Блиц-сұхбат: salta

Жаңа эстафета бастап жатырмын. Бұл жолы эстафета бұрынғы дәстүрде болады, таяқпен жалғастыру арқылы. Бір қолданушыға 4 сұрақ қойылады. Сосын бір ән сұралады. Жауаптардың астына әннің клибі қойылады. Сонымен, salta :

— Ешкімді көргің келмей, телефон бәрін ажыратып өзіңмен өзің 1-2 күн қалғың келетін кез болады ма?
— Әрине болады. Екінші ұлымды босанғаннан кейін қатты депрессия болып, соткамды өшіріп балаларымды күйеуіме тастап, 1-2 сағат далада қанғырып келетін кезім болған.

— Қара түс сүйікті түсің бе? Жалпы қара түс әйелді сексуалды қылып көрсететін түс пе?
— Коко Шанель айтқан кішкентай қара көйлек болса, ол әрине әдемі жарасады, талғаммен таңдалған кез-келген көйлек сексуалды болады, оған көзге ұрып тұрған қызыл көйлек те жатады… Бірақ қара түс менің сүйикти түсім емес

— Әйел достығы деген өтірік пе?
— Кейде «орыстан досың болса, айбалтаңды сайлап жүр» деген мақал қыздар достығын білдіретіндей…

— Машина айдай аласың ба?
— Жоқ.

salta -дан бір ән:

Бөлісу:

144 пікір

nurbergen_makym
Нән екенсіз ғой…
Nurgisa
Басқаша елестетіп жүр ме ең, дос?
nurbergen_makym

