Баспаналы болдым!



Баспаналы болдым! Бұрын пәтер жағалап жүруші едім, енді 1 бөлмелі үйлі болып жатырмын. Жұмыс орным қарамағындағыларға осындай көмек көрсетіп жатыр. Жұмыстың дәл жанынан қызметкерлерге арнап жатақхана салған еді. Енді соны бүгін тапсырды. Аты жатақхана болғанымен үйден еш кемдігі жоқ, асхана, дәретхана-ваннасы ішінде, шкаф, үстел, асхана гарнитуры, кір жуу машинасы бәрі бар. Өзімнің жеке үйім болмаса да пәтерақыдан құтылып, осындай жағдайға жетіп отырмын. Енді дұрыстап жұмыс істеу керек. :)
Әрі қарай

Боянбашы

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: Боянбашы
Сүйсінем де ойланам саған қарап,
Құм секілді сырғиды уысымда ой:
Боянбашы.
Жоқ себеп алаңдамақ,
Сен онсыз да бәрінен сұлусың ғой.

Ең қымбат опа-далап.
Сен кетірдің
сәніңді замананың кескіні деп.
Бояудың
тұнық көз бен келбетіңнің
сафтығының қасында еш құны жоқ!

Ойланшы.
Асықпашы, аялдашы!
Ажарыңды әлемге ашып өтші.
Мейлі!
Тіпті мен үшін боянбашы.
Мені өзіңе басқалай ғашық етші.

Боянбашы.
Көтергенде көп қылықты,
деймісің енді әріңнен үркем осы?
Шашыңды бүркегенің жеткілікті,
Құдай берген жүзіңді бүркемеші.

Сөйткен қыздан асатын жоқ қыз менше.
Және деме «Қалауды шектейді де»:
Айнаға қарап уақыт өткізгенше,
Көзіме ұзақ қарасаң жетпейді ме?

Білмеймін,
Сонша көркем үйлесе ме,
Маңызды деп өзгерту реңіңді.
Жалған ол.
Ноқат бояу тимесе де
Жақсы көріп келем ғой жүрегіңді.

p.s.
… Тәтті ұйқы.
Қасымдасың бүгін менің.
Мен жатайын зер салып.
Оянбашы.
Ал оянсаң – жетеді күлімдеуің,
Тек… боянбашы.
Әрі қарай

Қият

Өзгенің руын сұрағанды жақсы көремін. Алайда, біреу менің руымды сұрамай-ақ қойса екен деймін де тұрам. Себебі, оның арты көп сөзге ұласады. Жоқ, білетіндер де бар. Дегенмен, басым көпшілігі «А, естімеппін, қайдан тарайсыңдар» деп сұрақтың астына алады.
Әрі қарай

Веб-комикс: "Исаның екінші келуі"

2011 жылғы блогкемпте «Веб-комикс» тақырыбына презентация жасап аудиторияны аздап езу тартқызғанымды біреу білсе, біреу білмес  Сол кезде қазақша веб-комикстерді тұрақты түрде жасап тұруға сөз де берген болатынмын   Өзге қолданушылар да бұл идеяны қолдап, тіпті дайын онлайн-сервистерді пайдаланып жариялап та жүрдік. Аз-мұз комикстерімізді осы қауымдастықтан көре аласыздар. Кейін интернетте түрлі мемдер көбейіп, веб-комикстің қарқынын басып тастаған сыңайлы. Сонда да сол бұрынғы кезді еске алып Сатыбалдының бір сюжетін сәл қысқартып комикс жасадым. Бұл жолы дайын сервис пайдаланбай, комиксті Corel Draw бағдарламасында өзім салдым. Қабыл алыңыздар!




Сейітқали Меттерних. «Исаның Екінші Келуі»

Қазақша веб-комикс: Веб-комикс: Исаның екінші келуі

Қазақша веб-комикс: Веб-комикс: Исаның екінші келуі

Қазақша веб-комикс: Веб-комикс: Исаның екінші келуі

Қазақша веб-комикс: Веб-комикс: Исаның екінші келуі

Қазақша веб-комикс: Веб-комикс: Исаның екінші келуі

Қазақша веб-комикс: Веб-комикс: Исаның екінші келуі

Қазақша веб-комикс: Веб-комикс: Исаның екінші келуі

Қазақша веб-комикс: Веб-комикс: Исаның екінші келуі

Қазақша веб-комикс: Веб-комикс: Исаның екінші келуі

Қазақша веб-комикс: Веб-комикс: Исаның екінші келуі

Қазақша веб-комикс: Веб-комикс: Исаның екінші келуі

Қазақша веб-комикс: Веб-комикс: Исаның екінші келуі

Қазақша веб-комикс: Веб-комикс: Исаның екінші келуі

Қазақша веб-комикс: Веб-комикс: Исаның екінші келуі

Қазақша веб-комикс: Веб-комикс: Исаның екінші келуі
Әрі қарай

Блогиада #16. Қандай сыра жақсы? (+21)

