Баспаналы болдым!



Баспаналы болдым! Бұрын пәтер жағалап жүруші едім, енді 1 бөлмелі үйлі болып жатырмын. Жұмыс орным қарамағындағыларға осындай көмек көрсетіп жатыр. Жұмыстың дәл жанынан қызметкерлерге арнап жатақхана салған еді. Енді соны бүгін тапсырды. Аты жатақхана болғанымен үйден еш кемдігі жоқ, асхана, дәретхана-ваннасы ішінде, шкаф, үстел, асхана гарнитуры, кір жуу машинасы бәрі бар. Өзімнің жеке үйім болмаса да пәтерақыдан құтылып, осындай жағдайға жетіп отырмын. Енді дұрыстап жұмыс істеу керек. :)
Бөлісу:

46 пікір

omarbirat
Қоныс құтты болсын, құрдас! :)
omarbirat
«Первыйн… х» деп қосып қоймаған екенмін, қап! :)
Qojeke
Мен біріші болсам, пікіріңіз қалайша бірінші шығып кеткен а? :)
omarbirat
Біріншілерден біріншірек болып шыққаным да :)
sozak
Бірінші болмасақта, біріншілермен бірігіп құттықтап қоялық. Берекесін берсін Жаратқан. Керемет көршілерден болсын айналаңыз.
Qojeke
Бірінші болып құттықтайын!
Берекелі болсын жаңа қонысыңыз!
alisha
О, құттықтаймын!!! Мұндай бақытты осыдан екі жыл бұрын мен де бастан кешкем! Сондықтан сенің қазір қандай күйде екеніңді біліп отырмын! Баспанаң толы бақ, отырған орның тақ болсын!
Daniar-Alan
отырған орның тақ болсын!
2-ақ жыл… 2-ақ жыл керек болды бұған
sammita
қызғаныштан өліп қалмасам жарар еді:)) Іші тек қуанышқа толсын, сол жатақтан енді тек пәтерге бірден көшуіңе жазсын.
asaubota
рахмет тілектеріңе! қазір үйге барып, бала-шағамды қуантайын. олар әлі көрген жоқ.

айтпақшы пәтер номерім: 7 :)
alisha
Тәңір қуаныштан айырмасын!!!
sammita
күт кешке 7-лерде 7-пәтеріңе барамыз, адресін түсіндім:)
Nurgisa
Айттым ғой, кел деп. Келгенің дұрыс болдың. Келдің. Көрдің. Жеңіп жатсың. Бұны дабайдың ортақ жетістігі деп білейік. Шын мәнісінде, ешбір пафоссыз, бұл осыған дейінгі талабыңа қойылған қалың бес қой! Бар болғаны алтыншы болып құттықтап отырғанымды ғафу ет. Иншалла үйіңнің іші сәбидің сыңғыр күлкісіне толсын, құрдас!
Nurgisa
Ана суреттегі қол қызға тиесілі сияқты, иә? Күтімі жақсы екен…
alisha
жігіттікі де болуы мүмкін;)
Nurgisa
Жігіт болса метросексуалдылау бір пәле-ау. Не қараймаған, не мазоль жоқ.
alisha
жоға, неге?!
Nurgisa
Білмейм, сұрама. Ерге соншалықты қатты күтім көрген қол жараспайтын сияқты :)
alisha
маған ұнайды;) ағам бар, жасы отызға келіп қалды, тура мағынасында да, ауыспалы мағынасында да «ақсаусақ». Оның қасында менің қолым отыздағы жігіттікі сияқты;) әзіл;)
sozak
Айран жағып жүрсеңіз күшті болады. Әзіл.
qisyq
Құтты болсын, Аршат! Сен үшін қуаныштымын!
urimtal
Қоныс құтты болсын, Аршат! Көршілерің игі бір жақсы адамдар болсын!
Nurgisa
Уа пікіргерлер! Сүйінші тақырыпқа бәріміз біріміз қалмай анаау жазбадан кейінгі "үй, пәтер, жатақхана" дегеннің астындағы «жоғары стрелкіні» бір басып қояйық! Сайтұя әкімгерінің толағай табысы мен қуанышы баршамызға жұғысты болсын! деп… :)
saken
қоныс құтты болсын!!!
өз үйің өлең төсегің, одан ары кеңейе бергей!!!
timurrr
Бәрекелд! Машаллаһ! Пай-пооооооооооой, қожжжжжжжжайын! Құт болсын, Аршеке! Дұға етіп қойсайШШШғ біз де лашыққа ие болайық-та?:)
Erbol
Қоныс құтты болсын Аршат! Іші береке мен мерекеге, қуанышқа толы болсын!!!
Gastarbaiter
Базар жоқ. Пәтер жалдаудың машақатын 8 жыл Алматының тоқсан бұрышында гастарбайтерлегендіктен жақсы түсінемін. Шаңырағың құтты болсын!..
Abilakim
Шаңырағыңның іргесі берік болсын! «Ай-хой, менің өз үйім, кең сарайдай боз үйім» деген бар емес пе, кісіге кіріптар болғанша 1 бөлмелі болсада осың жақсы.Шаңырағың шаттықтан арылмасын. Би болмасаң да би түсетін үй бол!
Aikona
Қонысыңыз құтты болсын! Іші жақсылық пен қуанышқа, берекеге толы болсын!
TOTY
Құтты болсын, Аршат! Жыл жағымды жаңалықпен басталған екен сен үшін, енді өзің айтқандай, қызметіңе жеміс, отбасыңа бақыт тілеймін!
Bekjan
Құтты болсын қонысың..қонысы жоқтарға жұғысты болсын..!!!
asaubota
рахмет бәріңе. бүгін Нұрғиса көшірісіп берем деп отыр, кешке көшеміз иншаллах.
Zere
Құтты болсын! Өз үйіңе көшкен керемет сезім шығар. :)
Zilola
Сіз және сіздің отбасыңыз, әсіресе кішкентай ұлыңыз үшін қуанышты болып отырмын. Демек ұлыңыздың дұғалары қабыл болған екен.
Қуанышыңыз ұзағынан болсын аға!!!
ErNur
О оо!!! Аршат! Жарайсын! Құтты болсын шаңырағың!!! Енді бастарың көбейсін жапырағың жайылып!!!
sammita
:) «жапырағын жайған бәйтерек» бол, Аршат.
aktobe88
Ооооо, қоныс құтты болсын Аршат ағай! Allah güle güle oturmayı nasip etsin!:-)
bazuka
жерлес ағатай баспанаңыз құтты болсын!
asaubota
рахмет. енді іште жұмыстағы қыздардың халатпен, тәпішкімен жүргендерін көретін болдым :) олар да мені футболка, трикомен көреді :))
HaLiL
Аршат, баспанаң құтты болсын. Іші қуаныш пен күлкіге толсын.
KILYZAMAN
...Құттықтаймын бауырым. Енді міне үйі бардың күйін кешетін болдың :-)