләкімнің  ауылы: IMEI-іңіз не дейді?Ендеше, мына сандарды жаттап алыңыз не болмаса қойын дәптеріңізге түртіп қойыңыз.
Дисплейде *#06# теру арқылы имейіңізді шығарып аласыз. Ол 15 саннан тұрады.
Осы 15 санның ішіндегі 7-ші және 8-ші сандар арқылы телефонды шығарушы елді анықтауға болады(қытайлар бұл жағын да «мұз» қып алған шығар ендігі))).
01 немесе 10 және 70 сандары — Финляндия (сапалы тауар)
07 ,08, 78 — Германия
13 — Азербайджан (сапасы төменірек)
03 или 80 -Қытай
30 — Корея
67 — АҚШ
19, 40 — Англия
60 — Сингапур
04 — Венгрия

Түпнұсқаға сілтеме
Сурет
Әрі қарай

Сегізсері Кюнаннан. "Бақытсыз Камал"

Хард-әдебиет: Сегізсері Кюнаннан. Бақытсыз Камал

Менмұндалап тұрған “Петрәнасс Тауэрдің” 85-інші қабатынан “мен мұнда-а-а-а-а!” деп бақырып тұрған Карина Әбсаттардың қылығы, табиғатынан ибалы куалалумпурлықтарға оғаш көрінгенмен, сол ғимаратқа асығып келе жатқан Камал Стейнуейнге әбден түсінікті жәйт болатын. «Бейшара қыз қауышамыз деп қуанып тұр. Әттең...».
Әрі қарай