Интернет арқылы ұйымдастырылған саяхат

Блогшылардың саяхаттары туралы оқып, мен де Түркияға турфирманың қызметінсіз өзіміз саяхат ұйымдастырғанымыз туралы жазып, тәжірибеммен бөлісуді жөн көрдім.

Саяхатқа мен, жұбайым және оның бала-бақшадан бірге жүрген досы жұбайымен жиналдық. Екі отбасында да кішкентай 4-5 жасар баладан бар, бірақ демалуға бірінші рет барып жатқан соң, оларды алуға қорқып, ата-әжелеріне қалдырып кетуді дұрыс деп шештік.
Бірінші мәселе әрине қонақүй таңдау болды. Қойылатын талап ондағы тәртіп толықтай шариғат заңдарына сай болуы. Ғаламторды шарлап, Bera Alanya (5*) қонақүйіне тоқтадым, бірақ тікелей хабарласа алмаған соң, www.booking.com сайтына жүгіндім де онда сол қонақүйден бір бөлмені 7 күнге алып қойдым. Bera Alanyaның сайтында тікелей бөлме ала алмағанымыздың бір себебі түрік тілін білмеуіміз болды, өйткені орысшасы да, ағылшынша нұсқасы да дұрыс жасамайтын болып шықты. www.booking.com сайты арқылы берілген қонақүй менеджерінің электрондық поштасына (umitnaciaydin@hotmail.com) екінші отбасына жеңілдік жасауын өтініп хат жолдадым, бірақ жауапты ұзақ күтіп, сол баяғы www.booking.com арқылы екінші отбасына бөлме алдық. Ол сайт арқылы адам басына 55 евродан шықты, менеджерден жауап кеш келіп, ол бөлмені ерте алғаныңыз үшін 45 евродан болады деген жауап келді, бірақ біз бөлмелерді алып қойған едік. Сонымен әрбір отбасына 140 евродан артық шығын жасап қойдық. Қонақүймен танысамын деушілерге www.bera.com.tr/alanya/ana.php.
Екінші мәселе билет алу болды. Бұл жерде қате жібердік, өйткені турфирмадан жолдама алмаған соң, билетті де сатпайды, не ол өте қымбат болады деп ойлап, www.aviasales.ru сайты арқылы билет алдық. Тағы бір жасаған қатеміз әуе компаниясының сайтынан тікелей билет алғанда, арзанырақ шығатын еді. Қорытындылай келе әр отбасына барлығы 265-270 мың теңгеден шықты. Билет тікелей емес, Мәскеуде біраз күту керек болды.
Сонымен хош, сапарға шығатын уақыт та болып әуежайға жөнелдік. Бірінші Мәскеуге тоқтаған болатынбыз. Мәскеу бізді таңертең бұлтты күнмен қарсы алды. Алдын ала метроның сызбасын, Шереметьево әуежайынан қандай автобустар қала жаққа баратынын басып алғандықтан, уақыт жоймай Қызыл алаңға қарай бет бұрдық.
Суреттер сөйлейді: Интернет арқылы ұйымдастырылған саяхат

Суреттер сөйлейді: Интернет арқылы ұйымдастырылған саяхат

Біз келгенде РФКП (КПРФ) партиясының бір шарасы өтіп жатыр екен, сондықтан Ленин атамыздың кесенесіне кіре алмадық.
Суреттер сөйлейді: Интернет арқылы ұйымдастырылған саяхат

Суреттер сөйлейді: Интернет арқылы ұйымдастырылған саяхат

Суреттер сөйлейді: Интернет арқылы ұйымдастырылған саяхат

Есесіне тарихи мұражайды көп араладық.
Суреттер сөйлейді: Интернет арқылы ұйымдастырылған саяхат

Суреттер сөйлейді: Интернет арқылы ұйымдастырылған саяхат

Суреттер сөйлейді: Интернет арқылы ұйымдастырылған саяхат

ОӘД-де (ЦУМ) болдық, бағаның шегі жоқ екен енді онда.
Суреттер сөйлейді: Интернет арқылы ұйымдастырылған саяхат

