Үйсіз-күйсіз журналистер

Бермесең, бермей-ақ баспанаңды…

31 арнадағы Информбюро бағдарламасы, үйсіз журналистердің мәселесін көтермекші. Расында журналистер тұрғын үйге қатысты ешбір мемлекеттік бағдарламаға жатпайды, (тек жас отбасы болмаса), әдетте бойында ұлтына деген ықыласы мен энтузиазмы бар журналистер пәтерден-пәтерге көшіп, азғантай жалақысы мен газет-журналдарда, телеарналарда шапқылап жүреді… Жалпы аталған БАҚ-тың нары да, бары да солар, материал жазу үшін, шығару үшін ізденіп, ат шалдырып алысқа желіп, жалпы дайын мақала мен телерепортаждың ыстық-суығын көтеріп, төзіп жүретіндер де осы бауырларымыз. Осындай кейіпкерлерді шақырамыз!!! Маған личкоға хат жазса деген өтінішім бар… Өздеріңіз білетін осындай журналистер туралы жаза отырсаңыздар, алғыстан басқа айтарым жоқ!
Әрі қарай

Көрген-білгендерім



Кітап: соңғы кезде тарихи кітаптар, фактімен жазылған оқиғалар желісі ұнайды. Мен ғана емес көп адамға болған оқиға желісімен жазылған кітаптар ұнайды. Бұл кітапты жай инет шарлап отырып тауып алып едім, қазір түк өкінбеймін, өте қызық, тегін көшіріп алуға болады. Якокканың балалық шағы, адамдар, жұмыс, қарым/қатынас, Форд компаниясы, Крайслер компаниясы, ораторлық мәдениет т.б басқа көп нәрсе айтады. Очм ұнады әр адам өзіне керегін алады. Айтпақшы тағы бір туындысы бар автордың, кітабы тегін мес кен инетте((((( сыйға тартып жіберсе алуға бармын)))) кітап алмасар адамдарға есік әр кез ашық менде))))

Кино: соңғы көрген Хочу как ты – әдеттегідей көзіңе жас үймелетіп, күлетін американдық топас туындының бірі. Секассс темасы тым көп, диалогтың 80 пайзы сол төңерегінде, сюжет желісі қызық әрине))) бастысы махаббат, қалғаны бола жатады, балалар+жұмыс+үй т.б. актерлік құрам мықты.

Сериал: Хюремм хатун уаййй крышам кеткен сериалдың бірі очм.))) ТВ жоқ қазір, сол үшін, шыдамда таусылып, қысқаша чепачем екенін инеттен оқып алдым)))) Сулейман патша+Гаремдегі хатундар+Хюреммнің сұмдықтары. Басында кеш басталсада қарап жүргем, шаршап келген адамға ауыр әрине. Түсімде Хюреммді көріп шошып кеттім ғо))))

Демалыс: БАО-ға бұрынан барғым келіп жүруші едім. Сәтін салып бардым. Керемет жер екен. БАО-дан ары, Обсерваторияға да соға кеттік, қызық екен. Былай баруға болады, контактісін алдық, тек кешке уақытта барады екен, қонақтарды қарсы алып, шығарып салуға болатын жағдайлар бар дейді.

К-РОР: Тууууу бұлар жайла айтсам таңды атыруға болар)))) өзіме бұл аптада Т-ara тобын аштым. Қыздарға крышам кетті, не деген сұмдық жандар)))) 5 қауымдастығыңды))))

Өнер: Уаййййй қыздар/балдар Б.Атабаевтің театрына бардым ғой. Керемет әсер берді. Мұндай өнерді бұрын соңды Алматтан көргем жоқ. Жаңашыл көз қарас, жас актерлер, қалыпты жағдайлар емес, ажь декорацияның өзі адамды тартып тұрады. Актерлері айтсайшы, қыздары да, балдарыда сұлу.