Мен былай жас шамасын меңзегем...
Nurgisa
Қайдан білейін, қолың қызарып, өңің бозарып, бір түрлі боп тұрсың…
salta
қазір 30 жас менің ең жақсы көретін жасым...
Nurgisa
Біз «жас» дейміз, олар «how OLD are you» дейді…
Abilakim
Пісіп тұр екенсіз, уылжып…
Nurgisa
Машинаны айдай алмайды екенсіз. Біреу үйретсе, айдар ма едіңіз?
salta
әрине, ақпаннан бастап курсқа жазыламын деген жоспар бар
Nurgisa
Күшті екен! Тезірек айдап кетіңіз! Тілектеспіз!
Armanjan
Екінші ұлымды босанғаннан кейін қатты депрессия болып, соткамды өшіріп балаларымды күйеуіме тастап, 1-2 сағат далада қанғырып келетін кезім болған.
— осы жерден толығырақ болса.
Nurgisa
Арманжан, біреудің қатынымен ойнас боп жүргенше шаңырақ құр, біреудікін емес, өз келіншегіңді жүкті қыл. Туғасын көресің. Салтаның не дегісі келгенін
Armanjan
Нұрғиса мына жерде қандай ойнас көріп тұрсың сен, және сұраққа жауапты эстафетаға қатысып отырған адам бермеуші ме еді? Мына пікіріңе жол болсын.
Nurgisa
Әйтеуір кімнің беруі керек екенін жақсы білетін сияқтысың
Armanjan
Нұреке неге тілді қышытып отсың, ішің пысып кетті ма))))))))))))
salta
Тоқтаңдар, тоқтаңдаааар!!! көзімді байлаңдар кімнің жебесін таңдасам, соған шығамын, жебем тиген жерге отауымды тігіңдер!!!
a63a1
Жебе барып құрбақаның маңдайына қадалып, құрбақа сұлу қызға айналды. Салтаның аузы ашылып үйіне қайтты деген аңыз болған екен
salta
 мляяяяяяяяяя…
Nurgisa
Қателеспе, мен емес-ау қышытып отырған. Былай да сыздай беретін сияқты ғой сенде, біреулер арқылы айттырған әңгімеңе сенсек
salta
до родовая и после родовая депрессия деген болады…
izbasar
Салта неге? айып етпе до родовой қайтып табам, после родовойы неге таптым деппе?
meirzhan
Депрессия әлеуметтік қана емес, физиологиялық факторге де байланысты емес пе?
salta
аяғы ауыр болған әйелдің гормондары ЖАҚСЫЛАП тұрып ойнайды, баланы қалай табамын, неге табамын деген сұрақ балалы болғысы келген әйелдің басына кіріп те шықпайды…
Gastarbaiter
Бәрінде болмайтын шығар енді? Шото, есімде жоқ Альмираның депрессняк ұстап жүргені. Көңіл күй ауытқи береді ғой.
Кейбір біржасушалы білгіштер көңілкүйі түсіп кетсе, ештеңеге зауқы соқпай отырса, менде «депресняк» дейд.
Ал «депрессия» деген диагноз қою үшін бірталай шарттар қажет.
Ол нашар көңілкүйдің мерзімі де бір аптадан ұзақтау болуы керек,
тамақтың дәмі кетуі керек, апетит мүлде тоқтайды, өмір тым сұр боп кетеді, өлу туралы ойлар жиі мазалайды. «Ойбай өлем нақ» деген көзбояу әртістік концерт қою емес, тып-тыныш ғана ешкімге айтпай өле қалу сияқты ойлар мазалайд.
salta
менде мына симптомдардың болмағаны жөнінде хабарыңыз болып па еді?
Gastarbaiter
Маған оның қажеті де шамалы, әңгіме жалпы аяғы ауыр әйелдер туралы еді.
salta
Құдайға шүкір, Табынның қызымын… Жетінші атамның басын бір батыр ұйықтап жатқан жерінен кесіп алып, өз еліне апарып мақтаныпты: дәумен шайқасып, ақыры басын шауып алдым деп…
nurbergen_makym
Құдайға шүкір, Табынның қызымын…
Сонда құдайшылығыңыздың қуаты табындығыңызда ма?
salta
біріншісі екіншісіне кедергі келтірмейді…
nurbergen_makym
Солайы солай ғой. Просты, мысалы, атаңыз басы нән Табын емес, тасы нән Төлеңгіт болғанда атеист болар ма, едіңіз дегенім ғой?
salta
Төлеңгіттің тасы дәу ма, жоқ па шаруам жоқ. тек тегін білмеген тексіз деп ойлаймын. руға бөлінушілік емес, тамырыңды білу деп қарау керек секілді…
nurbergen_makym
Мұныңыз да, дұрыс. Просты, "Құдайға шүкір, Табынның қызымын" деген сөзіңізден «Слава богу, не Дулатка» дегендей месседж байқалад та. Траибализмді мен де жек көрекм.
Gastarbaiter
Жоқ мен трайбалист емеспін, Таразда тұратын, менің Дулат подружкам да болған. Яғни әлі тұрады Таразда.
Мен тіпті оған ақшамды ұрлағанын кешіргем. Жә не в этом дело…
Бүгін енді подружка емеспіз, бірақ сонда да… Мен ондай емеспін.
AKY
Охх, Алдекен… Соқтырады.
salta
Алдекең, Бекжан және менің жолдасым бір сыныпта оқыған
apashka
Қызымка әдемі екен! Бақытты бол айналайын! Менің жасымды берсін!
Erke
Коко Шанель айтқан кішкентай қара көйлек емес,үстіңдегі ақ көйлек тамаша жарасып — ақ тұр жеңеше өзіңе сексуално болып!
apashka
Албасты басқыр, жеңешесіне сексуалный деген айтпайт! оны анау кәкір шүкір шүйкебастарыңа айтасың! о неси мынаның!
Erke
жоғалнақ, жеңгесіне не айтпады қайнысы,қасқырдың терісін жамылған шакал құсамай сенде шын бет пердеңді қой мында,қандай екеніңді айтайын! Жынымыңда белгісіз біреу екенсің түріңді с…
Gastarbaiter
Жеңгемен ойнау деген жақсы үрдіс бар
Abilakim
бір бұты қайындікі деген бар ғой
salta
ініңізбен бөлісіп жүргендей айтасыз ғой тегі…
Gastarbaiter
Ол әншейін сондай жоралғы ғой, ортасы байынікі, екі бұты қайыныкі деген эротикалық әзілдер кеше шыққан жоқ.Атам замаңғы әзіл.
Әйтпесе, інісімен дамбалбажа болады дейсің бе?..
salta
Гаста, мені неге сонша серьезно қабылдайсыз?
Gastarbaiter
Қайдан білейін, жұрт әдетте иісі нашар пікірлеріне әтірдің орнына смайлы қою арқылы жұмсартады ғой