Ескерту: Бұл материалды оқи отырып, өзіңіздің жасыңыз 21-ге толғанын автоматты түрде растайсыз және материалды оқу нәтижесінен туындауы мүмкін салдарына өзіңіз ғана жауап бересіз (енді мен емес қой), бақтың.

Ескерту #2: Бұл пост ешбір компанияның, ешбір брендтің мүддесін көздемейді, сәйкесінше — жарнамалық материал емес. Постты жазудағы мақсат — анағұрлым сапалы, анағұрлым жақсы (автордың ойынша) өнімді анықтау және өзіне сынақ жүргізу арқылы оқырмандар талғамының дұрыс қалыптасуына жанама түрде үлес қосу.

Іске кіріспес бұрын, мынаны анықтап алайықшы: Сыра дегеніміз не?
Сыра — арпа (немесе басқа да дәнді дақыл) жармасын ашыту арқылы алынған аз алкогольді сусын. Бұл жерде «аз алкогольді» және «сусын» дегенге баса назар аударсақ. Өйткені, сыра ешқашан, естисіз бе — ешқашан көп акогольді болмауы керек және сыра — ішімдік емес.

Менің жеке басымда сыра пайдалану… Жоқ, басынан бастайын: Иә, мен сыра тұтынамын. Иә, аз емес. Мен сыра тұтыну көздерімді 3 санатқа жіктей аламын: Өнімдерін өздері қайнататын «Pinta», «Бочонок» секілді пабтар, брендтелген шөлмектегі сыралар және «сыра нүктелерінде» сатылатын құйылмалы сыралар. Талғам қалыптастыруға жетерлік тәжірибемнен ұққаным — сыра неғұрлым аз алкогольді болса — сусындық мақсаты соғырлым тиімдірек, ал алкоголі көп болған сайын оның сусындық қасиеті де жойылып, ішімдікке бірден айналып шыға келеді. Сосын «бидайдың дәмі», «гардобтың дәмі» дегендей қоспалауыштардан ада болуы керек.

Сол себепті мен «Біз сыраны өзіміз қайнатамыз» деп мақтанатын пабтарға жоламауға тырысамын. Өйткені, олардың 0,5 литрлік саптыаяғынан кейін аяғығыңыз тәлтіректеп, тіліңіз күрмеліп масайып шыға келесіз. Отандық пабтар сыра қайнатуды білмейді — беттеріне айтайын! Сондықтан сыра барлары менің талқымнан бірден түсіп қалады. Құйылмалы сыраларды сынаудан да бас тартамын. Себеп: тауарлар ассортиментінің салыстыру экспериментін жасау үшін аз болуы. Мүмкін көп те шығар, бірақ өзім «Жигулевское», кейде «Шымкенттік» қана сатып алумен шектеледі екенмін. Сол себептен нысанамызды сыра зауыттарына бұрайық.

Алматыда мен білетін 3 сыра зауыты бар. Мен солардың негізгі өнімдерін салыстырып көрмекпін. Сондықтан алдын ала тағы ескерте кетейін: Бұл жерде брендтерді аттарын атап, түстерін түгендеп көрсетуге тура келеді (Тимурдың өзі кешірсін), бақтың. (Жоқ, онсыз болмайды Тимеке).

«Бір мезгілде әр түрлі сыраны ішуге болмайды», — дейді халық даналығы. Халық үшін бұндай құрбандыққа да дайынмын.

#1 КҮН. EFES KAZAKHSTAN.
Сынақ үшін ең танымал 3 брендті алу керек деп шештім. «Эфес-Қазақстан» маркетологы телефон арқылы өздерінің ең өтімді тауарларын атаудан бас тартты. Араға таныстарды салып (Жасасын ағайыншылдық!) бәрібір біліп алдым: қазақстандықтар «Кружка свежего», «Белый медведь» және «Bavaria» сыраларын ұнатады екен.