Кездесу: Жапониядан келген Жаннаның құрметіндегі кездесу)))) білмеймін содан кейн ақыл/кеңестеріңе әлде ойланып/толғанып жүрмін әсіресе Мадленнің ойлары керемет))) ой несін айтасыңдар ақылды болып кеткем ғо))) ажь сезіп жүрмін))))))
Әрі қарай

“м”-”ж” қашан “ә”-”е”-ге ауысар екен…


Жамбыл облысынан қалаға келген бір ақсақал қуығы сыздаған соң дәретханаға кірмек болыпты. Сөйтсе, дәретхананың сыртындағы “М” және “Ж” деген жазуды көріп, қайсына кірерін білмей: “Жамбылдан келгендер “Ж”-сына кіруі керек болар” деп әйелдердің дәретханасына кіріп кетіпті” деген анекдот болушы еді баяғыда. Өткенде Түркістан шаһарына барып, Шәуілдірге қарай жол жүріп бара жатқанда дәретхананың сыртындағы (суретте) “ә”, “е” деген жазуларды көзім шалып қалды. “М”-”Ж”-сын әдейі өшіріп тастапты. Қай қазақ жазса да, риза болдым. Расымды айтсам, қазақ болып туып, қазақ жерінде өмір сүріп жүрсем де, мұндай “қазақша дәретхананы” бірінші рет кездестірдім…
Әрі қарай

Эстонияға барар жолда...

Опшым, қызмет бабымен ұйымдастырылған іссапармен Эстонияның астанасы Таллинге 2 күнге барып қайтудың сәті түсті.
Эстония мен Қазақстан арасында тікелей әуе қатынасы болмауына байланысты ұшақпен барғанның өзінде Астана – Киев – Таллин бағытымен Астанадан Таллинге жетуіміз шамамен 16 сағаттай уақыт алды. Очм, шаршадық…
Сонымен, аз-мұз Киевтегі фотоесептен тамашалай отырыңдар.
15 сәуір күні Астана уақытымен таңғы 6-да шыққан ұшақпен Киевке жергілікті уақыт бойынша 8-де жеттік. Астана жайма-шуақ ауа-райымен шығарып салса да, Киев қабағын түйіп қарсы алды. Соған қарағанда АКҮны ала
Әрі қарай

Түрлі-түрлі бастықтар


Ашушаң ұрысқақ бастық

Өзін керемет сезініп қоятын бастық (жалған мақтау, жағымпаздыққа кет әрі емес)

Жерге ұра беретін қанішкір бастық

Әңгүдіктеу, менің айтқаным дұрыс деп, аузынан көбігі шашырайтын бастық

Үндемей сыртыңнан аңдып жүріп, оңдырмай түсіретін бастық


Жалпы адамдардың бастық туралы ойы осы шамалас

Тықақтап түк бітірмесе де типы жиналыс өткіз бергіш бастық

Бастықтың айтқандарын жүрегіңізге жақын ала бермеңіз. Ол өйткені, мынадай.
Сонымен, жаңа Айқаракөз бен Гастаның жазбасына пікір жазам деп, бастық туралы жазу ойыма келсін.
Бірінші бастық. Ол сатираға да, саясатқа да жақын адам болатын. Айлықты аз төлегені үшін кетіп қалдым ол жерден. Жазған мақалаларыма онша көңілі толмайтын. Шыны керек, өзімнің де көңілім толатыны шамалы еді))) Бұл бастық қарны қампиған, көзі тарбиған бақа сияқты-тын. Кабинетіне кірсең жыландай жиырылып, тітіркенген күйі шығатынмын. Бірақ, айлықты, еңбегіңді жемейтін честныйлығы бар-тұғын.
Екінші бастық. ойыбой, бұл туралы жыр таңды таңға ұратын шығар. Әлгі көңілдесің де, байың да жоқ, острый, сұранысқа ие емес журналиссіңдер деп жерден алып, жерге салатын нағыз қанішкірдің бірі еді. Бізді таң атпай жиып алып, "ұйықтап жүресіңдер, анау «Казправданың тілшісі Любовь Доброта мен Қазақпараттың тілшісі оқиғаның басы-қасында жүр, сендер саусақтарыңды сорып жүрсіңдер», деп бәрімізге жалпылай бір ұрсып тілімен безеп шығатын. Өзге газеттегі журналистің бәрі керемет, тек біз ғана елдің соңында қалып кеткен біреуміз әйтеуір. Құдай-ай, мұның сөздік қоры күн сайын жаңарып тұрмаса да, күн сайын 5-ақ рет жиналыс жасап, «Кәні не жаздың? не істеватсың?» деп тексеріп отырмаса бойына ас батпайтын нағыз тиран болатын.
Үшінші бастық, мә керемет бастық болды. Екінші бастықтың жүйкемді түтіп, қан қақсатқанын құдай көрді ме, үшінші бастық алтын адам болып шықты. Оны әлі күнге дейін алтын бастық деп аузымның суы құрып айтып жүремін. Менің журналистік шығармашылығыма көп әсерін тигізген, жазуыма шабыт беріп, өз стилімді табуға ықпал еткен белгілі публицист кісі.
Төртінші бастық яғни қазіргі бастығым да не только алтын, бриллиант адам. Иә, иә, өте жақсы адам. Адамның характерін, шығармашылығын, психологиясын жетік меңгерген, кең адам. Өте кеңпейіл, ақкөңіл, жаны жомарт, аңқылдап қалған адам. Тфә, тфә бастығыма тіл-көз тимесін, дені сау болсын деп күн сайын Алладан амандығын тілеп жүремін. Неге десеңіз, денсаулығы жоқ, жасы келіп қалған кісі.
Әрі қарай