ПС: Сізді всерьез қабылдамаймын бұрыннан
asaubota
агенттегі аватарында қара көйлек киген екен, содан сұрағам.
monti
күчт сұхбат+фото

нау эстафетаны сонда қолданушылар ете беред па? мен танығым келетін эстафета арқылы Ауа, Есмералда т.б. көп қолданушылар бар еді админ мырза, оларды бір жерге жазып қалдыра аламыз ба? типа нау адамды оқығым келед деп
asaubota
әрі қарай маған байланысты емес, жауап беруші өзі жалғастырып кетеді.
satibaldi
нау эстафетаны сонда қолданушылар ете беред па?
Мұныңыз енді…
a63a1
Өй әлгі салта сіз болғаныңызғой  Бейнеңізге қарасам кәдімгі сүйкімді тартымды келіншек екенсіз, пікірлеріңізге қарап еркекшора біоеуме деп ойлап едім
salta
үйде 4 қыз 1 ұл. сондықтан үйде мал қора тазалау, көмір мен отын түсіру, шөп шабу секілді тіршіліктер менің мойнымда болған…
salta
сондықтан да болар, бойымда еркекшоралық қасиеттің болғаны…
Tarazkyzy
Бір жазбаңызда қырсықпын деп едіңіз. Суретіңізге қарап айтпайсың. Керісінше белая и пушистая сияқтысыз.
Таңдаған әніңіз әддемі екен
nurbergen_makym
Бір жазбаңызда қырсықпын деп едіңіз. Суретіңізге қарап айтпайсың
Сонда, Сіздіңше, қырсық адам фотоға түскенде қырсығып, фотоға артын беріп түсу керек пе?
Tarazkyzy
Жоға. Сіз де айта салады екенсіз. Менің айтпағым, сүп-сүйкімді келіншек, қырсық келіншекке ұқсамайды. Маған солай көрінді.
nurbergen_makym
Табиғат-мақан сұлу тәннің бәрін одан да сұлу жанмен толтыра алмайды деймін, нақ.
Tarazkyzy
Не десеңіз о деңіз. Мен ойымды айттым.Әлде ойлауға рұқсат жоқ па
Gastarbaiter
цистерналап кетті, нақ
salta
«белая и пушистая» ол сыртым…
Nur
Астанада тұратын журналист жезде, нагашы, куда балдарыныз жок па? Түріңіз жылышұрап бара жатыр…
salta
Амангелді және Әскербек Қияс
Nur
2000 жылы 11 общагада сендер тұратын 209 бөлмеге обой жабыстыруға көмектескен шегол перваштар есіңде ме?
salta
кімсің, жарығым -ау?
Nur
қорс-қорс жылап отырм десем да е...)))
salta
айтсаңшы сызылмай енді… жігітпісің өзің?
Nur
Аскердин жолдасымын.
Nur
Иа. Бұрынғыдан да әддддееееемі болп кетпсіңғо
salta
ээээ, бауырееееем!!! рахмет…
TERISKEY
Мінжерде Шаба Әденқұлқызына ұқсақапсыз
salta
мүмкін ол маған ұқсайды?
TERISKEY
әбден мүмкін  Суретіңіз ДжынДкен бірақ
Marco
Енді атыңды айта берейік пе? ))) Бетің ашылуымен десем бүртүрлі естілетін сияқты, танымал болуыңмен)))
salta
аты — Гүлвира. жасым отыздааааа. кішкентай кезімде апам түйеден құлатып алғааааан дейім бе?
Nurgisa
Қойшы, «танымал» деген бір түрлі… жоқ, екі түрлі естілетін сияқты. «Малды таны» деген сияқты. Қимайсың. Былай, жетінші атасының басын бір батыр ұйықтап жатқан жерінен кесіп алып, өз еліне апарып мақтанған табынның көрнекті өкілі сияқты.
Marco
лібәәә, адам қуа беред екен ғо)))
Gastarbaiter
көне лингвист ғой, байқамай кекіріп, түшкіріп қалсаң да оны түбір, суффикс, қосымшаларға талдапстайд
AKA
Әдемілігіңізді көріп, сұрақ қоюды ұмытып барамын.
Сұрақтарым:
1. Балалық шағыңыздағы қызықтарды оқыған болатынмын, әрқайсысы бір сюжет. Туған жеріңізді тағы бір нақтылап жіберсеңіз мақтанып қалайын әпкеммен.  Қазір қай қалада тұрасыз?
2. Мамандығыңыз жайлы айтып өтсеңіз?
3. Отбасылық сүйікті тағамдарыңыз қандай?
salta
1.Қызылорда облысы, Сырдария ауданы (бұрын Тереңөзек болған) Қалжан ахун ауылы. қазір Астанада тұрамын.
2.бір телеарнада продюсер болып істеймін
3.Мен негізі фантазияға ерік бергенді жақсы көремін, сондықтан тағамның неше түрлісін жасауға тырысамын.тақ шо мынау менің сүйікті тағамым деп айта алмаймын…
araika
Қалжан ахун ауылы
Білуімше, бұл үлкен трассада орналаспаған, Жалағаш жақпен қалаға барар жолда болуы керек.
— Ауылға ат басын қаншалықты бұрасыз?
satibaldi
— Ауылға ат басын қаншалықты бұрасыз?

