Жан түршіктірер "Пленницы" фильмі
«Пленницы» (2013) — соңғы он жылдықтағы ең үздік психологиялық триллердің бірі. Күңгірт атмосферасымен, жаңбырлы ауа-райымен, өз рольдерін жақсы сомдаған актерларымен және үрей тудыратын саундтрегімен қамтылған кино. Фильм 2,5 сағаттық болса да, соңына дейін шиелініскен жағдайда отырасың.
Фильм, атынан-ақ белгілі, кішкентай екі қыздың із-түссіз жоғалып кетуі жайында. Дағдылы бір күнде, Массачусетс штатының кішігірім қалашығындағы екі отбасының бірінің үйінде қонақта отырған шағында болған келеңсіз жайт.
Күдікті ретінде тәтесінің қарамағындағы психикалық ауру жігіт ұсталады. Бірақ осы күнге дейін бір жұмысты сәтсіз орындамаған детектив ақыл-есі он жасар жігіттің мұндай қылмысқа баруына күманданып, түрмеден босатады. Себебі бұл маңда кезінде сексуалдық тұрғыда сотталған басқа да тоғыз қылмыскер бартын. Жалғыз күдіктінің босатылуына қарсы болған қыздың әкесі полицияға қарамай, уақыт өте қыздардың аман қалу мүмкіндігінің аздығын меңгеріп, «надейся на лучшее, готовься к худшему» деп өзінің тергеу жұмысын жүргізеді.
Мен үшін бұл фильм «қылмыскер кім», «қалай ұсталады» екен деген жай ғана тергеу ісі емес, нағыз драмалық шығарма, жан түршігерлік трагедияны көрсеткен сияқты. Басты рольде Анджелина Джоли ойнайтын «Подмена» секілді, бұл фильмде де уайымдап бітесің. Қайғылысы, бала ұрлап өлтіретін маньяктар жер бетінде баршылық. Сол себептен де болар, шын өмірге ұқсайтындықтан болар, біртүрлі қызымды есік алдына да жалғыз жібермеймін деген үрейлі әсерде қалдым.
Актерлік құрамға келетін болсақ, басты рольдерде Хью Джекман, Джейк Джилленхол ойнайды. Осы екі актердің арқасында сағатқа да қарамай, жүрегімді ұстап толқу үстінде отырдым. Көруге тұрарлық, әсіресе балалары бар отбасыларына көруге міндетті фильм деп ойлаймын.
«Пленницы» (2013) — соңғы он жылдықтағы ең үздік психологиялық триллердің бірі. Яғни, жалғыз «Пленницы» ғана емес, үздіктердің бірі. Фильмде өзімді сол қайғы-қасіретке ұшыраған отбасының орнына қойып, бұл оқиға жанды жеріме тиді.