Блог - patick: Блогиада #16. Қандай сыра жақсы? (+21)
Мен үшін ең басты критерий — ішімділігі. Яғни, адам сыраны ішкенде жағымсыз дәмді сезбеуі керек және кем дегенде 1 шөлмекті қиналмай тауысуы керек. «Кружка свежего» — бір ұрттағаннан теріс ой туғызбады. Бастапқыда судың дәмі көбірек байқалады. Жұмсақ дәмінің арқасында жеңіл жүрді (қыздардың осы сыраға неге құмар екенін енді білдім).
Құрамындағы алкоголь мөлшері — 5 пайыз шамасында (ыдыста 4 пайыздан кем емес делінген).

Екінші ұртталғаны — «Белый медведь». Бір-екі жұтымнан ілік табу қиын. Дегенмен тіліңіз үйрене келе ащылықты сезе бастайсыз. Бірақ тым уытты деп те айтпас едім. Саптыаяққа толтыра құйып, ауыз толтыра ішкен сайын әлгі біртүрлі дәмнің әсері күшейе түседі. «Ақ аюмен» алысқа бармасыңыз анық — 1 шөлмектен кейін ішкіңіз келмей қалады.
Құрамындағы алкоголь мөлшері — 5 пайыз.

«Бавария» өзіне тән мінезін бірден танытты. Дәмі сондай жағымсыз көрінді. Көпшілік бұл сыраны неге көп таңдайтынын түсінбедім, бірақ мен екінші рет алмас едім.
Құрамындағы алкоголь мөлшері — 4,9 пайыз.

«Эфес-Қазақстанның» үш өніміне қатысты жалпы қорытпам:

Сыралардың әсері күштілеу болып шықты, масаңдау жағдайға жеткізді.

#2 КҮН. CARLSBERG KAZAKHSTAN
Компания өкілдері, менің қуанышыма орай — өте қағілез болып шықты. Қойған сауалдарыма барынша тез жауап алдым. Олардың айтуынша, «Жигулевское фирменное», «Большая кружка» және «Алма-Ата» ең көп өтімді тауарлар.

Блог - patick: Блогиада #16. Қандай сыра жақсы? (+21)
«Жигулевское фирменное» — дәмі жұмсақ, ішілуі тез болды. Шөл басатын қасиетке ие ме деп қалдым. Алкоголь мөлшері — 4,5%.

«Большая кружка» — өзінше бір тәтті дәмге ие екен. Жеңіл ішіледі. Дәмі аздап нан ба, әлде ашытқыны ма еске түсіреді, бірақ соншалықты көп емес. Алкоголь мөлшері — 4,4%.

«Алма-Ата». Дәмінен кінәрат табу қиын. Тек алкоголі азырақ болғанда — баға жетпес сыра болып шыға келеді екен. Бастапқыда білінбесе де, көбірек ішкеннен кейін болар-болмас күйікке ұқсас дәм сезіледі. Алкоголь мөлшері — 4,5%.

«Карлсберг Қазақстан» өнімдеріне қатысты былай деппін:

Видеодан байқаған шығарсыздар — бірінші күнгідей мас емеспін

#3 КҮН. ПЕРВЫЙ ПИВЗАВОД
Бұл компанияның ең танымал өнімдерін ресми ақпараттарға сүйене отырып таңдау мүмкін болмады. Зауыт кеңсесінен жауап ала алмадым, ортаға салатын таныстар да болмады. Сондықтан, өз тәжірибеме сүйеніп, көзге көбірек түсіп жүргендерін таңдадым. Таңдау кезінде тағы бір қиындық туындады — маңайдағы дүкендерден тек 2 өнімін ғана таба алдым. Барымен базар, бұл үшін мені ешкім қатты сөге қоймас деп ойлаймын.

Блог - patick: Блогиада #16. Қандай сыра жақсы? (+21)
Бірінші сыналғаны — «Пивзавод №1» (зауытпен аттас). Таза шөл қандыруға арналған, мен секілді рөлде көп жүретіндер үшін кешкі мезгілде теледидар сыздықтатып ұрттайтын, таңертең иісі шықпайтынына сенім беретін тауар екен. Тамақпен бірге жақсы жүрді.
Алкоголь құрамы — 4,4 пайыз.

Екіншісі — «Жигули барное». (Басқа «Жигулилермен» шатастырмаңыз, әр зауытта бір-бірден өз «Жигулиі» бар ма деп қалдым). Бірінші өніммен салыстырғанда ашқылтым, бірақ соншалықты қатты емес. Бұл да тез ішіледі. Дәмінен кінарат таба алмадым.
Алкоголь мөлшері — 4,5 пайыз.

