Ыстықкөл!

Биыл ойда жоқта Ыстықкөлге барып қайттым. Отпуск кезінде ғой, әрине.

Қоянның жадыраған жазы немен есте қалды десек, Алматыға қанша барып жүрсем де, күлкіңіз келетін шығар, “Көктөбесіне” бір де бір рет бармаған екем. Соның сәті түсіп, “Көктөбеге” бардым. Сосын ойда жоқта Ыстықкөлге үш күнге барып қайттым. Әрине, пысық подружкаларымның арқасында. Кейде подругаларыңның шустрый болғаны да пайдалы екен  Бірақ, үйдегілерге айтпай кетіп, аздап сөгіс естідім.
Сосын, туған жерім дегендей Шымкентке тартып тұрдым. Барсам “ми қайнатар” ыстық. Қайбір күндері күннің ыстығын бәзбір білгіштер +48-ге дейін барды десіп шулап жүрді. +48-бе, +50-ме, бәрібір Астананың салқынына үйреніп қалған басым демігіп қала жаздадым. Күн деген шыжып тұр, көліктің терезесін ашып қалсаң самал соғудың орнына ыстық жел ұратынын қайтерсің. Шымкенттік болғанымызбен таудың саясында өсіп, қаланың ыстығынан аман қалып жүретінбіз. Ал жұмыс істеп жүрген жылдары ұзақты күн кабинеттен шықпай, қас қарайғанда бір-ақ шығатынбыз. Ол туралы айтар болсам ұзынсонар әңгіме болып кетеді. Сонымен, отпускі өтті де кетті. Астанаға келсем күн түнеріп тұр екен. Бірақ, соңғы күндері Астананың қабағы ашылып тұр. Тфә, тфә.

Айтпақшы, Ыстықкөл туралы бұрын онша мән бермейтінмін. Барсам көлдің суы керемет, тап-таза, мөлдір, үңіліп қарасаң түбі көрінеді. Суы тұзды, шипалы екен. Жағасында құмға қыздырынып жатқандардың көбісі Алматы, Оңтүстік жақтан барған қазақтар мен орыстар. Сөздің ашығы керек, әсіресе орыстар көп барады екен. Бізбен бірге бір автобус болып орыс ағайындар барып еді, қайтар кезде де “Қордай” бекетінен бері қарай Ыстықкөлге ағылып жатқан орыстарды көрдім. Орыстар негізі демала біледі. Ал, біздің қазақтың жазы шапқылап той жасап, баласын оқуға түсірумен, құда күтумен, қыстың қамына дайындалумен-ақ өтіп кетеді. Сөзіңе дәлел іздеп әуре болмайсың. Үйге келсем, әпкем мен жездем Кентауға бір тойға кетіпті. Сонда олардың қай кезде демалатынын құдай білсін. Келген соң да қарап жатпады, қызы мен күйеу баласын, құдағиын қонаққа шақырды. Бір жақындары қайтыс болып, соның жетісіне кетті, сосын одан “үһ, аһ” деп шаршап келіп еді, ертесіне тағы бір таныстарының қайтыс болғанын естіп, соған кетті шапқылап. Шымкенттегі әр қазақтың шаңырағындағы тіршілік осы. Бұл бірінші көрініс.

Екінші көрініс, базарға бардым. Астанадағыдай емес, мұнда жеміс-жидек, азық-түлік, киім-кешек бәрі арзан. Аста төк молшылық! Әбден Астананың қымбат бағасына, суықтығына үйреніп қалғандықтан ба, кейде оңтүстіктің халқының пейіліне, еңбекқорлығына риза болып кетесің. Шығыстың базарын аралап жүргендей әсерде қалдым. Жер үйде тұратындардың бақшасында жүзімдер майысып пісіп тұр. Шехеразаданың елі дерсің. Бұл менің біртіндеп астаналық бола бастағаным ба, жоқ өз туған қалама бұрын байқамаған көріністерге енді мән беріп жатқандығым ба, әйтеуір өзім де білмеймін, Шымкентті шырайлы қала деп жайдан жай атйпайтынын түсіндім. Дүйсенбі жұмысқа келген соң, екі күндей “ұйқысырап” әрең жүрдім. Бастығым да сыралғы адам ғой, “Қалай, жұмысқа қолың жүрейін деді ме?” деп сұрап қояды. Біліп тұр ғой, өзімнің каналыма түсе алмай жатқанымды.

