Сізге арақ ішкен жаға ма?

«Арақ адамды аздырады, өз көрін өзіне қаздырады» деген сөз құлаққа түрпідей тигенімен, бұл – шындық. Осы әзәзілдің өмірімізге ентелей еніп, дастарқаннан кетпей қойғаны өкінішті. «Ауру қалса да әдет қалмайды» деген осылайша шындыққа айналды. Бірақ арақ-шарап барлық адамға жаға бермейтіні және рас. Ендеше, жұлдыз жорамалыңызға да бір үңіліп көріңіз, ащы су сізге қалай әсер етеді?
Тоқты. Тоқты үшін ішімдіктің қауіптілігі сол – есінен танып жығылғанша ішеді не ойланбастан кездейсоқ іс-әрекетке барады. Спирттің буына масайраған тоқты көтеріңкі көңіл-күймен күшіне сеніп, ерсі қылықтар көрсетуі мүмкін.




Алдан Зашитұлы Жылгелді, 1981 жылдың 23 наурызында Ақтөбе облысы Алға ауданы Тоқмансай ауылында педагогтар отбасында дүниеге келді. Қазір Астана қаласында тұрады. 1987 – 1997 жылдар аралығында 5 рет мектеп ауыстырып, оқушылық өмірдің соңғы 4 жылын Алматыда Республикалық қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектеп-интернатта өткізді. Студенттік өмірі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік Университеті мен Қайнар Университетінде өтті. Мамандығы — тарихшы, заңгер. Кәсібі — мемлекеттік қызметкер. 