Видеом не дейді екен:

Сонымен екеуі де бір деммен ішіліп кетті. Бастапқы екі күнде өткізген сынақтарда сыралар басқа тиіп, алкоголь уыты өзін сездіртсе, «Бірінші сыра зауытының» өнімдері тіпті алкоголь бар екенін байқатпады. Екеуін де ұнатып қалдым.

Қорытпамды әйелімнің сөзімен аяқтағым келеді: «Саған әйтеуір сылтау керек!». Жоқ, жаным — бұл да бір кішігірім өмірлік сынақ екен. Енді мен қандай сыра таңдау қажет екенін білемін. Бұрын бір үйреніп қалған көзтаныс бөтелкені ойланбастан ала беретін едім (мысалы «Балтика»). Енді үш күндік эксперименттің арқасында «Алма-Ата», «Жигули барное», «Пивзавод №1» секілді ішуге жеңіл, дәмі жағымды сыралардың бар екенін білдім. Сіздерге де бұл ақпарат пайдалы болады деп ойлаймын.

Айтпақшы, бірінші күні амалдың жоқтығынан фаворит санаған «Кружка свежего» — баққа кетті. Соңғы таңдаған сыралармен салыстыруға келмейді.

Ең бастысы, көшедегі ағалырымыздың мына дана сөзін ұмытпағайсыз: «Мас болу — мақсат емес». Мас болғыңыз келсе — арақ ішіңіз.
Әрі қарай

«Таныстырсам Абзалды» немесе бойдақ қыздарға хабарландыру

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: «Таныстырсам Абзалды» немесе бойдақ қыздарға хабарландыру

Уа, қыздар-ай, беу, қыздар!
Кәне, бері қарайық!
Абзал атты жұлдыз бар,
Оны ортаға алайық!

Жеті арыстың ішінен,
Алған таңдап Абзалым.
Бес барыстың ішінде,
Қалған бойдақ Абзалым.

Гастарбайтер сияқты
Бодибилдер болмас па?
Жарау аттай қуатты,
Бір сымбатты марқасқа.

«Маралбектей жаңалық
жүргізе алмас бұл әлі»
дерсің, мүмкін, қаралық,
Еркін сөйлеп тұр әні.

Ол Жандостай режиссер
бола алмайды дейсіз бе?
Бекеновтай рецензия
жаза алмайды дейсіз бе?

Бірақ Абзал өз жолы,
Өз міндеті бар жігіт.
Өмірінің өзгеше,
Болуы да заңдылық.

Таныстырсам еркені,
Жиырма алтыда жасы бар,
Қоңыраттың «көтені»,
Әжептәуір басы бар.

Туған жері ерімнің — Оңтүстігі елімнің.
Мақтаарал ауданы
Құрбан-ата жерінің.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: «Таныстырсам Абзалды» немесе бойдақ қыздарға хабарландыру
Сәби кезде манежден,
Қолын сермеп тұратын.
«Хатшы бол» деп «Обкомда»
Әкесі үміт қылатын.

Өзі балабақшада,
Әнші ұл атаныпты.
Ән байқауда қаншама,
Бас жүлдені алыпты

Сонау бала күндегі
Мектебі де лайықты —
(Жиырма жеті түлегі
Алтын белгі тағыпты
)

«Заңгерлікті қалаймын»,
Деген-дағы, таңдаған
атындағы Абайдың
ҚазҰПУға самғаған.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: «Таныстырсам Абзалды» немесе бойдақ қыздарға хабарландыру

Арасында Қытайда,
Бір жыл пәтер жалдаған:
«Han Shan Shi Fan Da Xue»-да
Магистрлік жалғаған.

Демеңіздер «жәй заңгер»,
Демеңіздер «қиблоггер»,
Тағы бір плюс айтайын —
Абзал –жеке кәсіпкер!

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: «Таныстырсам Абзалды» немесе бойдақ қыздарға хабарландыру

Жұмыстан соң ол бірден,
Дүкеніне асығар.
Беу қыздар-ай, құр жүрмең,
Өлтірмейді ол, асырар!

Сөзім тағы салмақты,
Болу үшін айғақты,
Достарына жүгіндім,
Сұрау салып жан-жақты.

«Абзалжанның сырын айт,
Бес жағымды қырын айт,
Бес жағымсыз сипатын
ашып, елден бұрын айт!»