Суреттер сөйлейді: Интернет арқылы ұйымдастырылған саяхат

Суреттер сөйлейді: Интернет арқылы ұйымдастырылған саяхат

Суреттер сөйлейді: Интернет арқылы ұйымдастырылған саяхат

Тарихи мұражайды аяғына дейін аралауға күшіміз жетпей Александр саябағына барып демалдық.
Суреттер сөйлейді: Интернет арқылы ұйымдастырылған саяхат

Суреттер сөйлейді: Интернет арқылы ұйымдастырылған саяхат

Суреттер сөйлейді: Интернет арқылы ұйымдастырылған саяхат

Суреттер сөйлейді: Интернет арқылы ұйымдастырылған саяхат
Жалпы теледидардан, суреттерден көрген бір, өз көзіңмен көріп, ауасын сезінген бөлек екен. Мәскеу маған өте үлкен, шетелдіктер, әсіресе азиаттары көп қала болып есте қалды. Қызыл алаңда қытай, жапон тағысын тағылары көп болды, әйтеуір құжынаған жұрт. Жергілікті оқулышар бізге хеллоу деп амандасқаны да күлкілі болды. Метрода бір қырғыз бауырымызбен сөйлескенбіз, ол Қырғызстанда болған оқиғалардан кейін көпшілігі осы Ресейге кеткенін айтты. Тағы бір оқиға: дәл қызыл алаңның төрінде бауырларымыз айыр қалпақтарын киіп алып үйлену тойының құрметіне өз тілдерінде ән салып, билегенінің куәсі болдық. Мәскеуді аралап болып, түнде әуежайға оралдық. Ұшақпен Стамбулға жеттік. Бірақ Стамбулға түнде келдік, әбден шаршаған біз оны аралауға күшіміз болмай, әуежайда ұйықтадық. Компьютерден басып алған сапар құжатын билетке ауыстыру үшін Шереметьевода автомат қолданған болатынбыз, оңай әрі тез, орынды таңдап, баса қоясың. Ал Стамбулдың әуежайында ол автоматты қолдана алмадық, Atlasjet әуе компаниясының тіркеу орнына өтуге тура келді. Біз түрікше білмегендіктен, ағылшынша сөйледік, бірақ Стамбулдағы әуежайда көбісі ағылшынды онша білмейді екен. Әуежайлардың тағы бір айырмашылығы Шереметьевода тіркеу орындары рейс бойынша бөлінген еді, ал Стамбул әуежайында әуе компаниялары бойынша бөлінген екен.
Ат арытып, жоқ өзіміз арықтап, шаршап, әйтеуір Антальяның әуежайына жеттік әйтеуір. Қонақүйіміз Қонақлы деген жерде, әуежайдан алыстау орналасқан екен. Алдын ала мына жерден cmss.atlasjet.com/en/campaigns/flybusen әуе компаниясының ақысыз жеткізу қызметі барын біліп, Қонақлының орталығына жетіп қалдық.
Қонақлы тым дымқыл, ыстық ауасымен қарсы алды. Қонақүйімізді таптық, біз орналастыру уақытынан ертерек келген соң, күткізіп қояды деп қорыққан едім, бірақ қызметкерлер бізді бірден тіркеп, сол жерде төлем жасап, екі отбасын қатар орналасқан көрші бөлмелерге орналастыра қойды. Қонақүй туралы тағы бір айта кетерлігі менеджердің алдын ала қоңырау шалып, келіп-келмейтінімізді анықтап, бізді күтіп жатқанын білдіргені. Әйтпесе кейбір саяхатшылар қонақүйге келгенде орын болмай, бөлмелері суреттердегіден өзгеше, нашар екенін жазып жатады. Бұл қонақүйдің төбесінде тек әйелдер мен кішкентай балаларға арналған бассейн, іште екі (әйелдерге бөлек, ерлерге бөлек) бассейн, және сыртта аралас, әйелдер тек буркини киіп түсуге болатын бассейні бар.
Bera Alanyaға келгендердің көбісі Түркияның басқа жерлерінен, Алманиядан, Франциядан, Африка елдерінен келген мұсылмандар. Басым көпшілігі түріктер.
Қыздар, бір кеңес, орналасқаннан кейін жұбайларыңызды жалғыз еш жерге жібермеңіз, әйтпесе біздікілер сияқты бір жұмаға келген уақытқа толтырып бес тур алып, басқа пайдалы нәрсе аламын деген ақшаңызды лезде жойып жібереді. Бізде солай болды, өкініштісі мен алдын ала ғаламтордан Аланьяда қайда, немен, қанша ақшаға баруға болатынын біліп, мәліметті басып алған болатынмын, бірақ жұбайларымыз, бұл жерді білмейміз, адасамыз деп, дайын нәрсені алып, тағы да шығынға баттық. Мына жігіт сол жерде тур сатады, қалай қолына түскеніңізді байқамай да қаласыз ))).
Суреттер сөйлейді: Интернет арқылы ұйымдастырылған саяхат
Қонақүйдің тамағы өте ұнады, салаттың, тамақтың, тәттінің, нанның, жеміс-жидектің түр түрі бар және соның бәрі сіздің көз алдыңызда дайындалып, туралып жатады. 5* аты 5* )))
Қонақлыдағы екінші күні қайықпен жүздік. Қызыл қорғанды (Кызыл Кале) теңіз жағынан көрдік. Табиғат тамаша, теңіз одан да тамаша )))))
Суреттер сөйлейді: Интернет арқылы ұйымдастырылған саяхат