15-17 градус.
salta
дәл сол ауыл, тереңөзек пен жалағаштың ортасындағы. жылына 1 рет барамын, онда да көп болса 5-6 күнге ғана…
meirzhan
 қаншалықты жиі дейсің бе
15-17 градус.
araika
Сонша күлгені несі?
Жиі дегенді тіркейін дедім де, ойланып, алып тастағанмын.
Marco
Тарақ па шөміш па?
Zhan
Шамалы толыпсың  «Керек» саған несімен қызықты? Кімнің жазбалары, кімнің пікірлері ұнайды? Алдағы уақытта қандай тақырыптар қозғалса деп ойлайсың? «Керектен» де бір кездері жұрт жалығып, қызығы кетеді деп ойлайсың ба?
Gastarbaiter
Онша толық емессің, ондайда оңалыпсың деген дұрыстау шығар, тілеулес подружка а?
TERISKEY
тілеулес подружка
Zhan
Туу, Гаста, өстіп адамды ұялтасың. Мен көрген кезде арық-тұғын. Әдемі боп толысқан. Әдемі келіншек бопсың дегенді алдын ала жазып кетуім керек ед.
Gastarbaiter
Мүлде жазбай ақ қоюға болар еді) Көтек-ай, Ұят-ай, ұят-ай, қай бөлкемді шымшиын.
salta
қой енді, Гаста. Жансаяны мен білемін, жақсы қыз
Gastarbaiter
Жоғау, деймін, о несі ей... Қазір басталады, жоқ сен кереметсің, жоқ сен сұлу, саған жету қайда, қойшы сенікіндей бүйра шашым болса ғой, Қойш мен онв выпрямление жасап тастағым кеп жүрсе… ит.д сол мақамда
salta
ал, Жансая, танысқаныма тағы да бір рет қуаныштымын. Толдым, мақтана алмаймын  мынау ұнайды, мынау ұнамайды деп өліп жара алмаймын… қазіргі кездегі менің күшігім, менің туысым дегендер азайса екен деймін, а тақ бәрі норма… адам кез-келген нәрседен жалығады, сондықтан бұл да бір белес болып қалатын шығар. Аршат тағы да бір нәрсе ойлап табы да ол кезде, бізді жалықтырмас үшін
balzaminka
Былай, скромно түскен сурет жоқ па еді, Салта?

