Эстафета: Биылғы жыл қалай өтті?

Блог - Daniar-Alan: Эстафета: Биылғы жыл қалай өтті?

..2013 жаңа кірді…
Үйде қарсы алдым да, түнгі 1-лерде asaubota -ның үйіне бардым құттықтауға. 3-терде бірақ қайттым. Осылай басталды жаңа жыл.
Жаңа жылдың алдында басқа жұмысқа ауыссам қалай болады деген ой келді басыма… Сәл уайымдап жүрдім… Бір жағынан үйреніп қалған жер… Бірақ өміріме өзгерістер алып келгім келді… Сөйттім де
Әрі қарай

IT маманға күйеуге шықпау үшін 6 себеп

  • KazNET
KazNET: IT маманға күйеуге шықпау үшін 6 себеп
IT маман немесе қазақша айтқанда айтишниктер де қоғамның бір бөлшегі. 95 пайызы еркек жынысынан құралатын бұл санаттағы адамдар әлбетте басқа адамдар сияқты үйленеді, отбасы құрып балалы болады. Олар да адам екендерін еске алып тұрады. Бірақ әлі тұрмыс құрмаған қыздарға айтар кеңесім — бұл типтерге күйеуге шықпаңдар! Білместікпен айтишникпен тұрмыс құрып қойғандар енді ештеңе өзгерте алмайды, тағдырларына мойынсұнып жүре бермек. Адам 3 күннен кейін көрге де үйренеді дегендей олар да үйреніп кетеді. Дегенмен кейін «жігіт кезінде жақсы еді, жаман күйеу қайдан шықты?» деп жүрмес үшін оларға үйленбеудің мына себептерімен таныс болыңыздар:

1. Түнде ұйықтамайды

Түнімен ұйықтамай компьютер басында отырады да, ертеңіне түске дейін ұйықтайды. Таңертең үйге біреу келіп қалса залда қорылдап ұйықтап жатқан «аю» ыңғайсыздық танытуы мүмкін. Әлбетте түске дейін ешқайда да шыға алмайсыз, барлық жоспарлар тек түстен кейінге қалады.

2. Әңгімелеспейді
Айтишниктер жарытып әңгіме айтпайды, оларға одан да әлеуметтік желідегі соңғы коменттер қызығырақ. Сізді тыңдап отырғандай кейіп танытса да, ішінен «ана постыма анау пікір жазды ма екен?, мен оған қазір былай деп жауап беремін» деп ойлап отырады. Жалпы сөйлесу тақырыптары өте тар.

3. Өз өзіне қарамайды

Шаш, тырнақ сияқты нәрселерге тек аса маңызды жерлерге барар алдында ғана мән беріледі. Оған дейін жабайы адам кейпінде өмір сүре береді. Киім киісі де нашар. Тойға өзіңіз киіндіріп апармасаңыз футболка мен тізесі шыққан джинсы киіп келіп тұруы әбден мүмкін.

4. Салауатсыз өмір салтын ұстанады
Ішед, шегед. Спортпен әрине айналыспайды. Оған уақыт құртқанша бір сағат болса да комп басында өткізгенді тәуір көреді. Достары да сондай.

5. Балаларға қарамайды
Бала тәрбиесімен ұзақ уақыт айналысатын, олармен көп ойнайтын айтишник көрдіңіз бе? Егер көрген болсаңыз демек оның интернеті бітіп қалды деген сөз немесе техникаларында ақау бар. Сондай кезде адам екені естеріне түседі.

6. Дұрыс тамақ ішпейді
Жасаған тамағыңызға комплимент айтпауы мүмкін. Тамақ ол үшін тек қарын тойдыратын құрал ғана. Шәйді да 2 кеседен артық ішсе рахмет айтыңыз.

Әр нәрсенің плюсі мен минусы болады дегендей бұлардың да жақсы тұстары бар. Мысалы адалдық. Бұлар басқа әлемде өмір сүріп жүргендей болғанымен негізінде отбасыны асыраушы негізгі күш екенін түйсіктерімен сезеді. Пәлендей көп ақша таппаса да тапқанын отбасына жұмсайды. Полигамдық сезімдерден ада болғандықтан көңілдес те ұстамайды. Бір әйел жетеді оған. Демалыс күндері үйде отыратын болғасын балаларды және үйді сеніп тастап кетуіңізге әбден болады. Көп шығыны да жоқ, бар затын киіп жүре береді.
Әрі қарай