Деп ем, Нұржол Табиғат,
Дария, Абай, Азамат,
Айымзада, Мейірбек
Тізіп берді саралап:

«Ең алдымен достарға,
Адалдығы тым ерек.
Жақсылыққа құштар да,
Жамандықтан шын бөлек.

Бауырмалдық — ол да сын,
Алалауды білмейді,
Қандай шара болмасын,
«Бәрің бірге жүр» дейді.

Қандай жағдай болса да,
Сабырынан таймаған,
Позитивтен шаршамай,
Көзінде ұшқын ойнаған.

Жомарттығы бөтен ер,
Жақсылыққа жетелер.
Қарның ашса «KFC»
Абзал сатып әперер.

Дайын тұрар көмегі,
Жоқ еш сылтау-себебі.
Бұл да оның бір жағы,
Елгезектік – ер ебі.

Бес жағымсыз қыры ма?
Ақкөңіл де аңқау тым.
Шыдамсыздау, шынына
келер болсақ, Абзалдың.

Білгішсініп кей-кейде,
Сөйлеп кетер сәл енді.
Сосын қызға келгенде,
«Тормоздығы» бар енді...»

Құрбым, егер байқасаң,
Мұндай «минус» түк емес.
Идеалды аңсасаң,
Жеткізбейтін құр елес.

Достарына сенбесең,
Ағалардан сұралық.
Әділдігін ендеше,
Солар айтсын бір ауық.

Кей ағаның жауабы,
Аздап «нелеу» болса да
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: «Таныстырсам Абзалды» немесе бойдақ қыздарға хабарландыру
Тиген екен сауабы —
Мақтаушылар қаншама!

Нұрғиса ағам тосылмай:
«Абзал – сайдың тасындай,
Ісі мірдің оғындай,
Жазбалары осындай »

Аршат ағам: «Түсінік,
Сыйластығы бар жігіт,
Іні көрем кіші ғып,
Күлімдеген нар жігіт.»

Алдан ағам: «Ыңғайшыл.
Ол бір жігіт өсетін.
Бір орында тұрмайтын,
Ізденімпаз еще тым.»

Былай дейді Данияр:
«Ол шекпейді, ішпейді»
(Сөздерінің жаны бар —
Көзіме бір түспейді).

Ол аз болса, Абзалдың,
Жұмысына барайық,
«Қандай екен ұжымда?»
Бастығынан сұрайық.

Жұмыс орны, жаным-ай,
Міне, мына құжатта:
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: «Таныстырсам Абзалды» немесе бойдақ қыздарға хабарландыру

Еш ұйқасқа жарымай,
Болып қалдым ұятты.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: «Таныстырсам Абзалды» немесе бойдақ қыздарға хабарландыру
Осы жерде Абзалжан,
Заңгер болып істейді.
Ақ халатсыз абзал жан,
Қолдан қағаз түспейді.

Бастығы да мақтады,
Жамандауға батпады.
Осылайша жазбада,
Бірізділік сақтады.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: «Таныстырсам Абзалды» немесе бойдақ қыздарға хабарландыру
«Маманы өз ісінің,
Уақытымен жүреді,
Ішке сыйлы, кісілік
мінезін ел біледі»



Жетегінде үміттің
кетіп әбден ұмыттым,
Өз талабы бар шығар,
Қоятын бұл жігіттің?

«Ақылына көркі сай
қыз болса екен, тәнті қып,
дайындаса, шіркін-ай,
Ет, машпалау, мәнтіні»

Қалжыңдайды алайда,
Сүйіп тұрса қарай ма?
Анасынан сұрайын,
«Қандай келін қалайды?»

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: «Таныстырсам Абзалды» немесе бойдақ қыздарға хабарландыру
Шамшат апай тәтті мен,
Қою шайға қандырды.
Содан кейін баппенен,
Әңгімені жандырды:

«Үйлендірем баламды,
Мен биылдан қалдырмай,
Өміріне алаңмын,
Жүр ғой құрық салдырмай.

Оған себеп жуырда,
Елші болып ел асып
кеткелі жүр, қиырда
жалғыз жүру не машық?

Қонақ келсе сыр бермей,
Күтіп, көңілін таба алар,
Шақырылса бір жерге,
Ханымдай боп бара алар.

Мықты келін тіледім,
Дейді ана-жүрегім:
«Шымкент жақтан болса екен»
Бірақ өзі біледі.