Суреттер сөйлейді: Интернет арқылы ұйымдастырылған саяхат

Суреттер сөйлейді: Интернет арқылы ұйымдастырылған саяхат

Суреттер сөйлейді: Интернет арқылы ұйымдастырылған саяхат

Суреттер сөйлейді: Интернет арқылы ұйымдастырылған саяхат
Үшінші күні Сиде ауданына бардық, базарын аралап, Манавгат сарқырамасын көрдік.
Суреттер сөйлейді: Интернет арқылы ұйымдастырылған саяхат

Суреттер сөйлейді: Интернет арқылы ұйымдастырылған саяхат

Суреттер сөйлейді: Интернет арқылы ұйымдастырылған саяхат

Суреттер сөйлейді: Интернет арқылы ұйымдастырылған саяхат

Суреттер сөйлейді: Интернет арқылы ұйымдастырылған саяхат

Суреттер сөйлейді: Интернет арқылы ұйымдастырылған саяхат
Төртінші күніміз бос болды, сондықтан дүкен араламақшы едік. Қонақлыға жақын (3 шықырым) Махмутлар деген жерде Аланиум деген сауда үйі бар, соған барамыз деп шыққан едік. Автобуспен барайық деген ұсынысқа күйеулеріміз тағы жерді білмеуін, адасатындығын сылтауратып, такси алдық. Жүргізуші әрине ақша жасағанды жақсы көріп, 3 шақырым жерде орналасқан жерге апармай, осы сауда үйіндегінің бәрі Аланьяда да бар деп, бізді Қонақлыдан 10 шақырым жерде орналасқан қалаға апарып бізден 35 лир алды, ал құттай жаяу жүріп автобусқа мінгенде адам басына 3 лир төлеп, сол жерге өзімізге де жетуге болатын еді (((.
Бесінші күні Дамлаташ үңгірін көрдік. Үңгірдегі ауа өте ылғал, астмамен, тыныс алу жолдары ауыратындарға өте пайдалы.
Суреттер сөйлейді: Интернет арқылы ұйымдастырылған саяхат

Суреттер сөйлейді: Интернет арқылы ұйымдастырылған саяхат
Одан соң тауға шығып, Қызыл қамалға шықтық. Көріністер керемет.
Суреттер сөйлейді: Интернет арқылы ұйымдастырылған саяхат

Суреттер сөйлейді: Интернет арқылы ұйымдастырылған саяхат

Суреттер сөйлейді: Интернет арқылы ұйымдастырылған саяхат
Сүлеймен сұлтан мешітіне кіріп, жұма намазын оқыдық.
Суреттер сөйлейді: Интернет арқылы ұйымдастырылған саяхат