"Келін" фильмі Ауғанстанда түсірілген немесе Вахан дәлізіндегі түнгі сыбыр

Ал сол кезде...: Келін фильмі Ауғанстанда түсірілген немесе Вахан дәлізіндегі түнгі сыбыр
Ауғанстанда адам аяғы оңайлықпен жете бермес Вахан дәлізі деген жер бар. Мұнда ешкімге бас имеген 1100 қырғыз мекен етеді. Ортағасырлық өмір сүру қалпын сақтаған олар табиғи шаруашылықпен айналысады. Сыртқы әлемнен байланысудың жалғыз ғана жолы, ол — апиын сатуға шығатын кез.
Вахан дәлізі — Ауғанстанның солтүстік-шығысындағы Бадахшан провинциясына қарасты Вахан ауданы аумағында ұзыннан — ұзақ созылып жатқан жіңішке алқап. Ұзындығы 295 шақырымға, ені 15-тен 27 шақырымға дейін жетеді. Памир, Вахан және Пяндж өзендерінің алаптарына кіреді. Таулы аймақ. Табиғаты қатал.
Вахан дәлізінің өзі екі державаның тартысы нәтижесінде пайда болған. XIX ғасырдың соңында Британия мен Ресей империясы арасында Орталық Азиядағы ықпал үшін болған талас — "үлкен ойын" деп аталды. Екі империя 1873 және 1895 жылдары өзара келісімдер жасады. Сол бойынша осыбір географиялық мекен — патшалық Ресейдің қарауындағы Орта Азия мен британиялық Үндістанның бір-біріне соқтығыса кетуін болдырмайтын дәнекер аралық ретінде таңдалынып алынды.
Әрі қарай

Шоқынғандар

Сіздер біздің айтқан «Домбыра party» атауына қарсы шығып отырмысыздар?
Сіздер Домбыраны көшеге шығып кетті деп байбалам салып жатырмысыздар?
Сіздер домбыраны дұрыс тартпай жүрсіңдер деп айыптап жүрмісіздер?

ТАМАШАЛАҢЫЗДАР ОНДА:

Әрі қарай

Ендігі жетпегені өзбекше жарнамалар ма?

Шымкенттік жергілікті телеарналардан өзбек тіліндегі жарнамаларды көріп, қай елде жүрмін деген сұмдық бір ойға келгенім бар.
Ташкенттік әншілер оңтүстікке келіп концерт беріп кетуді әдетке айналдырған. Ол түсінікті жағдай, себебі мұнда ақшалы өзбек диаспорасның өкілдері көп. Міне соларға бағытталған өзбек тілінде өздерінің концертіне шақырған жарнамалар жергілікті телеарналардан оқта-текте болса да беріліп қалады.
Меніңше бұл ұлттық қауіпсізідігімізге қатерлі үрдіс. 130 ұлт мекендеген елміз деп мақтанады біреулер. Сонда деймін, бүйтіп бейғамдық таныта берсек осы 130 ұлттың тілінде 130 түрлі жарнамалар беріп, онсызда өгей баланың күйін кешіп жүрген тілімізді одан ары масқаралата беретін секілдіміз. Әзірге олар (телеарналар) әншілердің жарнамасын ғана беруде. Ертең ақшасын жақсылап төлесе кезкелген тауарды өзбекше сайратып тұрып жарнамалайтын шығар. Бұның алдын алмаса ертең өзбек, неміс, ұйғыр, кәріс, түрік және т.б. тілдердегі жарнамалардан басымыз айналуы мүмкін. Сол кезде орыс тіліндегі жарнамалармен жылап көріспесек болғаны. Аллам бетін аулақ қылсын!
Әрі қарай

КерекИнфода Махаббат апталығы



Құрметті сайт қолданушылары,

Сіздерді Махаббат апталығына қатысуға шақырамын. Қатысу үшін 10 ақпан — 15 ақпан аралығында сайтта махаббат тақырыбында посттар жазыңыз. Өлеңдер, естеліктер, аудармалар, мотиваторлар/демотиваторлар және тағы басқа кез келген контент түрі қабылданады. Үздіктер марапатталады.

P.S пост астына «махаббат апталығы» ілмегін қою міндетті. Бұрын жазылған посттарыңызды да қоса аласыздар, тек оған «махаббат апталығы» ілмегін қойып, бір пікірмен Тікелей эфирге шығарсаңыз болғаны.
Әрі қарай