Испания футболының 2013 жылғы басты оқиғалары

Ordnung

Блог - Bek-enu: Испания футболының 2013 жылғы басты оқиғалары
2012/2013 жылғы маусымда «Барса» мен «Реал» УЕФА Чемпиондар лигасының финалына дейін жетті. Қай жылы болмасын, осы турнирдің басты фавориттері саналатын қос командадан кез-келген жанкүйер жоғары орын күтетіні анық.Егер екеуі де финалға шыққанда, «Эль Классиконың» куәсі болатын едік. Бірақ, жанкүйер тілегі орындалмады. Испанияның қос мықтысын германиялық «Боруссия» мен «Бавария» жартылай финалдан қайтарды.
Жартылай финалда Левандовски «Реал» қақпасына покер орындаған тарихтағы алғашқы ойыншы атанды. Ал «Бавария» каталондық клубты 7:0 есебімен тас-талқан етіп ұтты.

«Сосьедадтың» жұлдызы жаңған маусым

Блог - Bek-enu: Испания футболының 2013 жылғы басты оқиғалары

«Басктер» өздерінің керемет маусымдарын өткізді. Араға 10 жыл салып, қайтадан Чемпиондар лигасына жолдама алды. Филипп Монтанье аз уақыттың ішінде тамаша команда жасақтап үлгерді. Испания біріншілігінің алғашқы үш жүлдесі «Барса», «Реал», «Атлетикоға» бұйырған соң, Чемпиондар лигасына жолдама беретін төртінші орынның тағдыры тек соңғы турда анықталды. «Сосьедад» пен таласқа түскен «Валенсия» сырт алаңда «Севильяға» ұтылды.Өз кезегінде Монтанье шәкірттері «Депортивоны» жеңіп, төртінші орынға иелік етті. Сәтті маусымнан кейін бас бапкер Испанияны Францияға ауыстырды. Оның орнына испаниялық Ягоба Аррасате келді.
Аррасате жаттықтыруымен команда Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде «Лионды» жарысты шығарды. Бірақ, топтық кезең олар үшін сәтті болған жоқ. МЮ, «Шахтер», «Байер» командаларымен бір топқа түскен «Реал Сосьедад» бар жоғы бір ұпаймен топтық кезеңді соңғы орынмен аяқтады.
Касильястың жарақаты

Блог - Bek-enu: Испания футболының 2013 жылғы басты оқиғалары

Жыл басында мадридтік «Реал» Испания кубогының ширек финалында «Валенсия» клубымен жолықты. Примераның бас жүлдесінен үміт үзген соң, Жозе Моуринью Чемпиондар лигасы мен осы ел кубогынан дәмелі болатын. «Сантьяго Бернабеудегі» кездесуде Криштиану бастаған футболшылар аса қиындықсыз жеңіске жетті. Ал қарымта ойын мадридтік команданың символы Икер Касильяс үшін аса қиын күннің бір болды. Капитан қақпашы осы кездесудің 14-минутында алған жарақатынан наурыздың соңында бірақ жазылып шықты.
Икер қатардан шығып қалған соң, оның орнына сенімді қақпашы қажет болды. Қосалқы құрамдағы Адан мен Хесус аңыз капитанның орнын басуға сай емес еді. Екі күннен кейін Жозе бапкер «Севильяның» қақпашысы Диего Лопесті шақырды. Лопес командаға келе сала, өзінің №1 қақпашы болуға дайын екенін көрсетті. Сенімді ойынымен бапкер сенімінен шықты. Касильяс жарақатынан жазылып шыққан соң, негізгі құрамға оралады деп ойлаған едік. Бірақ, олай болмай шықты. Жозе бапкер Лопеске сенімді артуды әрқарай жалғастыра берді. Капитан қосалқы құрамда қалды. Маусым аяқталған соң, Жозе кетіп, оның орнына Карло Анчелотти келді. Италияндық бапкерде Касильясқа емес, Лопеске сенім артты. Қазіргі кезде Икер Чемпиондар лигасы, Испания кубогында ғана команданың қақпасын күзетеді. Ал Диего Лопес чемпионаттағы ойындарда алғашқы минуттан алаңға шығады.

17 жылғы үзілістен соң...

