Білгім кеп жүр

Бір сұрақ: Білгім кеп жүр
Осы керектің мүшесі болғаныма кейде қуанып кетемін. Неге деуге себеп көп, әйтеуір. Мен бір балалықпен ой айтқым кеп отыр, рұқсат етсеңіздер. Осы жерге тіркелгеніме көп болмаса да, осы жердегі үлкен кісілердің бір-бірімен сөйлесу мәнері, қалжыңдасуы, соғыс жариялауы маған қатты ұнайды. Көбісі таныс адамдар екенінде байқадым.
Әрі қарай

Ең алғашқы әсер (Блогкэмп 2013)

Алматы-Шымкент пойызынан түсіп келе жатып терезеден сыртта Илиястың Нұрлан Жанайды қарсы алып жатқан сәтін көріп қалдым. Бұл менің ең алғаш виртуалды адамдарды реалда көруім болды. Пойыздан түсіп Нұрланды тауып алайын деп едім, жер жұтқандай жоқ болып кетіпті.
Әрі қарай

Бақаларды орындарына қой

Бақалар тек алға қарай жылжиды. Бір тасқа жылжи алады немесе бір бақаның үстінен секіре алады. 2 жақтағы бақалардың орындарын ауыстыру керек.

Бірінші мәртеден орналастыру қиын сияқты. Аздап ойлану керек

Ойнау үшін бас
Әрі қарай

Қазақша смайліктер жасап шығарыпты

Кешелі бүгін әлеуметтік желілерде қытай қазақтары қазақша смайліктер жасапты деген жаңалықтар шығып жатыр сіздерге соларды юөліскім келіп отыр. Смайліктерді жасаған Қытайдың Нань Джин қаласындағы Дұң Нань университетінің 3-курс студенті Нұрсал Сетерханұлы деген азамат екен. Жақсы басатама бастаған екен алдағы уақытта жалғастырам деп отыр. Ісіне сәттілік тілейік.

Бір қызығы смайліктердің барлығының түсі қызыл екен. Бұл сол елдің жүргізіп отырған саясатына, ішкі жағдайына қатыстыма деген ой туды. Жалпы сіз бұл жігіттің жұмысы, әрекетіне не баға бересіз. Толығырақ Бақ.кз оқи аласыз.
Әрі қарай

Шімкет - Шымкет - Шымкент

Кеше республикалық бір арнадан Шымкент-шоу қарадық. Бұл арна экранның сол жақ бұрышына қазір эфирде не болып жатқанын жазып отырады екен. Көзім түсіп кетті «ШІМКЕТ» деген сөзге. Фотоға түсіріп алдым да Фейсбукке жібере қойдым.

Кішкенеден кейін «түзетілді», «ШЫМКЕТ» болып. Мұны да түсіріп алып, Фейске жібере қойдым.
Әрі қарай

Ахмет Байтұрсыновтың туған күні

Бүгін ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетелеуге ұмтылған зиялыларымыздың бірі Ахмет Байтұрсыновтың туған күні. Алайда, бабамыздың туған күніне қатысты да нақты ақпарат жоқ. Осыған дейін барлық жерде Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге келді деп айтылып келді. Енді бір тарихшы, зерттеуші ғалымдарымыз оны осы 5 қыркүйекте туылды деп жатыр. Бұған Ахмет Байтұрсынұлының
НКВ-ды тергеушілеріне берген түсініктемесінен қалған құжатты дәлел ретінде ұсынуда. Онда туылған күнім 5 қыркүйек деп көрсеткен екен. Жалпы менің айтпағым қай күні туылса да осындай халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятуға ұмтылыс жасаған бабамыз туралы еске ала кету.
Әрі қарай

Мен деп ойла...

… Алыстап кеттік расында
Суынып кетті-ау сезімдер
Сен мені қарсы аласың ба
Аулыңа барған кезімде…
Иә, бұлардың арасы алшақтап бара жатқандай. Сезімдер соншама суынып үлгермесе де кей кезде бойларынан бір салқындық байқалатындай. Екеуі бір-бірін сүйіп –ақ қосылған. Неге екені екеуіне де белгісіз болар бірақ соңғы ұрыстары біраз нәрсенің бетін ашқандай. Бір сынған айнаны қайта құрағанмен оның бетінен жарық іздерін алып тастай алмайсың. Екеуінің екі жақта бір-бірінен жасырып жүрген адамдары да жоқ. Бірақ, араларында бір салқындықтың бары шын сезілгендей. Ортада кішкентай бала да бар.әзірге бұларды ешқайда жібермей тұрған сол ғана секілді. Бұның осынау өмірдің әділетсіздіктерін көріп қатты қажыған кезде, немесе ағайын-туыстың арасында жүретін сыпсың сөздерден шаршаған кезде келіншегінен қандайда бір қолдау күтетіні анық. Әйелдің аты әйел. Кейде сол әйелдігіне басып, онсызда жаны жүдеп жүрген байғұстың миын миқұрша жейтіні бар. Негізі ақылсыз емес еді. Оған да не көрінгені белгісіз. Екеуі де періште емес қой.
Әрі қарай