Суреттер сөйлейді: Интернет арқылы ұйымдастырылған саяхат
Мұражай үйден көрініс
Суреттер сөйлейді: Интернет арқылы ұйымдастырылған саяхат

Суреттер сөйлейді: Интернет арқылы ұйымдастырылған саяхат
Әрі қарай апельсин бағына бардық
Суреттер сөйлейді: Интернет арқылы ұйымдастырылған саяхат

Суреттер сөйлейді: Интернет арқылы ұйымдастырылған саяхат
Содан соң бүлдірген сияқты, бірақ ағашта өсетін жидекке тойдық
Суреттер сөйлейді: Интернет арқылы ұйымдастырылған саяхат
Түскі тамақ ішуге дәл тау суының үстінде орналасқан кафеге бардық, суда үйректер жүзіп жүр, күн қанша ыстық болса да, судың салқыны керемет
Суреттер сөйлейді: Интернет арқылы ұйымдастырылған саяхат

Суреттер сөйлейді: Интернет арқылы ұйымдастырылған саяхат

Суреттер сөйлейді: Интернет арқылы ұйымдастырылған саяхат

Суреттер сөйлейді: Интернет арқылы ұйымдастырылған саяхат
Түсқайта Аланьяның өзіне барып, саябағын, базарын араладық.
Мына бір мешіттің сыртынад Ықылас сүресі бірнеше тілде жазылған
Суреттер сөйлейді: Интернет арқылы ұйымдастырылған саяхат

Суреттер сөйлейді: Интернет арқылы ұйымдастырылған саяхат
Алтыншы күні квадрацикл айдадық. Экстрим жақсы көретіндер болмаса, шаң шаң болып жүргенді ұнатпайтындарға бұл турды алуға кеңес бермеймін.
Суреттер сөйлейді: Интернет арқылы ұйымдастырылған саяхат

Қонақлыдағы соңғы күнімізде дайвингті де көрдік. Суды қатты жақсы көретін, жақсы жүзе алатын, теңіз астындағы тіршілікке асқан қызығушылығы бар адамдар болмаса, дайвинг екінің біріне үйлеспейді екен. Өз басым бірінші рет сүңги алмадым, өйткені тек ауызбен демалған соң, тамағың кеуіп кетеді, еріксіз мұрынмен демалғың келіп, маскаңа су кіріп кетеді. Содан паника басталып, инструктордың өзін батырып жібере жаздадым ))) Екінші рет 5 минуттай тым жақсы сүңгіп келе жатыр едім, аяғымның астында жер жоқ, айналамда ауа жоқ екені есіме түсіп, тез арада инструкторға жоғарыға шығарыңыз деген белгі беріп, су бетіне шықтым. Тағы бір айта кетерлігі, екінші рет сүңгігенде инструктор бір адамды ұмытып кетті, Бану (жұбайымның досының келіншегі) баллонның салмағымен шалқалай беріп, сыртқа шыға алмай қала жаздап, оны менің жұбайым байқап, «құтқарғанын» айтып күліп алдық. Бірақ шынына келгенде, егер оны ешкім байқамағанда, не болары белгісіз еді. Судың астында жүргенімізді суретке, бейнеге түсірген инструкторымыз, оны бізге сата алмай, бізібен ұрысып та алды. Бір адамға бейнені 40 долларға сатамын деп, бізде ақша қалмай, одан әрең құтылдық.
Тағы бір кеңес, әдетте осындай турларды сатып алғанда бағасына түскі тамағы кіреді деп сатады. Бірақ бір қызығы тамағы кіргенімен сусыны кірмеуі мүмкін, сондықтан мүмкіндігінше бәрін анықтап сұрап, одан да сусынды үнемі бірге алып жүріңіз.
Суреттер сөйлейді: Интернет арқылы ұйымдастырылған саяхат

Солай қызықты саяхатты бастан кешіп, теңізге/бассейнге түсіп, күнге күюге уақыт тапшы болып қалды. 7 күн бойы 2 рет суға түстік. Осыдан шығатын қорытындыны өзіңіз шешіңіз.