Жалпы, айтайын дегенім, осы біз қазақтар демала білеміз бе? Демалсақ та қалай өткеріп жүрміз?
Әрі қарай

Ортаға бір қыз кірсе...

Коллектив кілең еркектер ғой бізде. Соңғы кезде көп боқтайтын болып кеткем. Кен орнында авария бола қалса, әмпай-жампайға уақыт жоқ, сөздік ашып, синоним, евфемизм, ұйқас қарап отыратын жай да жоқ, бірден нақ-перенақтан жібересің.
Бірен саран «горничныйлар» мен столовыйдың тәтешкілері болмаса, әйелдер аз. Кейде бір нәзік жынысты жұпар иісті қыз топырлап отырған жігіттер арасына кіре қалса, бүкіл атмосфера өзгеріп шыға келед. Сұлу болса, тіпті күлкілі жағдайлар болады.
Содан ғой айтатыны, «женщина на борту к беде» деп. Мәселе, әйелдерде емес, мәселе кейбір жігіттерде. Тек боқтығын тыйып, тақырыпты өзгертсе мейлі ғой. Бірақ кейде басының орнына тасы жұмыс істеп, бүкіл жұмысты артқа тартып, қаншама адамға қауіп төндіруі мүмкін.
Тым жақсы әңгіме айтып отырып, емін-еркін, сондай табиғи болып отырып, ортаға қыз кіре қалғанда, бірден өзгеріп, сыланып-сипаланып, аяқ астынан тыйылып, иманды-инабатты, әлгі қыздың көзінше тек жақсы жағын көрсетіп, мәмөңке, жағымпаз боп, құбыла кететін, сасқалақтап не істеп, не қойғанын ұмытып дір-дір етіп кететін жігеттерге қарап, түсінбеймін. Сырттарынан жасырын камерамен түсіріп алса ғой, ортада қыз пайда болғанға дейінгі, және кейінгі әрекеттерін, сөйтіп өздеріне көрсетсе ғой, қаншалықты клоун болып отырғанын. Бәлкім, азайтар ма еді.

«Инстинкт» деген жақсы ғой, бірақ жауапты кездерде саналы салқындық таныта алсақ ғой.
Әрі қарай

Maybach тағдыры қаралуда

Бұрын қымбат көліктерді көргенде, соны жасайтын өндірушілер жынннды пайда табатын шығар деп ойлаушы едім. Қайдағы, нақтың. Міне, сондай машиналардың бірі Maybach брендінің тағдыры қаралып жатыр дейді. Бұл брендтен шығынға батып, Daimler AG зайып алы шыққан көрінеді.
Әрі қарай

Мерекелеріңізбен ...

«Уішівөл» © АКУ, alisha, monti, sammita, balzaminka, VKM, aikona, zilola, Altygradus, Erkekyz, bazuka…


Наурыздың 8 і. Демалыс. Таңертең тұрып, «Мерекеңмен Жаным!» деп жұбайыңнаң беттен бір сүйіп қоясың бастамасына. Қалтаңның түбінде жатқан
Әрі қарай

16 күн!

Иә, бұдан кем де емес, артық та емес. Тура он алты күн керек бізге Қазақстандағы әр интернет қолданушыға жеке блог бастату үшін. Қалай санадым десеңіз, қарапайым математика арқылы. Қазіргі таңда елімізде үш жүздей блоггер бар. Төрт миллион интернет қолданушы бар. Егер белсеңді блоггерлер санын жүз елу деп алсақ, әрқайсымыз бүгін бір досымызға блог бастауды үйретсек, ертең біздің санымыз 300 болады, арғы күні — 600, одан кейін — 1200. Солай келе-келе 16 күннен кейін Қазақстандағы блоггерлер саны 4915200 болады. (калькулятор алып, тексеріп көріңіз.)
Әрі қарай

Жолың болсын!