Блог - Bek-enu: Испания футболының 2013 жылғы басты оқиғалары

Соңғы жылдары Испаниядағы жүлденің барлығы тек екі командаға бұйырып жүргені баршаға аян. Қос мықтыға айтарлықтай қарсылық көрсетіп, Испания кубогын жеңіп алған «Атлетико» командасы болды. Диего Симоненің шәкірттері финалда басқа-басқа емес, өздерінің мәңгілік қарсыластары «Реалды» 2:1 есебімен ұтты.
2013 жылдың 17 мамырында араға 17 жыл салып, мәртебелі кубокқа қол жеткізді. Финалда мергендігімен көзге түскен Диего Коста мен Миранда болды. Осылайша 2012/13 жылғы маусымда «Реал» ең соңғы жүлдесінен де айырылды.

Бразилиядағы жеңіліс

Блог - Bek-enu: Испания футболының 2013 жылғы басты оқиғалары

«Қызыл фурия» соңғы әлем чемпионаты Еуропа бірінішілігінен соң, Конфедерация кубогының басты жүлдесінен де үміткер еді. Финалға сүрінбей жеткен Дель Боске шәкірттері ақтық сында алаң иелерімен кездесті. Осы екі құраманың ойынын жанкүйерлер көптен күтіп жүр еді. Соңғы жылдары сүрінбей жүрген Испания мен туғандарынан доппен бірге өсетін Бразилия аяқдопшылары арасындағы ойын кімді болсын бей-жай қалдырмайтыны анық. Әйткенмен финал біз күткендей болмады. Пиреней түбегінің футболшылары финалда Латын Америкасының құрамасына еш қарсылық таңыта алмады. Неймар бастаған жігіттер 3:0 есбемін тас-талқан етіп ұтты.

Жыл трансфері

Блог - Bek-enu: Испания футболының 2013 жылғы басты оқиғалары

Жыл трансфері сөзсіз Гарет Бэйл. Уэльс құрамасының футболшысын «Реал» 100 миллион еуроға «Тоттенхэмнан» сатып алды. Бұл футбол әлеміндегі ең қымбат трансфер болды. Осыған дейін ең қымбат трансфер Криштиану Роналдудың бағасы 94 миллион еуро бағаланған еді.
Жалпы осы маусымда Флорентино Перес футболшыларды сатып алуда аса белсенділік таңытты. Бэйлден бөлек, Иско (30 миллион еуро ), Ильярраменди (40 миллион еуро) секілді футболшылар карольдік клубтың қатарын толықтырды.

Испания жастары Еуропа чемпионы

Блог - Bek-enu: Испания футболының 2013 жылғы басты оқиғалары

Испанияның кез-келген жастағы құрамасы әрбір турнирдің басты фавориті саналады. Өтіп бара жатқан 2013 жылы Испанияның U-21 жасқа дейінгі құрамасы Еуропа чемпионы атанды. Осылайша Испания жастары құрлықта төртінші және қатарынан екінші рет бас жүлдеге қол жеткізіп отыр.
Чемпионат барысында Де Хеа, Монтойя, Бартра, Ильярраменди, И. Мартинес, Коке, Тьяго, Иско, Тельо, Мората, А. Морено өз шеберліктерін паш етті.
Бөлісу:

27 пікір

Ispek92
Алдыңғысына қарағанда жақсы шолу, тек бауырым Ң мен Н әрпін айыра алмайтын секілдісің, мынау дәлел
таңыта алмады

Сосын Гареттің трансфері 90 лимонның шамасында, Криштианудан қымбат ешкім жоқ әзірге, 100 лимон деп жүргендері журьелердің қосып жазғаны ғой. Басқа қателіктерге көз жұма қарауға болады енді
Adiletshu
Спорт тақырыбындағы тақырыптар жалықтырып жіберді. Оқамайтын болыппын.
Beytanis
Мен үшін басты жаңалық — Диего құрдас Костаның сұрмергендік қабілетімен көрінуі!
Adiletshu
Испания азаматтығын алды ғой. ӘЧ-на баратын шығар. Барса мен Реалдан құралған командаға сіңісіп кете алар ма екен
Ispek92
Лібәәә, ол провакатор ғой жүрген, жыным келед ондайларға әнәссстіңңң
Beytanis
Гол соқса, болды ғой. Реалға да соқты ғой?
Ispek92
Футбол ақшаның құрбанына айналып бара жатыр да, шешессстің. Бұрынғыдай адамдық қасиет, классикалық триллерлер азайып бара жатыр
Adiletshu
-------------------Кас--------------------
Арбелоа, Рамос, Пике, Альба
— Бускетс----------------
------Х.Алонсо---Фабрегас--------
Педро--------------------Иньеста
----------------Коста------------------
Дәл осылай шығаратын болсаң любойын айыратын сияқты ғой
Соңғы түзету:
Adiletshu
---------------Льорис------------------
Дебющи, Сахо, Варан, Евра
------Матьюди, Погба-------------
---------------Кабай---------------------
Вальбуэна----------------Рибери
---------------Бензема----------------
Ispek92
Евраға жыным келед, Клиши жақсы оның орнында, болмай бара жатса ПСЖ-да Динье бар менің құрдас бауырым
Adiletshu
Клишиден Евра мықты сияқты меніңше. Сисокко, Айдара дегендер де бар ғой
Beytanis
------------------Валдес-------------------
Арбелоа----Рамос----Пике----Алба
----------------Бускетс---------------------
----Шави--------------------Иниеста----
Мата----------------------------------Сеск
-----------------Педро---------------------