Суреттер сөйлейді: Интернет арқылы ұйымдастырылған саяхат

Соңғы күні күн батқаннан соң жұбайымыз екеуміз Аланьяға осы жолы өзіміз автобуспен бардық, түнгі Аланья керемет. Біз біраз зат алып, қайттық. (мәлімет: автобустар түнгі бірге дейін жүреді, ал базар мүлдем жабылмайтын секілді, дүкендер түнгі он бірге дейін істейді). Тағы бір кеңес кене құсап жабысып алатын саудагерлердің дүкендеріне кірмеңіз, гипноз жасай алады ма білмедім, бірақ түкке қажеті жоқ арзан затты қымбатқа қалай сатып алғаныңызды байқамай қаласыз. Ал негізі, шынымен сауда жасағыңыз келсе ішкі рейспен 3 күнге Стамбулға барып келіңіз, жол 100 доллар ғана, ұшақпен барып келесіз.
Қайтатын уақытымыз болып, таңатпай кілтімізді тапсырдық, қызметкерлер бөлмемізді тексермеді де, бұнда бәрі сенім негізінде болар деп шештік. Қонақлының орталық аялдамасына барып, Atlasjet автобусын күттік, ол уақытында келіп, Қонақлыға қош айтып елімізге қайттық.
bk
Бөлісу:

35 пікір

ken
Күшті.