Әлбетте, өзі таңдайды,
Маған қарап қалмайды.
Дұрыс келін тап келсін,
Айдай ашық маңдайлы.»

Осылай деп анасы,
Сөзін қысқа қайырды,
Тыңдап тұрған баласы.
Көзін төмен тайдырды.

Сүйген екен алаңсыз,
Жүрек қатты жаралы.
Өткен сезім баянсыз,
Жанын өртеп барады…

Шет-жағасын маған да,
Жеткізген-ді шамалы.
Дегенмен де әманда,
Айтылмауын қалады.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: «Таныстырсам Абзалды» немесе бойдақ қыздарға хабарландыру
Міне, осындай жыр-бейне,
Ішке бүккен сыр-бейне.
Портреттен соң осындай,
Абзал түске кірмей ме?

Қыздар, қапы қалмаңдар!
Әрі қарай

Жақсылыққа жарыған жұрт немесе Сыр бойына сапар туралы бір үзік сыр.

… Алып ұшақ ақ бұлттарға соғылып, дірілдеп, қалтырап жерге жақындады… Оймақтай терезеден тысқа үңілгенде алғаш көзге ілінгені сұп сұрғылт дала… Салған жерден ыстық тартқаны, Маңғыстауға ұқсастығынан деп түйдім. Ақтауға төбеден төнгенде жанарыңды еріксіз алып қашып, лықылдап Каспий жатар ды… Мұнда да таспадай тартылып, ирелең қаққан су көрінді. Бұл Сырдария екен. Қарсы ал, бізді Қызылорда!
Блог - aza: Жақсылыққа жарыған жұрт немесе Сыр бойына сапар туралы бір үзік сыр.
Әрі қарай

Шыңғыс хан - менің жездем!

Бөрте әпкем жарап тұр! Осындай мықты жігіттің басын айналдыру деген, ты штооо… Шыңғыс хан біраз бойға қатысқан. (Сол кезде Фитнес, спортзал деген болмаған шығар я… кешіріңіздер!) Ол былай тұрсын, біраз жерді жаулап алған Шыңғыс ханның ерлігін тарихтан оқыған боларсыздар. Вот, сол Шыңғыс хан — менің жездем. Өйткені мен — Қоңыратпын. Орта жүз! Ал Бөрте (Чиңганың әйелі)- қоңыраттың қызы. Шыңғыс ханның 300 мыңға жуық әскері болған деседі. Мәәә, Чиңганың, 300 мың әскермен Флешмоб ұйымдастырып жіберу қалай ойына келмеген Зато рекорд қоятын еді. 

Тэмуджиннің (Шыңғыс хан) резумесі.

1.Туған жылыңыз: 1162 ж. кей біреулер 1155ж дейт. өзі білет  сурет қоятын жер---->>
2.Туған жеріңіз: Хенти аймағы, Моңғолия
3.Жұмыс өтіліңіз, Стажыңыз: 1206—1227
4.Басқа лауазымдарыңыз: Ұлы хан
5.Жұбайыңыздың есімі: бәйбише: Бөрте; тоқалдар: Құлан, Йісүген, Йісуи, т.б.
6.Ұрпақтарыңыз: Жошы, Шағатай, Үгедей, Төле, т.б.
7.Әулетіңіз: Борджигин үйі
8.Атаңыздың аты: Есүхей батыр
9.Анаңыздың аты: Өулен
10.Қашан қайтыс болдыңыз? 1227 ж. тамыздың 18-і

Алып, қосарларыңыз болса…
Әрі қарай

Harlem Shake - жаңа би-мем



Жұрт Каннам стайлдан және пародияларынан жалыға бастап еді, жаңа Youtube-мем пайда бола қалды. Оның аты Харлем шейк (Harlem shake). Ақпан айының басында Filthy Frank атты видеоблоггер Baauer деген продюсердің Harlem shake трекіне билеп жатқан студенттердің видеосын жүктейді Youtube-қа. Видео тез танымал болып, оған пародиялар жасала бастайды.
Әрі қарай

Қалай байқамай келгенбіз! Батыстық мультфильмдер сексті насихаттап жатыр екен...

Қазақ аниматорлары сұрықсыз бейне – Спанч Боб туралы мультфильмді балаларға түбегейлі көрсетпеу туралы бастама көтеріп жатыр. Айтуларынша бұндай анимациялық фильмдер ұрпақ болашағы үшін қауіпті әрі отандық мультфильмдердің көрсетілуіне кедергі келтіріп отыр.
Әрі қарай