Қатын болу оңай ма?

Әбіләкімнің: «Жақсы қатын алсаң күнде қыз,
жаман қыз алсаң сол түннен кейін бәрібір қатын болады» деген сөзінен кейін ойланып қалдым…
Осы "қатын" сөзі жаман мағына білдіре ма әлде…
Тарихта олай емес секілді (осы жерде мамандығым тарихшы екенін тек сіздердің емес, өзімнің де есіме салып қояйын ). Мысалы, «Бабаджа хатун» — вряд ли (осы сөздің тура мағынасындағы аударылуын жазсаңдар түзеп қояйын) жаман әйелге қауым мавзолей салады. Логикаға сай келе ма?
Тағы бір мысал, "Қатон-қарағай" — жер аты. Бұл жерде ауыспалы мағынада қолданып тұрған секілді.
Осы және басқа мәліметтерді салыстыра отырып қарасақ, қатын сөзінің түп-төркіні СҰЛУ деген сөз ау деймін. Кейінірек басқа мағынаға ауысып кеткен (қазір жаман еркекті "қатын" дейді мысалы)…
Ал атам қазақ жабайы… тойыс жұбайларын "Әй, қатын" деп шақыратын болған (қазір де қолданад, бірақ көп емес).
Соған қарағанда жаман сөз мес ау дим… Бастығым айтатын: "қатын болу мәртебе" деп , әрине басқа мағынада… Айтуынша қатын сөзі — бұрынғы уақытта семьяға, кланға әжептәуір қызмет істеп, дәрежесі көтерілген әйел адамдарға таңылады.
Сіздер қандай ойдасыздар?
Қатын болу оңай ма?
Әрі қарай

Тренинг өткізу үшін ақыл беріңдер

Құрметті блогшылар, сіздерден үлкен көмек керек. Тренинг ұйымдастыру үшін нендей іс шаралар жасалуы керек? Мен Астанадан келе академиямның директорымен жолыққам. Сосын Тимушамен келіскенімізді сөз етіп, тренинг өткізгім келетінін айттым. Ол кісі академияның 210 орындық амфитеатрын беретінін, тағы басқа нәрселерді қарастыратынын, бірақ ақша жағын бөле алмайтынын ескертті. Себебі, жарысқа кеткен көптеген оқушыларған жаратылған екен. Енді Атыраудағы блогшыларды, интернет саласындағы адамдарды жинап, тренинг, болмаса миниқұрылтай өткізсем деймін. Соған өз ескертпелеріңді, ақылдарыңды ортаға салыңдар. Мүмкін біздің академияда өткесін, оның тұрақты демеушілері Аджип, Айрекс, Эхсонмобиль секілді компаниялар назар аударып қалар
Әрі қарай