Менің пікірімше
Adiletshu
Мата бірінші кругта нашар ойнады. Оның орнына Сильва немесе Навасты қояды
Beytanis
Давид Вилла мен Фернандо Торрес?
Adiletshu
Испания «Ложная девяткамен» ойнайды ғой. 2012-дегідей центр форвардтың позициясында Фабрегас, не Сильва болатын шығар. Ал Негредо мен Костаны ұтылып жатқанда ғана шығарар. Навестерді замыкать ету үшін. Вилья мен Торресті қалдырып кететін шығар. Негредо мен Коста оларға қарағанда әлде қайда жақсы ойнап жатыр
Соңғы түзету:
Adiletshu
Вр: Касильяс, Вальдес, Рейна
Зщ: Арбелоа, Рамос, Пике, Альба, Аспиликуэта, Альбиоль, Монреаль
Пз: Бускетс, Х.Алонсо, Х.Мартинес, Иляраменди, Хави, Фабрегас, Иньеста, Иско, Д.Сильва, Х, Навас
Н: Педро, Негредо, Коста
Beytanis
"«Мен» дейтін ойыншының бәрі көктемде өздерін жақсы қырынан көрсетуге тырысады. Мамыр айы туғанда белгілі болады. Кім бабында, кім жарақат, кім көп соқты, кім командалық ойынға пайдалы демекші…
Adiletshu
Бірақ солай. Жазға дейін кім бар, кім жоқ… Біразы қирап қалатын шығар
Adiletshu
Хаби Алонсоны әбизөк стартовый составқа шығарады. Қазіргі таңда ең мықты диагональный пас беретін сол ғой
MickThatsMyNick
Моуриньоң картоп, Бейлің бәле.))
Bek-enu
Испания бұл жолы жартылай финалға шыға алама? 1/8 Голландия мен Испанияның екінші орын алғаны Бразилиямен кездесуі мүмкін
Adiletshu
---------------------Нойер---------------------
Лам, Хумельс, Мертезакер, Боатенг
---------Гюндоган, Швайнштайгер-------
Мюллер------------Озил--------------Ройс
-------------------Клозе--------------------------

Замена
Вр: Тер Штеген, Вайденфеллер
Зщ: Хеведес, Бадштубер, Вольшайд, Шмельцер
Пз: Л.Бендер, С.Бендер, М.Гетце, Шюрле, Дракслер
Н: Подольский
Соңғы түзету:
Adiletshu
-------------------Сезар-----------------------
Алвеш, Т.Сильва, Д.Луиз, Марселу,
--------Паулиньо, Фернандиньо--------
-------------------Оскар-----------------------
Халк-----------Жо----------Неймар-------

Замена
Зщ: Майкон, Маркиньос, Данте, Луис Филипе
Пз: Рамирес, Луис Густаво, Эрнанес, Моура, Виллиан
Н: Робиньо
Соңғы түзету:
Adiletshu
------------------Кабальеро---------------
Сабалета, Ф.Фернандес, Кампаньяро, Рохо,
--------------------Маскерано------------------------
---------М.Родригес,----------Ди Мария-----------
---------------------Месси-------------------------------
----------Агуэро----------Игуаин---------------------
Замена:
Adiletshu
----------------------Буффон--------------
Абате, Бонуччи, Кильини, Барзали, Паскуаль
------------------Де Росси-------------------------------
-----------Маркизьо------Пирло----------------------
--------------Росси-----Балотелли---------------------