Бұрынғы эстафетада біраз инфо алатын едік, жұтаң болып қалған сияқты, ақпаратқа тоймай отырмын Жерлес екеніміз айқын, Астанадада жерлес болып жатырмыз, қашан келдің Астанаға? Отағасыңмен қалай таныстың? Лав сторилерді жақсы көрем ші
salta
мен скромный адамға ұқсаймын ба? 
98 жылы оқуға келдім, содан бері осындамын. Габит мені алғаш рет ТВдан көрген, досы арқылы каналға келіп танысты. мен танысқаннан кейін, қазір курткамды киіп келейін деп бұрылып, 2 қадам жасағанда досына «Ниче гой» деген, мен оны естігенімді оған кейін айттым…
balzaminka
оһһ, нағыз кино осы жерде ғо
Gulistan
Салта, танысқаныма ырзамын.
Шын атың Салтанат па?
КерекИнфоға қалай келдің?
salta
Атым — Гүлвира. жоғарыда айтып кеткенмін. Салтанат деген бастығым кабинетімізге кіріп біраз тұрды, сол уақытта мен тіркелгелі отырғанмын, сосын жәй Салта дей салдым. Керекке мен Алдекең арқылы келдім. адамды қызықтыратын кездескен кезде, бір күні үйге қонаққа келгенде, мынаны қара деп бір-екі тақырыпты көрсетті, содан басталды бәрі де…
MMM
кеш жарык агайындар, Салта карындасымыз адееееми екен
MMM
ол Салта ханум да адеми ма сиз сиякты
salta
фигурасы аттай…
MMM
жумыс истейтин жеринизде унайтын жигит бар ма
salta
ешкім ұнамайды, бәрі сен тұр мен атайындар, ал мен үнемі өзім атып үйреніп қалған адам едім…
MMM
сиздин огынызга калай ушырасуга болады
salta
сізге деген көңілім бөлек қой, сондықтан атпастан бұрын жүзіңізді бір көріп алған дұрыс секілді…
salta
Аршат, шын жүректен ризамын, Андреа Боччелимен айтатын қыздың түрі қандай екен деп ойлайтынмын, рахмет. Бірақ, мына жерде менің сүйікті әнші жүнін жұлған тауықтай екен. жаль, әдемі шықпапты мына жерде. за тооооо дауыс дегенді Құдай өзі бере салған, көзді бермесе де…
manfan
адемаксызззззззззззззззззззззззззззззззззззззззззз
araika
Суретте как ангел болыпсыз ғой, екі орындық қанатыңыз боп
Kipshakkyzy
Сұлулығыңызға сынып отырмын. Басында бір қарағанда корей елінің актрисасын жүктеп қойған ба деп ойлағам.
boztorgai
далада қанғырып

дегенмен, кезіп деген нұсқаны ұсынар едім
Jacqabaies_Chirac
толықтау келген әдемі қатын екен машбудда!!!
salta
мені қатын қылған сіз емес, тақ шо жоғал нақ…
Jacqabaies_Chirac
 жалпы бұрыннан сондамыз
boztorgai
әйелдің күйеуінен жасыратын сыры болад дейді, сол қаншалықты рас
десем мұным жынысаралық араздыққа апармай ма?
salta
әйелдің жасырары көп, қайсысын меңзеп тұрсыз?
Abilakim
мына суретті Қилекең көрсе өлеңдерін жібереді -ау…
meirzhan
Қилекеңнің профайлдағы жасы өтірік екені және сіздермен құрдас екені анықталды ма?
salta
суды ағызып жіберіп, қараааааап отыр, қатырдым ба дегендей…
meirzhan
кім қарап отыр? 
Abilakim
одан бұрын алдар көсенің гей болғаны анықталды
meirzhan
Оның Қилекеге қатысы қандай екенін түсінбедім.