Қайсысына көбірек жүгінесіз?

Блог - aikarakoz: Қайсысына көбірек жүгінесіз?

Интуиция компас сияқты, үнемі дұрыс әрекет етуге бағыт-бағдар беріп отырады. Интуициясын жиі іске қосатын адамдар бұл сезімдерінің не екенін біле бермейді.
Интуициясы дамыған адам қандай да бір құбылыстың бар болмысын кішкентай белгілерінен-ақ сезіп, көріп отырады. Мұны қарапайым тілмен "ішкі дауысыма құлақ түрдім" деп жеткізеді көбінесе. Интуицияның күнделікті өмірден гөрі, ғылымда «көмекке келгені» тиімдірек: алдымен ғалымдар ойша жаңалық ашады, артынан дәлелдейді — өмірлік наны.
Адам интуициясы оның жасымен бірге өзгеріп отырады ма?

Әрине. Жас пен интуиция бір-біріне тәуелді.
5 жасқа дейінгі сәбиде интуиция өте керемет болады. Айналасында не құбылыс боп жатқанын білмесе де, өте батыл әрі сенімді әрекеттерге барады, ештеңеден қорықпайды. «Жақсы адамды бала сезеді» деп жататынымыз сондықтан болар.

5-10 жас аралығындағы баланың да интуициясы өте жақсы дамиды. Алайда, бұл кезеңдерде бала айналасын мұқият тани бастайды. Мектепке барады, өзін қоршаған әлемді логикалық таныммен қабылдауды үйрене бастайды да, "ішкі дауысқа" әстін-әстін құлақ түруді азайтады.

10-28 жас аралығындағы адамның болашағына ұстанған бағыты айқындалып үлгереді, ақыл тоқтайды. Білім алып, қызмет етіп, лауазымын арттырып, ақылын одан сайын кемелдендіреді. Қандай әрекет болмасын таңдауын не логикаға арттырарын, не интуицияға арттырарын білмей қалады, достары да таңдау жасауына ықпал етеді. Көбіне ақыл жеңіп кетіп жатады, мойындайық. Бұл жаста интуицияны сақтап қалу аса қиын емес секілді.

28 жастан асқан соң адамның онсыз да әлсіреген интуициясын "өмірлік тәжірбие" алмастырады. Соның негізінде шешімдер қабылданып, қадамдар жасалады. Бұл әсіресе өмірін, тұратын қаланы, жұмысын ауыстыру сияқты үлкен қадамдар жасайтын кезде интуицияны мүлде жоққа шығарады. Бұл кезеңде интуицияны сақтау да, дамыту да мүмкін емес сияқты.

35 пен 45 жас аралығында адам түбегейлі не интуицияға құлақ түруге көшеді не оны мүлде жоққа шығарады. Жасы ұлғайған адамдардың бәріне күмәнмен қарап, тым уайымшыл боп алатыны да сондықтан: интуиция жоғалады.

Ішкі сезімдерге де уақыт бөліп, өзіңізбен-өзіңіз оңаша қалып, анда-санда интуицияны дамытуға уақыт бөліп тұрыңыз.

Қайсысына көбірек жүгінесіз?

Бөлісу:

35 пікір

aikarakoz
Ал, кеттік, дауыс берейік
Aldeken
білмим, жағдайға байланысты…
satibaldi
Қойнақ. Интуицияны логикаға қарсы қойғаны нес нақ. Интуиция да тәжірибемен келеді. Бір бума ақшаға қарап тұрып, «мында тура 500 мың теңге» дейтін коммерсанттарды білем. Бал ашып тұған жоқ. 15 жыл бойы базар жағалап жүргеннен қалыптасқан әдет.
Тақырып өзін сарқып бітті деп ойлаймын. Зеріккендерге КАРЛАГ, АЛЖИР-ден кейін пайда болып отырған су жаңа саяси лагерь туралы қызықты жазба ұсынамын.
Соңғы түзету:
Shah
ол жердегі жаза жаппай піштіреді екен
satibaldi
5-10 жас аралығындағы баланың да интуициясы өте жақсы дамиды.