Содан соң бүлдірген сияқты, бірақ ағашта өсетін жидекке тойдық

Егер түрі осындай болса, онда ол — тұт ағашы болса керек. ОҚО-да да өседі. Жемісі тәтті.
omarbirat
Тұттың өзі. Жапырақтарынан көрініп тұр.
bizbike
Дәл өзі, өзімізде өсетінін білмеппіз
toha9566
өй мынауың кәдімгі тұт қой))))) тағы ақ түстісі болад
MamaAya
)) ия,,, бізде бар сол ағаштар көп… Оны отырғыза ма, әлде өзі өсе бере ме түсініксіз, кез келген жерде бар. Бірақ дәмі ұнамайд неге екенін.
asaubota
ең үлкен қателік: турфирмасыз өз бетіңмен бару. жұрт ойлайды турфирма арқылы қымбат болады деп. шындығында олай емес. оларға өзің таңдаған отельді айтасың, олар өздері хабарласып келісіп қояды. әуежайда да фирма күтіп алып, отельге өздері апарады тегін. ұшақ билеті де арзанға шығады сонда.
bizbike
Мүмкін, бірақ жақында таныстарымыз барды Махмутларға, бағасы шамалас, дегенмен қонақүй нашарлау болып шықты.
asaubota
шариғат заңына келетін деген қалай сонда? алкогольсыз отель және топлессіз пляжы болуы керек пе?
bizbike
Мешіті бар, бес уақыт азан оқылады,әр бөлмеде Құран мен жайнамаз бар, тағам халал, жағажайда тек буркинимен, әйелдерге төбесінде көзден тасада бассейн
Daniar-Alan
буркини
буркини деген бикинидің тұмшаланған нұсқасы ма?
bizbike
Сіз де жазады екенсіз, гугл аман болсын, қарап жіберіңіз ерінбей
omarbirat
бүркену + бикини = буркини
zholantai
2 мың долларға жуық ақша шыққан екен де, нуу норма деп ойлайм екі адам үшін
Соңғы түзету:
Nurgisa
Батыс жақтан арзандау ғой турлар. Аланья Кемер мен Белекке қарағанда арзандау шығар еді, турпакетпен алсаңызда. Ендігіде ескерерсіздер, сәті түссе.
Қонақүй таңдау да әркімде әртүрлі шарттылықтарға барып тіреледі. Біреу үшін жұлдыз саны маңызды болмаса, біреуіне сервистің сапасы басты стимул. Мен де сол екінші санаттағылардан екенмін.
Қандай туристік жер болмасын, әлгіндегідей кенеше жабысатындар аз болмайды. Ақша жұмсауда қанағатшылдық танытпасаң, рәсуа аз болмайтын сияқты.
Мына жазбаңыз пайдалы болды. Ескерер жайттарды тағы бір қайтара сүзіп шықтым. Демалыстап шетке шыққалы жатқандардың түгеліне сәт сапар, демалыс жайлы болсын дегім келеді!
Marco
Осылай өз бетімше қаңғырып келгім келіп жүр, бірақ, Асаубота брат туризм саласының маманы ретінде бұған үзілді-кесілді қарсы.
Соңғы түзету:
asaubota
уақыт үнемдеу және қауіпсіздік жағынан міндетті түрде турфирма арқылы алынғаны дұрыс. ал өз бетіңмен қаңғығың келсе жалғыз қаңғыған дұрыс. маған солай ұнайды. еш прицепсіз жүрген  немесе жыныстас досың болса болады. бір-екі рет түрлі транспортпен, автостоппен қаңғып көргенім бар. әсерлерім мықты  пост қылып жазуыма болмайды
zholantai
автостоп демекші Джек Керуактың «Жолда(На дороге)» романы бейнелеген күндерді бастан өткергім келеді, нуу енді хиппиліктің дәуірі өтіп кетті, жер-көкті шарлаған күчт ғо,
zholantai
Еуропа елдеріне солай кезіп қайтуға болатын шығар,
bizbike
Әріптесім солай аралап келді Еуропаны жалға көлік алып, әсер көп, бірақ шаршадық дейді
bizbike
Екі жақтың да өз оң және теріс тұстары болар
madlen
Турфирмаларға деген көзқарас баяғы заманнан қалып қойған біздің көп туристерде. Сенбейді, сенсе де, басқа бағалармен салыстырады, «ана жерде андай, мына жерде былай, сіздерде неге ондай емес» деген жүздеген қырт сұрақтардан шаршайсың.
Жақсы турфирма болса, турдың үстінен көп ақша алмайды. Турфирмалар сезонның соңында отельдерден не жергілікті партнерлардан алатын комиссияға күн көреді.
bizbike
мен «Проект в Европу» деген жобаны оқып өзімше ұйымдастырғаным ғой. Бірақ биыл бюджеттен қандас саяхатшыларымызды әуе компаниясының кесірінен Түркиядан қайтару үшін миллион бөлінгенін ескерсек, сенімсіз көзқарастың болуына негіз бар сияқты.
bizbike
Қалай, қаншаға, немен барғаныңызды жазыңызшы сосын. Мен де жарын Алматыда демалғым келеді. Қапшағайдан басқа тағы қайда баруға болады екен?
Соңғы түзету:
Dzhonsaken
Шардараға келсей bizbike ! Су мөлдір көк-көкпеңбек. Жағасы тап-таза. Ауасы де керемет. Лайқай суде не бар…
bizbike
Негізі барғым келетін жер көп: Алакөл, Рахмановские ключи, Қапшағай, Шалқар көлі, Бурабай, Алатау.
sammita
шіркейі қандай тамаша
omarbirat
Табысым ел қатарлы-ақ, бірақ жақын уақыттарда шет елдерге шығып дем алуды қалтам көтере алмайды екен  Ішкі туризмді дамыта тұрамыз, амал жоқ
Соңғы түзету:
asaubota
Қапшағай жақсы вариант па? қыркүйек айының басында баруды ойлап отырмын.
omarbirat
Шынын айтсам, Қапшағайға әлі барып көрмеппін
bizbike
айтпақшы дюти фри туралы жазуға ұмытып кетіппін, қыздар, міндетті түрде дюти фриға ақша қалдырыңыз!
MamaAya
мықтыы қыдыру болыпты ғой, Анар. Қызығып отырмын.
bizbike
Биылға жоспарланған демалыс келесі жылға қалып отыр, әйтпесе мен де қызығып отырмын. Жылына бір рет демалу керек екен негізі. Кеше дым істемей шаршағаным соншалық, жұмыстан келіп жаттым да, таңғы сегізде бір-ақ тұрдым.
MamaAya
)))Біздің демалыс та жаман жағдайға ұласып кетті. Алда Алла тыныштығын, аманшылығын берсе, бұйыртса талай жерлерге барармыз!)