Қазнеттегі танымал блогосферада «Қазақстаннан біржолата кеткіңіз келе ме?» деген тақырыпта сауалнама жүргізіпті. Көпшіліктің даусымен «кеткім келеді» жауабы алда тұр.  Кеткісі келетіндердің пікіріне айтар уәж жоқ. Осы елде балаларын тәрбиелеп, өсіргілері келмейді. Сервис жоқ, білім жоқ, медицина ол…
Бір жағынан ойлайсың, кетсе кете берсін. Әркім өзі өмірі ғой не істесе де. Алайда қарап тұрсаң біртүрлі ішің қынжылады. Неге, сен тұратын, сен қастерлейтін, дүбірлі додада көк байрақты желбіретіп, қолыңды жүрегіңе қойып, әнұранын шырқайтын еліңді біреулер осылай жамандап, ештемеге теңегісі келмейтіндігін оқып, қынжыласың. Сонда осында тұрып жатқан біз ақымақ болғанымыз ба?
Әрі қарай

Тағы да бала арман)

Тотының "Іздеп келген бала арман" жазбасын оқып, өзімнің армандарым есіме түсіп кетті… Солардың ішіндегі ең тәттісі — қаламгер болу еді. Республикалық "Ұлан" газеті, «Ақжелкен» журналдарына өлең, мақалаларымды үздіксіз жіберіп тұратынмын. Бірсыпырасы жарияланды да. Бірақ "Ұланның жас тілшісі" деген куәлікке қолым жетпей-ақ кетті. Мектептің соңғы жылдарында жазуды мүлдем қойып кеттім. Мамандық таңдау барысында ойлана келе ортақол журналист болғанша, ортақол технарь болсам, елге пайдам көбірек тиер деген желеумен «Есептеу техникасы» мамандығына оқуға түстім. Әлі де сол мамандығым бойынша оқуды жалғастырудамын.
Әйтсе де, жазғысы кеп тұратын адам үшін (ғылыми мақалалардан да басқа нәрсе жайлы) блогтың да берері көп-ау? Менің орындалмаған бала арманымның сәл де болса жүзеге асуына септігін тигізген Дабайға көп-көп рахмет!))))
Әрі қарай

«ҚАЗІР ЕРКЕК АТАУЛЫЛАР ЖОҚ» деп жар салмаймын!

Блог - UlpanSamenkyzy: «ҚАЗІР ЕРКЕК АТАУЛЫЛАР ЖОҚ» деп жар салмаймын!
Әйел затымен салғысласып, ұрысып сөйлесу, қоғамдық көліктерде жарысып орындыққа таласу, жол беруді білмей, қағып өту, өзгені әңгіме қылып, өсек айту, ең қызығы, машиналарын дұрыс тұраққа да қоя алмай, дұрыс айдамау – қазіргі заманғы жігіт атаулының тән қасиеттері осы ма? Қарапайым жағдай бүгін жолаушылар көлігінде адамның көп болғаны сонша – қыстырылысып, езіліп қала жаздадық. Жан-жағыма қарасам, тұрғандардың көпшілігі қолдарында ауыр жүктері бар үлкен апайлар, баласымен тұрған келіншектер, қыздар және жас жігіттер. Ал отырғандарда бірінші болып көзіме түскендері жасы үлкен қариялар болған. Үңіліп қарасам, екі аяғы, қолы сау орта жастағы «еркектер» ұйықтап отыр. Кондуктор қайта-қайта тұспалдап «орын береміз» десе де, ыңқылдап тұрған әйел затына мыңқ ететін оларда жоқ! Одан өзге күнделікті мені қағып кететіндер қаншама… Наушниксіз жүрген кездері жігіттердің қыздардың киімі мен бояулары жайында айтқан әңгімелерін де бірнеше рет құлағым шалып қалған еді. Жүре берсең неше түрлісін көреді екенсің. Айта берсең әңгіме көп.
Қалай десек те, кейбір әлеуметтік желіні қолданушыларының жазғандары сияқты жалпылай, айқайлап «ҚАЗІРГІ ҚЫЗДАР БҰЗЫЛҒАН» дегендей, «ҚАЗІР ЕРКЕК АТАУЛЫЛАР ЖОҚ» деп жар салмаймын. Себебі, ер азаматтар қатарына менің әкем, аға-інім, ұстаздарым мен тәлім-тәрбие алып жүрген ағалар кіреді. Дегенмен, бәрі болмаса да, көпшілігіне жоғарыда айтылған жиіркенішті қасиеттер тән. Өкінішті – ақ!

P.S. сурет facebook әлеуметтік желісінен алынды.
Әрі қарай