5-10 жас аралығында кемпір-шалдың интуициясы дамымайтыны логично сияқты…
asaubota
интуицияны басқаруды үйрене алмай жүрмін, сондықтан логикаға дауыс бердім. ал негізінде интуиция арқылы болса нәтиже басқаша болар еді.
satibaldi
Екеуін антагонистік категориялар ретінде қарастыруға мүлде келіспеймін. Страсбургке шағымданам нақ.
satibaldi
Қайсысына көбірек жүгінесіз?
Қазақ биге жүгінген қарғам. Логика, Интуиция деген батыстың қаңсығы ешқашан таңсық болмаған.
aikarakoz
Сізге жазған ем, астына түскетіпті
aikarakoz
Дұрыс қо енді… Басқаша болуы мүмкін емес. Сіздің варианттарды тіпті естігім кеп тұрған жоқ
satibaldi
Күнде логикалық шешімдер қабылап-қабылдап, бір күні ол автоматизм деңгейіне жетіп, интуицияға айналады. Құрылысқа жаңа келген мұрынбоқ өлшегішпен тігіліп жүрсе, біргадір көзбен-ақ он бес метр деп айта салады. Бұл біргадірдің кей мүшелерінің артық екенін білдірмейді. Бар болғаны, ол да кезінде шымо болған.
Sebastian
ол енді көзбен өлшеу — тәжірибе ғой
aikarakoz
Ол уже өмірлік тәжірибе бокетед, сіңлім. Оны  жоғарыда бір мүшеме тиек етіп өткем
satibaldi
Қойнақ. Өмірлік тәжірибесі жоқ адамда интуиция емес, тисе терекке, тимесе әлгі жерге деген далбаса пікір ғана болады.
aikarakoz
Енді интуицияға үнемі нете бермейді ғо. Жаңағы сіздің көзбен өлшеуіңіз де интуиция емес.
satibaldi
Нақ интуицияның өзі. Интуицияны адамның өмірлік тәжірибесінен бөлек қарау тек жарасқанға әбдірәш.
Sebastian
жас факторы туралы дұрыс айтасың, толық келісемін. бір мысал айта кетейін. 4 жасар жиеннен сұрайтынмын "қай команда жеңеді?" деп футбол болып жатқан кезде. ол «көктер» немесе "қызылдар" деп жауап береді. бір күні қызылдар жеңетін ойынға ол көктер дегесін 4000 теңге бәс тігіп жібердім, шынымен жеңді ей! 20 мың ұттым. бұл сәтсіз мысал болуы мүмкін, сонда да кішкентай балалар интуициясына сенемін
dark_nazgul
аха. Испания чемпион болатынын мен чемпионат басталған күні айтып қоямын ғой.
dark_nazgul
Логика дегенде енді… Логикаға салып, кесіп-пішіп отыратын кездер болады да, тек түйсікке жүгініп, тәуекелге баратын кездер болады.
Қисынсыз дүниені істегің келіп тұрса, түйсігіме ерік бердім деген сылтауға да жақсы.
Zhan
Әлі күнге дейін интуицияма жүгінем. Кейде интуицияны жиыстырып қойып, логикамен жұмыс істегім келеді. Бірақ басымды ауыртқым келмейтін шыдамсыздығым бар. Эмоция, сезімталдық, көңіл-күйдің аумалы-төкпелі сәттері жеңіп кетеді. Тек қана салқын ақылмен өмір сүрейін десең, жаным жаурауық. Сондай кездері сыр бермейтін бір қалыпты адам болсам ғой дейтінім бар, қайдааан…
e_zhalgas
әдетте логикаға қарсы эмоцияны айтып жатушы еді, сенікі интуиция бокетіпті ғой
torgai
Қандай да бір күмәнді, нәтижесі бұлыңғыр дүниеге араласар кезде іштей бір кежегеңді кейін тартатын сезім болады. Ол — интуиция. Ал соны тұншықтырып, «мүмкін былай шығар?», «осыдан қалсам құр қалармын?» деген ойларды туындатып, ақылсымақтың таразысына салынғаннан кейінгі шешім — логика. Деген ойым ғой. Интуицияға сеніп, логиканы да ұстанған шақтар бар. Енді өзіме ыңғайлы, пайдалы жағына қарай
zholantai
екеуі де ғо, нуу түйсікті тап баса алсаң, со дұрыс
Соңғы түзету:
zholantai
Қайрат Нұртас, скачать бесплатно, смотреть онлайн
тегтер өлтіред, осы тег бойынша кеп қалғандар егіліп кететін шығар
Rafaello
Интуиция алдамайды, тек соған сене алмайтыным жаман
MERmukhanov
профиліңдегі шағын аваң ұнайды екен маған. Логикам — суреттегі мимикасына орай ғой дейді. Интуициям — ааа, солай ма не дейді.
asaubota
таныстырайын ба, бөлебай? сенімен құрдас. авасы емес былай өзі де ұнап қалуы мүмкін
omarbirat
Қайсысына көбірек еретінімді білмейді екенмін. Бірақ интуициям алдаған кез аз болыпты. Сонда да бірдеңе істер алдында әбден ойланамын. Кейде ойланумен қатты айналысып кететінім соншалық, ойлаған нәрсем сол күйі істелмей қалып жатады
asaubota
бәс тігушілерде мындай түсінік бар: «ең алғашқы ойыңа қой». яғни бір матч туралы қандай ой бірінші келді ойыңа, сол шығады, сол ғой интуиция. біз соған сенбей түрлі варианттар қарастырамыз, алғашқы ой реал емес сияқты болып көрінеді. сөйтіп логикаға жеңілеміз, «білә, біліп едім бірақ қоймадым» деп тұрамыз сосын.
Gulistan
«Бірінші дауыс, екінші дауыс» дегендер бола ма сендерде? Менде ылғи бірінші дауыстыкі дұрыс болып шығады, екінші дауысқа жүгінсем де…
MickThatsMyNick
бастапқыда интуицияға жүгінем, сосын барып оны логикамен ұштастырам, интуициям көбіне қате болып шығады.)
Emilia
Интуицияма сенемін